Құқықтың қайнар көздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 15:41, курсовая работа

Описание работы

Саяси партиялар Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Елімізде партиялардың жағдайы бірқатар нормативтік-құқықтық актілермен анықталады. Саяси партиялардың құқықтық мәртебесін ғылыми тұрғыдан зерттеу біздің қоғамдағы осы құбылыстың дамуындағы құқықтық және тәжірибелік проблемаларын шешуде зор маңызы бар.

Содержание

Кіріспе ........................................................................................................2
1. Саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері...................................................................................................................3
1.1.Саяси партиялардың құқықтық құбылыс ретінде пайда болуының
және дамуының мәселелері..............................................................................3
2. Саяси партиялардың түсінігі мен функциялары........................................8
2.1. Партиялық жүйелердің мәні мен типологиясы......................................16
2.2. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың құқықтық
институт ретінде қалыптасуының конституциялық-құқықтық кезеңдері.................................................................................................................21
3. Саяси партиялардың сайлау процесіне қатысуын құқықтық реттеу......................................................................................................................29
Қорытынды ..................................................................................................36
Пайдаланылған қайнар көздердің тізімі....................................................39

Работа содержит 1 файл

1052 Саяси партиялар.doc

— 289.00 Кб (Скачать)

 

 Кесте  №3. Қазақстан Республикасының Әділет  министрлігінде тіркелген партиялар  тізімі

 

 

 

Партия  атауы

Куәлік  нөмірі мен тіркелу мерзімі

Жетекшінің  аты-жөні

Мүшелер саны

Тіркелген филиалдары жайлы мәлімет

1

« Ақ жол » Қазақстанның демократиялық  партиясы

№580р

12.12.2002ж.

Бәйменов  Әлихан Мұхамедияұы

 

57406*

барлық  облыстарда

2

Қазақстанның  азаматтық партиясы

№15р

10.01.2003ж

Перуашев  Азат Тұрлыбекұлы

63458*

барлық  облыстарда

3

«Отан»  республикалық саяси партиясы

№14р

10.01.2003ж

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы

111123*

барлық  облыстарда

4

Қазақстанның  аграрлық партиясы

№97р

06.03.2003ж

Мадинов Ромин Ризович

52567*

барлық облыстарда

5

Қазақстанның  патриоттар партиясы

№125р

21.03.2003ж

Қасымов Ғани Есенгелдіұлы

51188*

барлық  облыстарда

6

Қазақстанның  коммунистік партиясы

№123р

20.03.2003ж

Әбділдин  Серікболсын Әбділдаұлы

52246*

барлық  облыстарда

7

Қазақстанның  «Ауыл» социал-демократиялық партиясы

№142р

02.04.2003ж

Қалиев  Ғани Әлімұлы

61043*

барлық  облыстарда

8

«Руханият»  саяси партиясы

06.10.2003ж

Жағанова  Алтыншаш Қайыржанқызы

 

барлық  облыстарда

9

«Асар»  республикалық саяси партиясы

19.12.2003ж

Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы

 

барлық  облыстарда

10

Қазақстанның  коммунистерінің халықтық партиясы

21.06.2004ж

Косарев Владислав Борисович

 

барлық  облыстарда

11

Қазақстанның  демократиялық партиясы

14.06.2004ж

Нәрікбаев Мақсұт Сұлтанұлы

 

барлық  облыстарда


 

*- тіркелген  кездегі саны

 

Партиялар туралы заңды реформалауға қарамастан, елдегі саяси жағдайға байланысты жаңа саяси  партиялар пайда бола бермек.

Қазақстан Республикасындағы  саяси партиялардың құқықтық институционализациялануының  негізгі кезеңдерін қарастырудың нәтижесі, елдегі азаматтардың саяси партияларға бірігуге конституциялық құқығын жүзеге асыру, идеологиялық және саяси әралуандылықтың даму ағымын одан ары бекіте түседі.

 

 

  

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Саяси партиялардың сайлау процесіне қатысуын құқықтық реттеу

 

Сайлау институты  демократиялық, құқықтық мемлекет қалыптастыру жағдайында халық билігін жүзеге асыратын шынайы механизмге айналады. Нақ осы жерде әртүрлі саяси  күштердің өкілдері болып табылатын саяси партиялардың мүдделері тоқайласады.

Демократиялық мемлекеттердегі саяси партиялар  мен олардың кандидаттарының  сайлауға қатысуының құқықтық қағидалары мыналар:

мүмкіндіктер  теңдігі – барлық кандидаттарға  сайлауға, теле-радио уақытқа және өзге де сайлауалды акцияларды өткізу үшін берілетін максималды шығындардың теңдігі;

мемлекеттік аппараттың бейтараптығы – атқарушы органдардың сайлау алдындағы күреске  араласпауы; лауазымды тұлғалар сайлау кампаниялары кезінде өзінің абырой-беделін не өкілеттігін белгілі бір кандидатты немесе партияны қолдауға не кемсітуга пайдаланбауы тиіс.

Бұл қағидаларды  Қазақстанда жүзеге асыру сөз  жоқ, елімізде демократиялық сайлауды орнықтыруға өз септігін тигізеді.

Отандық саяси  партиялардың сайлауға қатысуының құқықтық аспектілеріне назар аударатын болсақ, біз алға жылжу жоқ деп біржақты айта алмаймыз. Бұл, әсіресе, сайлау заңнамасына қатысты мемлекетіміздің үлкен демократиялық қадамдарға баруы, саяси партиялардың құқықтары мен міндеттерінің кеңеюімен сиаптталады.

Саяси партиялар  туралы заң нормативтік тәртіппен, олардың Президенттікке, Парламент  Мәжілісі депутаттығына, мәслихаттағы өз өкілдері арқылы Сенатқа кандидатуралар ұсыну мүмкіндігін белгілеген (15 б. 3 бөл.). Оның үстіне, заң императивті нысанда партиялардан өздерінің сайлау функцияларын жүзеге асыруды талап етеді. Олай болмаған жағдайда, мысалы, Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауға қатарынан екі мәрте қатыспау, партияның тарауына әкеп соғады.

Сайлау процесінің маңызды сатысы болып, ол саяси партиялардың кандидаттарды ұсынуы табылады. Нақ осы сатыда Президент, депутат, сенатор және өзге де сайланбалы лауазымды тұлғалар кімдердің қатарынан болатыны анықталады.

«Сайлау туралы»  Конституциялық Заңның 55-бабының 3-бөлігіне сәйкес, Президенттікке кандидаттарды қоғамдық бірлестіктер атынан олардың жоғары органдары ұсынады. Президенттікке кандидат ұсыну туралы шешім республикалық-қоғамдық бірлестіктің жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады да хаттамадан үзінді жасалады. Атап өту крек, заң қоғамдық бірлестікке өзіне мүше болып табылмайтын адамды кандидаттыққа ұсынуына тыйым салмайды.

Қоғамдық  бірлестіктердің Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды ұсынуы Президенттікке кандидаттарды ұсыну  тәртібімен бірдей болғанымен, біраз ерекшеліктері бар. Яғни, Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды тек республикалық емес, сонымен бірге жергілікті қоғамдық бірлестіктер де ұсына алады.

1999 жылғы 6 көкектегі Конституциялық заңға  сәйкес сайлау туралы заң Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау үшін партияларға мүмкіндік беретін ережемен толықты. Тұлғаларды партиялық тізімге енгізу партияның жоғары органымен жүргізіледі. Алайда, заң кандидаттың бір уақытта аумақтық сайлау округі бойынша ұсынылуына тыйым салынады.

Партиялық тізімдегі тұлғаларды орналастыру тәртібін партия дербес белгілейді және оны тізімді ұсыну туралы партияның жоғары органының хаттамасының үзіндісімен қосып, Орталық сайлау комиссиясына ұсынады. Партиялық тізімді қалыптастырудың мұндай процедурасы сайлау құқығының теориясында «қатал тізім» деп аталады. Мұндай модельде сайлаушы жалпы тізімге дауыс береді не мүлдем дауыс бермейді. Оның партия ұсынған тізімге қандай да бір өзгерту енгізу құқығы жоқ. Кейбір елдерде «жұмсақ тізім» жүйесі кең тараған. Оған сәйкес, сайлаушыларға белгілі бір кандидаттарға артықшылықтар беру арқылы партия бекіткен тізімді өзгерту мүмкіндігі беріледі. Сөйтіп, сайлаушылар еркі партия комитетерінің еркіне қарамастан, сайлау нәтижесіне ықпал жасайды, себебі, партиялар тізіміндегі кандидаттардың орны сайлаушылардың дауыс беруімен өзгереді. Бұл жүйенің жағымды жағы, елде жоғары саяси рейтингке ие азаматтардың ғана жоғары жылжуына мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, әртүрлі сайланбалы мемлекеттік  лауазымдарға кандидаттарды ұсыну  сатысы еліміздің сайлау туралы заңымен мұқият реттелген.

Президенттікке, Мәжіліс және Сенат депутаттығына  кандидаттарды ұсынғаннан кейін, оларды тіркеу басталады. Аумақтық сайлау комиссиясына тіркелу үшін депутаттыққа кандидаттардың кез келген саны ұсынылады, бірақ  тіркеуден бұрын олар өткізген құжаттар мұқият тексеріледі. Саяси партиялардың бір мандатты округ бойынша депутаттыққа кандидатты ұсыну кезінде оларды тіркеу төмендегідей құжаттар болған кезде жүргізіледі:

1) саяси партияның  жоғары органы отырысының осы  саяси партияның әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі қоса тіркелген тиісті сайлау округі бойынша кандидат ұсыну жөніндегі хаттама үзіндісінен көшірме;

2) азаматтың  өзін ұсынған саяси партиядан  осы сайлау округі бойынша  депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініш;

3) кандидат  туралы өмірбаяндық деректер;

4) кандидаттың  сайлау жарнасын енгізгенін растайтын  құжат;

5) кандидаттың  өзін ұсынған саяси партияның  мүшесі екендігін растайтын құжат;

6) психикалық  денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама.

Аумақтық  сайлау комиссиясы кандидаттың заңға  сәйкестігін тексеріп, ол туралы Мәжіліс  депутаттығына кандидатты тіркеу жөнінде  хаттама жасалады және 15 күннің ішінде Орталық және тиісті аумақтық сайлау комиссияларына жіберіледі. Мұнан басқа, аумақтық сайлау комиссиясы жеті күннен кешіктірмей, тіркелген сайлау комиссиясы туралы мәліметті жариялайды, тіркеу кезінде кандидаттарға куәлік немесе тіркеуден бас тарту туралы не тіркеудің күшін жою туралы шешім беріледі.

Осыған ұқсас  әрекеттерді, Орталық сайлау комиссиясы да біртұтас жалпыұлттық округ бойынша партиялық тізімге енген тұлғаларды тексергеннен кейін Орталық сайлау комиссиясы кандидаттар мен партиялық тізімді тіркеп, оларға тиісті куәлік беріп, олар тіркелген сәттен бастап он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Тіркеуден бас тарту немесе тіркеуді жою туралы шешімге жеті күндік мерзімде Орталық сайлау комиссиясынна сотқа шағым беруге болады.

Партиялық тізімдерді ресми тіркеу аяқталған соң бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша саяси партияларға дауыс беру үшін бюллетендерді дайындау мүмкін болады. Сайлау бюллетенінде саяси партиялардың атауын орналастыру тәртібі Орталық сайлау комиссиясның қаулысымен бекітілген «Сайлау бюллетеніне саяси партиялардың атауын енгізу туралы жеребе өткізу ережелеріне» сәйкес жүргізіледі (13. 07. 1999. № 15/214) [78].

Аталған ереженің 1-бөліміне сәйкес жеребе ОСК-ның отырысында, партиялық тізім ұсынған саяси  партия өкілдерінің қатысуымен өткізіледі. Сайлау бюллетендерін жасаудың мұндай процедурасы неғұрлым демократиялы болып табылады және ең бастысы сайлау органдарының қызметіндегі бейтараптықты білдіреді. Әйтсе де атап өту қажет, сайлау бюллетеніндегі саяси партиялардың атауларының орналасуынан сайлау нәтижесі өзгермейтіні белгілі. Қоғамда шын мәнінде абырой-беделге ие саяси партия, өз атауының тізімде қандай орын алғанына қарамастан сайлауда оң нәтижеге үміт арта алады.

Президенттікке, Мәжіліс және Сенат депутаттығына  кандидаттарды тіркеген сәттен, сайлаушылар  арасында өз үміткерлерін қолдауға бағытталған насихат жұмыстары басталады.

Насихат жұмыстары  өзінің маңыздылығына қарамастан, ең аз құқықтық реттеуге ұшырауы тиіс. Бұл жерде саяси партияларға  өздігінен жұмыс істеуі үшін кең  мүмкіндік беріледі. Қазақстандық заң, саяси партиялардың насихаттық қызметінің құқықтық негіздерін де анықтап берген, себебі, қажетті жағдайды туғызу сайлауды демокраатиялық ұйымдастыру мен өткізудің кепілі болып табылады.

Мысалы, «Сайлау  туралы» Заңның 27-бабына сәйкес, сайлауалды насихат:

- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы;

- жариялы түрдегі сайлауалды шараларын, кандидаттардың, олардың сенімді өкілдерінің, бастамашыл топ мүшелерінің сайлаушылармен кездесуін өткізу жолымен;

- баспа, аудиовизуалды және өзге де насихатту материалдарды шығару немесе тарату жолымен жүргізіледі.

Атап өту  қажет, мемлекет қоғамдық бірлестіктерге (саяси партияларға) белгілі бір  кандидатты жақтап не оған қарсы насихат  жүргізу құқығын береді. Оған қоса, мемлекет олардың насихат жұмыстарына  белгілі бір жеңілдіктер береді. Мысалы, бір мандатты сайлау округі бойынша түсетін саяси партиялардың кандидаттарына өздерінің бағдарламаларымен мемлекеттік ақпарат құралдарында шығуға мүмкіндік берілген. Мұмкіндіктер теңдігі қағидасына сәйкес, барлық кандидаттар тең дәрежеде мемлекеттік телевидения бойынша бір мәрте он бес минут, мемлекеттік радио бойынша бір мәрте он минут сөйлеуге және ОСК белгілеген көлемде мемлекеттік баспасөз беттерінде екі мақала жариялауға құқығы бар. Оның үстіне, не айтып, не жазатынын кандидаттың өзі айқындайды. Мемлекеттік аппараттың бейтараптығы қағидасын қолдану мақсатында мемлекеттік БАҚ-қа кандидаттардың сөзін үзуге немесе қандай да бір түсініктемелер беруге тыйым салынады.

Тиісті сайлау комиссиясы сайлауалды шараларды өткізу үшін бір мандатты сайлау округінен  түсетін партиялық кандидаттарға бірдей сомадағы ақша қаражаттарын бөледі. Мұнан басқа, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары кандидаттарға сайлауалды шараларды ұйымдастыру мен өткізуге жағдай туғызуға міндетті. Мысалы, сайлауалды шараларды өткізу үшін үй-жай беру және өзге де жағдайлар туғызу туралы өтінішті жергілікті әкімшілік ол берілген күннен бастап үш күн ішінде қарастыруға міндетті. Бұл жерде маңыздысы, республикалық және коммуналдық меншіктегі үй-жай және өзге де материалдық объектілер кандадаттарға сайлау комиссиясы бекіткен уақытқа ақысыз негізде беріледі.

Плакаттар, үнпарақтар, лозунгтер және өзге де насихаттық баспа табақтарын шығару үшін тиісті сайлау комиссиялары кандидаттарға  бірдей сомадағы ақша қаражатын бөледі. Сонымен бірге, барлық насихаттық баспа материалдарында оларды шығарушы ұйым, баспаның мекені және тиражы, оларды шығаруға жауапты тұлғалар жайлы мәліметтер болуы тиіс. Осы арқылы, заң анонимді насихат материалдарының таралуына тыйым салады.

Насихат материалдарын  кез келген үй-жай, ғимарат және өзге де объектілерде, аталған объектілердің иелерінің келісімімен іле беруге болады.

Жоғарыда  аталған жеңілдіктер, саяси партиялардың Президент, жоғары және жергілікті өкілді органдарды сайлау кезіндегі тиімді күресіне ықпал жасайды. Сонымен бірге, партиялық тізім бойынша түсетін кандидаттардың насихаттық қызметіне мемлекеттік қолдау көрсетуге тыйым салу даулы мәселе болып табылады. Сайлау процесінің барлық субъектілері қолданылатын сайлау жүйесіне қарамастан, тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие болуы керек.

Информация о работе Құқықтың қайнар көздері