Құқықтың қайнар көздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 15:41, курсовая работа

Описание работы

Саяси партиялар Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Елімізде партиялардың жағдайы бірқатар нормативтік-құқықтық актілермен анықталады. Саяси партиялардың құқықтық мәртебесін ғылыми тұрғыдан зерттеу біздің қоғамдағы осы құбылыстың дамуындағы құқықтық және тәжірибелік проблемаларын шешуде зор маңызы бар.

Содержание

Кіріспе ........................................................................................................2
1. Саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері...................................................................................................................3
1.1.Саяси партиялардың құқықтық құбылыс ретінде пайда болуының
және дамуының мәселелері..............................................................................3
2. Саяси партиялардың түсінігі мен функциялары........................................8
2.1. Партиялық жүйелердің мәні мен типологиясы......................................16
2.2. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың құқықтық
институт ретінде қалыптасуының конституциялық-құқықтық кезеңдері.................................................................................................................21
3. Саяси партиялардың сайлау процесіне қатысуын құқықтық реттеу......................................................................................................................29
Қорытынды ..................................................................................................36
Пайдаланылған қайнар көздердің тізімі....................................................39

Работа содержит 1 файл

1052 Саяси партиялар.doc

— 289.00 Кб (Скачать)

Қазақстандық  зерттеуші Т. Топорина саяси партия ұғымына жан-жақты талқылау жүргізуге  тырысқан. Оның пікірі бойынша, партия дегеніміз «мемлекетте құқықтық мәртебеге ие, ерекше қоғамдық ұйым болып табылатын, әдетте, бағдарламалық  құжаттарында формальды түрде көрініс табатын саяси көзқарастарының ұқсастығы бойынша біріккен адамдар тобы. Олар белгілі бір идеологияға сүйеніп және белгілі бір мүдделерді білдіру арқылы мемлекеттік және қоғамдық-саяси өмірде белсенді болуға ұмтылатын, мемлекеттік билікке жету және оны жүргізу мақсаты бар, сол арқылы тиісті қоғамдық топ, әлеуметтік бөліктің мүддесін жүзеге асырады» [38]. Бұл анықтамаға тым артық мұқияттылық және ауқымдылық тән.

Саяси партияның  қысқаша құқықтық анықтамасын конституционалист  Юдин Ю. жасаған болатын. Ол саяси партия деп «мемлекеттік билікке конституциялық жолдармен жету және оны жүргізу мақсатымен саяси процеске қатысу үшін құрылған, тұрақты негізде жұмыс істейтін және саяси бағдарламасы бар қоғамдық бірлестікті» түсінеді [17. 50 бет]. Тек қана ғылымда ғана емес, сонымен бірге қазіргі күнгі заңнамада да «саяси партияның» бірегей анықтамасы жоқ. Бұл партияның өзінің шығу тегі, қызметінің сферасы, функционалды міндеті бойынша мемлекеттік құқықтық категориядан гөрі, қоғамдық-саяси категория болуына байланысты.

Әрине, мемлекеттерде  саяси партиялардың мәні, олардың  қоғамдық саяси өмірдегі рөлі туралы ой-пікірлер әрқилы. Бұған себеп  болып, саяси режимнің ерекшеліктері, құқықтық доктринаның даму ережесі  және т. б. табылады.

Қазақстан заңнамасында «саяси партия» терминіне анықтама берілген кезде де, қазіргі конституциялық-құқықтық даму жағдайы ескерілген. Яғни: «Азаматтардың, әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін мемлекеттік биліктің өкілді және атқарушы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында білдіру және оларды қалыптастыру ісіне қатысу мақсатында олардың саяси еркін білдіретін Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі саяси партия деп танылады». Партияның құқықтық анықтамасының мәнін және мазмұнын толығырақ ашу үшін және оны қоғамдық бірлестіктердің өзге нысандарынан ажыратып алу үшін, ерекше конституциялық-құқықтық институт ретінде партияға ғана тән белгілерді қарастырсақ.

Саяси партия – мақсаты мемлекеттік билікті  жүргізуге қатысу болып табылатын, азаматтардың қоғамдық бірлестігі.

 Бұл партиялардың мәнін ашатын және оны қоғамның өзге институттарынан ажырататын ең маңызды белгі болып табылады. Партияның басты мақсаты - өзінің бағдарламалық міндеттерін орындау үшін биліктің тұтқаларына тікелей, ашық бақылау орнату арқылы мемлекеттік механизмді пайдалану.

Ал, кәсіпкерліктің, кәсіби одақтардың, лоббистік топтардың  алға қойған міндеттері – ол, өз мүшелерінің  жеке спецификалық мүдделерін қанағаттандыру және қорғау болып табылады.

Бұл басты  белгі, 2002 жылы 15 шілдеде қабылданған  «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабында көрініс тапқан [39]. Алайда, егер бұрынғы заңда саяси партия деп «мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін олардың саяси еркін білдіруге көмектесетін азаматтардың бірлестігі» танылса [40], жаңа заңда саяси партия деп «азаматтардың, әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін мемлекеттік биліктің өкілді және атқарушы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында білдіру және оларды қалыптастыру ісіне қатысу мақсатында олардың саяси еркін білдіретін Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігін» түсініледі.

Жоғарыда  келтірілген екі анықтама да партияның  мәнін, олардың негізгі қызметін өзгертпейді. Себебі, мемлекеттік органдарды қалыптастыру және олардың жұмысына қатысу арқылы партиялар әлеуметтік топтардың саяси еркін білдіреді.

Саяси партия – бұл азаматтарды саяси көзқарастары мен мүдделерінің ортақтығы негізінде  біріктіретін ұйым. Ол көзқарастар  мен мүдделер партияның бағдарламасында  көрініс табады және мемлекет қызметінің басым бағыттарын айқындайды.

Саяси партияның маңызды белгілерінің бірі оның барлық әрекеттері мен бастамаларын айқындайтын, негізгі құжат – партия бағдарламасы болып табылады. Өзге қоғамдық ұйымдардың партиядан ерекшеліктері, олардың саяси бағдарламасының болуы міндетті емес.

Бағдарламада  әдетте, партияның негізгі стратегиялық мақсаттары және оған жету тәсілдері көрініс табады: партияның күрес тактикасы, болуы мүмкін одақтастармен қатынас, маңызды болып табылатын саяси, экономикалық, әлеуметтік, халықаралық бағыттар және партия мемлекеттік билік басына келген жағдайдағы жасалынатын нақты жағдайлар көрсетіледі. Қысқаша айтқанда, бағдарлама дегеніміз ол партияның «бет-жүзі».

Атап өту  қажет, қазақстандық қоғамдық бірлестіктер партия болып тіркелу үшін бағдарламаның  болуы міндетті шарт болып табылады.

Саяси партия- бұл тұрақты негізде жұмыс  істейтін және ерекше ұйымдық құрылымға  ие бірлестік.

Аталған белгі  «Саяси партияның» анықтамасына кірмесе де, оған үлкен маңыз беріледі.

Саяси партиялар  ұйымдасуы жағынан саяси қозғалыстардан біршама ерекшеленеді. Соңғылары  республика аумағы бойынша жақсы  ұйымдастырылған аумақтық бөлімшелерге ие емес. Оның үстіне, бұл жерде мүшелік  кейде ұжымдық негізде де құрылып жатады. Тіркеуге алынатын мүшелік бұл жерде жоқ [41]. Бірақ Қазақстанда заңдық тұрғыдан саяси қозғалыстардың құқықтық мәртебесі реттелмегендіктен, оларды партиялардан құқықтық шектеудің мағынасы жоқ. Сонымен бірге, мұндай қозғалыстардың саяси партияға айналу сәтіне дейін немесе елдің саяси сахнасынан жойылу сәтіне дейін өмір сүре беретінін мойындауымыз керек.

Тұрақты ұйым белгісі партияны сайлау өткізу кезеңінде  ғана саяси өмірде уақытша жұмыс  істейтін сайлаушылар бірлестігінен  ерекшелендіреді. «Тұрақтылық» белгісі саяси партияларға ұйымның белгілі бір мүшелерінен тұрақты негізде жұмыс істейтін қызметкерлердің болуын талап етеді. Себебі, онсыз тұрақты ұйымның болуы мүмкін емес.

Саяси партиялардың жоғарыда келтірілген белгілері  олардың мәнін суреттейді, сонымен бірге партияларды өзге қоғамдық бірлестіктерден бөлектеп, олардың мемлекеттегі ерекше құқықтық мәртебесін орнатады. Партиялардың бұл белгілерін нормативтік тұрғыдан бекіту арқылы, қазақстандық заң шығарушы оларды спецификалық конституциялық-құқықтық институт ретінде анықтайды.

Жоғарыдағы  тұжырымдарды қорыта келгенде, саяси  партия дегеніміз демократиялық  жолмен, мемлекеттік деңгейде саяси  билікке жетуге және оны жүзеге асыруға  ұмтылатын немесе соған қатынасатын, халықтың белгілі бір бөлігінің саяси еркін білдіретін, қоғамдық мемлекеттік процестерге ықпал етуді көздейтін пікірлестердің идеологиялық негізде құрылған, ерікті, тәуелсіз, қоғамдық бірлестігі.

Саяси партиялардың қоғам мен мемлекеттегі жалпы  рөлі мен маңызы туралы толық көріністі олардың функцияларын талдау арқылы алуға болады.

Мысалы, Ф. Соренауф былай деп жазады: «Саяси партиялардың толық портретін жасау үшін, тек  қана оны қоршаған ұйымдардың барлық ерекшеліктерін және саяси партиялардың мүшелік құрамын зерттеу ғана емес, сонымен бірге партиялардың қоғамның саяси жүйесінде орындайтын функциялары туралы да білу қажет» [42].

Қазіргі күні саяси партиялардың функцияларының анықтамасына байланысты бірыңғай пікір  жоқ. Саяси-құқықтық ғылымда аталған  мәселе бойынша өте көп және қарама-қайшы пікірлер бар. Мысалы, Бандурин А., Власов В. партиялардың функцияларын былай деп бөледі:

оның таппен, әлеуметтік топпен, қоғаммен байланысын сипаттайтын функциялар;

қоғамның  саяси жүйесіне және оның жекелеген  институттарына қатысты функциялар;

ішкі тәртіп функциясы, яғни, партияның өзінің жеке проблемаларына қатысты функциялар [43].

Баглай М. В. партиялардың – он бір [4. 159-163 бб.], Булатова

А. және Исмагамбетова  З. – сегіз [44], Нысанбаев Ә. – үш [45] функциясы бар деген пікір  білдіреді.

Осы мәселеде қазақстандық зерттеуші Мусин Қ. Қ. саяси партиялардың қызметінің екі бағытына байланысты, олардың функциясын да негізгі екі топқа бөледі.

Функцияларының  бірінші тобы олардың қоғамдық ұйым ретіндегі мәнін білдіреді. Саяси  партиялар бұл кезде келесі функцияларды атқарады:

Жеке тұлғаның саяси өзін-өзі идентификациялану, олардың өзінің саяси еркін партияларға  бірігуі арқылы жүзеге асыру мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді, яғни саяси көзқарастар  мен идеялардың ұқсастығы негізінде, азаматтар әр түрлі саяси партияларға бірігіп жатады. Сөйтіп, азаматтар өздерінің идеясы үшін күресте сенімді құралға ие болады.

Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатындағы неғұрлым басым бағыттарды анықтауға  көмектесетін саяси процестерді  ұйымдастырады. Партиялар арасындағы бәсекелестікте, яғни, әртүрлі саяси идеялар мен концепциялардың күресінде, дәл сол уақытқа қайсысы керек екендігі анықталады. Осы саяси концепциялар сайлауда жеңген партия құратын үкіметтің қызметінің негізінде алынады. Халықтың көпшілігінің еркіне сәйкес мемлекетті басқаруға жағдай осылай туындайды.

Дағдарысты  жағдайдан шығудың баламалы нысаны мен тәсілдерін қамтамасыз етеді. Партиялар  арасындағы күрес саяси процестің  қатысушыларының бірде біреуіне, тіпті билікте отырғанына да босаңдауға мүмкіндік бермейді және оларды үнемі өзінің бағытын ѕәм оған жету тәсілдерін жетілдіруге итермелеп отырады. Егер саяси және әлеуметтік қайшылықтардың күрделенуіне байланысты, биліктегі партия өзінің маңызын жоғалтса, онда партиялық жүйе бірінші рөлге, кешегі оппозицияны әкеп қояды. Жақсы жолға қойылған партиялық жүйенің ең маңызды міндеті – ол биліктің вакуумына жол бермеу.

Қоғамда үлкен  қолдауға ие, болашағы бар жетекшілерді билікке жылжыту арқылы, мемлекеттің  басқару құрылымдарына кадрлық  потенциал дайындау. Бұқаралық қоғамдық ұйымдармен және мемлекеттік құрылымдармен өзара бірігіп жұмыс істеу арқылы, саяси партиялар өз адамдарын барлық бағыттар бойынша алға жылжытады. Басқаша айтқанда, олар билік элитасы қалыптасатын кадрларды дайындайды.

Саяси партиялардың функцияларының екінші тобы мемлекеттік биліктің әртүрлі институттарының қызметімен тығыз байланысты. Бұл жерде партия мемлекеттік механизмнің органикалық бөлігі ретінде сипатталады. Саяси партиялар көпфункционалды сипатқа ие болса да, олардың басты міндеттерінің бірі болып мемлекеттік билікке жету, өздері қорғайтын әлеуметтік мүдделер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін билік аппаратына иелік ету табылады. Бұл жерде келесі функцияларды атап өтуге болады:

  Мемлекеттің  өкілді органдарына сайлауды  ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз етеді. Яғни, саяси партиялар кең көлемдегі насихат жұмыстарын ұйымдастырады, сайлау алдындағы шығындардың бір бөлігін қаржыландырады, сайлау комиссияларын қалыптастыруға қатысады, дауыс беру процесін қадағалайды, өзінің кандидаттарын «жарнамалайды».

 Партияның  фракцияларды ұйымдастыру және  олардың қызметі арқылы парламенттің  тиімді жұмысын қамтамасыз етеді.  Палаталардың жетекші органдарын  және парламенттік комиссияларды  құрған кезде депутаттардың қай  партияға жататындығы есептеледі. Заң шығару процесінің негізгі қозғаушы күші – ол, партиялық фракциялар. Дауыс беру кезінде партиялық тәртіпті ескере отырып, саяси партиялар шын мәнінде заңның әлеуметтік-саяси мазмұнын анықтайды.

 Мемлекет  басшысы қызметіне кандидаттарды  ұсынған кезде саяси партиялар  маңызды рөл ойнайды. Президент өзінің қызметінің мерзімі кезінде саяси бейтарап тұлға болып танылатын болса да, оның бұл қызметке партия қолдауының нәтижесінде келгенін ұмытпау керек.

 Жергілікті  басқару және өзін-өзі басқару  органдарының қызметіне ықпал  жасайды. Саяси партиялардың аймақтық бөлімшелері шын мәнінде, жергілікті сайлау кезінде жергілікті атқарушы биліктің басшысын, жергілікті өкілді органдардың құрамын, жергілікті жерлердің өзге де лауазымдық тұлғаларын анықтайды. Сондай-ақ, саяси партиялар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметінің нақты мазмұнын және әлеуметтік бағытын анықтайды [46].

Саяси партиялардың жоғарыда аталған функциялары табиғи болып табылады және оларды қоғамдық бірлестіктердің ерекше түрі ретінде  сипаттайды. Және бұл жерде, дамыған елдердің саяси жүйесінде саяси партиялар маңызды орын алады деген тұжырыммен келіспеуге болмайды [47].

 

2.1. Партиялық жүйелердің мәні және типологиясы

 

Қазақстандағы саяси партиялардың рөлі мен ықпалының  өсуі конституциялық құқық ғылымында  партиялық жүйелерді зерттеуді өзекті мәселеге айналдырып жіберді.

Әдетте, ғылыми әдебиетте «жүйе» деп (гректің systema – бөліктерден құралған бүтін) бір-бірімен  байланыста болатын және белгілі  бір тұтастықты құрайтын элементтердің  белгілі бір көптігін айтады [48].

Бүгінгі күнде  «партиялық жүйенің» барлығы мойындаған анықтамасы жоқ.

Америкалық  зерттеуші Дж. Лапаламбараның пайымдауынша, партиялық жүйе дегеніміз «екі және одан да көп бәсекелес партиялардың, ашық және еркін сайлауда бір-бірімен  күрес жүргізу жағдайы». Бұл жерде партиялық жүйені сипаттайтын келесі элементтерді көрсетуге болады: 1) партиялардың белгілі бір санының болуы; 2) сайлаудағы олардың бәсекелестігі [36. 47 бет]. Оның бір партиялы мемлекеттерде партиялық жүйе жоқ деп айтқан пікірін де көп зерттеушілер қателік деп бағалайды.

С. Ньюмен партиялық  жүйені «Өзінің жеке басқару жүйесін  қалыптастыруға партиялардың құқығы»  деп түсінеді. Бұл жерде екі  түрлі ұғымның бірлігі туралы сұрақ туады: партиялық жүйе және басқару жүйесі [36. 48 бет].

Француз зерттеушісі Ф. Борелля партиялық жүйеге әлдеқайда кеңірек анықтама береді. Оның айтуынша: «Көптеген партия элементтері өзара байланысқан, бірегей бүтінді құрайды; бұл бірегей бүтінді конституциялық немесе саяси режиммен, оның ішінде өзі өмір сүріп отырған қоғаммен араластыруға болмайды. Оны құрайтын элементтер берік және өзара тығыз байланыста болған кезде ғана, партиялық жүйе туралы сөз қозғауға болады. Партиялар мен партиялық коалициялардың саны мөлшермен алғанда, тіркеліп отырулары тиіс, себебі оларға тән күш пен ықпал тұрақты болуы немесе ақырындап дамуы тиіс» [36. 48 бет].

Информация о работе Құқықтың қайнар көздері