Кәсіпорындағы маркетингтің мәні, міндеттері және дамыту жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 15:18, курсовая работа

Описание работы

Соңғы жылдарда Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және қоғамдық өмірінде болып жатқан өзгерістер шаруашылық іскерліктің жаңа жолдарын іздеумен ғана шектелмей, республика кәсіпорындары алдына жаңа экономикалық шарттарда өміршеңдікті қамтамасыз ету үшін маңызды мәселердің бір қатарын жолға қояды. Осы шарттарда маркетинг ерекше орынға ие болады. Өйткені ол құрылымдық - ассортименттік саясатты қалыптастыру кезінде осы механизмнің ең көкейтесті құрамдасы ретінде сипатталады. Маркетинг кәсіпорындарда кеңінен тарай бастады. Яғни едәуір қаныққан нарығы бар үлкен қалаларда орналасқан ірі кәсіпорындарда маркетинг құрыла бастады.

Содержание

Кіріспе
1 тарау. Нарықтық экономикадағы маркетингтің мәні және негізгі концепциялары.
Маркетингтің мәні мен мағынасы және принциптері.
1.2. Маркетингті зерттеудің мақсаты және әдістері.
1.3. Қазақстанның кәсіпорындарындағы маркетингті пайдалану ерекшеліктері
2 тарау. “Рахат” АҚ маркетингті пайдалану және дамыту жолдары.
2.1. “Рахат” АҚ өндірісткік жағдайын талдау.
2.2. “Рахат” АҚ маркетинг жұмысын талдау және бағалау.
2.3. “Рахат” АҚ өндірістік маркетингтік іс - әрекеттерін дамыту жөніндегі ұсыныстар мен нұысқалар.
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

“Кәсіпорындағы маркетингтің мәні, міндеттері және дамыту жолдары ”.DOC

— 492.50 Кб (Скачать)
 

Тақырыбы: “Кәсіпорындағы  маркетингтің мәні, міндеттері және дамыту жолдары ”

 

ЖОСПАРЫ

Кіріспе

1 тарау. Нарықтық экономикадағы маркетингтің мәні және негізгі концепциялары.

    1. Маркетингтің  мәні мен мағынасы және принциптері.

1.2.   Маркетингті зерттеудің мақсаты және әдістері.

1.3.  Қазақстанның кәсіпорындарындағы  маркетингті пайдалану ерекшеліктері 

2 тарау. “Рахат” АҚ  маркетингті  пайдалану және дамыту жолдары.

2.1. “Рахат” АҚ  өндірісткік жағдайын талдау.

2.2. “Рахат” АҚ  маркетинг жұмысын талдау және бағалау.

2.3. “Рахат” АҚ өндірістік маркетингтік іс - әрекеттерін дамыту жөніндегі ұсыныстар мен нұысқалар.

Пайдаланылған  әдебиеттер

Қосымша 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Кіріспе

        Соңғы жылдарда Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және қоғамдық өмірінде болып жатқан өзгерістер шаруашылық іскерліктің жаңа жолдарын іздеумен ғана шектелмей, республика кәсіпорындары алдына жаңа экономикалық шарттарда өміршеңдікті қамтамасыз ету үшін маңызды мәселердің бір қатарын жолға қояды.  Осы шарттарда маркетинг ерекше орынға ие болады. Өйткені ол құрылымдық - ассортименттік саясатты қалыптастыру кезінде осы механизмнің ең көкейтесті құрамдасы ретінде  сипатталады. Маркетинг кәсіпорындарда кеңінен тарай бастады. Яғни едәуір қаныққан нарығы бар үлкен қалаларда  орналасқан ірі кәсіпорындарда маркетинг құрыла бастады.

     Ішпек – жемек өнімі адам үшін бірінші қажеттілікте болуы және жекелей басшыларда осы сала үшін маркетинг орыны және ролі айтарлықтай маңызды емес деген ойлар туындауына қарай бұрын маркетинг аса көңіл аудармаған.Қазіргі уақытта маркетингтік және өндірістік өткізу бағдарлану кезінде кәсіпорындардың да мақсатты бағалау мен іскер белсенділік философиясы айырмашылықтары күшінде мұндай пікірдің қыйсынсыз екені айқын.

     Нарықтың тауарлармен толу мөлшері  бойынша кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетін басқару кезінде маркетингтің принциптері мен әдістерін қолдану қажеттілігі артады. Кәсіпорынның жемісі ең алдымен технологияларды игеру арқылы пайда болатын қажеттіліктерге жауап беру икемділгі мен жылдамдығы, сонымен қатар тұтынушылық сұраным жағдайының анықсыздығына бейімделу дәрежесіне тәуелді болады. Кәсіпорындағы басқарудың принципті жаңа жүйесін  қалыптастыру кезінде маркетинг  өндірістік - өткізу  іскерлігін  ұйымдастыру  мен басқарудың Қазақстан шаруашылық тәжірибесі үшін жаңа құралы болып табылып, ол осы іскерлікпен оның мақсаттары және мәселелері жәйлі бұрынғы көзқарастарын айтарлықтай ерекшеленеді.

     Қазіргі кезде маркетинг жетілген, әрі анықталған ғылыми және  машықтық құрамдас деңгейіне  қолдануының айтарлықтай мол тәжірибесі мен сипатталып, барынша көп жақтылығында және басқа да осы аумақтағы әйгілі мамандардың еңбектерінде қарастырылған, тоқталып кетерлік жағдай, маркетинг осы орайда қазіргі уақыттағы алдыңғы қатарлы елдерде қамтамасыз етілетін экономикалық дамудың жоғарғы деңгейіне сай келеді.

     Қазақстан Республикасында маркетингтің  қалыптасу қажеттілгі басқару  теориясы мен тәжірибиесінің  әлемдік даму тенденциялармен  анықталады. Сонымен бірге маркетингтің  қоғамдық даму тенденцияларын  уақыт пен сыртқы орта өзгешіліктерін айқындайды.  Сол себепті шешуші параметрлер қатары бойынша осы аумақтағы батыстық тәжірибиеде дамыған елдерге тән емес және белгісіз маркетингтің өзгеше мәселері пайда болады.

     Біздің шартымызда маркетингтің  классикалық схемасын енгізу процесі айқын енкізіліп, кәсіпорында маркетингтің қалыптасу шарттарының әсерінде құрылған ерекшелігі анықталған проблемаларға әкеліп,маркетингтің дамыған моделіне қарай жылжуды бағыттайды.Осы бағытта жүргізілетін жұмыстің көп жағдайда қалыптасқан шарттарға сәйкес айқын бағдарлы болып, тәжірибе жүзінде агроөнеркәсіп салаларын дамытып, яғни нақты экономикалық негізі бар ұзақ мерзімді мақсаттармен және маркетингтің ұйымдастырушылдық материалды-техникалық қамтамасыз етілуі. Осы кезде маркетингті дамту арқылы азық - түлік нарығын зерттеу негізінде нарықты өз өнімдерімен тұтынушылардың қанағатын қанағаттандыру және қамтамасыз ету. Зерттеу теориялық негізі болып, маркетинг түсініктемелерінде шетелдік ғалымдардың пайымдаулары қолданылған.

     Осы сипатта таңдалған тақырыпта жұмыстың орындалуы өз негізіне бір жағынан, маркетинг бойынша шетел және отандық кәсіпорындардың даму жолдары мен айырмашылықтары және озық техникаларын айта кеттік. Екінші тарауда нақтылы  – Акционерлік Қоғам “Рахат” фабрикасының сипаттамасымен өнндірістік дамыту жолдарын негізгі көрсеткіштер мен үлгілерді көрсету арқылы, зерттеу жүргізіп, өндірістік іс-әрекетінің теориямен ұштастырып, ұйымдастыру процесі ерекшеліктері жөнінде талдау жасап, отандық кәсіпорындар тәжірибиесінде келешекте пайдалану үшін,тәжірибелік материалдар мен оның айтарлықтай жетістіктерін айта кеттік.

    Осыған байланысты бұл ғылыми  жұмыстың мақсаты-кәсіпорындағы  маркетингтің алатын орны мен  оның атқаратын негізгі қызметтерін  зерттеу арқылы Қазақстан кәсіпорындардағы маркетинг қызметін жүзеге асыру мәселелерін сипаттау негізінде тақырыптың мәнін ашу болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі мәселелер анықталған.-маркетингтің теориялық негіздері мен дамуы сипатталған;-маркетингтің негізгі концепциялары сипатталған;-кәсіпорындағы маркетингтің атқаратын қызметтері келтірілген;-Қазақстандағы және Қытай Халық Республикасының  маркетинг қызметінің даму ерекшеліктері айқындалған;-«Рахатң акционерлік қоғамына толық талдау жасалынып,ондағы маркетингтік қызметтің орны мен ролі сипатталған;

 

І тарау. Рыноктық экономикадағы маркетингтің

мәні  мен ролі

1.1. Маркетингтің мәні  мен мағынасы және  негізгі концепциялары

    Рыноктық экономика жағдайында, маркетингтің қызметі тауарлар мен қызметтерге ұсыныс пен сұраныстың нәтижелі сәйкестілігін қамтамасыз ету үшін, еркін және бәсекелестік ұйымдарынан тұрады. Бұл сәйкестілік сыртқы әсерлерден болмағандықтан, материалдық айырбас ұйымы, немесе басқаша айтсақ, өндіруші мен тұтынушы арасындағы табиғи тауарлар ағымы және коммуникация ұйымы, жалпы айтқанда, информациялық ағымды қажет етеді.

     Осындай жағдайда, маркетингтің  ролі қоғамда сатушылар мен  алушылар арасындағы айырбас  пен коммуникация ұйымдарынан  құралады. Бұл жағдайда маркетингтің  есептері мен функциялары ерекше көңіл аударуы айырбас процесі мақсатына қатыссыз болып келеді.

     Маркетинг - бұл философия бизнесімен  қатар белсенді процесс болып  табылады. Бұл бөлімнің басты  мақсаты-кәсіпорынның  операциялары  мен ұйымдастыруларын, маркетингтің  идеологиялық негіздерін және басты себептерін ойластыру жүйесін көрсету. Маркетинг белсенді процесс ретінде рыноктық экономиканың дұрыс жүруі үшін, көптеген сұрақтарына дәл жауап бере алады. Ал осыдан кейінгі мақсаты-бұл, сұрақтарды зор мәнділігі мен құндылығы және қиындығы, технологиядағы, экономикадағы, бәсекелестіктегі және халықаралық жағдайға байланысты болып жатқан өзгерістеріне байланысты баяндау /2/.

     Америка маркетинг Ассоциациясы (АмА) 1985 жылы терминологиялық  комитеттің анықтамасы бойынша: «маркетинг-өндірістен тұтынушыға немесе сатып алушыға тауар мен қызметтер қозғалысын  жоспарлаумен байланысты кәсіпкерлік қызметң.

   «Маркетингң  термині ағылшынша market (рынок)  сөзінен келіп шыққан.Ол кәсіпорындардың өндірістік өткізу және сауда әдістерін бақылауды ұйымдастыру ретінде 19-20 ғасырлар аралығында пайда болды. Маркетингтің мәнін түсіну үшін анықтамасына тоқталуды жөн көрдік /3/.

     Маркетинг-бұл адамның тұтынуын айырбас арқылы қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекет түрі /Котлер П. Управление маркетингом , М - «прогрессң, 1990 ж.47 бет /;

     Маркетинг-бұл тауарға, қызметтерге, адамдарды ұйымдастыруға,

аймақтарға  және идеяларға сұранымды айырбас  арқылы болжау, бақылау және қанағаттандыру. /Дж.Р.Эванс,Б.Берман Маркетинг -М.,Экономика 1990ж.,17бет/.

     Маркетинг-бұл кәсіпорынның сауда өткізу іс-әрекетінің зерттейтін өндіріс процесіне және тауар мен қызмет көрсетуді өндірушілерді тауар тұтынушыларына жылжытуға әсер ететін шаралар /қазіргі заманғы маркетинг В.В.Хручкиийдің редакциясымен-М,финанс және статика 1891ж.,27 бет/.

     Қазіргі заман маркетинг теориясы  оны басқарудың нарық бағдарын  қамтамасыз ететін күрделі динамикалық  жүйе деп қарайды. Салыстырмалы  түрде айтсақ, маркетинг–күрделі ғылым.Ол экономиканың,инженерлік істің, жарнаманың, психологияның, сауданың жоспарлау және болжаудың өзіндік ерекшелігі бар қоймасы.Сонымен маркетингтің негізгі қасиеті ол нарықта болатын құбылыстарға белгілі бір қатынаста болуы.

Біздің   пайымдауымызша -  маркетинг   ұйымдастырумен     жеке

 тұлғалардың  мақсаттарының орындалуы,жүзеге асырылуымен оның жылжуын,сонымен қатар тауар қызметінің айырбас арқылы қанағаттандырылуы.

     Осыдан біраз жыл бұрын, еліміз егемендік алмай тұрғанда, социализм тұсында тауар өте тапшы болды. Тұтынушы тауарды іздеуге мәжбүр болған. Ал қазіргі кезде ше?

     Қазір еліміз егемендік алған  тәуелсіз мемлекет. Қазіргі кезеңде  Қазақстан,  рыноктық экономикаға  көшу жағдайында. Демек, керісінше қазір тауар адамды іздейді. Осыдан келіп, маркетингтің ролі күшейе түседі.

     Маркетингті қолдануда негізгі  екі ағымы болады. Оны айта кетсек, стратегиялық маркетинг, яғни маркетингтің талдау процесі және оперативті маркетинг, яғни маркетингтің белсенді процесі.

     Көптеген кәсіпорындар, ресми түрде қабылданған жоспарсыз жұмыс жүргізеді. Жаңа фирмаларда басқарушылардың өз кәсіпорнына жоспар құрастыруына уақыты да болмайды. Ал бұрыннан келе жатқан фирмаларда, басқарушылар жоспарсыз-ақ  кәсіпорын жұмысын жалғастыра беруге болады. Олардың пікірі  бойынша, рыноктағы жағдай тез өзгереді және жоспар қажетсіз  болып табылады да, еш нәтижелік бермейді/4/. Осы және басқа  да көптеген себептерден, көп кәсіпорындар өз жұмыстарында формальді жоспарлау қолданбайды. Ал формальды жоспарлау көптеген пайда береді. Мелвилл Бранч жоспарлаудың  пайдаларын анықтап көрсетті. Мысалы, жоспарлау басшылардың перспективті ойлауын қолдайды; келесі бақылауға арналған қызмет көрсеткіштерін анықтайды; фирманың әрекеттерін нақты үйлестіреді; фирма өзінің міндеті мен саяси мақсатын анық белгілейді; фирманы күтпеген өзгерістерге дайын болуын жсайдыфирманың барлық бөлімдерінің байланысын көрсетеді.

     Маркетингтің маңыздылығын  “Корея системэ” оңтүстік кореялық  компаниясының президенті Ли Тон Хун атап  кеткен: “Біздің  тәжірибемізде,  және  жеке  менің  практикада  қолданылған,   тексерілген бір заңдылық бар. Егер сен, шыныменен бизнеспен айналысқың келсе, ең алдыменен мемлекетіңнің, содан соң ондағы азаматтардың, ал одан кейін ғана барып, өзіңнің жағдайыңды ойла… Бұл-маркетингтің ең маңызды негізі.”/1/.

     Рыноктық экономикада жеке және  өндірістік қажеттіліктерді қанағаттандыру, таусылмайтын еңбек шығындарының алмасуы көмегімен нәтижеге жетеді. Оның жүзеге асуы үшін ең алдымен  құндылық және бағалылық мүмкіншілігі бар субьектілердің яғни, жеке және юридикалық тұлғалардың бар  болуы және олардың әрқайсысы компромистік коммерциялық шешімдер іздеуге, мысалы, құны жағынан, тауардан талап күту және өзінен күтетін міндеттемелерді орындай алатын, мысалы, тауарға төлем, келісілген уақытта оны жеткізу,  жеткілікті коммуникабельді болуы тиіс Сонымен қатар, процестің барлық қатынасушылары таңдауы өз еркінде, олар жасаған ұсыныстарды бұлар қабылдауға және қабылдамауға хұқы бар  болуы керек. Тек сонда ғана ол жүзеге асады.

     Осы  тұрғыдан   алып   қарағанда,  маркетинг   тауар   тасуға  бағытталған.

     Маркетинг экономикалық процесс ретінде, өндіруші мен тұтынушы арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, олар жасайтын айырбасты нәтижелікке жеткізеді. Қарастырылған сапада маркетинг,  рыноктық қатынастардағы потенциалды қатысушылардың арасында тек тауарлық қана емес, сонымен қатар информациялық айырбас жүргізеді. Біркелкі өнім өндірушілер ол тауарды неғұрлым көп қажет етсе, соғұрлым ол тауарға деген қажеттілік өседі.

     Маркетингтің негізгі формуласы - өндірілген нәрсені сату емес, керісінше, сатылатын зат өндір, көлемі, жекелеген формасы  мен  капиталды  қолдану  саласынан тәуелсіз, байланыссыз түрде болатын өнеркәсіп, өзінің даму жолында,  стратегиялық мақсатына жету жолында бірнеше функция қатарын орындайды. Олардың ішіндегі ең негізгісіне өндіріс дайындығын, өнімнің шығарылуын, қаржы-экономикасын, қамтамасыз етілуін және маркетингті  жатқызуға болады /5/. Ең алғашында маркетинг шаруашылық қызметінің көп саласының бірі ретінде және теңдестік функциясы ретінде, ал соңында интегралданған  шаруашылық функциясы болып қарастырылды. Дәл осы соңғы көзқарас,  интегралданған маркетингтің негізін құрайды.  

     Маркетингті, өндірістің шаруашылық  функциясы ретінде жеткілікті  жұмыс түрінің тізімін беру  өте қиын. Сонымен бірге, кәсіпорынның  мынадай сұрақтарға жауап іздеуінде оның рөліне шек келтірмейді: біріншіден, қандай тауарларды рынокқа ұсыну, яғни  жаңа өнімді жоспарлау және ескі өнімді жаңарту; екіншіден, кімге,   демек тұтынушыларды зерттеу; үшіншіден, тауарға қашан және қандай шарттарды қою керек, ол дегеніміз-баға, техникалық қызмет көрсету;  ал соңында, тауардың тұтынушыға қалай жететіндігі жайлы, мысалы, өткізу жүйесін құру, жарнама, өтімді ынталандыру әдістері.

Информация о работе Кәсіпорындағы маркетингтің мәні, міндеттері және дамыту жолдары