Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті және аудитті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 17:08, дипломная работа

Описание работы

Қазақстанның халықаралық стандарттарға бағдарлануы оң әлемдік тәжірибені зерттеуге және оны пайдалануға мәжбүрлейді. Континенттер мен елдердің географиялық жақындығы, тығыз экономикалық байланыстар, шетел компанияларының Қазақстанның инвестициялық қызметіне белсенді қатысуы есепке алу жүйесіне, тұтастай алғанда, жаңадан қарауға мәжбүрлейді. Есепке алу тәжірибесі түрлі елдерде әр алуан, бірақ оның бастауы мен философиясы ортақ және бұл Қазақстанның есепке алу практикасына оң тәжірибе енгізу мақсатында бухгалтерлік есепке алудың және аудиттің маңызды ерекшеліктері мен жаңа бағыттарын зерттеу қажеттілігін растайды. Халықаралық зерттеу көзқарасы жағынан ҚЕҰС және АХС қолданудың әлемдік тәжірибесі бухгалтерлерге, аудиторларға және қызметкерлердің басқа санаттарына қазіргі заман бизнесінің осы немесе өзге операциясын дұрыс бағалауға және тиісінше оң және тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе 3
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың қазіргі кездегі жағдайы және кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау 6
Бәсекеге қабілеттілік жағдайында өндірісті ұйымдастыру және оның келешектегі даму жолдары 6
Кәсіпорын ресурстарының интенсивті және тиімді пайдалануын талдау және оларды бағалау 10
Есеп және аудиттің халықаралық стандарттарын енгізу жағдайында бухгалтерлік есеп пен аудитті ұйымдастырудың теориялық және методологиялық аспектілері 16
Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті дамыту 22
ҚЕ2ҰС бойынша қысқа мерзімді активтерді трансформациялау 22
ҚЕ2ҰС бойынша ұзақ мерзімді активтерді трансформациялау 30
ҚЕ2ҰС бойынша міндеттемелер мен капиталды трансформациялау 36
Бухгалтерлік есепті инновациялық технология жағдайында ұйымдастыру 43
Аудитті халықаралық стандарттарға көшіруді ұйымдастыру негіздері 47
Аудит түрлері және олардың аудит объектісімен байланысы 47
Аудиттің халықаралық стандарттарына көшірудегі аудитті ұйымдастырудың заманауи мәселелері 50
Ұлттық есеп жүйесінде бухгалтерлік есеп берудің және аудиттің халықаралық стандарттарын қолдану мәселелері 54
Қорытынды 61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 64
Қосымша

Работа содержит 1 файл

диплом.doc

— 887.00 Кб (Скачать)


Кіріспе

 

Бүгінгі таңда Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөнінде қойған мәселелері шеңберінде Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету қажеттілігі көбірек маңызға ие болуда. Қазақстанда нарықтық қатынастардың енгізілуімен бірге экономикалық субъектілердің қаржылық қорытынды есебінің дұрыстығын дәлелдеп, пайдаланушылардың қажеттіліктерін керекті ақпарат түрімен қамтамасыз етуші тәуелсіз бақылау жүйесі өркендеп дамып келеді.

Қазақстанның халықаралық стандарттарға бағдарлануы оң әлемдік тәжірибені зерттеуге және оны пайдалануға мәжбүрлейді. Континенттер мен елдердің географиялық жақындығы, тығыз экономикалық байланыстар, шетел компанияларының Қазақстанның инвестициялық қызметіне белсенді қатысуы есепке алу жүйесіне, тұтастай алғанда, жаңадан қарауға мәжбүрлейді. Есепке алу тәжірибесі түрлі елдерде әр алуан, бірақ оның бастауы мен философиясы ортақ және бұл Қазақстанның есепке алу практикасына оң тәжірибе енгізу мақсатында бухгалтерлік есепке алудың және аудиттің маңызды ерекшеліктері мен жаңа бағыттарын зерттеу қажеттілігін растайды. Халықаралық зерттеу көзқарасы жағынан ҚЕҰС және АХС қолданудың әлемдік тәжірибесі бухгалтерлерге, аудиторларға және қызметкерлердің басқа санаттарына қазіргі заман бизнесінің осы немесе өзге операциясын дұрыс бағалауға және тиісінше оң және тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Бухгалегрлік есеп пен қаржылық қорытынды есспті, Халықаралық қаржылық есеп стандарттарының ҚЕҰС негізінде дүниежүзілік тәжірибеге енгізу, заманауилық нарықтық экономика жүйесіндегі бухгалтерлік есепке жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді.

Әу баста меншік иелері бухгалтерлік есепті кәсіпорынның мүлкін түгендеп, сақталуын қадағалау үшін, ал кейіннен салық төлемдерін дұрыс есептеу үшін пайдаланған. Уақыт өте келе бухгалтерлік есеп одан да кеңірек функцияларды орындап, экономикалық көрсеткештерді бағалау мен зерделеу бағытында қолданыла бастады.

Бухгалтерлік есептің тәжірибесі, счеттардың кұрамы мен типтері, көрсеткіштерді корытындылап, салыстыру тәсілдері, есепті жүргізу формалары, екінші кезектегі мәселе болып саналады, себебі олар әр мемлекетте, салаларда, ұйымдарда әртүрлі болуы мүмкін. Сонымен қатар, бухгалтерлік есептің әдіснамасы, ұйымдар қызметі нәтижесінің қаржылық жағдайын бағалайтын стандарттарға сай қалыптасқан қаржылық қорытынды есептер бойынша анықталады.

«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңына сәйкес, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арнап қаржылық есептің Ұлттық стандарттары белгіленген. Мемлекеттік ұжымдар мен ірі кәсіпкерлік субъектілері және аса ірі занды тұлғалар, жариялы кәсіпорындар ҚЕҰС міндетті түрде қолдануға тиісті.

Кәсіпкерліктің дамуына орай, бухгалтерлік ақпараттың басқару мен бақылау саласында және кәсіпкерлік қызметті талдаудағы рөлі арта түседі. Ондай ақпараттардың дер кезінде, сапалы және жоғарғы деңгейде дайындалуы, бухгалтерлердің кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты.

Нарық жағдайында ұйымдардың қызметінің нәтижесі және қаржы жағдайы туралы ақпарат әртүрлі пайдаланушылардың көңіл қоятын мәселесі болып табылады. Барлық келісім-шарт жасаушылар негізделген шешім қабылдау үшін өз серіктері туралы дұрыс ақпарат алуға және пайдалануға тырысады. Сонымен қатар, ұйымдардың қызметінің нәтижесі туралы ақпаратты және олармен заңдылықтардың сақталуын тәуелсіз растау мемлекетке экономика және салық салу саласында шешім қабылдау үшін қажет. Аудиттің ақпараттық негізі де бухгалтерлік есеп боғандықтан әртүрлі ұйымдарды тексеретін аудиторлар қаржылық есеп берудің дұрыстығына аудиторлық дәлелдер және кепілдемелер, бизнес-жоспарлардың жобаларын, өндірісті жетілдіру, шығындар, қаржы жоспарларын жасау және қызметті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында басқа іс-шараларды жүзеге асыру тиянақты ақпаратын алу үшін тексерудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдана білуі керек. Ол үшін бухгалтерлік есеп пен аудитті дамыту қажет.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: қазіргі кездегі бухгалтерлік есеп және аудитті дамыту мәселелерін қарастыру және оны жетілдіру бойынша ұныныстар құрастыру.

Мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер қойылды:

            бәсекеге қабілеттілік жағдайында өндірісті ұйымдастыру және оның келешектегі даму жолдарын қарастыру;

            кәсіпорын ресурстарының интенсивті және тиімді пайдалануын талдау және оларды бағалау;

            есеп және аудиттің халықаралық стандарттарын енгізу жағдайында бухгалтерлік есеп және аудитті ұйымдастырудың теориялық және методологиялық аспектілеріне шолу жасау;

            қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті дамыту мәселелерін қарастыру және оқып-үйрену;

            аудитті халықаралық стандарттарға көшіруді ұйымдастыру негіздерін қарастыру және ұсыныстар беру.

Зерттеу объектісі болып ««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтерлік есебі мен аудитін ҚЕ 2 ҰС жағдайында қарастыру болып табылады.

Теориялық және әдістемелік зерттеу негізі. Зертттеу барысында жұмыстың негізгі тұжырымдарын дәлелдеу құралы ретінде келесі ғылыми зерртеу әдістері алынды: ғылыми абстракция әдісі; талдау және синтез әдістері; индукция және дедукцияға байланысты себеп-салдар әдісі; салыстыру және модельдеу әдісі. Автордың көзқарасын дәлелдеу үшін әлеуметтік зерртеулерді түсіндіру үшін статистикалық әдістердің элементтері қолданды. Тәжірибе негізінде жинақталған зерртеулер қорытындылары, есеп беру қиыншылықтарын шешу үшін жасалған ұсыныстарда пайдаланды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Ақпараттың бұрмалалануын төмендету мақсатында, БЕХС және ХАС сәйкес бухгалтерлік есептің тиімділігін арттыру үшін теореялық және әдістемелік нұскаулар кешенін ұсыну.

Зерттеуден алынған нәтижелердің тәжірибелік маңызы. Зерттеуден алынған нәтижелердің тәжірибелік мәні оның негізгі тұжырымы, нәтижелері және ұсыныстары бюджетпен түрлі салықтар және салықтық төлемдер бойын-ша есептесулер кезінде кеңінен қолдануға бағытталған.

Зерттеу нәтижесі дипломдық жұмыстың зерттеудегі біртұтас ұсыныстары және кепілдемелері оперативтік шешімдерін дайындау және өткізу жайында байланыс желісінің барлық дәрежелерінде басқару қызметкерлерге, бас бухгалтер және қаржыгерлер үшін тәжірибелік қызығушылығын білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың қазіргі кездегі жағдайы және кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау

1.1 Бәсекеге қабілеттілік жағдайында өндірісті ұйымдастыру және оның келешектегі даму жолдары

 

Қазақстанның әлемнің барынша бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену стратегиясын жүзеге асырудың бірден-бір жолы бухгалтерлік есеп беру мен аудитті халықаралық стандарттарына көшіру және оны дамыту мәселелері. ««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы стратегияны жүзеге асырушы қазақстандағы компаниялардың бірі. Компания өз қызметін 27.12.1994ж, Қазақстан Республикасының Азаматтык Кодексі (жалпы бөлімі), «Шаруашылык серіктестіктері туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 2 мамырдағы № 2255 Заңымен, 22.04.1998ж. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «Қазақстан Респубдикасының кейбір заңнамалық актілеріне миноритарлық инвесторлардың құқыктарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикаеының 2007 жылғы               19 ақпандағы № 230 Заңымен жүзеге асырады.

Серіктестіктің жарғылық капиталы: 51 000 000 (елу бір миллнон) теңгеден тұрады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылык капиталына салым ақша, бағалы кағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жер пайдалану құқығу мен интеллектуалдық кызмет нәтижелеріне кұқық және өзге де мүлік болу мүмкін.

««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС 2005 жылы құрылғаннан бастап компанияның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының қалаларында дистребьютерлік сауда жүйесін дамыту. Яғни республикамыздың барлық қалаларындағы сауда орталықтарын өз өнімдерімен қамтамасыз ету.

Ұйымның серіктестіктері Финляндия  (Teboil), Ресей Федерациясы - ООО «ЛЛК –Интернешнл» (Лукойл), ААҚ «ГазпромНефть» Ресей Федерациясы, Украина (ААҚ АЗМОЛ), Узбекистан (Фергана) сияқты ірі мұнай компаниялары мен зауыттары.

««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС Қазақстаннның Атырау, Қызылорда, Көкшетау, Сары-Ағаш, Тараз, Түркістан, Өскемен және Шымкент сияқты ірі қалаларында филиалдары бар республикадағы жалғыз компания. Әр филиал өнімді шығару мен өткізуге өзіндік ерекше әсерін тигізеді және ұйымның болашақта өркендеп дамуына өз үлестерін қосады.

Ұйымның әр филиалында көлемі 2000 тоннадан асатын, тауарды қабылдау - жіберу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін сыйымдылығы әр түрлі цилиндрлер мен насостық жүйелер орналастырылған. Сұйық майларды сақтау және сату үшін арналған компанияның цилиндрлер паркінің көлемі – 5 286 текше метр. Қоймалардың алатын ауданы – 9 600 шаршы метр. Автопаркте 25 техника бар.

Компаниның өткізетін негізгі өнімдері:

            моторлы және трансмиссионды майлар;

            гидравликалы, индустриальды және энергетикалық майлар;

            пластикалық жаққыштар мен техникалық сұйықтықтар;

            мұнайхимия және жаққыш-салқындатқыш сұйықтықтар.

Ұйым сатып алушыларынан жіберілген тауарларды қабылдап алып, қоймада сақтауға мүмкіндігі бар және бұл іс-әрекет басқа компаниялар алдындағы даусыз артықшылықты білдіреді. Компанияның негізгі капиталы ««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС жұмыс жасайтын қызметкерлер. Ұйым барлық қызметкерлері өздерінің компанияның жетістіктерімен бөлісіп, корпорациялық құндылықтарға өз үлестерін қосқандарын және ««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС командасының бір бөлігі екенін мақтан тұтуына тырысады.

Компания басшылары әрбір қызметкердің жеке табыстарын мақұлдап қадірлейді, әрекетті және творчествалық жетістікерін мадақтайды. Компанияның кадырлық саясаты қызметкердің ұзақ перспективалы дамуына және жетілдіруіне есептелген. ««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС кәсіпкерлікті жүргізу қағидасы негізінің бірі – қызметкерлерді тиімді басқару. Қазіргі таңда ««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС – де Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында ескерілген барлық әлеуметтік кепілдіктер көрсетілетін 90-нан астам адам қызмет етеді.

Компанияның бас кеңсесі Алматы қаласы, Фурманова көшесі, «Саркенд» бизнес орталығында орналасқан. Басқару құрылымы 1.1 сурете көрсетілген.

Ұйымның экономикасын жүргізуде шешімді қажет ететін сұрақтар туындайды. Олар:

             кәсіпорынның экономикасы қалай жұмыс жасауы қажет;

             тұтынушылармен және жабдықтаушылармен қалай жұмыс жасауы қажет;

             өз өнімін сату үшін делдалды араластыру қажет пе;

             жоғары өнімді еңбекті қалай ынталандыру керек;

             бәсекелес ортада қандай факторлар табысқа жетуге әсер етеді;

             өндірісті басқару жүйесі қандай болу керек және тағы сол сияқты.

Қателер мен байқау әдісі негізінде осынау көптеген сұрақтарға жауап табу қазіргі кезеңде тек кәсіпорынға ғана емес, сонымен бірге жалпы алғанда қоғамға да кері әсерін тигізеді және ол қымбатқа түседі.

Кәсіпорын экономикасын ары қарай көтеру мәселелерін табысты шешу үшін ресурстарды тиімді пайдалану қажеттігі; резервтер ашып, өндірісте пайдаланылмаған резервтерді өндірістік қызметте пайдалануы; интенсивті технологиялар енгізу арқылы, өндіріс басқаруының экономикалық әдістерін жетілдіру, техникалық прогрессінің дамуымен өндірістің негізгі құралдарының жағдайы және пайдаланылу деңгейіне және кәсіпорынның қажетті енбек ресурстарымен қамтамасыз етілуіне тәуелділігі күшейді. Кәсіпорынның жеткілікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі олардың тиімді пайдаланылуын, еңбек өнімділігінің жоғары деңгейін, өнім көлемін жоғарылату және өндіріс тиімділігін көтеру үшін маңызды болып табылады. Кәсіпорын экономикасын көтерудің басты звеноларының бірі есеп болып табылады. Бухгалтерлік есеп әртүрлі басқару функцияларын орындау үшін ақпараттар дайындау.

Өндірістің бухгалтерия бөлімі есеп және талдау жұмыстарымен айналысады. Бухгалтерия жұмысын бас бухгалтер басқарады және ұйымдастырады.

Кәсіпорын бухгалтерлік есептің автоматтандырылған түрін қолданады. Орындалатын операциялар алғашқы құжаттармен хатталады. Олардың түрлері бір ізге салынған, стандартталған және автоматты өңдеуге бейімделген. Құжаттардың бухгалтерлік есептің журнал-ордерлік және автоматтандырылған регистрларының түрлері белгіленген тәртібі бойынша бекітілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті және аудитті ұйымдастыру