Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті және аудитті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 17:08, дипломная работа

Описание работы

Қазақстанның халықаралық стандарттарға бағдарлануы оң әлемдік тәжірибені зерттеуге және оны пайдалануға мәжбүрлейді. Континенттер мен елдердің географиялық жақындығы, тығыз экономикалық байланыстар, шетел компанияларының Қазақстанның инвестициялық қызметіне белсенді қатысуы есепке алу жүйесіне, тұтастай алғанда, жаңадан қарауға мәжбүрлейді. Есепке алу тәжірибесі түрлі елдерде әр алуан, бірақ оның бастауы мен философиясы ортақ және бұл Қазақстанның есепке алу практикасына оң тәжірибе енгізу мақсатында бухгалтерлік есепке алудың және аудиттің маңызды ерекшеліктері мен жаңа бағыттарын зерттеу қажеттілігін растайды. Халықаралық зерттеу көзқарасы жағынан ҚЕҰС және АХС қолданудың әлемдік тәжірибесі бухгалтерлерге, аудиторларға және қызметкерлердің басқа санаттарына қазіргі заман бизнесінің осы немесе өзге операциясын дұрыс бағалауға және тиісінше оң және тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе 3
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың қазіргі кездегі жағдайы және кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау 6
Бәсекеге қабілеттілік жағдайында өндірісті ұйымдастыру және оның келешектегі даму жолдары 6
Кәсіпорын ресурстарының интенсивті және тиімді пайдалануын талдау және оларды бағалау 10
Есеп және аудиттің халықаралық стандарттарын енгізу жағдайында бухгалтерлік есеп пен аудитті ұйымдастырудың теориялық және методологиялық аспектілері 16
Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті дамыту 22
ҚЕ2ҰС бойынша қысқа мерзімді активтерді трансформациялау 22
ҚЕ2ҰС бойынша ұзақ мерзімді активтерді трансформациялау 30
ҚЕ2ҰС бойынша міндеттемелер мен капиталды трансформациялау 36
Бухгалтерлік есепті инновациялық технология жағдайында ұйымдастыру 43
Аудитті халықаралық стандарттарға көшіруді ұйымдастыру негіздері 47
Аудит түрлері және олардың аудит объектісімен байланысы 47
Аудиттің халықаралық стандарттарына көшірудегі аудитті ұйымдастырудың заманауи мәселелері 50
Ұлттық есеп жүйесінде бухгалтерлік есеп берудің және аудиттің халықаралық стандарттарын қолдану мәселелері 54
Қорытынды 61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 64
Қосымша

Работа содержит 1 файл

диплом.doc

— 887.00 Кб (Скачать)

 

1.3 кестеде көріп отырғандай, ««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС 2009 жылғы көрсеткіштерді 2008 жылмен салыстырғанда қызмет көрсетуден түскен табыс 10 726,9 мың теңгеге артқан. Сәйкесінше, материалдық шығындар да өткен жылмен салыстырғанда 68 950,7 мың теңгеге (1 657 216,4 – 1 588 265,7) артқан. Нәтижесінде материал қайтарымдылығы 2008 жылы 1,14 теңгені, ал 2009 жылы 1,1 теңгені құраған, яғни өткен жылмен салыстырғанда 0,04 теңгеге төмендеген. Ал материал сиымдылығы 2008 жылы 0,87 теңге, 2009 жылы 0,9 теңгені құраған, яғни 0,03 теңгегге артқан. Бұл аталған көрсеткіштердің өзгерісі материал шығындарының кемуіне немесе артуына тікелей байланысты.

Қазіргі экономика ғылымының өз қарауында қаржылық көрсеткіштерді болжаудың әр түрлі әдістері мен тәсілдері бар. Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың 4 негізгі тәсілі мынадай:

             несие беру қабілеттілігі индексінің есебі;

             формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану;

             қаржылық ағымның құйылуын талдау;

             төлем қабілеттілігі көрсеткіштерін болжау, яғни баланс өтімділігін талдау.

Кәсіпорынның банкроттығы жайында шешімдер қабылдау үшін негіз ретінде кәсіпорынның баланс құрылымының қанағаттанарлықтай екенін бағалаудың белгілер жүйесі алынады. ««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС 2008-2009 жылдардағы мәліметтері бойынша баланс өтімділігін талдаймыз. Ол үшін 1.4 кестені құрамыз және форма                       №1 Бухгалтерлік баланстан мәліметтерді алып, өтімділік коэффициенттерін есептейміз. Өтімділік бұл кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді мінднттемелерін өтеу қабілеттілігі немесе ағымдағы активтердің ақша қаражатына айналу дайындығы мен жылдамдығы. Өтімділік көрсеткіштерге мыналар жатады:

1.      Абсолютті өтімділік коэффициенті – Ақша қаражаттары/Қысқа мерзімді міндеттемелер. Көрсеткішті анықтау мақсаты: ағымдағы міндеттеменің қандай бөлігі баланс жасалатын күні немесе жуық арада өтелетінің көрсетеді. Ұтымды мәні ≥0,2

2.      Аралық өтімділік коэффициенті – Ақша қаражаттары + Дебиторлық қарыздар/Қысқа мерзімді міндеттемелер. Көрсеткішті анықтау мақсаты: алашақ қарыздың бір айналымының орташа ұзақтығына тең кезең ішіндегі кәсіпорынның күтіліп отырған төлем қабілеттілігін сипаттайды (73,5 күн).Ол ағымдық міндеттемелердің қандай бөлігінің тек ақша қаражаттары есебінен ғана емес, сонымен қатар, жасалған жұмыс, көрсетілген қызмет, тиелген өнім үшін келіп түсетін түсім есебінен өтелінетіндігін көрсетеді. Ұтымды мәні ≥1

3.      Жалпы өтімділік коэффициенті– Қысқа мерзімді активтер/Қысқа мерзімді міндеттемелер Көрсеткішті анықтау мақсаты: ағымдағы өтімді активтердің барлығының төлем міндеттемелеріне қатынасын көрсету. Ұтымды мәні 0,9 – дан кем емес болу керек.

Кесте 1.4

2008-2009жж. ««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау

 

Көрсеткіштер

Іс жүзінде

Ауытқу (+;-)

2008ж.

2009ж.

1

2

3

4

5

1.

Қысқа мерзімді активтер мың теңге, оның ішінде:

2824548,8

812413,3

-2012135,5

1.1.

Ақша қаражаттары және қысқа мерзімді қаржылық салымдар

91468,0

65682,2

- 25785,8

1.2.

Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар

2094158,4

137584,9

-1956573,5

1.3.

Қорлар

633270,7

603062,9

-30207,8

1.4.

Басқа да қысқа мерзімді активтер

5651,7

6083,3

431,6

2.

Қысқа мерзімді міндеттемелер мың теңге, оның ішінде:

3095365,1

896115,8

-2199249,3

2.1.

Салықтар бойынша міндеттемелер

237152,5

27,6

-237124,9

2.2.

Қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар

2488431,7

889273,5

-1599158,2

2.3.

Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер

369780,9

6814,7

-362966,2

3.

Өтімділік көрсеткіштері

 

 

 

3.1.

Абсолюттік өтімділік коэффициенті

0,03

0,07

0,04

3.2.

Аралық өтімділік коэффициенті

0,7

0,2

-0,5

3.3.

Жалпы өтімділік коэффициенті

0,9

0,9

-

 

1.4 кестеде көріп отырғандай, ««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС баланс өтімділігін талдау нәтижесінде екі жылда да теріс көрсеткіштер анықталған. Өткен жылмен салыстырғанда нәтиже 2 012 135,5 мың теңгеге кеміген. Оған әсер еткен қорлар, ақша қаражаттары және қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар және басқа да қысқа мерзімді активтердің көрсеткіштері. Ал қысқа мерзімді міндеттемелерді талдайтын болсақ өткен жылмен салыстырғанда ол да 2 199 249,3 мың теңгеге кеміген. Міндеттемелердің кемуі кәсіпорынға тиімді.

Есептеу нәтижесі бойынша: абсолюттік өтімділік коэффициенті 2008 жылы 0,03 мың теңгені құраса, 2009 жылы 0,07 мың теңгені құрап отыр. Сонда     2008 жылға қарағанда 2009 жылы 0,04 мың теңгеге өсіп отыр.

Ал аралық өтімділік коэффициенті 2008 жылы 0,7 мың теңгені құраса,    2009 жылы 0,2 мың теңгені құрап отыр, яғни кәсіпорын 2008 жылға қарағанда 2009 жылы 0,5 мың теңгеге кем жұмыс істеген. Жалпы өтімділік коэффициенті 2008 жылы 0,9 мың теңгені құраса, 2009 жылы ол көрсеткіш өзгермеген.

 

1.3 Есеп және аудиттің халықаралық стандарттары жағдайында бухгалтерлік есеп және аудитті ұйымдастырудың теориялық және методологиялық аспектілері

 

Халықаралық бухгалтерлік стандарттаудың пайда болуы ең әуелі мына объективті алғы шарттарға байланысты:

1.            Әлеуметтік экономика, қаржылық және инвестициялық нарықтың біркелкі қажеттілік интеграциясы, өзара тәуелділігі, өзара келісімділігі.

2.            Трансұлттық корпорациялардың қызметтерін ұлғайту, бірлескен кәсіпорындардың көшірліуі, корпорациялар мен әр түрлі елдердің капиталына өзара кіруі.

3.            Әлемдік өнім шығарушылардың күшін көлемді, жаһанды және ұлттық деңгейге дейін дамыту.

4.            Жетекші елдердің валюталарының тәуелсіз конвертациясы және бірден европалық валютаны енгізу.

5.            Үйлестіру және стандарттау сияқты жолдармен әлеуметтік, экономикалық, қаржылық сфераларында экономикалық процестерді басқарудың ұлтаралық бағдарламаларын жүзеге асыру.

6.            Ұлттық қағидалар мен ережелер аясынан қалыс қалмау.

7.            Бұрыс шешім қабылдау үшін нақты әрі түсінікті ақпарат алу жолында халықаралық ережелерге сай есеп жүргізуге құралдар жұмсамау.

Есептік мәселелерді шешудің көп нұсқаулық жолдарының болуы ҚЕХС айқын ерекшелігі болып табылады. ҚЕХС әр түрлі елдердің, әсіресе АҚШ-та есептік тәжірибесінің енгізілуіне тәуелді.

ҚЕХС мәні, мазмұны және т.б сындарына қарай жіктеуге болады, сонымен қатар әр түрлі бағыттары бойынша топтауға болады. ҚЕХС байланысты жіктеу термині әр түрлі ақпараттар көздерінде әр келкі түсіндіріледі. Бұл стандарттың әр жылдары және әр түрлі функционалды мақсаттарда құрылғанына байланысты.

ҚЕХС жіктелуінің әр түрлі болуы халықаралық ереже бойынша есептің жүргізілуіне нақты түсінікті енгізу, стандарттардың бір типтес құрылымы мен белгілерін айқындауды мақсат ету болды.

Басқаша айтқанда, ҚЕХС-ті жіктеу - бұл кандай да бір жағдайда қолданылатын кез келген ұқсас критерийлер бойынша стандарттарды топтастыру мүмкіндігі. Оларды мынандай блоктарға бөліп көрсетуге болады:

1.            Жалпы әдістемелік стандарттар, оның негізінде бухгалтерлік есептің халықаралық қағидаларын құру жатыр.

2.            Қаржылақ есептің мазмұны мен құрамын көрсететін стандарттар.

3.            Жекелеген объктілерді есептеу ережелерін анықтайтын стандарттар.

Жоғарыда келтірілген стандарттардың белгіленуі бойынша жіктеулермен қатар оларды экономикалық мазмұны бойынша жіктеуге болады, оның негізінде экономикалық қатынастар барысында туындаған есептік мәселелердің шешуін білдіретін топтастырулар жатыр. Мысалы, мұндай қатынастар жиынтығына М.И. Кутердің «бухгалтерлік есеп теориясы» атты еңбегінде ұсынылған қатынастарды айтуға болады. Сондай-ақ, стандарттардың әр келкі бөлінуі өзара байланысты экономикалық мүдделерді халықаралық деңгейде және дәл осылайша мемлекеттің ішінде қолданылуын нақты көрсетуді мақсат етеді. Қолданудың экономикалық қатнастардың өзара байланысын нақты бейнелейтіндігіне бағытталуы керек. Бұл орайда стандарттартың мәні мен мазмұны халықаралық контексте есепті жүргізудің түрлі аспектілерін сипаттауы тиіс.

ҚЕХС-ты оқи отырып, оны қолдану кәсіпорындарға, жалпы қолданыстағы нұсқаның кеңінен қолданылатын түрін тандауға мүмкіндік береді. Бұдан ҚЕХС сәйкес есеп және есептілік ақпараттарының артықшылықтары мен кемшіліктері туындайды. Оны 1.5 кестеде салыстыруға болады.

Кесте 1.5

ҚЕСХ-тің артықшылықтары мен кемшіліктері

 

Артықшылықтары:

Кемшіліктері:

-   Халыкаралық капитал нарығына тарту мүмкіншілігін кеңейту.

-   Қолданушыға нақты шешім қабылдауға көмек беретін көлемдегі ақпараттың айқындылығы, тиімділігі және мәнінің айқын түсіндірлуі

-   Жергілікті жұмыстарға уақыттың және т.б, оның ішінде материалды қолдануды кысқарту.

-   Республика экономикасының     деңгейі тұрақты болу үшін бухгалтерлердің жауапкершілігін, білімін, тәжірибесін, беделін жоғарлату.

-   Ақпараттың ашықтығы, тәуекелдің төмендігі және жоғары сенімділік арқасында басқа мемлекеттермен бірлесіп жұмыс істеуді кеңейту.

-   Қаржылық ақпараттың нақты сапасының негізінде басқа елдермен экономиканы біріктіру.

-   Есеп пен есептілікті үндестіру және
экономикалық интеграцияның жақындастырлуы

-   Стандарттардың жалпы сипат
та болуы.

-   Есептік тәсілдің көп болуы.

-   Нақты жағдайлардың мәнінің
мұқият ашылмауы.

-   Әр елдің даму деңгейінің әр
келкі болуы.

-   Экономиканың дәстүрі мен
ұлттық ерекшелігінің және тәртіп пен ережелердің жоқтыгы.

-   ҚЕХС-тың ұлтық есеп беру
жүйесіне бейімдеуде жекелеген жағдайларда жұмыстың қолайсыздығы.

-   Бухгалтерлердің білімі мен
тәжірибесінің төмен болуы, сонымен қатар оқуға деген қажеттілік.

-   Кейбір терминдердің дұрыс
аударылмауына байланысты
жайсыз қабылдануы.

-   Жекелеген мәселелер бойынша нормативті қүқыктық жүйенің сәйкес келмеуі.

 

ҚЕХС –тің негізгі ақпарат базасы ретінде отандық бухгалтерлік есеп жүйесіне енгізудің себебі - есептіліктегі ұлттық ерекшеліктерді барынша азайту және әр түрлі тұтынушылардың шешім қабылдауы үшін сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Есеп беру жүйесін стандарттау - бұл объективті қажеттілік, әр елдердегі есеп беру жүйесін зерттеулерде, жіктеуде және топтауда қорытындыларды және есеп пен есептілікті жаңалау кеңесін құру. Әр ел өзінің ұлттық есеп беру жүйесін жалпы қағидаға сүйене отырып қабылдаған.

Халықаралық стандарт - ҚЕХС ұлтық есеп беру ерекшелігін сақтай отырып, қолдану жағдайында ҚЕХС комитетінің мүшесіне кіретін елдерде қолданылатын ереже. Халықаралық стандарттың дамуына есеп беруді стандарттау дәстүрінің қалыптасуы, пракиканы бір немесе басқа объектінің және басқа жағдайларды есеп беруге енгізуі әсер етеді.

¥лттық стандарттарға келетін болсақ, олардың құрылуына әр түрлі құрылымдар үлесін қосуда, соның ішінде бухгалтерлер мен аудиторлар ассоциациясы, биржалық комиссия, орталық банктер, институттар және т.б ғылыми ұйымдар, салық органдары.

Методология - латынша білімнің ғылыми тәсілмен оқу немесе кейбір ғылымда қолданылатын әдістердің жиынтығы. «Әдіс» терминіне қарамастан, «бір нәрсеге жол» деген мағананы береді. Есептің әдістемесі шаруашылық іс-әрекетінің қызмет ету нәтижесін шығаруға мүмкіндік береді. Методология түсінігі халықтағы көріністер мен процестердің ашу жүйелерін білдіретін фундаметалды концепциясына негізделген [2].

ҚЕХС методологиясын айтатын болсақ қаржылық есеп ақпараттарын дайындау үшін жалпылай жолдармен құруға бағытталған. Бұл ҚЕХС қолдану үшін оларды әлемдік қолдаудың арқасында білікті қызмет үшін бухгалтерлік ұйымның мүмкіншілігімен байланысты. ҚЕХС құрудың жалпы методологиясы анықталған ережелердің орындалуын қадағалауына сүйену. Стандарттың топтық бөліктері 1.2 суретке сәйкес құрылымдарды сипаттайды.

 

 

Нысана

 

 

 

 

Қолдану формасы

 

 

 

 

Стандарттың суреттелуі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Анықтама

 

Ақпаратты ашып көрсету

 

Кұшіне ену

күні

 

 

 

Қосымша

Информация о работе Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті және аудитті ұйымдастыру