Қазақстан Республикасындағы салық саясаты: басымдылықтары және механизмі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2012 в 23:24, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде алғашқы жылдарында орын алған мемлікеттік басқарудың қатты байқалған орталықтандырылғаны ақтаулы болды. Бірақ макроэкономикалық тұрақтылыққа жету деңгейі бойынша қазіргі уақытта белсенді түрде бірінші мәселе ретінде мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мәселелері алға қойылып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................3
І ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................5
Мемлекеттік басқарудың мәні мен қажеттілігі....................................5
Жаһандану жағдайындағы мемлекеттің негізгі функциялары.........11
Жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру нәтижесі ретінде.....................................................................17

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН СИПАТТАЙТЫН ҮРДІСТЕРДІ ТАЛДАУ....................................................................................................................27
2.1 Жергілікті басқарудың қаржылық ресурстарының қалыптасу жүйесі..........................................................................................................................27
2.2 Республикалық және жергілікті бюджет арасындағы шығындық міндеттемелерді бөлу мәселелері.............................................................................39
2.3 Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негіздерін қалыптастырудағы мемлекет ролі............................................................................47
ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ................................................................54
3.1 Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қаржылық-экономикалық үлгісін жасау..............................................................................................................54
3.2 Мемлекеттік билік органдарының жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара байланысы...............................................................................67
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................73
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................79

Работа содержит 1 файл

КР салык саясаты.doc

— 723.50 Кб (Скачать)

     Мемлекеттің әр түрлі көптеген функцияларды  орындауына  қарай оларды ғылыми тұрғыдан жіктеу қажеттілігі туындайды. Функциялар бір бірінен  келесідей  жалпы белгілері бойынша ажыратылады: біріншіден, мемлекеттік әсер ету объектісінің ерекшеліктері, өзінің қызмет ету процесінде мемлекет ықпал ететін қоғамдық қатынастардың ерекшеліктері бойынша; екіншіден, әрбір функция мазмұнының, яғни мемлекет қызметінің біртекті, бір-біріне ұқсас түрлерінің  өзіндік ерекшеліктері бойынша.

     Мемлекет  функцияларын қоғамдық өмірдің салаларына  байланысты,  атқаратын міндеттеріне қарай ішкі және сыртқы деп топтастыруға болады. Мысалы, экологияны қорғау, экономиканы, мәдениетті, ғылым мен білім беруді дамыту – бұл оның ішкі функцияларын құрайды. Елдің қорғанысы, бейбітшілікті қамтамасыз ету мен әлемдік тәртіпті  қолдау және тағы басқалар мемлекеттің сыртқы функцияларына жатады.

     Мемлекеттің ішкі және сыртқы функцияларының арасында негізгі және қосымша  функцияларын да  атап өткен жөн. Негізгі функциялар – бұл белгілі бір тарихи  кезеңде түбірлі стратегиялық міндеттер  мен мақсаттарды жүзеге асыру  жөніндегі мемлекет қызметінің жалпы маңызды бағыттары. Оларға  бірқатар сипаттар тән: біріншіден, оларда мемлекеттің таптық және жалпы адами мәні, оның әлеуметтік бағыты айқын көрініс тапқан. Мәселен, бір жағынан байланыс құралдарын ретке келтіру, жол құрылысы мен жөндеуді қамтамасыз ету, көлік жұмыстары, өсімдіктерді аурулардан қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияларға қатысу, эпидемияға қарсы күрес сияқты қызметтерін, екінші жағынан, мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік қызметін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, меншіктің барлық нысандарын қорғау, елдің қорғанысын жүзеге  асыру іспетті қызметінің бағыттарын  салыстыру жеткілікті.

     Екіншіден, арнайы органдар арқылы (мысалы, денсаулық  сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, жоғары білім беру, дипломатия, сыртқы сауда  және т.б) іске асырылатын мемлекеттің көптеген функцияларына қарағанда негізгі функциялар әр түрлі жағдайда мемлекеттік аппараттың көптеген буындары арқылы орындалса да жалпы мемлекеттік қызметке жатады.

     Үшіншіден, өзінің мазмұны мен құрылымы жағынан  негізгі функция кешенді, жинақы сипатта болады, сондықтан жүйелі талдауды қажет етеді. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы қызметінің шешуші, негізгі бағыттарының біріне күш-жігерді шоғырландырады. Әлеуметтік өмірдің нақты саласындағы өзара ұқсас  ауқымды қоғамдық қатынастар оның негізгі объектісі болып табылады. Осыған байланысты мемлекеттің негізгі функциялары қоғамдық қатынастарға мемлекеттік ықпал етудің басты  бағыттары бойынша көптеген қосымша   функцияларға топтастырылады. Бұл функциялар  негізгі функциялардың  құрылымдық бөліктері бола тұра,  қоғамдық өмірдің  нақты саласында  мемлекеттің  міндеттерін орындау жөніндегі   қызмет бағытын білдіреді.

     “Қосымша” деген терминнің  шартты түрде  қолданылатынын  ескерген жөн. Ол көптеген сан түрлі функциялардың ішінен көлемі ауқымды, мазмұны бойынша жалпы мемлекеттің негізгі  функцияларын  анықтау үшін қолданылады. Негізгі функция әр қилы функциялардың жиынтығы емес, ішкі бірлігі бар, мақсатты бағытталған мемлекет қызметінің көптеген бағыттарының  жүйесі екендігін атап өткен жөн.

     Мемлекеттің негізгі және қосымша функцияларынан мемлекеттік  органдардың функцияларын, яғни мемлекеттік механизм мен қоғамның саяси жүйесінде алатын орны мен  атқаратын қызметіне қарай жеке органдардың құзіретін, құқықтары  мен міндеттерінің  жүзеге асырылуын  ажырата білу қажет.

     Өзінің  мазмұны бойынша  мемлекеттің  негізгі функцияларының  орындалуы  көптеген қосымша мемлекеттік функциялар мен жеке мемлекеттік органдар  функцияларының  жүзеге асырылуының  үздіксіз процесін білдіреді. Аталған  әр түрлі мемлекеттік функциялардың арасындағы қатынас мемлекет қызметіне тән жалпылықты, ерекшелік пен бірлікті білдіреді. Сонымен қатар мемлекеттің негізгі функцияларын  оның қызмет ету  міндеттерімен және қағидаларымен өзара байланыста қарастыру қажет.

     Мемлекеттің функциялары мен міндеттері өзара тығыз байланысқан,  бірақ бір-біріне сәйкес келмейтін құбылыстар. Оларды бір-біріне  қарсы қоюға да, теңестіруге де болмайды. Мемлекеттің міндеттерінде оның әлеуметтік бағыты, белгілі бір тарихи  кезеңдегі миссиясы  анықталады. Міндеттер функцияларға қарағанда  бастапқы мәнге ие және  олардың тікелей алғышартын құрайды. Өз кезегінде мемлекеттің функциялары  оның міндеттерін жүзеге асыру, орындау құралдары болып табылады. Функциялардың жүзеге асырылуы арқылы мемлекеттің міндеттері орындалады.

     Мемлекеттің тарихи дамуы барысында  оның функциялары  да өзгереді: олардың кейбіреулері жойылады, басқалары  - өзінің мазмұнын өзгертеді, үшіншілері – қайтадан пайда  болады. Бірақ барлық жағдайда олардың  пайда болуы  нақты тарихи кезеңдегі  қоғамның  экономикалық және әлеуметтік – таптық құрылымымен, мемлекеттің мәнімен және әлеуметтік тағайындалуымен  байланысты. Сондықтан мемлекеттің функциялары оның белгілі бір мемлекет тұрпатына жататындығын ескеріп қарастырылуы  қажет.

     Қазақстан құқықтық негізі  Конституцияда белгіленген   өз мемлекеттігі дамуының маңызды кезеңін  басынан кешіруде. Бұл кезең түбірлі саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани өзгерістерді жүзеге асырудың, адамның құқықтары мен бостандықтары өзінің ең жоғары құндылығы болып табылатын нарықтық экономикаға негізделген азаматтық қоғам мен демократиялық, әлеуметтік, құқықтық мемлекетті қалыптастырудың өтпелі кезеңінен бастау алады. Кеңес Одағы ыдырағанға дейінгі уақытпен салыстырғанда Қазақстан мемлекетінің функциясының  өзгеруі және дамуы осы міндеттерді атқарумен тікелей байланысты болды.

     Нарықтық  реформалар мемлекеттің экономикалық қатынастарға  әсер ету механизімінің  шегін белгілеп, өзгертті, жеке меншік пен еркін кәсіпкерліктің  дамуына  жағдай жасады, экономиканы мемлекет иелігінен алуға алып келді. Әкімшілік-әміршілдік  жүйенің ыдырауы социалистік мемлекеттің шаруашылық –ұйымдастырушылық функциясына тән экономиканы басқарудағы мемлекеттік монополияны жойды, нарықтық қатынастардың дамуына жол ашты. Экономикалық тәуелсіздік  жағдайында  материалдық игіліктерді тең бөлу жүйесі жаңа экономикалық қатынастарға  сай келмеді, олардың дамуын тежеуші  факторға айналды.  Осыған байланысты  еңбек мөлшері мен тұтыну мөлшерін мемлекеттік бақылау функциясы қажет  болмады.  Жаңа жағдайда бұрын әкімшілік-әміршілдік басқару  жүйесі жүзеге асырған шаруашылық-ұйымдастырушылық, мәдени-тәрбие және тағы басқа ішкі функциялардың мазмұны елеулі өзгеріске ұшырап, күрделенді. Сәйкесінше функциялар жүйесін және олардың атауларын нақтылау қажеттілігі туындады. Қазіргі кезеңде Қазақстан мемлекетіне  келесідей негізгі ішкі функциялар тән: экономикалық; әлеуметтік; мәдениет, ғылым және білім беруді дамыту; салық салу және салық жинау; экологиялық; азаматтардың бостандығы мен құқығын қорғау, барлық меншік түрлері мен құқытық тәртіпті сақтау. 
 
 

     Кесте 1 - Экономиканы мемлекеттік реттеуді қажетсінетін факторлар*

     Факторлар топтамасы       Факторлардың  мазмұны
     1. Экономиканың нарықтық сектор  мәселелерін шешумен байланысты 
  1. нарықтық үрдістердің берекесіздігін шектеу.
  2. Жиынтық сұранымның, нарық конънктурасын  тиімді болуын қамтамасыз ету.
  3. Қоғамдық тауарлар өндірісін, қоғамдық талаптар мен мұқтаждықтарды қамтамасыз ету.
  4. Нарықтық ашықтығын, бәсекеге қолдау көрсету.
  5. Әлемдік нарықта бәсекені күшейту.
     2. Экономикалық тұрақты-лықты, кеңейтілген ұдайыөндіріс үрдісін қамтамасыз етуші факторлар
  1. Экономиканың жалпы дамуына жағдай жасау, жиынтық капиталдың қызмет етуінің экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету, шаруашылық субъектілердің «ойын тәртібін» анықтаудың қажеттігі.
  2. Экономиканың циклге қарсы дамуын қамтамасыз ету.
  3. Ұзақмерзімді экономикалық өсуді, іскерлік белсенділікті ынталандыру.
  4. Халық шаруашылығының оңтайлы құрылымын қалыптастыру.
  5. Макроэкономикалық тепе-теңдікті қолдау.
  6. Экономиканың мемлекеттік секторын тиімді басқаруды қамтамасыз ету.
  7. Ақша айналысын реттеу.
  8. Ғылымның, ғылыми-техникалық прогрестің дамуына қосылу.   
     3. Әлеуметтік мәселелерді шешумен  байланысты факторлар
  1. Табыстарды ұтымды қайта бөлуді қамтамасыз ету.
  2. Әлеуметтік шиеленісті қысқарту, әлеуметтік тұрақтылықтың экономикалық негізін қамтамасыз ету.
  3. Халықты толық еңбекпен қамту.
  4. Жұмыс күшінің кеңейтілген ұдайыөндіріс шарттарын қалыптастыру, адамның интеллектуалдық қабілеттерін дамыту (денсаулық сақтауды, білім беруді, мамандарды қайта дайындауды және тағы басқалар).   

     * Государственное регулирование рыночной экономики. Под редакцией

           В.И. Кушлина. Москва, Экономика, 2000г.  бет 238.

      

     Экономикалық  функцияда  шаруашылық жүргізу саласындағы  мемлекеттің рөлі  толық көрініс  тапқан. Бұл функция Қазақстанның экономикалық механизімін түбірлі өзгеріске ұшыратқан нарықтық реформаға  негізделген. Өткен жылдарда нарықтық қатынастардың кейбір маңызды элементтері: экономикалық бостандық, меншік құқығы, тауарлар мен қызмет нарығы белгіленген болатын. Сонымен қатар экономикалық процестерге мемлекеттің араласуының оңтайлы әдістерін іздестіру, нарықтық механизмге сәйкес келетін тиімді мемлекеттік реттеуді ұйымдастыру қажеттілігі туындады. Экономикаға толық басқару жүргізген    әміршіл-әкімшіл мемлекеттің шаруашылық-ұйымдастырушылық функциясымен салыстырғанда қазіргі кездегі  мемлекеттің экономикалық функциясының басты ерекшелігі де осы.

     Бүгінде экономикалық функция адамға, мемлекетке, әлемдік нарыққа аса қажетті  өнімдерді өндіретін экономиканың құрылымын қайта құру, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті және Қазақстан үшін  стратегиялық, әлеуметтік маңызды  өндіріске  қолдау көрсету, өндірушілерді, оның ішінде шағын кәсіпкерлікті  қолдау, мақсатты бағытталған инвестициялық саясат, ішкі және әлемдік нарықта қазақстандық компаниялардың мүдделерін қорғау, аграрлық секторда жүргізілген реформалар, ең алдымен, жерге деген  жеке меншік құқығын қамтамасыз ету, инфляция қарқынын төмендету және баға өсуін тежеу сияқты  мемлекет қызметінің бағыттарын қамтиды.

     Әлеуметтік функция адамның еркін дамуына және оның тіршілік етуінің қалыпты жағдайын  жасауға бағытталған. Елдегі адамдардың еңбегі мен денсаулығын қорғауды, еңбекақының кепілденген төменгі мөлшерін белгілеуді, отбасына, ана мен балаға, мүгедектер мен қарт адамдарға мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтамасыз  етуді, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамытуды, мемлекеттік зейнетақы, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік қорғау кепілдіктерін белгілеуді  мемлекет өз мойнына алады.  Сонымен бірге мемлекеттің әлеуметтік функциясы  халықтың өмір сүру деңгейін тұрақтандыруға, кедейшілікпен және жұмыссыздықпен  күрес жүргізуге бағытталған.

     Мемлекеттің мәдениет, ғылым мен білім беруді дамыту функциясы мәдениет  пен  әдебиеттің, өнер, театр, кино, музыка, денешынықтыру мен спорттың, радио, телевидение және басқа бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына мемлекеттік қолдау көрсетуді, тарихи-мәдени мұраны, тарихи кешендерді, қорықтық аумақтарды, музейлерді сақтауды және қорғауды қамтиды. Ғылымның дамуына, нарықтық жағдайда оның табиғи интеграциялануына  мемлекеттік қолдау көрсету, ғылыми ұжымдар мен әр түрлі бағыттағы мектептердің  шығармашылық  қызметіне тиімді жағдайлар жасау, жаңа технологиялар мен фундаментальды теориялық зерттеулердің дамуын қолдау, жоғары мектептің ғылыми потенциалын тиімді қолдану, жалпы білім беретін мектептердің жұмыстарын жақсарту жөнінде шаралар белгілеу де мемлекеттің аталған функциясына жатады.

     Ғылыми-техникалық  революцияның  дамуы және  оның адамға тигізген  салдары  мемлекеттің  экологиялық функциясына немесе табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды  тиімді пайдалану функциясына деген қажеттілікті  тудыратын объективті фактор болып табылады. Адамдарға орасан зор игіліктер  әкелетін  ғылыми техникалық революцияны жедел дамыту қоршаған табиғи  ортаны қоғамдық өндіріске көптеп тартумен байланысты, ал ол өз кезегінде   су және су көздерінің  ластануына алып келеді, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне, адамның денсаулығы мен өміріне қауіп-қатер төндіреді.  Осы жағдайда  экология мәселесіне  жеке ел шеңберінде ғана емес, сондай-ақ ғаламдық, халықаралық ауқымда басты назар аударылып, адамзатты сақтау, қоршаған ортаны қорғау ғаламдық проблемаға айналды. Қоршаған ортаны  қорғау саласындағы  қызметті үйлестіру мен мемлекеттік басқару, табиғатты пайдалануды реттеу, экологиялық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету, қоршаған ортаның сапасын жақсарту экологиялық  функцияның негізгі бағыттарын құрайды. Мемлекет заңнамалар арқылы  табиғатты тиімді пайдаланудың құқықтық  режимдерін белгілейді, азаматтардың салауатты өмір сүретін  дұрыс ортасын қамтамасыз етуді өз міндетіне алады.

     Салық салу және салықтарды жинау функциясы  мемлекеттің шаруашылық-ұйымдастырушылық қызметін қарастырғанда  қамтылған  болатын. Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде  аталған функция рөлінің өсуіне, көлемінің ұлғаюы мен мазмұнының  күрделенуіне байланысты экономикалық функциямен тығыз байланыста бола отырып, жеке негізгі   функциялардың біріне айналды. Ол салықтардың барлық түрі, оның ішінде барлық меншік түріне негізделген кәсіпорындардың табыс салығы, қосымша қаржылық алым, баж салығы, төлемдер есебінен мемлекеттік қазынаны қалыптастыру  мен толтыруды білдіреді.  Экономикадағы қазіргі кездегі дағдарысты құбылыстар қарастырылып отырған функцияның  алдына қазынаға салықтарды тиімді жинау міндетін  қоюда. Бірақ жағдайдың біртіндеп тұрақтануына байланысты салық функциясының экономикаға реттеуші ықпалы орын алады.

     Азаматтардың  құқықтары мен  бостандықтарын, меншіктің  барлық нысандарын, құқықтық тәртіпті қорғау функциясы. Бүгінгі таңда осы функцияның бір-бірімен өзара байланысты үш құрамдас бөліктері елеулі өзгеріске ұшырап, даму үстінде.

     Соңғы уақытта тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем өзгерді. Ғаламдық тайталастық  пен ядролық соғыс қаупінің  уақыты өтті. Сәйкесінше біздің мемлекетіміздің  де негізгі сыртқы функциялары  өзгерді. Халықаралық қатынастарда  ашықтық және ынтымақтастық арқылы ұлттық мүддені жүзеге асыру, елдің ішкі дамуы мен реформаларды жүргізуге қолайлы жағдай жасау қазіргі кезеңдегі Қазақстан мемлекетінің сыртқы саясатының міндеттеріне жатады. Осыған сәйкес  ол келесідей сыртқы  функцияларды  жүзеге асырады: елдің қорғанысы, бейбітшілікті қамтамасыз ету және әлемдік тәртіпті  қолдау, ТМД елдерімен  ынтымақтастық және  тату көршілік қарым-қатынас жасау, әлемдік экономикаға интеграциялану және әлемдік проблемаларды  шешуде басқа елдермен ынтымақтастықты дамыту.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық саясаты: басымдылықтары және механизмі