Қазақстан Республикасындағы салық саясаты: басымдылықтары және механизмі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2012 в 23:24, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде алғашқы жылдарында орын алған мемлікеттік басқарудың қатты байқалған орталықтандырылғаны ақтаулы болды. Бірақ макроэкономикалық тұрақтылыққа жету деңгейі бойынша қазіргі уақытта белсенді түрде бірінші мәселе ретінде мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мәселелері алға қойылып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................3
І ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................5
Мемлекеттік басқарудың мәні мен қажеттілігі....................................5
Жаһандану жағдайындағы мемлекеттің негізгі функциялары.........11
Жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру нәтижесі ретінде.....................................................................17

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН СИПАТТАЙТЫН ҮРДІСТЕРДІ ТАЛДАУ....................................................................................................................27
2.1 Жергілікті басқарудың қаржылық ресурстарының қалыптасу жүйесі..........................................................................................................................27
2.2 Республикалық және жергілікті бюджет арасындағы шығындық міндеттемелерді бөлу мәселелері.............................................................................39
2.3 Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негіздерін қалыптастырудағы мемлекет ролі............................................................................47
ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ................................................................54
3.1 Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қаржылық-экономикалық үлгісін жасау..............................................................................................................54
3.2 Мемлекеттік билік органдарының жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара байланысы...............................................................................67
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................73
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................79

Работа содержит 1 файл

КР салык саясаты.doc

— 723.50 Кб (Скачать)
  1. Капиталмен операциялар жүргізуден түсімдер:
  • коммуналды меншікті жекешелендіруден түсімдер;
  • аймақтардың өзін өзі қамтамассыз ету үшін сатып алған астықты жүзеге асырудан түсімдер;
  • тұрақты (үздіксіз) жерді пайдалану құқын сатыдан түсімдер [32].

     Жергілікті  бюджеттің тапшылығын жою кезінде  басымдылықты тапсырмалардың бірі салықтық емес табыстардың көлемін өсіру болып табылады.

     Жергілікті  өзін өзі басқару жүйесін енгізу нәтижесінде жергілікті бюджеттердің құрылымындағы салықтық емес табыстардың  үлесі өседі. Бұл биліктің жергілікті органдарының экономикалық және шаруашылық дербестігінің кеңеюіне әкелетін мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру бойынша реформалармен жүзеге асырылады.

     Белгілі бір автономияны иелене,  жергілікті өзін өзі басқару органдары коммуналды қызмет көрсету кәсіпорындарының жоғары тиімділігін қамтамассыз ете  алмайды. Ол үшін коммуналды қызметтер, қалалық транспорт қызметтерін және басқаларды көрсететін кәсіпорындарды муниципалдау қажет. Сонымен қатар жергілікті өзін өзі басқару органдары өздері муниципалды кәсіпорын құра алады.

     Бұлармен  қатар жер учаскелерін және басқа  табиғи ресурстарды меншігінде иелене, жергілікті өзін өзі басқару органдары бұл обьектілерді пайдалы және тиімді шарттарда мүдделі шаруашылық етуші субьектілерге жалға бере алады.

     Муниципалды облигациялар – бұл округ биліктерінің, улкен және кіші қалалардың, ауылдардың, салық округтерінің және штат ішіндегі басқа бөлімшелердің міндеттемелері болып табылатын облигациялар.

     Муниципалды займдар шешетін тапсырмасы сипаты боынша шартты түрде үш негізгі топқа  бөлінуі мүмкін: инвестициялық, әлеуметтік және бюджеттік. Біріншілер әлеуметтік – экономикалық жобаларды, тұрғын үй құрылысын және жергілікті инфрақұрылымды дамытуды қаржыландыру үшін ұызмет етеді. Әлеуметтік займдар халықтң жинақтарын инфляциядан қорғауға, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, экологиялық мәселелерді шешуге мақсатталған. Бюджеттік займдар бюджеттің ағымдағы шығындарын (тапшылығын) жабуға, төлемдердің түсуінің әртүрлілігін жоюға, кәсіпорындар алдындағы қарызды өтеуге, өзара есеп беруді жеңілдетуге көмектеседі /25/.

     Муниципалды облигациялар – бұл ммелекеттік бағалы қағаздардың негізгі түрі. Олардың және корпорациялық облигациялары арасындағы айырмашылық: соңғысы бойынша төлемдер табыстар есебінне жүзеге асырылса,  муниципалды облигациялар эмитентінің барлық құралдарымен қамтамассыз етіледі және төлемдер эмитент юрисдикциясындағы салық төлеушіден алынатынсалық есебінен жүргізіледі.

     Муниципалды облигациялар әртүрлі  мақсаттар  үшін займ берудің жалпы немесе арнайы құқтары негізінде шығарылады, мысалы, мектеп салу және оны қамтамассыз  ету, сумен қамтамассыз ету, қоғамдақ жұмыстарды қалпына келтіру, жол жұмыстары, канализация жүргізу,  саябақ пен мұражай құру, т.б. төлемдерді жүргізу тәртібі бойынша муниципалды облигациялар келесі түрге бөлінеді:

    1. Эмитенттің барлық жағдайын қамтамассыз ететін жалпы түрдегі облигациялар. Муниципалды органдардың табыстылығының негізгі көзі меншікке салықтар болып табыла, бірақ соңғы 10 жыл ішінде муниципалды құралдардың мәнді үлесін басқа салықтық түсімдер алады, мысалы, сатуға салық, табыс салығы, корпорациядан салықтар, жеке меншікке салық, белгілі бір кәсіпорынның жалпы табысына салық, лицензия беруден түсімдер және басқа алымдар, сонымен қатар федералды үкіметтен бөлінетін қайтарылмайтын аубсидиялар;
    2. Өз есебімен қаржыландыру жүргізілетін белгілі бір обьектілерінің табыстарымен қамтамассыз етілетін облигациялар. Бұл уақытта олар бойынша төлемдер барлық муниципалды меншікпен қамтамассыз етілмейді. Кейбір кездерде жалпы сипаттағы салықтардан түсімдер жетіспейтін сомманы жабу үшін қолданылады, бірақ бұл облигациялар жалпы түрдегі облигацияларға жатады.
    3. Халық салығы есебімен өтілетін арнайы мақсатты облигациялар. Муниципалды меншік түрімен осы облигацияларды қамтамассыз ету үшін қызмет етпейді.
    4. Болашақ салық түсімдері есебінен шғарылатын және оны ұстаушыларға осы түсімдерді алу кезінде өтеуге басымдылықты құқық беретін салықтық облигациялар немесе вексельдер.

     Барлық  муниципалды қаржыландыру өз табиғаты бойынша тек облигациялар табысы есебімен ғана жүзеге асырылады. Белгілі  бір обьектінің табысымен қаржыландырылатын  облигациялар соңғы жылдары белгілі бір жобаны жүзеге асыру үшін құрылған анқты муниципалды орган атынан шығарылады. Муниципалды облигацияларды қамтамассыз ету үшін блгісіз активтер қолданылады.

     Муниципалды бағалы қағаздар өз ішінде жоғары, орта және төмен рейтингті деңгейге ие бола, өзінің сапасы бойынша бөлінеді. Жоғары рейтингті муниципалды рейтингтің құны осы класстың басқа облигациялары сияқты % қойылымға кері өзгерісте ауытқиды. Осы болигациялар бойынша % қойылым мөлшері көбіне барлық муниципалды міндеттемелер сияқты анықталынады және табыс салығы салынбайды. Бұл муниципалды облигациялар бойынша төмен пайыздық қойылым игілікті жағдай туғызатын табыстың жоғары деңгейіне ие инвесторлар үшін ерекше орын алады.

     Облигациялар  бойынша % және оларды өтеу мерзімдері басқа факторларға да байланысты: облигация түрі (жалпы түрдегі облигациялар, белгілі бір обьектінің табысымен қамтамассыз етілген облигациялар, арнайы мақсаттағы облигациялар, т.б.), мөлшері, орналасқан жері, муниципалитет – эмитент мәні, оның тарихы, оның қаржылық репутациясы, ағымдағы қаржылық және несиелік міндеттемелері. Қарызды өтеу өтеу қорын қаыптастыру кезінде серия бойынша немесе жеке облигациялар бойынша жүргізілуі мүмкін. Муниципалитетте қаржылық істерді тиімді басқару арқылы бірден барлық облигацияларды өтеу жағдайынан қашуға мүмкіндік береді. Кері жағдайда төлем жүргізу кезінде әрқашан қосымша көп құралды бөлуді талап ететін қаржылық мәселелер туындайды [38].

     Муницмпалды бағалы қағаздарды жүзеге асыру мүмкіндігі шығару саны және тварату орны бойынша шектелген аз активті облигациядан бастап, үнемі оның нарығы белсенді болып тұратын облигация дилерінде кең сұраныста болатын облигацияларды қамтиды. Бірақ соңғы жылдары жеке инвесторлар тарапынан муниципалды инвесторлар қызығушылықтарын туғызуда, ал нарық өз сипаты бойынша институционалды болып қалуда: қағаздар ірі партиялармен жүзеге асырылуда, сатуға кейде ұзақ келісімдер жүргізіледі, сатып алушыларды іздеу үшін дилерлер қызметіне сұраныс туады. Банктік ссудаларды қамтамассыз етудегі муниципалды облигацияларды пайдалану мүмкіндігі олардың сапасы мен жүзеге асырылуына тәуелді [38].

     Қазақстан Республикасындағы жергілікті органдар займ алу құқына ие. Жергілікті атқарушы органдармен займдық құралдарды тәуекелді салуды шектеу мақсатында заңдылық аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруға немесе бюджет тапшылғын қаржыландыруға займдық құралдарды қолдануды қарастырады. Займ алу мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясы нысанында немесе займ алу туралы келісім нысанында жүзеге асырылуы мүмкін.

     «Бюджеттік  жүйе туралы» және 1999 жылы қабылданған  «Мемлекеттік және кепілдендірілген мемелекеттік займ мен қарыз туралы» ҚР-ның  Заңдары жергілікті атқарушы органдарымен займ алуының, займ алуды есептеу  мен көлемін шектеудің негізгі  ережелерін анықталынады.

     Сәйкес  қаржылық жылға жергілікті атқарушы органдарының займ алу лимиті осы  жылға жергілікті бюджет табысының 10 %-нан көп болмауы керек. Жергілікті атқарушы органдардың қарызын өтеуге шығындар көлемі сәйкес жылдағы жергілікті бюджет табысының 10 %-нан көп болмауы керек. Қаржы Министірлігі жергілікті атқарушы органдардың займ алу лимитінің мөлшерін есептейді және қарыз лимитінің өткізу мәнін көрсетеді.

     2000 жылдың маусымында ҚР-ның Үкіметімен  «Үкіметтік займ алу және ҚР-ның  жергілікті атқарушы органдарымен займ алуды жүзеге асыру ережелері» бекітілді. Мұнда муниципалды бағалы қағаздардың эмиссиясы кезінде жүргізілетін процедуралық әрекеттер қарастырылған (9 сурет).

     Қазақстандағы муниципалды бағалы қағаздар нарығы тек алғашқы қадамдарды жасауда. 1999 жылдан бастап, Маңғыстау, Атырау облыстары мен Алматы және Астана қалаларында осы аймақтарда жеке инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін облигациялар шығарылды. 

     2.2 Республикалық және жергілікті  бюджет арасындағы шығындық міндеттемелерді  бөлу мәселелері 

     Бюджетаралық қатынастар жүйесін ұйымдастырудағы маңызды жағдай мемлекеттік билік деңгейлері арасында шығындық міндеттемелерді бөлу мәселесі болып табылады. Экономикалық теория шығындық міндеттемелерді бөлу бойынша кеңестер бермеген.

     Дамыған елдерде бюджетаралық қатынастар мына қағида бойынша жүргізіледі: бюджеттік жүйенің барлық деңгейлерінің шығындық қажеттіліктерін анықтау, кейін олардың арасында табысты бекіту, қаржылық ресурстардың жетіспеушілігі реттеуші салықтың үлесін бөлу және трансферттер беру жолымен жабылады /26/.

     Шығындық  міндеттемелерді нақты бөлусіз  бюджеттік жүйенің деңгейлері арасындағы салықтың түсімдері мен бөлудің  тиімділігін бағалау мүмкін емес.

     «Қазақстан  Республикасының бюджеттік жүйесі туралы» ҚР-ның Заңының 9 бабына сай, республикалық бюджеттен келесілерді қаржыландыру қамтамассыз етіледі:

  • ҚР-ның Президентінің, Парламентінің, Конституциялық кеңестің, Есеп комитетінің, Орталық сайлау кмиссиясының, ммелекеттік басқарудың жалпы қызметтерін орындайтын атқарушы және басқа органдардың қызметі;
  • сот жүйесі;
  • сыртқы саяси қызмет;
  • салықтық және қаржылық қызмет;
  • негізгі және қлданбалы ғылыми қызмет;
  • қорғаныс пен қауіпсіздік;
  • республикалық деңгейдегі жағдайлар бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  • республикалық деңгейдегі құқық қорғау қызметтері;
  • әділет саласындағы қызметтер;
  • жоғарғы білім беру;
  • республикалық деңгейдегі білім беру облысындағы арнайы бағдарламалар;
  • республикалық деңгейдегі денсаулық сақтау саласындағы арнайы бағдарламалар;
  • орталық атқарушы органдардың арнайы ауруханалары;
  • республикалық клиника мен ғылыми – зерттеу институттарындағы арнайы медициналық көмек;
  • зейнетақы төлемдері, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;
  • республикалық деңгейдегі мәдениет, спорт және ақпарат саласындағы қызметтер;
  • миграция саласындағы қызметтер;
  • ауыл, орман, су және балық аулау шаруашылығындағы басымдылықты бағдарламалар;
  • кен орнын пайдалану;
  • гидрометереологиялық мониторинг;
  • үкімет қарызын өтеу бойынша шығындар;
  • мемлекеттік кепілдеме бойынша міндеттемені орындау;
  • республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке берілетін ресми трансферттер.

     Жергілікті  атқарушы органдардың қызметіне  сай, жергілікті бюджетпен жергілікті бағдарламалар мен жобаларды  қаржыландыру қамтамассыз етіледі. Олар келесілер:

  1. мемлекеттік басқарудың жергілікті ргандарын қамтамассыз ету шығындары:
  • қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамассыз ету бойынша;
  • білім беру мен денсаулық сақтау бойынша;
  • халықтың жеке категориялары үшін заңмен бекітілгенжеңілдіктерді әлеуметтік қамтамассыз ету және жүзеге асыру бойынша;
  • тұрғын үй – коммуналды шаруашылқ, сумен қамтамассыз ету және инженерлік инфрақұрылым бойынша;
  • мәениет, туризм, спорт, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарын қамтамассыз ету және демалысты ұйымдастыру бойынша;
  • аграрлық реформалар, жер реформаларын жүзеге асыру, ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерді қолдау, өсімдіктерге зиян келтірушілермен күрес және басқа да мақсаттар бойынша;
  • экология және табиғатты рационалды пайдалануды ұйымдастыру бойынша;
  • шағын және орта бизнесті дамыту бойынша;
  • табиғи және тезногенді сипаттағы төтенше жағдайларды болжау бойынша;
  • жергілікті мәндегі автомобильді көшелердің қызмет етуін, құрылысы мен қайта жөндеуді қамтамассыз ету бойынша;
  1. қысқа, орташа және ұзақ мерзімді мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды орындау үшін мемлекеттік банктер арқылы қайтарымды негізде берілетін бюджеттік құралдар:
  • алынған несиенің негізгі соммасын және олар бойынша сыйақыны жабу [32].

     Бюджеттік жүйе деңгейлері бойынша мемлекеттік  бюджеттегі шығындарды бөлуді қарастырайық . 

     Кесте 6  - 2002 – 2004 жж. бюджеттік жүйе деңгейлері бойынша ммелекеттік бюджеттегі шығындарды бөлу  

     Шығын баптары      2002      2003      2004
млн.тг   мем. бюдж. %    млн.тг   мем. бюдж. % млн.тг   мем. бюдж. %
     1 2   3    4   5 6   7
   1 2   3    4   5 6   7
Республикалық бюджет                     
   Өтеуді  алып, несиелеуді ескергендегі шығындар 328573   70,1    396609   65,9 502490   66,2
   Жалпы сипаттағы мемлекеттк қызметтер 19977   69,2    24728   70,4 35565   70,0
   Қорғаныс 14282   83,0    16260   79,8 26737   82,3
   Қоғамдық  тәртіп пен қауіпсіздік 24886   76,6    36472   76,4 49980   77,7
   Білім беру 13166   16,8    13572   16,0 19861   18,7
   Денсаулық сақтау 8573   19,1    7598   14,0 13892   2,3
   Әлеуметтік  қамтамассыз ету  және  әлеуметтік  көмек  140759   88,5    151033   88,3 156110   83,6
   Демалысты ұйымдастыру және мәдениет саласындағы  қызмет 3269   26,7    4647   26,5 5846   32,3
   Отын  – энергетикалық кешен -   -    -   - 5500   100,0
   Ауыл, су, орман, балық аулау шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау 5722   82,4    8865   77,5 20035   86,5
   Өнеркәсіп, құрылыс пен кен орнын пайдалану 2568   89,6    6644   92,4 3772   79,1
   Транспорт пен байланыс 3739   29,1    15667   41,4 26016   58,8
   Экономикалық қызметпен байланысты басқа қызметтер 18044   69,1    10019   32,0 30002   50,8
   Қарызды жабу 19364   99,6    35139   98,9 37141   98,4
   Ресми трансферттер 29842   -    41969   - 45253   -
   Несие алу, өтеу 24382   116,1    23996   92,9 26780   79,7
   Жергілікті  бюджет                     
   Өтеуді  алып, несиелеуді ескергендегі шығындар 214974   45,9 303809   50,4 294055   51,9
   Жалпы сипаттағы мемлекеттк қызметтер 8879   30,8    10386   29,6 15207   30,0
   Қорғаныс 2916   17,0    4119   20,2 5744   17,7
   Қоғамдық  тәртіп пен қауіпсіздік 7606   23,4    11266   23,6 14340   22,3
   Білім беру 65326   83,2    71097   84,0 86558   81,3
   Денсаулық сақтау 36252   80,9    46725   86,9 48430   45,5
   Әлеуметтік  қамтамассыз ету және әлеуметтік көмек  18305   11,5    20032   11,7 30605   16,4
Демалысты ұйымдастыру және мәдениет саласындағы  қызмет 8968   73,3    12840   73,4 12230   67,7

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық саясаты: басымдылықтары және механизмі