Қазақстан Республикасындағы салық саясаты: басымдылықтары және механизмі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2012 в 23:24, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде алғашқы жылдарында орын алған мемлікеттік басқарудың қатты байқалған орталықтандырылғаны ақтаулы болды. Бірақ макроэкономикалық тұрақтылыққа жету деңгейі бойынша қазіргі уақытта белсенді түрде бірінші мәселе ретінде мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мәселелері алға қойылып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................3
І ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................5
Мемлекеттік басқарудың мәні мен қажеттілігі....................................5
Жаһандану жағдайындағы мемлекеттің негізгі функциялары.........11
Жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру нәтижесі ретінде.....................................................................17

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН СИПАТТАЙТЫН ҮРДІСТЕРДІ ТАЛДАУ....................................................................................................................27
2.1 Жергілікті басқарудың қаржылық ресурстарының қалыптасу жүйесі..........................................................................................................................27
2.2 Республикалық және жергілікті бюджет арасындағы шығындық міндеттемелерді бөлу мәселелері.............................................................................39
2.3 Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негіздерін қалыптастырудағы мемлекет ролі............................................................................47
ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ................................................................54
3.1 Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қаржылық-экономикалық үлгісін жасау..............................................................................................................54
3.2 Мемлекеттік билік органдарының жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара байланысы...............................................................................67
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................73
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................79

Работа содержит 1 файл

КР салык саясаты.doc

— 723.50 Кб (Скачать)
  • жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауда;
  • жергілікті мәселелер жөнінде халықтың пікірін білу үшін жүргізілетін шараларда ынтасын білдіру; 
  • муниципалды қауымда шарт бойынша тұрып жатқан халықтың талап, тілегін  қалыптастыруға және орындауға қатысу;
  • халықтың құқықтық ынтасын көтермелеу.

     Жергілікті  шаруашылықты басқару жолдарының бірі болып саналатын жергілікті өзін - өзі басқарудың  Жарғысында  келесідей ереже болуы тиіс:

  • жалпы ережелер: мақсаттар мен міндеттер, іс-әрекеттің құқықтық негізі, жергілікті қоғамдастықтың шекарасы мен құрамы;
  • жергілікті өзін - өзі басқаруды ұйымдастыру құрылымы;
  • құрылу тәртібі мен нысаны;
  • экономикалық сипаты;
  • қаржылық сипаты;
  • сайланбалы органдардың өкілеттіктерінің шегі мен іс-әрекетінің мерзімі,  олардың мүшелері мен лауазымды тұлғалары;
  • жергілікті өзін - өзі басқару органдарының іс-әрекетінің кепілі;
  • шекара аймағында тұрған аудандардағы мемлекеттік билік органдарының әкімшілік қадағалауын күшейтудегі  жергілікті өзін - өзі басқару органдарының іс-әрекетінің ерекше тәртібі;
  • жергілікті өзін - өзі басқарудың Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі.

       Жергілікті өзін - өзі басқару  органдары – иерархиялық жүйе  емес, жергілікті жерлердегі халықтық  билік органдары деген пікір  бар. Осыған байланысты өзін - өзі басқару органдарының айырмашылығы  бар екендіктері анықталады. Жергілікті  өзін - өзі басқару органдарының дамуын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті өзін - өзі басқару органдарының мәртебесіне қатысты мәселелерді реттеп қана қоймай, муниципалды органдардың қызметінің тәртібін, мемлекеттік билікті муниципалды ұйымдарға беру шартын реттейтін құқықтық жүйе құру қажет. Дүниежүзілік жергілікті өзін - өзі басқарудың дамуындағы әлемдік тәжірибені зерттей келе, заңгер Е.С. Шугрина мыналай үлгілерді (ұйымдастырушылық- құқықтық нысанда) бөліп көрсетеді:

  1. “күшті кеңес - әлсіз мэр” нысаны атқарушы органдар іс-әрекетін үйлестіру мәселесінде мэр құқығын кеңес шектейді;
  2. “күшті мэр- әлсіз кеңес” нысаныда  мэрді халық тікелей сайлайды;
  3. “кеңес-менеджер” нысаны муниципалды істі басқаруға саяси бағыты бейтарап маманды тартуды сипаттайды;
  4. комиссиондық нысан. Әріптестік орган мәні бойынша, комиссия мүшелері қалалық үкіметтің өндірістік бөліміне басшылық жүргізеді;
  5. құрамдастырылған нысан, мэр сайлаушылардың мүддесін білдіре отыра, бас әкімгерді тағайындайды.

     Жергілікті  өзін-өзі басқару аумақтық қоғам  бойынша ұйымдастырылады, бірақ жергілікті муниципалды билік шеңберіндегі  оның шекарасын   мемлекеттік органдар анықтайды. ҚР-ң Конституциясында (61 бап) әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін реттейтін заңды Парламент шығаруға құқығы бар делінген. Заң шығарушы тікелей айтпаса да, әкімшілік шекараны жергілікті өзін - өзі басқару шекарасынан ажыратқысы келмейді.

     Аумақ мемлекеттің белгісі және ол жергілікті өзін-өзі басқарудың кепілдігі болғандықтан, тек қана құқықтық режимді анықтап  қана қоймады. Аумақ заң ұғымында өмір сүрудың міндетті шарты (жер, табиғат объектісі, байлық-ресурс) ретінде ғана емес, жергілікті өзін - өзі басқарудың мәртебесіне ие – заңды тұлға ретінде шығады. Жергілікті құрылымның шекарасын белгілеуде және өзгерту, соның ішінде жергілікті өзін - өзі басқаруды құру, біріктіруде,  жаңарту немесе тарату  тарихи, мәдени, және халықтың ынтасы бойынша кейбір дәстүрлер есепке алынуға тиіс. Осы негізден кейін, тек қана тұрғылықты халық қана төмендегілерді анықтай алады: 

  • жергілікті өзін - өзі басқару органдарының құрылымын;
  • өкілеттік орган құрамының санын;
  • жергілікті өзін - өзі басқару Жарғысына өзгертулер мен қосымшалар енгізу тәртібін;
  • шекара аймағында тұрған аудандардағы мемлекеттік билік органдарының әкімшілік қадағалауын күшейтудегі  жергілікті өзін - өзі басқару органдарының іс-әрекетінің ерекше тәртібін;
  • жергілікті өзін - өзі басқару органдарының нормативті-құқықтық актілерінің түрлері, қабылдану тәртібі мен күшіне енуін;
  • муниципалды қызметті ұйымдастыру шарты мен тәртібін;
  • жергілікті өзін -  өзі басқарудың  экономикалық және қаржылық негіздерінің жүзеге асуын;
  • сайланған органдарына, жергілікті өзін - өзі басқарудың лауазымды тұлғаларының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату немесе халық сенімсіздіктерін білдірген жағдайда қайтарып алу тәртібін;
  • жергілікті өзін - өзі басқару органдары жауапкершіліктерінің түрлері мен негіздерін;
  • муниципалды құрылымның Жарғысын тіркеу тәртібін  анықтай алады.

     Қолданыстағы  әкімшілік-аумақтық  құрылыс заңына  сәйкес Қазақстан республикасы негізгі  екі категорияға бөлінеді – аймақтар және тұрғын бекеттері. Аймақтарға Қазақстан республикасы аумағының бірнеше тұрғын бекетерінен құралатын бөлігін жатқызады. Осылайша, аймақтық шекаралар мемлекет тарапынан аумақтарға басшылықты қамтамасыз ету мақсатымен жүргізіледі.  Тұрғындық бекеттер азаматтардың шаруашылық және қоғамдық іс-әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасып, Республиканың аумағында бірігіп орын тепкен бір бөлігін сипаттайды. Тұрғындық бекеттің халқының саны өте маңызды. Тұрғындық бекеттердің мәртебесін анықтауға тек мемлекет басшысының құқығы бар. Жергілікті басқарудың экономикалық негізін құрайтындар: жергілікті өзін - өзі басқаратын қоғамдастықтың меншігі; мемлекеттік меншіктегі және жергілікті өзін - өзі басқару органдарына берілген мүлік; қолданыстағы заңға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың талаптарын қанағаттандыруға қабілетті басқа да мүліктер; жергілікті қаржылар.

           Жергілікті өзін - өзі басқарудың экономикалық негіздерімен танысуда  құрылымдық компоненттеріне  қоса, заңдық астарларын білу аса маңызды. Жергілікті құрылымға оның қазына мен мүліктен тұратын, коммуналды заңды тұлғаларға бекітілген коммуналды меншіктің тікелей қатысы болуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жергілікті меншікке беру туралы тәртіпті анықтау керек. Мысалы, бүгінгі күні пайданылмайтын мемлекеттік объектілерді шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру тәртібі қабылданған.

     3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  МЕМЛЕКЕТТІК  БАСҚАРУДЫҢ  ДАМУ БОЛАШАҒЫ 

     3.1 Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің  қаржылық-экономикалық үлгісін жасау 

     Алдыңғы бөлімшелерде айтылғандай, қаржылық – экономикалық негізсіз жергілікті өзін өзі басқару жүйесінің нақты қызмет етуі мүмкін емес. Жергілікті бюджет пен муниципалды меншік жергілікті қоғамдастықтың міндетті атрибуты болып табылады.

     Билікті ұйымдастырудың «жоғары» деңгейі әр түрдегі жергілікті халықтың мүддесін үйлестіруді және сәйкестендіруді қамтамассыз ететін көмекші немесе реттеуші деңгей деп қарастырып, «төмен» деңгейді негізгі деңгей деп құрып, жалпы қағидамен жұмыс істейтін орган деп қарастырған дұрыс: негізгі деңгейдің билік ету органы өз территориясында басқарудың оңайлығы және бірауыздығын ескере, басқару және билік ету құрылымын қалыптастырады [44, 55-56б].

     Осыған  байланысты, біздің жағдайда жергілікті өзін өзі басқарудың негізгі деңгейін келесідей анықтауды ұсынамыз:

  • республикалық мәндегі қалалардағы қалалық аудандар;
  • облыстық және аудандық  мәндегі қалалар;
  • поселкелер, ауылдық округтер.

     Республикалық мәндегі қалаларда жергілікті өзін өзі басқарудың негізгі деңгейі  ретінде қалалық аудандарды алу  мыналармен негізделген:

     1-ден,  жергілікті өзін өзі басқару мен ұйымдастырудың қолайлығы үшін, себебі бұл қалалар халық саны бойынша да, территориясы бойынша да үлкен масштабқа ие;

     2-ден,  бұл қалалар ерекше мәртебеге  ие және облысқа теңеледі, осыған  байланысты басқарудың ұйымдастырушылық үлгісі мемлекеттік басқару обьектілері болуы керек.

     Облыстық, аудандық мәндегі қалалар жергілікті өзін өзі басқару жүйесін ұйымдастыруға  байланысты тиісті бірлік болып табылады, себебі өзін өзі қамтамассыз етуге  жеткілікті экономикалық әлеуетке ие.

     Ауыл деңгейіндегі жергілікті өзін өзі басқару жүйесін ұйымдастыру процесі күрделі, әрі қайшылықты. Қазіргі қиын заманда ауылда  жергілікті өзін өзі басқару органдарын қаржылық – экономикалық негізбен қамтамассыз ету мүмкіндігі туралы айту қиын. Мұнда жергілікті өзін өзі басқару органдарының билігіне беруге болатын обьектілер не жоқ, не жарамайтын жағдайда. Бұл деңгейдегі төмен салықтық негізді ескере, олардың бюджеттері ұзақ мерзім бойы дотацияланады деуге болады.

     Осыған  байланысты, жоғарыда аталған факторлардың кері әсерін әлсіздету үшін жергілікті өзін өзі басқару ргандарын баолық ауылда емес, тек ірі поселкі мен ауылдық округтерге енгізу тиімді болар.

     ҚР-ның  бюджеттік жүйесі 2 деңгейден тұрады – республикалық және жергілікті бюджет. Шетелдерде жергілікті бюджет деп муниципалды құрылымдардың бюджеттері түсіндірілсе, біздің елде ол респкбликалық мәндегі облыс немесе қаланың есептік бюджетін білдіреді.

     Жергілікті  өзін өзі басқару жүйесінің пайдй  болуымен ҚР-да 3 деңгейлі бюджеттік  жүйені енгізуді ұсынамыз. 

     Қазақстан республикасындағы бюджеттік жүйе үлгісі 

     

             4 - сурет  

     Алғашқы екі деңгейі қазіргі әрекет етуші  республикалық бюджет пен жергілікті (аймақтық) бюджетке сай келеді, ал 3 деңгейі жергілікті қоғамдастықтың бюджеті бола алады.

     3 деңгейлі бюджеттік жүйені енгізу  жергілікті қоғамдастықтың қаржылық  дербестігін қамтамассыз ету  қажеттіліктеріне негізделеді.

     «ҚР-дағы жергілікті өзін өзі басқару туралы»  Заң жобасында [25]жергілікті өзін өзі  басқарудың қаржылық негізі тек табс пен шығыстың сметасы ретінде анықталынады. Жергілікті өзін өзі басқару органдарының қызмет етуінің қаржылық негізінің мәртебесі салықтық құраушылардың бөлігінің жоқтығымен түсіндіріледі.

     Заң жобасына сай, жергілікті қоғамдастық  табыстары жайлап халықтың еркін салық төлеу жолымен қалыптасады.

     Заң жобасында сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың еркін  қайтарымсыз ақшалары туралы айтылған. Айтылған екі жағдайда да бұлар жергілікті бюджет табысын құруға ешқандай көмегін  тигізбейді.

     Сондықтан жергілікті өзін өзі басқарудың қаржылық құралдары негізінен жергілікті (облыстық) бюджеттен бөлінген құралдардан қалыптасады. Мұндай жағдай жергілікті өзін өзі басқарудың қаржылық дерьестік және шаруашылқ ету автономиясы қағидасына қайшы келеді.

     Осылайша, біздің көзқарасымыз бойынша, жергілікті қоғамдастықтың бюджетін бекітусіз жергілікті өзін өзі басқарудың нақты қызмет етуі туралы айтудың қажеті жоқ. Жергілікті қоғамдастықтың бюджеттің табыстық бөлігі мемлекеттік салықтардан қалыптасуы керек. Бұл үшін «ҚР-дағы бюджеттік жүйе туралы» ҚР-ның Заңына және ҚР-ның Салық кодексін қайта қарастырып, өзгерістер енгізу керек.

     Шетел мемлекеттерінің тәжірибесіне сүйене, сонымен қатар ҚР-дағы салық салу ерекшеліктерін ескере, жергілікті салықтар тізімін келесідей анықтауды  ұсынамыз:

  • жер салығы;
  • заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салық;
  • транспорттық құралдарға салық;
  • мұра және сыйлауға салық;
  • жарнамаға салық;
  • автомобильдерді қайта сатуға салық;
  • тұрғын үй қоры мен әлеуметтік – мәдени сала обьектілерін қамсыздандыруға салық;
  • кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан тіркеулік алымдары;
  • курортты зонада өндірістік бағыттағы обьектілердің құрылысына салық;
  • курорттық алым;
  • саудаға құқық беруден алымдар;
  • ит иеленушілерден салық;
  • арақ – шарап өнімдерін сатуға құқық беруден лицензиялық алымдар;
  • жергілікті аукциондар мен лоторея жүргізуге құқық беруден лицензиялық алымдар;
  • автотраспортты орналастыруға алымдар;
  • жергілікті жарыстарға қатысудан алымдар;
  • ипподромдарда жарыстарға қатысудан алымдар;
  • жарыстағы ұтыстардан алымдар;
  • ипподромдағы тотализатор ойындарына қатысушы тұлғалардан алымдар;
  • бағалы қағаздармен операцияларға салық салу туралы заң актілерінде қарастырылған келісімдерден басқа биржаларда жүргізілетін келісімдерден алымдар;
  • кино- және телетүсілімдер жүргізу құқынан алымдар;
  • ойын бизнесін ашудан алымдар (ақшалай немес заттық ұтысы бар ойын автоматтарын және басқа жабдықтарды құру, рулетка, т.б.).[25]

     Респуликалық  мәндегі облыстар мен қалалар  бюджетіне түсетін салықтар құрамына кіргізуі керек:

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық саясаты: басымдылықтары және механизмі