Қазақстан Республикасындағы салық саясаты: басымдылықтары және механизмі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2012 в 23:24, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде алғашқы жылдарында орын алған мемлікеттік басқарудың қатты байқалған орталықтандырылғаны ақтаулы болды. Бірақ макроэкономикалық тұрақтылыққа жету деңгейі бойынша қазіргі уақытта белсенді түрде бірінші мәселе ретінде мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мәселелері алға қойылып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................3
І ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................5
Мемлекеттік басқарудың мәні мен қажеттілігі....................................5
Жаһандану жағдайындағы мемлекеттің негізгі функциялары.........11
Жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру нәтижесі ретінде.....................................................................17

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН СИПАТТАЙТЫН ҮРДІСТЕРДІ ТАЛДАУ....................................................................................................................27
2.1 Жергілікті басқарудың қаржылық ресурстарының қалыптасу жүйесі..........................................................................................................................27
2.2 Республикалық және жергілікті бюджет арасындағы шығындық міндеттемелерді бөлу мәселелері.............................................................................39
2.3 Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негіздерін қалыптастырудағы мемлекет ролі............................................................................47
ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ................................................................54
3.1 Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қаржылық-экономикалық үлгісін жасау..............................................................................................................54
3.2 Мемлекеттік билік органдарының жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара байланысы...............................................................................67
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................73
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................79

Работа содержит 1 файл

КР салык саясаты.doc

— 723.50 Кб (Скачать)

     Осы уақытқа дейін зерттеудің негізгі  пәні жергілікті өзін-өзі  басқару  органдары мен  мемлекеттік  биліктің  жергілікті органдары  арасындағы  қарым- қатынас болды.

     Бірақ жергілікті өзін-өзі басқару органдардың  мемлекеттік биліктің  орталық  органымен байлансу  мәселелеріне тоқталған дұрыс.Мәселенің бұл  бөлігі  көлемі бойынша аз, сондықтан  мемлекеттік  биліктің  орталық  органдарының  жергілікті өзін-өзі  басқару  саласына араласуы  мәні бойынша үлкен ,бірақ шешетін  сұрақтары бойынша  аз.

     Республиканың  деңгейде жергілікті өзін-өзі басқаруына қатысты  екі тапсырмалар шешілді :жергілікті өзін-өзі басқару  кепілдікпен  қамтамасыз ету  және жергілікті өзін-өзі  басқару саласындағы ортақ  мемлекеттік  саясатын жасау .Берілген тапсырмалар  бірнеше  тәсілдермен шешілді.

     Біріншіден ,республикалық деңгейде  заң  жүзінде  жергілікті өзін-өзі басқару  ұйымдастырудың  жалпы қағидаларын  бекіту.

     Екіншіден , мемлекеттік  биліктің  орталық  органдары  жергілікті өзін-өзі басқарулары  мемлекеттік  қолдау бағдарламарын  қабылдайды.

     Барлық  аталған шаралар  жергілікті өзін-өзі  басқару  органдардың  қатысуымен жүргізіледі. Жергілікті  өзін-өзі  басқару  мәселелері бойынша  заң  шығару жұмыстары  аяқталғаннан кейін орталық және  муниципалды  органдарының  қарым-қатынасы  мәнді түрде  азаяды,ол тек заңдылықты дамыту және  жетілдіру процесінде  ғана  туындайды. Бұл мемлекеттік биліктің  орталық  органының  жергілікті өзін-өзі басқару  органынан толық алыстауын білдірмейді.

     Жергілікті  өзін-өзі басқаруды әдістемелік , ақпараттық  және кадрлық қамтамасыз ету бойынша  жұмыс жүргізу  қажет.Бұл  үшін  ақпараттық  жүйе, білім беру жүйесін құрып, мемлекеттік  биліктің атқарушы органында құрылымдық  бөлімшілер  қалыптастыру керек.

      

       

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ҚОРЫТЫНДЫ 

     
  1. Зерттелген  тақырып барысында келесі мемлекеттік  басқарудың анықтамасы ұсынылды: мемлекеттік басқару – бұл қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының барлық салаларындағы жергілікті және  жергілікті өзін-өзі басқару  деңгейінде шаруашылық етуші субьектілерге билік күшінің әсерін басқару, реттеу және бақылау қызметтерін жүзеге асыру.
  2. Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру екі жақты сипатқа ие және екі құраушыдан тұрады: деконцентрация және деволюция.

     Деконцентрация  – бұл орталық атқарушы органнан биліктің төмен тұрған атқарушы органдарына  белгілі бір қызметтерін, өкілеттіліктерін, қаржылық есеп беруді беру болып табылады. Мұнда үкімет аймақтарға белгілі  бір мәселелерге байланысты міндеттемені беруі немесе ммелекеттік қызметтерді орындау үшін жаңа мекемелер құруына болады.

     Деволюция өзін өзі басқару органына шешім  қабылдауға және басқарудың жергілікті деңгейінде қаржылық және басқарушылық қызмет жүргізуге құқық беруді білдіреді.

     Деволюция жергілікті  өзін өзі басқару  органдары заңды түрде тәуелсіз мәртебеге ие болатынын және олар әкімшілік деңгей ретінде қарастырылатынын көрсетеді. Жергілікті  өзін өзі  басқару органдары мемлекеттік  билік органдарының жүйесіне кірмейді.

     Осылайша, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру мемлекеттік биліктің звенолары арасында қызметті бөлумен байланысты мемлекеттік басқару жүйесінде реформалау жүргізуді ғана емес, сонымен қатар жергілікті  өзін өзі басқару жүйесін енгізу мен дамытуды ұсынылады.

  1. Жергілікті  өзін өзі басқарудың шетел тәжірибесін зерттеу жергілікті  өзін өзі басқарудың келесі негізгі үлгілерін бөледі: англосаксонды, континентальды және аралас.

       Англосаксонды (классикалық) үлгі  Ұлыбритания. АҚШ, Канада, Австралия,  Үндістан және басқа елдерде таралған.

     Бұл үлгінің негізгі белгілері болып  табылады: а) ресми автономия және жергілікті  өзін өзі басқарудың дербестігі; б) жергілікті  өзін өзі  басқару органдарын қорғаушы өкілдендірілген  орталық биліктің жергілікті жерде  жоқтығы.

     Бұл үлгі федеративті құрылымды елдерге тән болғандықтан, біздің елде қолдану мақсатсыз.

     Континентальды (француздық) үлгі континентальды Еуропаның  елдерінде (Франция, Италия, Испания, Белгия) ғана емес, сонымен қатар Латын  Американың, Қиыр Шығыс, французды Африканың  көптеген елдерінде тараған.

     Бұл үлгінің айрықша белгілеріне: а) жергілікті  өзін өзі басқару  мен жергілікті жердегі мемлекеттік  басқарудың үйлесімділігі, таңдаулығы мен тағайындалуы; б) жергілікті  өзін өзі басқару жүйесінің белгілі  бір иерархиясы, төмен тұрған звенолардың жоғарғыға бағынушылығы; в) жергілікті деңгейдегі жергілікті  өзін өзі басқару органдарының ұызметіне мемлекеттік бақылау жүргізу өкілдендірілген орталық биліктің арнайы өкілінің болуы жатады.

     Аралас  үлгіге Германия, Австрия, Жапония, кейбір постсоциалистік және дамушы елдердегі жергілікті  өзін өзі басқаруды жатқызуға болады.

     Аралас  үлгінің өзіне тән белгілері  деп төменгі территориялық деңгейде жеткілікті түрдегі автономды жергілікті  өзін өзі басқару мен мемлекеттік  басқарудың үйлесуді есептеуге болады.

     Қазақстан үшін жергілікті  өзін өзі басқарудың француздық үлгіні қолданған жөн, себебі Қазақстанның мемлекеттік құрылымы Француздағы сияқты унитарлы. Сонымен  қатар Қазақстан халқының менталитеті  сияқты факторларды ескерсек, мемлекеттік  биліктің жергілікті  өзін өзі басқару органдарының кейбір істеріне қатысуын негіздейді.

     Осылайша, муниципалды басқаруды ұйымдастырудың шетел тәжірибесі әлемде жергілікті  өзін өзі басқарудың көптеген үлгілері, түрлері, құрылымдары бар екенін көрсетті. Жергілікті  өзін өзі басқару  үлгісін тікелей проекциялау  біздің нақтылықта қолданыс таппайды. Біздің мемлекетіміздің тарихи, демографиялық, географиялық ерекшеліктерін ескере, шетел мемлекетінің бай тәжірибесін қолдана, жергілікті  өзін өзі басқарудың өз үлгімізді құру қажет.

  1. Жергілікті  өзін өзі басқару халықтың билік ету нысаны ретінде келесі негізгі белгілерге ие болуы керек:
  • жергілікті  өзін өзі басқару ерекше субьектіге ие – жергілікті қоғамдастықтың халқы;
  • жергілікті  өзін өзі басқару – қоғам мен мемлекетті басқарудың демократиялық механизімінің ерекше нысаны;
  • жергілікті  өзін өзі басқару басқарудың ерекше обьектісіне ие – жергілікті мәндегі мәселелер;
  • жергілікті  өзін өзі басқару билікті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың ерекше нысанына ие – дербестік;
  • жергілікті  өзін өзі басқару жеке міндеті бойынша өз қызметін жүзеге асырады.

     5. Жергілікті  өзін өзі басқару жүйесінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымындағы орнын келесідей анықтауды ұсынамыз:

     - ауыл, ауылдық округтер, қалалр, республикалық  мәндегі қала аудандары деңгейінде  тек жергілікті  өзін өзі басқару  қызмет етеді;

     - аудан, облыстық мәндегі қалалар деңгейінде жергілікті мемлекеттік басқару органы мен жергілікті  өзін өзі басқару органдарының үйлесімділігі пайдалы. Мұнда негізгі бірліктің жергілікті  өзін өзі басқару органдарының қызметін үйестіретін және жергілікті ммелекеттік басқару органдарымен өзара байланысатын жергілікті  өзін өзі басқарудың аймақтық органы қызмет етеді. Бұл деңгейде жергілікті мелекеттік басқару келесідей болады: әкім ролі еуропалық елдердегі префектор роліне ұқсас, ол сайланады немесе жергілікті  өзін өзі басқарудың есеп беруші оргына болып табылады;

     - облыс деңгейінде жергілікті  өзін өзі басқару рөлі жергілікті  қоғамдастық Ассоциоциясын құруда  көрінеді. Ассоцияцияның қызметі  көмекші (қосымша) және кеңес  беруші  сипатқа ие. Олар жергілікті  қоғамдастық еркін білдіреді, жергілікті  өзін өзі басқарудың  дамуына мүмкіндік жасайды, жергілікті  өзін өзі басқару қызметінің  үйлесуін жүзеге асырады, жергілікті қоғамдастықтардың  қарым - қатынас  жасауына әсер етеді. Ассоцияциялар жергілікті  өзін өзі басқару өкілді  органдардың  қатысушыларынан құрылуы мүмкін;

     - мемлекеттік басқарудың  жоғарғы  деңгейінде орталықсыздандыру процесін  бақылайтын, жергілікті  өзін өзі  басқару  мен мемлекеттік   билік органдарының  қарым –  қатынасын  реттейтін, сонымен  қатар  жергілікті  өзін өзі басқару  жүйесіне қатысты  мемлекеттің жалпы саясатын  анықтайтын арнайы орган  құру  қажет .  кейбір  шетел мемлекеттерінде , мысалы, Жапония,  Қырғыстан сияқты елдерде  үкімет құрамында жергілікті  өзін өзі басқару мәселелері бойынша  жеке  министерствалар  қызмет етеді. Біздің жағдайда жергілікті  өзін өзі басқару  және  аймақтық  даму  мәселелері бойынша  комитет құру ұсынылады.

     Биліктің  жергілікті деңгейіне  салықтық  өкілеттіліктерді беру туралы шешім  қабылдау кезінде орындауға қажетті  критериялар :

  • экономикалық тұрақтандыруға  немесе табысын қайта бөлу  мақсатына  бағытталған  салықты реттеу бойынша  өкілеттіліктер орталық  үкіметке жатуы керек ;
  • бюджжергілікті  өзін өзі басқаруеттік  жүйенің төменгі  деңгейлеріне реттеу  бойынша өкілеттіліктер  берілетін салық  негізі  максималды мобильды емес болуы керек. Кері жағдайда салық төлеушілер  жоғарғы  салықтық  қойылымды  территориядан салық қойылымы төмен  бекітелген  территорияға  көшу мүмкіндігіне ие болды;
  • мемлекеттік территория бойынша  негізгі бірдей  бөлінбеген салықтарды реттеу  бойынша  өкілеттіліктер орталық үкіметке жатуы қажет ;
  • жергілікті салықтардың  негізгі салық төлеушіге  көрінуі тиіс;
  • жергілікті салықты алу берілген территорияның «резидент еместеріне» таралмауы керек ;
  • жергілікті салықтан  табыстар бюджеттік  жүйенің  вертикальды теңсіздігінен  қашу мақсатында  жеткілікті түрде  үлкен болуы қажет , сонымен қатар салықтық  түсімдер  уақыт бойынша тұрақты және мәнді ауытқуларға икемсіз болуы тиіс;
  • жергілікті салықтар үшін  әкімшілік  ету шығындары  салыстырмалы төмен болуы қажет;
  • мақсатты сипатқа ие салықтар  жергілікті деңгейде  салынып ,реттелуі тиіс.        
  1. Субенция  мөлшері  басқарудың  жергілікті  органдардың  жоғарыға  тәуелділік деңгейін анықтайды. Жергілікті  өзін - өзі басқару жүйесін енгізу кезінде мұндай  тәуелділік жергілікті  өзін өзі басқару органдарына  өз бетінше бюджеттің табысты бөлігін өсіру резервтерін  алуға ынталандырғыш болып табылады.
  1. Жергілікті  өзін өзі басқару жүйесін енгізу нәтижесінде жергілікті бюджеттің құрылымындағы  салықтық емес  табыс үлесі өседі .Бұл  мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру бойынша  реформалармен  қамтамасыз етілді. Ал ол биліктің  жергілікті органдардың  экономикалық  және шаруашылықтың дербестігінің  кеңеюіне әкелді.

     Белгілі бір автономияға  иелене , жергілікті  өзін өзі басқару органдары  коммуналдық қызмет көрсету кәсіпорының тиімділігінің өсуін қамтамассыз ете алады. Ол үшін коммуналдық қызмет, қалалық транспорттық қызмет және т.б. көрсететін кәсіпорындарда мунипализациялау қажет. Сонымен қатар жергілікті  өзін өзі басқару органдары өздері муниципалды кәсіпорынды құра алады.

     Бұлармен  қатар жергілікті  өзін өзі басқару  органдары өз меншігінде жер учаскелерін  және басқа табиғи ресурстарды иелене, бұл обьектілерді пайдалы шарттарда мүдделі шаруашылық етуші субьектілерге жалға бере алады.

     9. Республикалық және жергілікті  бюджет арасында шығындық өкілеттіліктер  мен міндеттерді бөлу саласында  тиімді болып табылады:

      -  республикалық және жергілікті  бюджет арасында шығындарды қалыптасқан бөлуге инвертаризация жүргізу;

     - шығындық өкілеттіліктерді нақтылайтын  бюджеттік заңдылықтарға түзетулер  енгізу, олардың өзгерістеріндегі  процестер;

     - бюджеттік жүйенің әрбір деңгейінің  қаржылық ресурстарға обьективті (нормативті) қажеттіліктерін бағалау және олардың өзгеруінің әртүрлі нұсқаларын негіздеу.

     Жергілікті  бюджеттің шығындық қажеттіліктерін  обьективті бағалау күрделі тапсырма болып табылады. оны шешу үшін келесі бағыттар ұсынылуы ммүкін:

  • факторлық талдау негізінде аймақтық шығындық қажеттіліктерін жанама бағалау. Бұл әдіс жергілікті жерлерде мемлекеттік қызметті көрсетуге немесе құнын анықтайтын факторлық бар болуы кезінде қолданылуы мүмкін;
  • әрекет етуші мақсатты транспорттық негізінде аймақтық шығындық қажеттіліктерін бағалау;
  • мемлекеттің барлық аймақтары үшін бюджеттік шығындардың ортақ нормативін пайдалану;
  • жергілікті бюджеттің фактылық шығындары негізінде аймақтардың шығындық қажеттілігін бағалау. Жергілікті бюджетің фактылы шығындары олардың шығындық қажеттіліктерінің бейнесі болып табылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық саясаты: басымдылықтары және механизмі