Қазақстан Республикасындағы салық саясаты: басымдылықтары және механизмі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2012 в 23:24, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде алғашқы жылдарында орын алған мемлікеттік басқарудың қатты байқалған орталықтандырылғаны ақтаулы болды. Бірақ макроэкономикалық тұрақтылыққа жету деңгейі бойынша қазіргі уақытта белсенді түрде бірінші мәселе ретінде мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мәселелері алға қойылып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................3
І ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................5
Мемлекеттік басқарудың мәні мен қажеттілігі....................................5
Жаһандану жағдайындағы мемлекеттің негізгі функциялары.........11
Жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру нәтижесі ретінде.....................................................................17

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН СИПАТТАЙТЫН ҮРДІСТЕРДІ ТАЛДАУ....................................................................................................................27
2.1 Жергілікті басқарудың қаржылық ресурстарының қалыптасу жүйесі..........................................................................................................................27
2.2 Республикалық және жергілікті бюджет арасындағы шығындық міндеттемелерді бөлу мәселелері.............................................................................39
2.3 Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негіздерін қалыптастырудағы мемлекет ролі............................................................................47
ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ................................................................54
3.1 Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қаржылық-экономикалық үлгісін жасау..............................................................................................................54
3.2 Мемлекеттік билік органдарының жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара байланысы...............................................................................67
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................73
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................79

Работа содержит 1 файл

КР салык саясаты.doc

— 723.50 Кб (Скачать)

     Муниципалды кәсіпорын – муниципалды меншікті иелену құқығы жоқ, тек олармен шаруашалақ жүргізу немесе оперативті басқару құқы ғана бекітілген жергілікті өзін өзі басқару органдарының шешімімен құрылған коммерциялық ұйым /32/.

     Муниципалды мекеме білім беру, денсаулық сақтау, өрт сөндіру, қауіпсіздік және т.б. мекемелері болуы мүмкін.

     Муниципалды кәсіпорын газ,- жылу, - энергия- және сумен қамтамассыз ету, транспорттық қызмет көрсету кәсіпорындары болуы  мүмкін.

     Муниципалды кәсіпорынның табыстары жергілікті қоғамдастықтың бюджетінің табысына қосылып  тұрады. Жергілікті қоғамдастықтың бюджет табысы сонымен қатар халық пен кәсіпорындардан алынатын салықтар мен алымдардан қалыптасады.

     Сонымен қатар, халық пен кәсіпорындар жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлемдер, субсидия, муниципалды несиелер және т.б. түріндегі  қаржылық құралдар ала алады. 
 

     3.2 Мемлекеттік басқару мен  жергілікті  өзін-өзі басқару органдарының  өзара байланысы 

     Жергілікті  өзін өзі басқарудың қалыптасуы мен  дамуымен байланысты мәселелердің ішінде біреуі ерекше маңызды. Бұл мәселе мемлекеттік  билік органдары мен жергілікті өзін өзі басқару органдарының бір бірімен қарым – қатынас жасау мәселесі болып табылады.

     Жергілікті  өзін өзі басқару мен мемлекеттің  өзара байланысының әрекет етуші  үлгілерін 3 негізгі концепсияда  жалпылауға болады. Оның әрқайсысы  осы құбылыстардың байланысуының әртүрлі нысандарын бейнелейді.

  1. «Партнерлық үлгісі» жергілікті және орталық биліктің қарым – қатынастарын ортақ мақсат қойған, халыққа белгілі бір қызметтерді көрсететін партнерлар қатынасы ретінде қарастырады. Осы концепциясының шегінде жергілікті өзін өзі басқаруға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың өзін өзі көрсетуінің органикалық элементі ретінде түсіндіріледі.
  2. «Агенттік үлгі» байланыстың басқа сипатын ұсынады. Мемлекетік және жергілікті органдар аасындағы қатынастарды басты рольді мемлекет атқарады. Жергілікті өзін өзі басқару органдары территориялық деңгейдегі орталық биліктің агенттері ретінде қарастырылады. Осылайша олар мемлекеттік аппарат құрылымын табиғи жалғастырушылар болып табылады. осыған байланысты, мемлекет жергілікті органдардың қызмет етуінің тиімділігінің белгілі бір кепілдемесі ретінде және қандай да бір аймақтық саяси, әлеуметтік - экономикалық өмірін тұрақтандырудың бір факторы ретінде қызмет атқарады. Жергілікті басқару жергілікті жерлерде басқарушылық қызметтерді жүзеге асырудың әкімшілік құралы ғана болып табылады.
  3. «Өзара байланыс концепциясы». Жоғарыда аталғандармен салыстырғанда, бұл үлгі ммелекеттік билік органдары мен жергілікті өзін өзі басқару органдарының өзара байланысының сипатын анықтайтын негізгі жағдайларды қарыстырады. 1-ден, қызмет сипаты қандай болмасын олар бір біріне қатысты тәуелсіздік және дербестігінің белгілі бір деңгейін сипаттайды. 2-ден, жергілікті өзін өзі басқару органдары мен ммелекеттік билік органдары қызметінде белгілі бір байланыс бар. Бұл екі жақтыңда биліктік өкілеттілігінің, олардың қаржылық ресурстарының болуымен анықталынады. Бұл оларды бір бірімен қарым – қатынас жасауға итермелейді. Мұнда олар бір бірімен келісімдер жүргізу, компрамисқа жету негізінде байланысады [19].

     Өзара байланыстың тиімді нысаны муниципалды құрылымдар ассоциациясы арқылы мемлекеттік және жергілікті биліктердің қарым – қатынасы болуы мүмкін. Ассоциация арқылы жергілікті өзін өзі басқару органдары мемлекеттік органдарына олардың ортақ мәселелерін нақты анықтап, жеткізе алады. Мемлекттік билік үшін муниципалдық құрылым ассоциациясы – бұл біруақытта оынң бар мүшелерімен кездесіп,  жергілікті өзін өзі басқаруға қатысты үйлесілген саясат жүргізуге болатын ұйым.

     Жергілікті  өзін өзі басқару саласындағы  мемлекеттік биліктің әрекеттері жоспарлы және болжамды сипатқа ие болғаны дұрыс.

     Жергілікті  өзін өзі басқару органдары мен  мемлекеттік билік органдарының өзара байланысу пәні не болатынын  анықтап қарастырайық.

     Мемлекеттік билік органдарының жергілікті өзін өзі басқару органдарының өкілеттіліктерін бекітуге қатысуынан бастайық. Жергілікті өзін өзі басқарудың жүргізу пәндері «ҚР-дағы жергілікті өзін өзі басқару туралы» Заңда бекітіледі. Бірақ бұл жергілікті өзін өзі басқару органдарының құзіретін бекіту мәселесінің соңғы шешімі емес. 1-ден, жергілікті мәндегі мәселелердің мәнді бөлігі жергілікті өзін өзі басқару органдарымен мемлекеттік органдардың білуінсіз шешіледі.

     2-ден,  бір жергілікті қоғамдастықтың  территориясының шекарасында басқа  жергілікті қоғамдастық болса,  онда олардың арасындағы шаруашылық жүргізу пәні заңмен шектелінеді. Биліктің 2 деңгейінің ортақ қызмет ету кеңістігі бұл жерде де маңызды. Әрине, бұл мәселені сәйкес заң қабылдап шешуге болады. Бірақ мұндай шешім ресми болып, ешкімге пайда әкелмейді. Құзіретті халыққа биліктің қызмет көрсету мәселелерінің әрбір тобы ең тиімді түрде шешілетіндей етіп «бөлу» керек. Бұл үшін құзіретті бөле процесінің барлық қатысушылары тарапынан таразыланған бағыт пен нормалды келісімді процедуралар қажет.

     3-ден,  мемлекеттік билік органдарында  жергілікті өзін өзі басқарудың кейбір мемлекеттік өкілеттіліктерін беруге құқылы. Мұнда алдыңғы мәселені шешу жолын пайдалана, бұл тапсырманы жергілікті өзін өзі басқару органдарына берілетін кейбір мемлекеттік өкілеттіліктердің ортақ тізімін қабылдау арқылы шешуге болады. [48]

     Туындайтын  тағы бір мәселе - жергілікті өзін өзі  басқару органдарына берілген кейбір мемлекеттңк өкілеттіліктерді орндау немесе мемлекеттік басқарудың территориясының  арнайы құрылған органы осы өкілеттіліктерді орындауы тиімді ме деген мәселе.

     Келесі  үлкен мәселе жергілікті өзін өзі  басқарудың ресурстық негізін қлыптастыру  болып табылады. оның қандай болуы  керек екендігі жоғарыда айтылған. Мұнда тек қажетті негізді  құрудың негізгі бағыттарын қарастырып, мәселенің еккі аспектісін - жергілікті өзін өзі басқарудың қаржылық негізін қалыптастыру мен жергілікті материалдық негізді қалыптастыруды қамтимыз.

     Мемлекеттік билік пен жергілікті өзін өзі  басқару органдарының өзара байланысы  кезіндегі  жергілікті өзін өзі басқарудың қаржылық негізін қалыптастыру 2 сұрақты шешуді талап етеді: облыстық және жергілікті бюджеттер арасындағы табыс көзін қалайша рационалды болады және жергілікті бюджеттің табыстық көздерін бекіту кезінде билік деңшейлерінің өзара байланысу процедуралары қалай болады.

     Облыстық  және жергілікті бюджеттер арасындағы табыс көзін бөлу оларды түрлері бойынша бөлуге және ұзақ мерзімді негізде бекітугенегізделе жүргізген мақсатты. Бұл биліктің әрбір деңгейін табыс көздерін дамытуын және оларды тиімді пайдалануын ындаландырады. Бюджеттердің табыс көзінің маңыздысының  бірі салық болып табылады. Салықтар түрлері бойынша келесідей топталады:

  • азаматтардан салық;
  • өндіріске салық;
  • нақты немесе мүліктік салық;
  • акциздер;
  • тұтынуға салықтар [30].

     Шетел тәжірибесі көрсеткендей, жергілікті өзін өзі басқару органдарына салықтардың жеке түрлерін бекітуге құқық берген жөн.

     Бюджетті  теңестіру қызметін жүзеге асыратын реттеуші салық азаматтардан табыс  салығы болып табылады.

     Табыс көзі түрлерінен басқа жергілікті бюджетке түсімдердің минималды қажетті  көлемін анықтау керек. Мемлекеттік билік органдары мұнда бірнеше критерияларға басшылық етуі тиіс.

     Қандай  жағдай болмасын, жергілікті бюджеттерге  жергілікті қоғамдастық қызмет етуіне жатқызылатын салаларда халықтың өмірге маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамассыз ететін табыс көздері бекітілуі керек.

     Жергілікті  бюджет табыстарының «төменгі планкасы»  минималды бюджеттік қамтамассыз  етілу нормативтері, сонымен  қатар  ммелекеттік билік органдарымен бекітілетін нормалар негізінде  бекітіледі [30].

     Бюджеттік заң жобасын жасау бойынша жұмыстың үлкен көлемімен байланысты белгілі бір қиыншылықтар туындайтынын атап өткен дұрыс. Кез келген аул немесе олардың бірігуі муницмпалды құрылым, яғни бюджеттік процестің субьектісі болуы мүмкін. Мемлекеттік биліктің аймақтық органдарына көптеген жергілікті бюджеттер жұмыс жасайды. Бұл бюджеттік процеске тікелей қатысатын органдар тарапынан жайсыздық туғызуы ммүкін. Бірақ жергілікті қоғамдастықтарға бюджеттік дербестік беру обьективті түрде қажет және пайдалы, сондықтан қазіргі заман жағдайында жұмістің тиімді жүзеге асыруға болатын нысандарын табуға тырысу керек.

     Бұл тапсырманың шешу жолы – шектеу шарттарын анықтау болып табылады. Жалғыз шарттың өзі нақты тапсырманың  шешілуіне мүмкіндік етеді. Заңмен жергілікті бюджетердің табыс көздерін бекітудің ұзақ мерзімділігі бекітілген [38].

     «Жақсы - жаман» критериясы бойынша басқа  шартты бағалауға болмайды. Шектеу тек заңмен жүргізіледі. Бұған тәуелсіз, бірақ сәйкес заңдардың жобаларын  жасау қажет.

     Меншікті  шектеу кезінде меншік белгілі бір мәселелрді шешу үшін көзі де, инфрақұрылым да болып табылатынын ұмытпаған дұрыс.

     Осыған  байланысты, иеншікті бөлу кезінде  жергілікті өзін өзі басқару органдарына  міндетті тәртіпте жергілікті қоғамдастықтың инфрақұрылымымен байланысты мүліктік обьектілер мен жер учаскелері бекітілуі керек. Мұнда технологиялық циклділігінің аяқталғандығын қамтамассыз етуде маңызды. Жалпы алғанда, мемлекеттік меншік обьектісін муниципалды меншікке беру кезінде 2 тапсырманы шещу керек: жергілікті мәндегі мәселелрді шешу үшін материалдық негіздің болуын қамтамассыз ету және мүмкіндігінше жергілікті өзін өзі басқару органдарына табыс көзі болып табылатын обьектілерді беру [30].

     Меншікті  бөлу процесіндегі билік деңгейлерінің  өзара байланысы заңды процесс  сияқты құрылуы мүмкін. Жергілікті өзін өзі басқару органдары заң инициативасының субьектісі бола алады және ммелекеттік билік обьектілерін муниципалды меншікке беру туралы заң жобаларын жасайды, мемлекеттік билік органдары осы заңдарды қарастырады және қабылдайды. Реестірлерді алдын ала үйлестіру әкімшілік аудандао деңгейінде жүргізілуі мүмкін. Соңғы шешімді мемлекеттік биліктің заң органдары қабылдайды.

     Меншікті  бөлу процесінде брлық жергілікті қоғамдастықтарға қатысты ортақ шешім қабылдау мүмкін емес. Әрбір нақты жағдайда обьектілердің нақты реестірі қарастырылуы керек. Бірақ меншікті бөлу – бір-ақ рет жүргізілетін акция. Болашақта бірлік обьектілерді беру туралы әрекеттер мүмкін, бірақ  жергілікті өзін өзі басқарудың материалдық негізі қысқа уақыт ішінде қалыптасуы тиіс [30].

     Мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін өзі басқару органдары қарым  – қатынас жасайтын тағы бір қызмет саласын талдау қажет. Әңгіме территорияның  кешенді әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы. Мұнда биліктің әртүрлі  деңгейлерінің мүдделері қарастырылады. Нәтижесінде әрбір билік деңгейінің мүдделеріне сай келуі керек, себебі биліктің кез келген деңгейі халық мүддесіне байланысты болуы тиіс. Бірақ халық мүддесін әрбір деңгей әртүрлі түсінеді.

     Мұнда тұрақты қарым – қатынасты  талап етеді және ол әлеуметтік – экономикалық дамудың жоспары мен бағдарламаларын келісімді жасауынан тұрады. Яғни, жергілікті өзін өзі басқару органдары муниципалды жоспар мен бағдарламаларды әзірлеу кезінде сәйкес мемлекеттік жоспарлар мен бағдарламаларды ескеруі тиіс. Мұнда жергілікті өзін өзі басқару органдарының муниципалды бағдарламалары дербес бола тұра, мемлекеттік бағдарламалардың құраушы бөлігі болса, тиімді болады. Барлық мәселе әртүрлі деңгейдегі биліктің әрекет етуінің сәйкессіздігі болып табылады. осы мәселені шешсек, үйлесілген мақсаттарға жету үшін ресурстарды максималды жинақтауға, бұл ресурстарды рационалды пайдалануға болар еді [38].

     Мемлекеттік билік пен жергілікті өзін өзі  басқару органдарының қарым-  қатынас  жасауының ұйымдастырушылық  нысандарына  тоқталған  дұрыс. Нысандарынының кейбіреулері кейбір мәселелерді  қарастырған кезде  аталып өтті.Ұйымдастырушылық нысан деп  қарым - қатынас жасау процесін  жүзеге асыратын  белгілі бір  құрылымдардың  бар болуын айтамыз.

     Нысандарды  жүйелеу үшін келесі мәселелерді  шешу керек:

     Біріншіден,жүйелі туындамайтын ,яғни жеке және бірден шешілетін  мәселерді бөліп алайық. Бұл мәселерді  шешу үшін ортақ уақытша  жұмысшылар  тобын немесе комиссия құру керек .

     Екіншіден, үнемі өзара  байланысты талап  ететін  мәселерді  шешу үшін жұмысшылар тобы  мен комиссиялар тұрақты негізде құрылуы мүмкін.

     Үшіншіден, берілген аймақтардың  барлық  жергілікті қоғамдастықа  қатысты  көптеген мәселелер бойынша  жергілікті қоғамдастық  ассоцияциялары арқылы ортақ жұмыс  жүргізуге болады.

     Аталған жағдайлар респбликасының мемлекеттік билігінің  жергіліктті өзін- өзі басқару органдары  мен орталық  органдары  арасында  шешілетін мәселелер тобына жатады.Территориялық органдарды  белгілі  бір қайта ұйымдастыру  жағдайында  мемлекеттік билікті жасау ,нақтырақ айтсақ, сақтау міндетті түрде керек.[49]

     Аудан деңгейінде мемлекеттік біругу жүйесін  сақтау мақсатты. Тек аудан әкімшіліктері  орындайтын  қызметтерді жақсылап зерттеп, олардың  көпшілігі  мемлекттік  органдардың қызметі екеніне  көз жеткізу қажет.

     Мемлекет пен жергілікті өзін- өзі басқарудың  өзара  байланысын қамтамасыз ететін барлық органдардың  соңғы  жүйесі  вертикаль бойынша да, горизонталь бойынша да  құрастырылады, өзінде ортақ  құрылатын  жұмыс органдарын қамтуы мүмкін .Бұл  жүйені қалыптастыру және оның  күрделілігі  қарым- қатынастар  мен  өзара байланыс  күрделілігімен негізделеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық саясаты: басымдылықтары және механизмі