Қазақстан Республикасындағы салық саясаты: басымдылықтары және механизмі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2012 в 23:24, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде алғашқы жылдарында орын алған мемлікеттік басқарудың қатты байқалған орталықтандырылғаны ақтаулы болды. Бірақ макроэкономикалық тұрақтылыққа жету деңгейі бойынша қазіргі уақытта белсенді түрде бірінші мәселе ретінде мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мәселелері алға қойылып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................3
І ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................5
Мемлекеттік басқарудың мәні мен қажеттілігі....................................5
Жаһандану жағдайындағы мемлекеттің негізгі функциялары.........11
Жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру нәтижесі ретінде.....................................................................17

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН СИПАТТАЙТЫН ҮРДІСТЕРДІ ТАЛДАУ....................................................................................................................27
2.1 Жергілікті басқарудың қаржылық ресурстарының қалыптасу жүйесі..........................................................................................................................27
2.2 Республикалық және жергілікті бюджет арасындағы шығындық міндеттемелерді бөлу мәселелері.............................................................................39
2.3 Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негіздерін қалыптастырудағы мемлекет ролі............................................................................47
ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ................................................................54
3.1 Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қаржылық-экономикалық үлгісін жасау..............................................................................................................54
3.2 Мемлекеттік билік органдарының жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара байланысы...............................................................................67
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................73
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................79

Работа содержит 1 файл

КР салык саясаты.doc

— 723.50 Кб (Скачать)

     Қорғаныс  функциясы. Халықаралық ахуалдың жақсаруына қарамастан Қазақстанның сыртқы саяси проблемалары да жоқ емес. Біздің мемлекетіміздің сыртқы саяси қызметінің басты бағыттарының  бірі – оның әскери қауіпсіздігін  қамтамасыз ету.  Осы функцияға сәйкес  Қазақстан Республикасының Қарулы күштері басқа мемлекеттердің тарапынан болатын қауіп пен олардың агрессиялық әрекеттеріне  қарсы тұруға және елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын  қамтамасыз етуге, сондай-ақ оның халықаралық келісімдерге сәйкес міндеттерін орындауға арналған.

     Бейбітшілікті қамтамасыз ету және әлемдік тәртіпті  қолдау функциясы. Қазақстан мемлекетінің бейбітшілікті қамтамасыз ету қызметіндегі  басым бағыттары – жаңа ғаламдық соғыстың болуына жол бермеу, жаппай қырып-жою қаруының және жаңа әскери технологиялардың таратылмауын қадағалау.

     ТМД елдерімен ынтымақтастық  және достық қарым-қатынастарды  нығайту функциясы  Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының  құрылуына  байланысты  пайда  болды. Осыған орай тәуелсіз мемлекеттермен жаңа қатынастар орнату мәселесі Қазақстанның сыртқы саясатының  басты бағыттарының  біріне айналды. Аталған функцияны жүзеге асыра отырып, Қазақстан мемлекеті,  ең алдымен, экономикалық одақты, ТМД-ның ортақ  нарығын, ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру, шекараны бірлесіп қорғау, адам құқығы, азаматтық және қоныс аударушыларды қорғау  саласындағы халықаралық стандарттарды бұрынғы Одақтың барлық аумағында сақтау, мемлекеттен тысқары жүрген қазақстандықтарды қорғау мәселесін кешенді шешу, ортақ ақпараттық кеңістікті құру  бағытында ынтымақтастықты бекітуге ұмтылады. 

     Әлемдік экономикаға интеграциялану және әлемдік проблемаларды  шешуде басқа елдермен ынтымақтастықты  дамыту функциясы. Халықаралық байланыстардың жаңа сипаты экономика, сауда, бизнес, ғылыми-техникалық салада мүдделерді тиімді жүзеге асыру үшін  қолайлы мүмкіндіктер  ашты. Осы бағытта әрекет ете отырып, Қазақстан негізгі халықаралық экономикалық ұйымдарға  мүше болды. Қазіргі таңда  ол  Америка Құрама Штаттарымен, Батыс Европа елдерімен қатынастарын бекітіп, іс-қимылдарды  үйлестіру бағытында  жұмыстар жасауда. Дүние жүзінің жетпістен аса  елімен орнатқан қауырт сыртқы экономикалық байланыстары  оның дүниежүзілік экономикалық кеңістікке интеграциялануының  негізгі факторы болды.

       Әлемдік экономикаға ену отандық  рынокты әлемдік рынокпен байланыстыратын  оның сыртқы экономикалық қызметінің  барлық механизімін қайта қарауды  қажет етті. Сыртқы экономикалық  байланыстардағы мемлекеттің монополиясы  жойылды. 
 

     
    1. Жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру нәтижесі ретінде
 

     Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі  жылдарында оның әлеуметтік-экономикалық өмірінде, экономикалық және саяси  жүйелерінде ауқымды әрі оң бағытта  өзгерістер болып жатыр. Тәуелсіздің алған жылдарда жүргізілген экономикалық реформалардың аймақтарды мамандандыру бағытында дамытуды таңдап алуына көпшілігі төтеп бере алмады, тек салалардың даму деңгейлері ғана өзгерді. Қазақстан экономикасының негізгі салалары болып табылатын мұнай өндіруші, мұнай өңдеуші және мұнай химия салалары барлық облыстар өнеркәсіп өнімдерінің 90% пайызын құрайтын Атырау мен Маңғыстау облыстары қарқынды  даму жолына түсті. Қазірде Ақтөбе облысында хром рудасы, мұнай мен газ өндіріледі, ал Қызылорда облысының негізгі өнеркәсібіде мұнай өндіруге негізделіп отыр. Қазіргі таңда еліміздің ауыл шаруашылық (Көкшетау, Ақмола облыстарында), металлургия өнеркәсібі (Жезқазған, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарында) және мұнай өндіруші салалары (Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облыстарында) қарқынды даму жолында.         

           Шығыс Қазақстан  және Қарағанды облыстары экономикасының негізгі салалары қара және түсті  металл өндіру болып табылады. Бұл  облыстардың аумақтарында түсті  және қара металдардың көптеген кен  орындары орналасқан. Қазақстанның минералды-шикізаттық тізімінде мыс бірінші орында, оның едәуір қоры Қарағанды облысының кен орындарынан табылады.  Павлодар облысы елімізде көмір өндіру бойынша алғашқы орында. Оның елдегі көмір өндірудегі үлесі 72,3%-ды, одан кейін Қарағанды облысы 23,9% және Шығыс Қазақстан 3,4%-ды құрайды. Ғылыми-техникалық, интеллектуалдық потенциалы жоғары және  жабдықтардың моралдық және физикалық тозуға аз ұшыраған Батыс, Солтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласында қорғаныс кәсіпорындары орналасқан. Республиканың астық өндірісі солтүстік облыстарда – Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмолада шоғырланған, олар тауарлы бидай, жарма және жемшөп өндіруге бағытталған. Ауыл шаруашылығына маманданған, әсіресе, көкөніс пен жемістерді өсіру бойынша республиканың аграрлы өңірлері Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан болып табылады. Еліміздің аумақтық еңбек бөлінісінің жалпы сипаты осындай.

     Еңбектің  аумақтық бөлінісі мен аймақтар экономикасының құрылымын сипаттайтын жалпы  аймақтық өнім (ЖАӨ) және әр жан басына шаққандағы табыс мөлшері сияқты көрсеткіштер қолданылады. ЖАӨ әр жан басына шаққандағы өндірісі бойынша еліміздің облыстарының арасындағы едәуір алшақтық бар. Мәселен, ЖАӨ әр жан басына шаққандағы табыс мөлшері бойынша 2001 жылы ең жоғары көрсеткіш Атырау облысында – 581,7 мың теңге және ең төменгі  көрсеткіш Жамбыл облысында – 50,2 мың теңгені құраған, яғни екеуінің айырмашылығы 11,6 есеге дейінгі шаманы көрсетеді/12/

     Мемлекетті  және оның экономикасын басқаруды орталықсыздандыру-дың саяси, әкімшілік және әлеуметтік астарлары бар екендігі, сондықтан оларды өзара үйлестіре отырып қарастырудың басқарушылық қатынастарды жетілдірудегі рөлінің ерекшелігі әмбеге аян. Дей тұрғанмен осы күрделі мәселені шынайы түрде күн тәртібіне қоя бастағанда оны шешу жолдары мен методологиясының ғылыми негіздерін анықтап алу қажеттігі туындайды. Оларды анықтауда шаруашылық жүргізудің және оны басқарудың дүниежүзілік тәжірибесін талдаудың да рөлі зор екені белгілі. Елімізде осы мәселенің теориялық негізін анықтау мен практикалық нәтижелеріне аса назар аударылып, оны жан-жақты талдау жұмыстары да жүргізілуде. Сондықтан осы мәселелерді кешенді зерттеудің кейбір нәтижелеріне тоқталамыз.

  •  Егер  мәселенің саяси астарын қарастыратын болсақ, онда орталықсыздандырудың жолдары, бағыттары, қағидалары мен механизмдері мына шарттардан туындауы тиіс:
  • сеператизмге  жол бермеу;
  • аймақаралық экономикалық қатынастардың құқықтық негіздерін жасақтау және олардың тиімділігін  ынталандыру;
  • жергілікті  мүдделерді мемлекеттік мүдделермен  ұштастыру;
  • халықтың  өмір сүру деңгейінің аймақтық көрсеткіштерінің алшақтығын жою;
  • макроэкономикалық тұрғыдан келгенде өндіргіш күштерді орналастырудың тиімділігін арттыру  және тағы басқалар /13/.        

     Бүкіләлемдік банкі сарапшыларының пікірлері бойынша орталықсыздандырудың келесідей бағыттары белгілі. Біріншіден, саяси, ол азаматтық бостандықты, саяси құқықтылықты, демократиялық плюрализмді білдіреді. Екіншіден, қаржылық бағытта бюджет ресурстары, бюджеттің дербестігі, бюджет шешімдерін қабылдау сияқты мәселелер қарастырылады. Үшіншісі ол – басқарушылық, мұнда басқару құрылымы мен жүйесі, басқаруға қатысушылық, басқарушылық шешім қабылдау секілді мәселелер қозғалады. Әлемдік тәжірибеде орталықсыздандырудың бірнеше түрлері бар. Мәселен, кейбір авторлардың пайымдауынша ол географиялық, әкімшілік шешім қабылдау жүйесі және бюджеттік деп бөлінеді [35].  Ал кейбір талдауларда локалды (жергілікті), идеологиялық және әлеуметтік деп бөліп көрсетеді [36].

     Географиялық  және локалдық (жергілікті) орталықсыздандыру  түрлері бір біріне ұқсас. Мәселен, географиялық орталықсыздандыру қаланың  негізгі аумағына еш қатыс жоқ, аудандардың экономикалық дамуының белсенділігін білдіреді. Субсидия және салық жеңілдіктерінің көмегімен шығындарды төмендетіп аудандардағы бизнесті дамыту олардың инвестициялық тартымдылығын арттырады. Локалды орталықсыздандыру жергілікті басқару органдарының дербес іс-әрекетін, өкілеттілігін және көптеген шешімдерді орталыққа тәуелсіз жеке қабылдау мүмкіндігінің барлығын  білдіреді. Әкімшілік шешім қабылдауды және оны орындау жүйесін орталықсыздандыру жергілікті басқару органдарының өкілеттіктерін кеңейтуді білдіреді. Бұнда белгілі бір шешім қабылдануы үшін  көптеген сатыдан өтеді, міне, бұл осы процестің қысқаруын және мемлекеттік жергілікті басқару органдарының жұмысын көтермелеуді білдіреді. Идеялогиялық орталықсыздандыру кеңес үкіметінің құрамында болған барлық елдердің тәжірибесінде болды. Идеялогиялық орталықсыздандырудың қауіптілігі сонда, оның нәтижесі саяси жіктелуге әкеп соғуы мүмкін және ондай жағдайды көптеген мемлекеттер бірнеше рет кездестірді. Дегенмен оның өзіндік артықшылығы да бар: ол пікірталасу ортасына, интеллектуалдық жарысқа және еркіндікке жол ашады.   Бюджеттік орталықсыздандыру жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық жүйесін нығайтуды талап етуші басқару жүйесі мен халықтың арасындағы тығыз қарым-қатынасты құрайды. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына салық салу сферасы бойынша және қаржыларды жұмсауға белгілі бір өкілеттіктер, сондай-ақ, бюджеттің шығыс бөлігін дербес анықтауға мүмкіндік беріледі. Бюджеттік орталықсыздандыру жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бюджет-салық сферасында тәуелсіз шешім қабылдауларына мүмкіндік беретін белгілі бір деңгейде автономиялы екендігін білдіреді. Бюджеттік орталықсыздандыруға орталық билік араласады:

  • біріншіден, белгілі бір топтардың мүдделерінің қалыптасуы екіншілеріне өз кедергісін тигізеді, яғни жергілікті билік органдарының біржақты бағытта жұмыс жасауларын болдырмау үшін;
  • сыртқы әсер етуші факторларды есепке алу үшін;
  • жергілікті (локалды) қоғамдық игіліктерді теңестіру үшін. 

     Мемлекеттік билік құрылымдарының басты мақсаты халыққа нарық қамтамасыз ете алмайтын қызмет түрлерін көрсету болып табылады /15/. Мысалы, Италия мемлекетін өз елімізбен салыстырсақ, оның пайдалы қазбасының тым аздығына қарамастан, онда ауыл шаруашылығына климаты аса қолайлы және туризм жақсы дамыған. Бұл мемлекеттің бір ерекшелігі күні бүгінге дейін экономиканың 50%-ы, ал банк жүйесінің 70%-ы мемлекеттің бақылауында болды. 1992 жылы үкімет басына еркін нарықтың жақтаушысы Сильвио Берлускони келгеннен кейін экономика оң бет бұрыс ала бастады. Оның саясаты “қатаң экономикалық саясат” деген атқа ие болды. Елдегі жемқорлықпен күресе отырып, мемлекеттік кәсіпорындар жекешелендіріле бастады. Салық салу жүйесінде де өзгерістер болды. Кәсіпорын пайдасына салынатын салық 53,2%-дан 37%-ға дейін төмендетілгенімен, қосымша құн салығы көтерілді. Салықтар жалпы ішкі өнімнің  41%-ын құрады. Елдің алдында тұрған басты мәселелердің бірі ұлттық шаруашылықты дамыту үшін аймақтар арасындағы айырмашылықты жою болды. Италияда көптеген мемлекеттермен салыстырғанда аймақтар арасында үйлесімсіздік бар екені анық байқалып тұрады. Мәселен, оның Ломбардия, Пьемонте және Венеция облыстары елдің жалпы іщкі өнімнің 40%-ын, ал экспорт бойынша Ломбардияның үлесі 30%-ды құрайды. Сонымен бірге, Ломбардия мен Валле д’Аоста облыстарында жан басына шаққандағы табыс жалпы ішкі өнімде 22 мың доллардан астам. Ал Сардания, Колабри және Сицилияда 14 мың доллардан төмен. Осыдан облыстардың бір-бірінен айырмашылығы айқын көрініс беріп тұр . 1970 жылдардан бастап бұл мемлекетте облыстар атынан аймақтардың жергілікті саясат жүргізуге, әлеуметтік қамтамасыз етуге, медициналық қызмет көрсетуге, еңбекпен қамту және кадрларды қайта даярлауға, қаланың дамуын жоспарлауға, сумен қамтамасыз етуге және су қорларын қорғауға және тағы басқаларға заңмен бекітілген құқығы бар. Атап өткен функциялар (әсіресе, жергілікті саясат жүргізу, әлеуметтік қамтамасыз ету) жергілікті билік органдарына 1977 жылдан бастап берілген және олар осы күнге дейін шығындарын орталық үкіметтен бөлінетін гранттардың үлесінен жауып отыр. Ал басқа функцияларды (еңбекпен қамту, кадрларды қайта даярлау, тұрғын үй – коммуналды  шаруашылық) облыстар коммуналарға заңды түрде табыстаған. Оларды қаржыландыруға гранттар облыс бюджетінен аударылады /14.   
 
 
 
 
 

      Кесте 2-  Италиядағы аймақтық бюджеттердің табыстар мен

                      шығындарының экономикалық жіктемесі  (ЖІӨ-ге пайызбен)*

  Облыстар Аймақтар
1990 1991 1992 1993 1990 1991 1992 1993
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Табыстар  барлығы 6,76 6,87 6,88 6,22 2,57 2,62 2,43 2,63
Ағымдағы  табыстар 5,49 5,96 6,12 5,54 2,23 2,26 2,24 2,41
Тікелей салықтар                
Жанама  салықтар 0,11 0,15 0,17 0,36 0,01 0,01 0,01 0,01
Трансферттер:
  • соның ішінде үкіметтен бөлінген
5,36

5,31

5,79

5,72

5,93

5,87

5,15

5,08

2,18

2,09

2,22

2,16

2,21

2,16

2,36

2,32

Басқалар 0,02 0,03 0,02 0,03 0,03 0,02 0,02 0,03
Капиталдан  түскен табыстар 1,26 0,91 0,76 0,69 0,34 0,35 0,19 0,22
Трансферттер: 1,25 0,91 0,75 0,68 0,29 0,32 0,18 0,20
  • экономиканың мемлекеттік секторынан
  • басқа да мемлекеттік мекемелерден
 
 
1,24

0,01

 
 
0,89

0,02

 
 
0,74

0,01

 
 
0,65

0,03

 
 
0,29
 
 
0,23

0,09

 
 
0,13

0,04

 
 
0,17

0,02

Басқалар  0,01     0,01 0,05 0,03 0,01 0,02
Шығындар  барлығы 6,94 7,31 6,97 7,82 2,95 3,04 2,94 2,79
Ағымдағы  шығындар 5,69 6,25 6,01 6,87 1,78 1,81 1,84 1,76
Персоналдық шығындар 0,20 0,20 0,19 0,19 0,21 0,23 0,22 0,22
Тауарлар  мен қызметтер  0,17 0,18 0,19 0,60 0,17 0,17 0,60 0,17
Мадақтау  бойынша төлемдер 0,02 0,03 0,05 0,05     0,01 0,01
Трансферттер:
  • үй шаруашылығына
  • кәсіпорындарға
  • басқа да мемлекеттік кәсіпорындарға
5,29

0,14

0,41

4,74

5,80

0,11

0,46

5,23

5,54

0,09

0,41

5,04

5,54

0,09

0,43

5,02

1,39

0,18

0,16

1,06

1,41

0,18

0,14

1,10

1,44

0,23

0,13

1,08

1,35

0,16

0,12

0,08

Басқалар  0,01 0,04 0,04 0,03     0,02 0,02
Күрделі шығындар 1,26 1,06 0,96 0,94 1,17 1,23 1,09 1,03

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық саясаты: басымдылықтары және механизмі