Казфосфат ЖШС ЖФ «Минералды тыңайтқыш»

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2012 в 08:20, курсовая работа

Описание работы

Есеп беру жұмысымның бірінші бөлімінде ТФ «Минералды тыңайтқыш» филиалының жалпы мінездемесі мен басқару құрылымдары мен негізгі міндеттері және жұмысшыларының еңбекке ынталандыру жүйесін арттыру деңгейін басшылығының ұйымдық құрылымы кәсіпорынға басшылық ету нақты ұйымдық құрылымы мен белгіленген қызметтері сонымен қатар бөлімдердің өзіндік басшылық жасайтын функцияларын қарастырдым. Сонымен қатар өте маңызды жағдай, бірнеше шарттар орындалуы тиіс.

Содержание

Кіріспе
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ТАРИХЫ
1.1 Казфосфат ЖШС ЖФ «Минералды тыңайтқыш» кәсіпорын қызметінің жалпы мінездемесі
2 ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Өндірілетін өнімге сипаттама
2.2Шыққан шикізатқа, материалға жартылай өнім мен энергоресурстарға сипаттама
2.3 Технологиялық процестің жүргізілуі мен сызбасы
2.4 Қабылдау және фосфат шикізатын сақтау
2.5 Қабылдау,сақтау мен өндіріске күкірт қышқылын жеткіз
2.6 Аккумуляторлы күкірт қышқылын алу
2.7 Қабылдау және әкті қоймалау,әк сүтін алу
2.8 Аммиак суын алу
2.9 Автоматты және арақашықтықтан бақылау жүйесі
2.10 Автоматты құлыптану жүйесі
2.2.1 Сигнализация жүйесі
2.2.2 Қоршаған ортаны қорғау
2.2.3 Өндірістің эксплуатациялық қауіпсіздігі
2.2.4 Жалпы жағдайы
2.2.5 Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары
2.2.6 Фосфат шикізатын тиеу кезіндегі сақтық шаралары
2.2.7 Күкірт қышқылын төгу кезіндегі қауіпсіздік шаралары
2.2.8 Аккумуляторлы қышқылды алудағы қауіпсіздік шарасы
2.3 Жүргізілетін процестің қауіпсіздік шаралары
3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
3.1 Казфосфат ЖШС ЖФ «Минералды тыңайтқыш» кәсіпорнын басқару құрылымдары мен негізгі міндеттері
3.2 ЖФ«Минералды тыңайтқыш» кәсіпорынның қызметкерлері мен жұмысшыларының еңбекке ынталандыру жүйесін арттыру
3.3 Казфосфат ЖШС ЖФ «Минералды тыңайтқыш» кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау
3.4 ЖФ «Минералды тыңайтқыш» кәсіпорынның персоналдары еңбек ресурстарының құрылымдарының өзгеруіне талдау
3.5 ЖФ «Минералды тыңайтқыш» кәсіпорынның еңбек ақы қорын талдау
3.6 ЖФ «Минералды тыңайтқыш» кәсіпорынның басқару тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

ДИДАР.doc

— 825.50 Кб (Скачать)

      Аммиак  қалыпты жағдайда тотықтырғыштармен  әрекеттескенде тұрақты, бірақ оттегі қоспаларында ол жанып, су және бос азот пен оның тотықтарын бөледі. Бұл кезде жарылу және өрт қауіпі жоғары. Газды аммиак қоспасының ауада жануы- 15-28 % -ке тең.

      Аммиак  суы- аммиактың судағы 25 %-тік ерітіндісі,қалыпты  жағдайда одан аммиак бөлінеді. 

Температура көтерілген сайын,аммиактың бөлінуі жоғарылай түседі.Аммиак суының ерітіндісі теріге тиген жағдайда ауырып және қызарады.Ұзақ әрекеттесуде- көпіршік түзіледі.

Аммиак  суының көзге түсуі өте қауіпті,себебі көзге жылдам тарайды. Көзге тиген  жағдайда көп мөлшерде сумен жуып және дәрігерге қаралу қажет.

      Аммиак  құбыр жолдары бұзылған кезде  резиналы бәтенке мен қолғап киіп, КД маркалы противагаз қолданып, мына тәсілдерді орындау қажет:  вентилді жауып, зақымданған бөлікті көп  мөлшерде сумен жуып, құбыр жолын  аммиактан босату қажет,сондай-ақ аммиактың бөлінуін мүлдем тоқтату керек.  

      Құбыр жолдарының сыртқы түрін  коррозиядан  сақтау үшін, майлы,түсті бояулармен бояйды.Мысалы,су-жасыл,бу-қызыл, ауа-көк, аммиак-сары.

      Құбыр жолдарын бумен немесе ыстық сумен  жылытады.

      Бұл үшін ашық от,дәнекерленген гарелка , факел мүлдем қолдануға болмайды.

Құбыр жолдарындағы арматураларды бірден жабуға болмайды, өйткені қысым көтеріліп,  гидравликалық соққы алуыңыз  мүмкін.Сондықтан арматураны жай  ашып, жабу керек.

      Задвижка, вентелді ұрып ашуға  және ашып жабу үшін рычакты қолдануға болмайды. 

   Қысым астында жұмыс істейтін жүйелер арматураға қарама- қарсы қойылмауы керек,өйткені жүйе бұзылған кезде сұйық пен газ ағуы мүмкін.Нәтижесінде жұмыс істеуші маман жарақаттануы мүмкін..

Әсіресе аппарат қысымының дұрыстығын тексеру қажет. Қойылған қысымнан асырмау керек .Аппараттағы қысымды жайлап төмендетіп және жоғарлатып отыру қажет.

    

      

         2.3 Жүргізілетін процестің қауіпсіздік шаралары

      Шикізат дайындау бөлім жұмысының қауіпсіздік шаралары мыналар:

  • қондырғыларды қолдану құрылымын қатаң сақтау;еңбек қорғау мен техника қауіпсіздігі,өрт қауіпсіздігі мен өндіріс санитариясы,қондырғы эксплуатациясы;
  • технологиялық режим нормаларын қатаң сақтау;
  • маманды жұмыс киіммен және қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету.

          (респиратор, противогаз, резиналы қолғап  және көзілдірік);

  • аппараттың, арматураның, құбыржолының   герметикалығын бақылау;
  • ауа вентиляциясын бақылау және статикалық  электрикадан қорғау;
  • қондырғының эксплуатациялық квалификациясын қорғау: тұрақты тазалау,майлау,қондырғының сыртын қадағалау т.б;
  • жарылыс қаупі бар жерлерде темекі шегуге қатаң тыйым салынады;
 

        Қондырғыны түзеу жұмыстары:

  • жұмыс орнын қадағалаусыз қалдырмау,жұмыс орнында тамақ ішпеу;
  • жұмыс істеуші маман қондырғының дұрыс жұмыс  жасауын тексеріп         және    қойылған жұмыс режимін қатаң сақтау.
  • жұмыс барысында орын алған жағдайды ауысым журналында тіркеп, авариялық жағдайдың алдын-алу қажет.
 
 

         2.3.1Қондырғыларды жөндеу жұмыстарына дайындаудың негізгі ережелері        

         Аппараттарды жөндеу жұмыстарына дайындау ұйым инструкциясы     бойынша жүргізіледі.

Қондырғыға  жөндеу жұмыстарын жүргізбес бұрын, қондырғы  тұнба және лас заттардан тазаланып, жуылып, арнайы заглушкалар арқылы желілерден босатылады. Құбыр жолдары тазаланған және вентилденген болуы керек.

Жөндеу жұмыстарын жүргізбес алдын, электр қондырғыларды өшіріп және ескертпе плакаттар ілінуі қажет.

 Қондырғыға жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде қауіпсіздік талаптары ескерілуі қажет: жұмыс орны тексеріліп және жүк тиеу бөлімдері сынақтан өткізіліп,жарық берілуін қадағалап,противогаз,вентилятор,өртсөндіргіш құралдарымен қамтамасыз етілуі,сондай-ақ қауіпсіздік техника инструктажына сәйкес жүргізілуі тиіс.

Дайындық жұмыстарының жүргізілуі бас маманның журналында тіркеліп,содан кейін жөндеу жұмыстары орындалады.Сондай-ақ

жөндеу жұмыстарының аяқталғаны жөнінде де бас маманның журналында тіркеледі. 
 

 

         3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ

       3.1Казфосфат ЖШС  ЖФ  «Минералды тыңайтқыш»  кәсіпорнын

басқару құрылымдары мен  негізгі міндеттері

       ЖФ «Минералды тыңайтқыштар» басшылығының басқару құрылымын директоры жүргізеді. Ол кәсіпорын барлық іс-әрекетіне жетекшілік етеді және де өзіне бағынышты барлық бөлімшелердің жұмысының орындалуын талап етеді. Директордың көмекшісі және орынбасарлары бар. Оларда өздеріне тиісті бөлімшелердің жұмысын бағдарлайды және бақылайды. Сонымен қатар зауытта әскери күзет қызметі (цех29) және заң бөлімі қызмет етеді. Әскери күзет бөлімінің қызметі қауіпсіздік және де зауыттың территориясына бөтен адамдарды кіргізбеу болып табылады. Коммерциялық сұрақтар және автокөлік бойынша директордың орынбасары автокөлік цех, құрал жабдықтар бөлімі, ОМТС, қоймалар, цехқа бақылау жүргізеді. Ішкі байланыс және өткізу бойынша директордың орынбасары кәсіпорындық дайын өнімін өткізу, кәсіпорынның маркетиндік стратегиясын өңдеумен айналысады. Оған бағыныштылар: Ішкі электр байланыс және ішкі өткізу бөлімінің  бастығы, өткізу секторы, ішкі электр байланыс секторы, таразы. Байланысу құрылымындағы ең маңызды орынды алатын бас инженер. Оған бағыныштылар: өндіріс бойынша бас маман, темір жол секторы, 1,3 цехтар, бас механик, бас эенергетик, бас технолог, ПКО бастығы. Бұлардың арқайсысының өздерінің бөлімдерінің мүшесін ұйымдастырады және басшылық етеді.  Қаржыны жобалау және инвестиция бойынша директордың орынбасары экономикалық сипаттама мәселелеріне жауапты. Оның қарамағында: бас экономист, жоспарлы экономикалық бөлім бастығы,      жоспарлы экономикалық бөлім, еңбек ақы төлеу және штаб бөлімінің  бастығы    еңбек ақы төлеу  және жалақы бөлімі. Бас бухгалтер бухгалтерияның және  кәсіпорынның жұмысын бақылайды. Кадрлар және жалпы сұрақтар бойынша директор орынбасары, кадр бөлімінің бастығы      кадрлар бөлімі, әкімшілік шаруашылық бөлім, концелярия, арнайы бөлім, редакция, шаруашылық цехы, жұмысшылармен жабдықтау бөлімінің жұмыстарын ұйымдастырады, жоспарлайды, бақылайды.

ТФ ЖШС  «Казфосфат» «Минералды тыңайтқыштар»  басшылығының ұйымдық құрылымы кәсіпорынға  басшылық ету нақты ұйымдық құрылымы мен белгіленген қызметін атқарады. Кәсіпорынның және оның  бөлімдірінің құрылымы өздігінен (тәуелсіз) жасалынады. Әр-бір бөлімдердің өзіндік басшылық жасайтын функциялары бар. Сонымен қатар өте маңызды жағдай, бірнеше шарттар орындалуы тиіс:

бірдей  сұрақтардың шешімдерін әр бөлімдерден  іздемеуі;

барлық  басшылық функциялары тек басшының мідетіне кіруі тиіс;

бір бөлімге  шеше алмайтын сұрақ қоймай, басқа  бөлімде шешуге болады.

Кәсіпорынды директор басқарады, оның міндеті –  барлық жұмыстарды ұйымдастырып және оның орындалу деңгейіне, қызметімен өзінің еңбек ұжымының жағдайына толық жауап береді. Директор кәсіпорында барлық басқа ұйымдар мен мекемелермен таныстырып, келісім-шарттарға тұрады, бұйрықтар шығарады, еңбек заңына сәйкес жұмысқа жұмысшыларды алады немесе босатады, мадақтайды, банктерде кәсіпорынның артына есеп-шот аштырады.

Бас инженер  кәсіпорынның техникалық міндетін атқаратын  жұмысты басқарады, жоспар орындалуына  жауапты болады, жоғары сапалы өнім шығаруына, жаңа технологияларды қолданылуына жауап береді. Бас инженер кәсіпорынның өндірістік-техникалық кеңесін басқарады. Оған техникалық, бас механик, бас энергетик, өндірістік-диспетчерлік, техникалық бақылау, техника қауіпсіздігі бөлімдері бағынады.

Техникалық  бөлімнің міндетіне шығарылған  өнімнің дамуының жолдары кіреді, жаңа өнім түрлерін жасап шығару, ғылым мен техниканың жаңа түрлерін өндіріске енгізу, өндірістік процестерді механизациялау мен автоматтандыру, қойылған технологияның қадағалануы кіреді.

Бас механик  бөлімі өзіне бағынатын бөлімшелермен бірге технологиялық жабдықтардың жұмысы мен жағдайын бақылайды, технологиялық жабдықтарды жөндейді, ескірген және жаңа жабдықтарға монтаж және демонтаж жасайды.

Бас энергетик  бөлімі, өзіне бағынатын басқа  бөлімшелермен бірге кәсіпорынды электроэнергиясымен, жылумен, ауамен, сумен, кислородпен тоқтаусыз қамтамасыз етеді. Энергетикалық жабдықтарды жөндейді, электроэнергияның, судың, жылудың, ауаның жұмсалған шығысын есептейді, энергетика цехтарында шаруашылық есептерді ұйымдастырады, энергетикалық жабдықтардың, қолданылу мерзімін ұлғайтады, ауа бассейнінің ластанбауын және судың таза тұруын қадағалайды, энергетикалық цехтарда ғылыми түрде ұйымдастырылуын қадағалайды, тұтынушылықты есептеуін, энергобалансты жасауын, персоналға инструкция және білім беруін қамтамасыз етеді. Басқа бөлімдермен өндірістік қарым-қатынаста болып, энергия беруші аудандық ұйымдармен байланысады.

Өндірістік  диспетчерлік бөлімі - өндірістің жүргізілуіне бақылау жасайды, жұмыстың айлық  кестесін құрады, өндірісті тоқтататын себептерді жояды.

Техникалық  бақылау бөлімі (ОТК) – дайын өнім сапасы мен кешеніне бақылау жасайды, ақауды ескертумен азайту жолдарын қарастырады, кәсіпорынға түсетін өнімнің, материалдың, жартылай өнімдірдің сапасын тексеріп отырады. Еңбек ұжымның қызметіндегі жалпы баға өнімнің сапасына беріледі.

Бас экономист  – директордың экономикалық сұрақтары  бойынша орынбасары болады, жоспар құрудағы және экономикалық стимулды көтереді, еңбек көрсеткіштерін көтереді, төлемақыны шығаруы және төлеуі, зауыт  ішіндегі қаржы төлеуін ұйымдастыруына басшылық етеді. Оған жоспарлы экономика бөлімі, бухгалтерия, қаржы бөлімі, экономика бөлімдері бағынады.

Жоспарлы  экономикалық бөлімі – жылдық, кварталдық жоспарларды жасайды, олардың орындалуын қадағалайды, кемшіліктерін болдырмауын қарастырады, ішкі зауыттық және ішкі цехтың жоспарларды ұйымдастырып жүзеге асырады, экономикалық ынталандыру нормативтерін жасайды, сипаттамалық жедел есептеу қызметін атқарады, негізгі агрегаттар мен цехтар, зауыттардың жұмысының нәтижесін көрсетеді, жаңа проектілер мен өнімге баға шығарып, қолдауға жібереді. Жоспарлы экономикалық ұйымдастырудың тәжірибесін зерттеп, оны жүзеге асыру жұмыстарын жүргізеді.

Бас бухгалтер – кәсіпорынның қаражаты мен шаруашылық операцияларды есепке алады, кәсіпорыннын қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесін көрсетеді.

Қаржылық  бөлім – дайын өнімді өткізу мақсатындағы тапсырыс берушілер мен тапсырушыларға қаржылық есеп айырысу жасайды, керекті өнімге, жылу, материал, отын алуға есептер жүргізеді. Бұл бөлімнің міндетіне банктен несие алу, уақтылы қарызды қайтару, мемлекеттік бюджетпен қарым-қатынасын нығайту жатады.

Экономикалық  қызмет бөлімі – кәсіпорынның жан-жақты қызметінің нәтижесіне талдау жасайды, кәсіпорынынң тиімділігін нығайтуға әр түрлі жағдай жасайды, өндірістің шығарылуын көтереді, еңбектің ұйымдастырылуын ғылыми түрде өткізетін методикалық негізде жүргізеді, техникалық-экономикалық нормативтерді жасаудағы және нақты экономикалық стимулдарды жасайды.

Шаруашылық  сұрақтар бөлімі – материалды техникалық жабдықтау мен өнімді өткізуге басшылық етеді, тұрғын-коммуналдық шаруашылық жұмыстарын басқарады.

Кадрларды басқару бөлімі – кадрлар бөлімі, еңбекті ұйымдастыру мен жалақыны төлеуді қамтамасыз етеді.

Еңбек пен жалақыны ұйымдастыру бөлімі – штаттық кесте құрады еңбек пен жалақыға жылдық, кварталдық, айлық жоспарлар құрады және олардың орындалуын қадағалайды, еңбек өнімдерінің көтерілуіне ықпал етеді, жалақы жүйесін енгізеді, материалдық жабдықтау қорының құрылуын негіздейді, ғылыми еңбек ұйымының сұрақтарына қатысады, еңбектік және қоғамдық тәртіптің орнатуына кепілді болады. Коллективті жауапкершілік еңбек уақытымен кадрдың жоғалуына өз уақыт берілуін қамтамасыз етеді. 
 

           3.2ЖФ  «Минералды тыңайтқыш» кәсіпорынның қызметкерлері мен жұмысшыларының еңбекке ынталандыру жүйесін арттыру

           Қазақстандық менеджерлеріне шетелдік басқару тәжірибесі  үлкен қызығушылық тудырып отыр, өйткені ол Қазақстанда көптеген салаларда қазіргі таңдағы спецификалық жағдайларғабайланысты қолдануға болады. Жинақталған тәжірибенің нәтижелерін шығармашылық түрде жұмсауы кәсіпорынның бәсекелестігін көтеруі мүмкін. Сондай-ақ, Америкалық жетекші кәсіпорындарының жаңа технологияның қатаң иеархиялық еңбек ұйымына пайдаланып жәгне оынң аз мөлшерде мамандандырылуы АҚШ-тың кәсіпорындарының қалыбын. Жапон Европалық кәсіпорындарына бәсекелестігін әлсіретті, өйткенні Жапондықтар еңбек күшін өндірістік шығындар ретінде қарамай, оны мағыналы ресурс деп қарайды. Компьютерлік технологияның кіруіне байланысты, өндірісте болатын үнемі өзгерістер, еңбек күшін дайындаудағы системаны құрастыруды қажет етеді. Сонымен қатар адамгершілікті бағалау мектебінің өзгеруіне байланысты еңбекті ақтайтын механизм және еңбек шарттарын қайтадан қарастыру керек. Өндірістің технологиялық, қоғамдық және экономикалық аспектілері өзара тығыз байланыстары танылды. Қазіргі жағдайда инновациялық процесс көпсалалы болып келе жатыр, оның ішінде дамыту мен адамгершіліктің ресурстарының жаңа моделі қалыптасып жатыр. Бұл модельдің (үлгінің) негізінде жоғары мамандандырылған еңбек күшіне өндірістің системасының ішіндегі бағдарлау бар, ол:

  • өз білімін көтермелеу және жетілдірудің тоқтаусыз процесі;
  • еңбек күшінің икемділігі;
  • еңбек ұйымы;
  • жауапкершілік,
  • өндіріс қызметкерлерінің портнерлік қарым қатынастары.

     Еңбекті ұйымдастырудағы жаңа үлгілер басшылық сферасында және өндірісте де қолданылады. Мысалы, бір мамандықты қабылдамай қойды. Мамандықтар арасында өзара қатынастар жеңілдетіледі, қызметкерлердің жұмыстары кеңейеді, соған қарай жұмыс орындарын топтастыру, градациясы азаяды. Осының бәрі еңбек күшінің икемділігіне әкеледі. Нақты өндіріс міндеттерін орындауға жаңа автономиялық жұмысшы топтары құрылып жатады, олар өнімнің сапалылығы және қаржылық сыйақыға және бригададағы (ұйымдағы) әркімнің міндеттерінің бөлінуін қадағалайды.

Информация о работе Казфосфат ЖШС ЖФ «Минералды тыңайтқыш»