Рефераты по педагогике

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі

23 Октября 2013, реферат

Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайда болып, даму тарихы да өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан алады. Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырдық ерте дәуірінде-ақ (ҮІІ-ҮІП ғ.ғ.) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны тарихтан белгілі.
Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б. қалаларында көптеген медреселер болған, олардың жалпы саны 84-ке жеткен. Ауылдық жерлерде мектепте молдалар (татар, башқұрт, т.б.) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналған. Балалар қыс, күз айларында оқыған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға 7 жастан бастап қабылдаған, жыл аяғында емтихан тапсыру мектеп бітіргені үшін балаға ресми куәлік тапсыру тәртібі сақталмаған. Медреселер мұсылмандық рәсімдерін таратушы оқу орны болып қана қоймай, ірі мәдениет орталығы ретінде де қызмет атқарған. Бұл оқу орындарында заңтану, тарих, логика, философия, математика, астрономия, медицина, т.б. пәндер енгізілген. Медреселердің жанында салиқалы кітапханалар болған.

Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл

07 Ноября 2011, реферат

Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына аяқ басады. Мыңжылдықтар тоғысында бабалар аңсары шындыққа айналып, 1991 жылы тәуелсіз мемлекетіміз құрылды.

Қазақтың ұлттық ойындары

26 Февраля 2013, шпаргалка

Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.
Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді.
Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады.

Қарахан Әулетінің мемлекеті

26 Декабря 2011, доклад

Қарахан мемлекеті негізін салған Сатұқ Боғра хан (915—955). 940 (942) ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемлекеті тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуы мен оның ерте тарихында басты рольді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды.

Қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың дидактикалық мүмкіндіктері

26 Февраля 2013, реферат

Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ.

Қожа Ахмед Иассауи еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері

22 Февраля 2013, реферат

Ұлы ұстаз Қожа Ахмет Иассауидің өз халқына қызмет етуге ұмтылысы оның мәні өшпес, ойгілі мұрасы "Диуани хикмет" (Ақыл, даналық кітабы) атты жинағынан айқын көрініс берді. Ол халық даналығы мен оған түсінікті тәрбие туралы идеяларды қорытыңдылай келе, оларды ерекше бейнемен өзгертті және халықтың өзіне кайтарды. Мүнда халықтың болашаққа мазасыздықпен қарауы, адамгершілік сабақтары қызметін атқарған сол тарихи зерденің өзі, орындалуы бүгінгі күні де мағыналылығын жоймаған келешек ұрпаққа өсиеттер бар.

Құзыреттілік – білім мен мүмкіндіктің бірігуі

02 Марта 2013, реферат

Қазақстан Республикасында 2010-2015 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылауына, өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандардың қажет етілуіне байланысты жоғары мектеп алдына білім сапасын арттыруда.

Құндылық-тұлғалық бағдар беру жолдары

01 Ноября 2012, курсовая работа

Эвололюциялық дамудың ең жоғарғы сатысына көтерілген, қоршаған ортаға белсенді ықпал етіп, тіршілік сырын танып білу иесіне айналған тұлға мәселесі, оның даму ерекшеліктері қазіргі ғылымда көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады. Тұлға ұғымы әр түрлі ғылыми салаларында зерттелініп жатқанымен, дамып келе жатқан әлеуметтік орта мұны жеткіліксіз деп бағалайды.

Құқықтық мемлекет

13 Сентября 2013, реферат

Құқықтық мемлекет — конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.

Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқы бүзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады.

Ұйқы процесінде түстің пайда болуы

28 Марта 2013, реферат

Тақырыптың өзектілігі: Түс – қарапайым тілмен айтқанда ұйықтап жатқанда көрінген тылсым дүниелер, адамның ұйқыда терең мұхитқа не ғарыш кеңістігіне сүңгуі секілді құбылыс. Кейде талай жерді шарласа да екі көзі жұмулы ештеңені көрмей қайтса, кейде мұхиттың ерке толқындарымен ойнап, дәмді суын жұтып, түбіндегі сан түрлі інжу-маржандарын тамашалап үлкен әсермен қайтады. Түс – ақиқат әлеміне кең ашылған есіктен бұрын болып кеткен я болашақта болатын оқиғалардың сол күйі не бірқатар рәміздер арқылы тамашалануы. Әркім ішкі жан дүниесінің тазалығына сай өзіне көрсетілген белгілерден мән шығара алады.Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады.

Ұстаз болу жүректің батырлығы

02 Апреля 2013, реферат

Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады.

Әлеуметтік-педагогикалық зерттеу

08 Февраля 2013, реферат

Ғылыми зерттеудің мәні. Әлеуметтік педагогикадағы ғылыми зерттеудің міндеттері. Әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің кезеңдері мен әдістері.

Өзін-өзі тану» - мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жаңа пән

10 Февраля 2013, методичка

Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық селосындағы №9 Құлыншақ балабақшасы 2009-2010 оқу жылында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сынақ алаңы болып жұмысын бастады. 2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты оқу жоспарына «Өзін- өзі тану» пәнінің енгізілуіне байланысты оқу- тәрбие жұмысы жалғасын табуда. Осы уақыт аралығында «Өзін- өзі тану» пәнінің іс- қимыл жоспарына сай балабақшада балаларды рухани- адамгершілік құндылықтар нәрімен сусындатуда оқу- тәрбие процесінде біршама жұмыстар жүргізіліп келеді.

Өзара сабаққа қатысу дәптері

14 Февраля 2013, реферат

Мұғалімнің сабаққа дайындығы 2 бөлімнен тұрады – пәнді оқытуға жалпы дайындық және әрбір сабаққа дайындық.
Пәнді оқытуға жалпы дайындық оқу жоспарын, бағдарламасын оқып-үйреніп, күнпарақтық-тақырыптық жоспар жасаудан және сабақтың материалдық-техникалық базасын – оқу бөлмесін, көрнекі құралдар, ОТҚ, құрал-саймандарды, приборларды т.б. реттеуден тұрады (құралады). Бұл дайындық, әрине, оқу жылы басталмай тұрып жасалады.
Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс.

Өздик жумыс курстық жұмыс

31 Марта 2012, курсовая работа

Қазақстан Республикасының бүкіл әлемдік білім кеңістігінен өз орнын алуы-үлкен әлеуметтік және саяси мәні бар мәселе. Осыған байланысты егеменді еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің алдына жауапты да, абыройлы міндеттер қойылып отыр. Солардың бірі – оқушыға өз бетімен жұмыс істете отырып білім алудың - қарапайым дағдыларын менгерту, алған білімді біліктілік дәрежесіне көтеру.

Өндірістік оқыту үрдісі және оның арнайы ерекшеліктері

04 Марта 2013, доклад

Кәсіби дайындықты немесе адамды жұмыс жасауға үйрету екі жолмен қарастыруға болады: табиғи, яғни оқушының өндірістік сабақта арнайы маманмен, біліктілігі жоғары жұмысшылармен және арнайы ұйымдастарылған өндірістік сабақта қарастырылады. Бірінші жолы қазіргі күнде аз қолданылады, себебі ол ұзақ уақытты алатын және аз әсерлі болады.
Білікті жұмысшыларды кәсіби мектептерде кәсіби техникалық білім беру негізінде арнайы мамандардың, оқытушылардың және өндірістік оқыту шеберлерінің көмегімен дайындалады. Тиімді ұйымдастыру және оқыту үрдісінің әдістемесі – кәсіби мектептің және оның педагогикалық ұжымының негізгі мәселесі.

“Своё” и “чужое”: заимствованные слова в русском языке

17 Февраля 2013, реферат

Русская лексическая система в ее современном виде появилась не сразу. Процесс формирования словарного состава длительный и сложный, тесно связанный с историей развития русского народа. Историческая лексикология называет два основных пути развития лексической системы:
1. Возникновение слов исконных, т.е. существующих издавна, постоянно.
2. Заимствование слов из других языков.