Әдіснамалық түсініктемелер

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 11:21, реферат

Описание работы

Еңбек статистикасы экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік статистиканың және оның басқа салаларымен тығыз байланысты маңызды құрама бөлігі болып табылады, себебі қызметкерлер саны және еңбекақы төлеу көрсеткіштері экономиканың жағдайын тұтастай және жеке қызмет түрлері бойынша сипаттайтын басты элементі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

енбек стат.doc

— 445.00 Кб (Скачать)

Әдіснамалық түсініктемелер

 

      Еңбек статистикасы экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік статистиканың және оның басқа салаларымен тығыз байланысты маңызды құрама бөлігі болып табылады, себебі қызметкерлер саны және еңбекақы төлеу көрсеткіштері экономиканың жағдайын тұтастай және жеке қызмет түрлері бойынша сипаттайтын басты элементі болып табылады.

      Еңбек бойынша статистикалық ақпараттарды жинау және жариялау екі бағытта  жүргізіледі:

    • еңбек рыногының көрсеткіштері;
    • еңбекақы төлеу (еңбек құны) көрсеткіштері.

      Еңбек статистикасы көрсеткіштерін құру дереккөздері жұмыс күшін іріктемелі зерттеу материалдары мен шаруашылықты жүргізетін субьектілердің ағымдағы статистикалық байқау деректері болып табылады.

      Еңбек рыногын зерттеу және еңбек бойынша есептілікті жинау экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша республиканың барлық аумағында жүргізіледі. Жеке тұлғалар (халық, жұмыспен қамтылған адамдар) мен заңды тұлғалардың (кәсіпорындар және ұйымдар) жиынтығы байқау объектілері болып табылады.

      Еңбек статистикасында көрсеткіштер жүйесін, статистикалық есептілік нысандарын, статистикалық байқау әдістерін жетілтіру бойынша ауқымды жұмыс атқарылған. Бұл халықаралық стандарттарға, атап айтқанда Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсыныстарына негізделген әдіснамалық тәсілдерге өтуді жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

      Бүгінгі күні Қазақстанда еңбек статистикасы көрсеткіштері жүйесінде еңбек рыногының 17 негізгі индикаторлары (KILM – Key Indicators of the Labour Market) бар. Осы көрсеткіштер бойынша дереккөздерді, сондай-ақ олардың есептеу тәртібін қамтитын бірыңғай әзірленген әдіснамалық түсініктер мен анықтамалар ХЕҰ-ның ұсыныстары мен стандарттарына негізделген. Олар сапаның барлық параметрлері бойынша Халықаралық Валюта Қорының Деректерін Таратудың Арнайы Стандарттарына (ХВҚ ДТАС) сәйкес деп танылған, бұл олардың халықаралық деңгейде салыстырмалығын қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, қолданыстағы есептіліктің оның сапасына, дұрыстығына, обьективтілігіне және мүдделі ведомстволар мен басқа да пайдаланушыларды статистикалық ақпараттармен қамтылуына тұрақты бағалауы қамтамасыз етіледі.

      Еңбек статистикасы көрсеткіштерінің жүйесі мен оларды алу әдістерін көкейтесті ету және қайта қарау халықаралық тәжірибеде қолданылатын стандарттарға жақындауын есепке алумен, сондай-ақ «Еңбек статистикасы жөніндегі» Халықаралық еңбек ұйымының 1985 жылғы № 160 Конвенциясы мен 1985 жылғы     № 170 Ұсынысын есепке алумен жүзеге асырылады.

      Халықаралық еңбек ұйымы мен Еуростат ұсыныстарын басшылыққа ала отырып, еңбек рыногы статистикасын одан әрі дамыту, атап айтқанда халықты бейресми жұмыспен қамту көрсеткіштерін, еңбек (лайықты еңбек) сапасын өлшеу индикаторларын қалыптастыру, толық емес және ішінара жұмыспен қамтуды, еңбек құнын (бағасын) зерделеу бойынша жұмыстар жалғасуда.

      Еңбек статистикасы көрсеткіштерін есептеу негізіне Еңбек Статистиктерінің Халықаралық Конференциясымен (ХЕСК) қабылдаған анықтамалар және Қазақстанның ұлттық ерекшеліктерін есепке алумен Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсыныстары алынды.

      Еңбек статистикасының кез келген көрсеткіштерін құру халықаралық стандарттармен және озық тәжірибемен ұсынылатын концепциялары мен қағидаттарына негізделеді:

     - «Жұмыспен қамту, жұмыссыздық және толық емес жұмыспен қамту» Халықаралық еңбек ұйымының әдіснамалық басшылығы («Surveys of economically active population, employment, unemployment, and underemployment»);

     - «Еңбек рыногының негізгі индикаторлары» жүйесі («Key Indicator of the Labor Market» KILM) және 1999 және 2003 жылдары Женевада ХЕҰ-мен әзірленген KILM индикаторлар жүйесін қолдану бойынша басшылық;

     - Кәсіптегі жағдайы (жұмыспен қамтудағы мәртебесі) бойынша  халықаралық жіктелім – Еңбек статистиктерінің 15-ші халықаралық конференциясында қабылданған ЖҚМХЖ (International Classification by Status in Employment, ICSE-93);

     - Еңбек статистиктерінің 11-ші халықаралық конференциясында қабылданған жұмыс күшіне жұмсалатын шығыстарына жататын халықаралық қарар;

     - Еңбек статистиктерінің 12-ші халықаралық конференциясында қабылданған жалақы статистикасының интеграцияланған жүйесіне жататын халықаралық қарар.

      Негізгі индикаторларға (KILM) енгізілген ХЕҰ-ның стандарттары мен ұсыныстары жұмыс күшін, жұмыспен қамтуды, жұмыссыздықты, жалдамалы қызметкерлердің жалақысын және жұмыс берушілердің өтемақы (төлемдерін) шығыстарын, жұмыс күшінің құнын, сондай-ақ, еңбек рыногындағы жұмыс күшінің (қозғалысының) ағындарын және т.б. сипаттайтын көрсеткіштерді алуға мүмкіндік береді.

      Осы халықаралық материалдарды қолдану:

      - рыноктың және еңбекақы төлеудің негізгі көрсеткіштерін ұсынуды;

      - халықтың жұмыспен қамтылуы, қызметкерлерге еңбекақы төлеу және жұмыс күшінің құны саласындағы жаңа үрдістерді қадағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді кеңейтуді және көкейтесті етуге;

      - есептелетін көрсеткіштердің географиялық өкілділігін;

      - еңбек статистикасы көрсеткіштері жүйесінің айқындылығы мен мобильділігі;

      - халықаралық деңгейде көрсеткіштердің салыстырмалығын қамтамасыз етеді.

3.1. Жұмыспен қамту және жұмыссыздық

Еңбек рыногының негізгі индикаторлары (KILM)

    1-KILM. Халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі (жұмыс күшінің қатысу деңгейі)

      Халықтың  экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі жұмыспен қамту саласындағы саясатты әзірлегенде, кәсіби дайындықтағы қажеттіліктерді анықтағанда және ерлер мен әйелдердің еңбек белсенділігінің күтілетін ұзақтығын, еңбекке жарамды жасына толатын және зейнетке шығатын халықтың үлесін есептегенде қолданылады.

      Осы көрсеткіш еңбек рыногында халықтың әр түрлі санаттағы қозғалыс серпінін түсінуге көмектеседі. Теориялардың біреуіне сәйкес халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі мен құрылымы табыстағы жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері мен қажеттілігіне тәуелді, олар халықтың әр түрлі санаттары үшін әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, әр түрлі жас топтардағы әйелдердің экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі оның отбасы жағдайы мен білім деңгейінің өзгеруіне байланысты жүйелі түрде түрленеді. Сондай-ақ, әр түрлі әлеуметтік-экономикалық санаттар арасында қала мен ауылдың экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейлеріндегі елеулі айырмашылықтар байқалады. Тамақтанудың жеткіліксіздігі, мүгедектік және созылмалы аурулар да еңбек ету қабілетіне зиянын тигізуі мүмкін және сондықтан экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейін әсіресе табысы төмен өңірлерде анықтайтын маңызды факторлар болып есептелінеді.

      Еңбек статистиктерінің 13-ші халықаралық конференциясының анықтауымен (1982 ж., ХЕҰ) жұмыс күшіне немесе ағымдағы экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа талаптарды қанағаттандыратын және оларды жұмыспен қамтылған немесе жұмыссыздар санына қосылуға мүмкіндік беретін барлық адамдар жатады.

      Экономикалық  тұрғыдан белсенді халықты өлшеу үшін ХЕҰ-ның стандарттарына сәйкес қабылданған жас – 15 және одан жоғары жастағылар. Көптеген елдерде осындай жас шегі білімге және жұмысқа құқық алудың әлеуметтік стандартына сәйкес келеді.Алайда, кейбір елдерде экономикалық тұрғыдан белсенділер құрамына 15-тен төмен жастағы адамдар да жатады, себебі «еңбекке жарамды жас» 15 жастан ерте басталуы мүмкін.

      Экономикалық  белсенділік деңгейі – халықтың жалпы санындағы экономикалық тұрғыдан белсенді халық санының пайызбен өлшенген үлесі. Ол 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күші санының 15 және одан жоғары жастағы халық санына (ағымдағы экономикалық тұрғыдан белсенді халық) қатынасы ретінде анықталады.

      Еңбекке жарамды жастағы халық – бұл әрбір елдің экономикалық сипатын өлшеу мақсатында белгіленген белгілі бір жасқа жеткен адамдар.

      Қазақстанда еңбекке жарамды жастағы адамдарға 16 жасқа жеткен азаматтар және 63 жастағы ерлер, 58 жастағы әйелдер (Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі және «Қазақстан Республикасының азаматтарын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес) жатады.

2-KILM. Жұмыспен қамту деңгейі

      Еңбек статистиктерінің 13-ші халықаралық конференциясында қабылданған қарарына сәйкес экономикада жұмыспен қамтылғандарға зерттелген аптада сыйақы үшін жалданып, сондай-ақ өз бетінше жұмыспен қамтудан табыс әкелетін жұмыс істеген (ең болмаса аптасына бір сағат), 15 және одан жоғары жастағы адамдар жатады.

      Жұмыспен  қамтылған халық санына жұмыста  уақытша болмаған, бірақ оған ресми тіркелген адамдар да жатады. Уақытша болмаған себептеріне еңбекке уақытша жарамсыздық (ауру), жүктілігі және босануы, балаға күтім жасау бойынша демалыстар, жыл сайынғы еңбек немесе оқу демалыстары және басқалары болуы мүмкін.

      Жұмыспен  қамту деңгейі жұмыспен қамтылғандар санының экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына қатынасы ретінде есептеледі. Ол 15 және одан жоғары жастағы барлық халық санында жұмысы бар (табысты кәсібі) халықтың үлесі ретінде анықталады.

      Осы көрсеткіш еңбек рыногындағы өндірістік қызметінде халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін сипаттайды және уақыттың сол немесе өзге де сәтінде қызмет көрсету мен тауарларды өндіруге қатысатын ел тұрғындарының бөлігін анықтауға көмектеседі.

      Жұмыспен  қамту көрсеткіші әр түрлі елдердің немесе олардың топтарының еңбек рыногын салыстыру үшін база ретінде қолданылады. Ол ерлер мен әйелдер үшін, сондай-ақ әр түрлі жас топтары үшін жеке есептелінеді. Жыныс белгісі бойынша жұмыспен қамту деңгейін талдау ерекше мүддені көрсетеді, өйткені ерлер мен әйелдердің жұмыспен қамту деңгейлерінің салыстырмалы ұқсастығы немесе алшақтығы нақты елдің еңбек рыногында қалыптасқан гендерлік айырмашылықтарын сипаттайды.

3-KILM. Жұмыспен қамту мәртебесі

      Жұмыспен  қамту мәртебесі үш маңызды санаттар арасында жұмыспен қамтылған халықтың айырмашылықтарын жүргізеді:

      - жалданып жұмыс істейтіндер (жаладамалы қызметкерлер);

      - жалданып  жұмыс істемейтіндер (өз бетінше жұмыс істейтіндер);

      - отбасына  көмектесетін мүшелері (сондай-ақ, отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін қызметкерлері деп аталатындар).

      Осы үш топтардың әрқайсысы жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санындағы, сондай-ақ жұмыспен қамтылған халықтың ерлер мен әйелдер санындағы тиісті үлесі түрінде көрсетілген.

      «Жалданып жұмыс істемейтіндер» тобы келесі кіші санаттарды қосады:

      - жалдамалы қызметкерлерді тартумен жалданып жұмыс істемейтіндер (жұмыс берушілер);

      - жалдамалы қызметкерлерді тартусыз (өзінің есебінен жұмыс істейтін дара кәсіпкерлер) жалданып жұмыс істемейтіндер.

      Мәртебесі бойынша жұмыспен қамтылғандардың  жіктелімі еңбек рыногының, сондай-ақ тұтас алғанда экономиканың серпінін зерделеу үшін маңызды. Жұмыспен қамту мәртебесі қызметкерлердің мінез-құлығын және еңбек жағдайын сипаттау үшін, сондай-ақ индивидуумның әлеуметтік-экономикалық ережелерін анықтау үшін статистикалық негізді береді. Жалданып жұмыс істейтіндердің жоғары үлесі экономикалық дамудың жоғары деңгейі жөнінде куәландырады.

      Егер  жалдамалы еңбекті тартуды талап  етпейтін өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі жоғары болса, бұл ресми сектордағы жұмыс орындарының өсу қарқынының төмендеуін және бейресми секторда олардың өсу қарқынының жоғарылауын көрсетеді. Жұмыспен қамтылған халықтың елеулі үлесін отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін қызметкерлері құрайтын мемлекет ең алдымен нашар дамыған болып табылады және жұмыспен қамту өсуінің елеулі емес қарқынымен, барлық жердегі кедейшілікпен және көбінесе, ауыл шаруашылық өндірісінің басымдылығы кезінде өндірістік индустрияның жоқтығымен сипатталады.

     Осы көрсеткіш экономикалық қызмет секторлары бойынша (KILM 4) жұмыспен қамту көрсеткіштерімен тығыз байланысты. Экономикалық өсу шамасына қарай жұмыспен қамтылған халық ауыл шаруашылық секторынан өндірістік секторына және қызмет көрсету саласына ауысады, бұл өз кезегінде жалданып жұмыс істейтіндер санының өсуіне мүмкіндік береді.

Информация о работе Әдіснамалық түсініктемелер