Әдіснамалық түсініктемелер

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 11:21, реферат

Описание работы

Еңбек статистикасы экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік статистиканың және оның басқа салаларымен тығыз байланысты маңызды құрама бөлігі болып табылады, себебі қызметкерлер саны және еңбекақы төлеу көрсеткіштері экономиканың жағдайын тұтастай және жеке қызмет түрлері бойынша сипаттайтын басты элементі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

енбек стат.doc

— 445.00 Кб (Скачать)

      Ресми сектордың кәсіпорындардағы бейресми жұмыс орындарына еңбек қатынастарын жазбаша рәсімделусіз ауызша келісім негізінде жұмыс істейтін адамдардың, сондай-ақ мердігерлік шарттар және басқа да азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс үшін тартылатын адамдар жатқызылады. Шарттардың соңғы түрі, жазбаша нысаны болғанмен өзінің анықтамасы бойынша әлеуметтік қорғалуға қызметкерлердің құқығын қамтамасыз етуге бағытталған ережелерден құралмайды.

      Отбасының көмектесетін мүшелері қызметті тіркеу туралы сұраққа берілетін жауаптар бойынша бейресми сектор және ресми секторға бөлінеді.

Бейресми  жұмыспен қамту секторы көрсеткіштерінің жалпы сипаттамасы

      Бейресми  сектордың кәсіпорындары  ретінде нарықта өткізуге арналған қызмет көрсетулер мен тауарлар өндірісін жүзеге асыратын және заңды тұлға мәртебесі жоқ үй шаруашлықтарының кәсіпорындары немесе үй шаруашылықтарына жататын корпоративті кәсіпорындары саналады.

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 33-бабына сәйкес меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.

      Ұлттық  шоттар жүйесінде қолданылатын мәнінде бейресми жұмыспен қамтуды пайдаланатын кәсіпорындар – бұл жұмыс берушілерге және оларды өз бетінше немесе сол не болмаса басқа үй шаруашылықтарының мүшелерімен бірлесіп басқаратындарға жататын үй шаруашылықтарының кәсіпорындары. Мұндай кәсіпорындар штатында негізінен тұрақты негізде жұмыс істейтін бір немесе бірнеше жалдамалы қызметкерлері болады.

      Үй  шаруашылықтарының кәсіпорындары  – бұл қызмет көрсетулер мен тауарларды өндірудің жұмыспен қамтылған және дербес заңды құрылымдар болып табылмайтын бірліктер. Олар үй шаруашылығының шегінде ғана құрылады және оның мүшелерінің жеке меншігінде болады. Осы бірліктер үшін кәсіпорынның өндірістік қызметін және олардың иелерінің қалған қызметтерін анық шектеуге немесе кәсіпорындар мен олардың иелерінің арасындағы табыс пен капиталдың қозғалысын анық бақылауға мүмкіндік бере алатын толық есептер жиынтығы (атап айтқанда, баланстар) болмайды.

      Үй шаруашылықтарының кәсіпорындарына қатысты «кәсіпорын» термині кең мағынада қолданылады. Ол жалдамалы еңбекті қолданатын өндірістік бірліктердіғана емес, сондай-ақ жеке меншігінде болатын және жалғыз немесе отбасының ақы төленбейтін мүшелерінің көмегімен өз бетінше жұмыспен қамтылған адамдар ретінде жеке есебін жүргізетін жеке тұлғалармен басқарылатын өндірістік бірліктер. Қызмет кәсіпкердің иелігіндегі үйдің, белгілі үй-жайының ішінде немесе одан тыс жерде немесе белгісіз орналасқан жерде жүзеге асырылуы мүмкін. Осыған сүйене отырып, дербес көше саудагерлері, такси жүргізушілері және т.б. кәсіпорын ретінде қарастырылады.

      Үй  шаруашылықтарының кәсіпорындары  жеке отбасы мүшелеріне, үй шаруашылығының бір немесе бірнеше мүшелері иеленетін корпоративтік емес кәсіпорындар, сондай-ақ, корпоративтік емес кәсіпорындар, әр түрлі үй шаруашылықтарының білімді мүшелері жатады.

      1993 жылғы ҰШЖ-ға сәйкес өндірістік бірліктердің жиынтығы ретінде бейресми сектор «Үй шаруашылығы» секторының бөлігін немесе квазикорпорацияларды қоспағанда үй шаруашылықтарына жататын корпоративтік емес кәсіпорындарды құрайды. Олар бірліктердің заңды мәртебесі және олардағы бухгалтерлік есептің сипаты бойынша квазикорпорациядан немесе корпорациядан ерекшеленеді.

      Ұлттық  статистикалық қызмет үшін бейресми сектордағы жұмыспен қамтуды анықтаға және өлшеуге принципті құралдық тәсілдемелер 15-ші ЕСХК ұсыныстарында қалыптастырылған. Бұл қарар тек қана тұжырымдамалық қорды ғана құрамай, сонымен бірге «бейресми сектор» деген ұғымға анықтама береді және де онда жұмыспен қамтылған адамдар санын бағалау үшін жалпыға бірдей шектерді, сондай-ақ жиналған ақпараттарға байланысты әр түрлі сипаттамалар бойынша бейресми сектордың субъектілерін жіктеу тармағын ұсынады.

      «Бейресми сектор» термині кез келген шағын масштабты өндірістік бірлікке қолданылады, оның сипаттама белгілері мыналар болып табылады:

      -өндірістік бірлік ретінде оңайлатылған қатысу;

      -отандық ресурстарға тірек;

      -«іскер кәсіпорындарды» иеленудің отбасы құқығы;

      -операцияның шағын масштабы;

      -дәстүрлі технология қорында еңбектің жоғары қарқындылығы;

      -отбасы мүшелері-қызметкерлеріне маңызды тірек;

      -білім берудің ресми жүйесі шегінде алған дағдылары;

      -реттелмейтін бос нарықтарда қызметтерді жүргізу;

      -сағат/күндер бойынша жұмыс ұзақтығына шектеулердің болмауы;

      -кредит қажеттілігін қанағаттандыру үшін ұйымдастырылған сектордың қаржы мекемелердің қызмет көрсетулеріне қол жеткізілімнің жоқтығы;

      -«қызметкерлермен» ресми еңбек арақатынастың болмауы;

      -жұмысқа қажетті кәсіби дағдылардың төмен деңгейі;

      -өнімділікттің төмен деңгейі;

      -жалақының төмен деңгейі және «қызметкерлер» үшін әлеуметтік тиімділігінің нақты толығымен болмауы;

      -күрделі шығыстардың төмен деңгейі;

      -өнідірілетін өнімге кепілдік сапасының жоқтығы;

      -ұлттық заңнамаға сәйкес өндірістік бірлікті тіркеу белгісі бойынша заңсыз қызметі;

      -мобильдік жеке жұмыс орны немесе үй шаруашылығының үй-жайындағы жұмыс орны;

      -жеке және іскерлік шығыстар бойынша жеке шоттардың жоқтығы.

      Жұмыспен  қамту статистикасының мақсаты үшін бейресми сектордың шеңбері, әдетте, үй шаруашылықтарының нарықтық қызметтерімен шектеледі. Бұл ретте:

      -үй шаруашылықтары мүшелерімен тегін көрсетілетін үй және жеке қызметтер;

      -қоғамдық бастамаларда ерікті көрсетілетін қызметтер;

      -өзінің түпкілікті тұтынуы үшін ауыл, орман шаруашылықтары, аңшылық, балық аулау өнімдерін өндіру алынып тасталады.

      Сонымен бірге, ҰШЖ-да анықталған өндіріс шегінде қызмет көрсетулер мен тауарларды құруға жұмсалған жалпы еңбек шығыстарын бағалау мақсатында өзінің түпкілікті тұтынуы үшін ауыл, орман шаруашылығы, аңшылық, балық аулау өнімдерін өндірумен үй шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық санатын қосымша бөлу пайдалы болып табылады.

      Заңды тұлға ретінде  тіркелудің жоқтығы критерийді қолданған кезде бейресми секторға:

      -кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеудің барына тәуелсіз жеке негізде немесе заңды тұлғаның құрылуынсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар;

      -заңды тұлғаның құрылуынсыз жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген шаруа (фермер) қожалықтарының басшылары;

      -заңды тұлғаның құрылуынсыз жеке кәсіпкерлер ретінде мемлекеттік тіркелуінің барына тәуелсіз кәсіби немесе техникалық қызметтер көрсетумен айналысатын адамдар (дәрігерлер, нотариустар, аудиторлар және т.б.);

      -өз бетінше жұмыспен қамтылғандар немесе жалдамалы қызметкерлер ретінде қарастырылуына тәуелсіз үй бойынша ақылы қызмет көрсетумен айналысатын адамдар (горничныйлар, күзетшілер, жүргізушілер, гувернанткалар, баланы күтушілер, үй аспазшылары, үй хатшылары және т.с.с.);

      -дара кәсіпкерлер арасында жасалған жай серіктестіктің шарты бойынша құрылған жай серіктестер;

      -жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерде жалдану бойынша жұмыс істейтін азаматтар;

      - үй шаруашылығында ауыл, орман шаруашылығы, аңшылық, балық аулау өнімін өндірумен айналысатын адамдар, егер өндірілген өнімдер нарықта өткізуге арналған жағдайда.

      Бейресми  секторға:

      -бұл ұйымдардың заңды тұлға құқығы жоғына қарамастан қаржы-өнеркәсіптік топтар, жарналық инвестициялық қорлар, өкілдіктер, филиалдар және заңды тұлғалардың оқшауланған басқа бөлімшелері;

      -заңды тұлға ретінде тіркелген шаруа (фермер) қожалықтары жатпайды.

      Бейресми  сектордың өзіндік оң және теріс  жақтары бар, оның баланстары соншалықты біркелкі емес және әр түрлі жағдайларға байланысты. Тұтастай алғанда, жалпы бейресми сектордың мәні экономика үшін тым бір мағыналы емес. Бір жағынан, оның шағын бизнесті дамыту үшін қорларын құру, тауар мен қызмет көрсету нарығын кеңейту, халықтың табысы мен жұмыспен қамтылуының мәселелерін шешуде позитивті ролі көрінеді. Осылайша, бейресми сектор жұмыссыздық өсуінің және халықтың тұрмыс деңгейінің күрт төмендеуін ұстап тұрады. Ол халыққа тек жұмыс істеуге ғана емес және пайда табуға мүмкіндік береді, бұл көпшілік үшін (атап айтқанда, еңбек рыногында бәсекеге қабілеттілігі төмен адамдар үшін) еңбек жағдайларында өмір сүрудің жалғыз мүмкіндігі. Бейресми жұмыспен қамту ресми ұсынылған жұмыспен қамту, ең бастысы – еңбекақы жағдайына, қызметкерлер үшін мүлде қызықтырмайтын беделсіз жұмыс орындарын толтыруға себепші болады. Одан басқа, ол жұмыс берушілер мен көпшілік қызметкерлер санатын қызықтыратын жұмыс күшін икемді пайдалануға кең мүмкіндік береді. Бейресми секторда жұмыспен қамтылғандардың жалақысы, өз кезегінде, тауарлар мен қызмет көрсетулерге, оның өндірісіне жағдай жасап, ұсыныстың өсуіне әкеп соғады.

 

      3.1. Ресми және бейресми сектор кәсіпорындарының салыстырмалы сипаттамалары

 
Сипаттамалары Ресми сектор Бейресми  сектор
Кіру  барьерлері Жоғары Төмен
Технологиялар Капиталды көп  қажет ететін Еңбекке қарқындылығы мол
Басқару Бюрократиялық Отбасылық
Капитал Артық Жеткіліксіз
Жұмыс уақыты Тұрақты Тұрақсыз
Еңбекақы  төлеу Қалыпты Шектелген
Пайдаланылатын  қаржы қызмет көрсетулері Банктердің  қызмет көрсетулері пайдаланылады Жеке, бейресми қызмет көрсетулерді пайдалану
Сатып алушылармен қатынастар Өзгешеліксіз Жеке
Тұрақты шығындар Ірі Болмашы
Жарнаманы пайдалану Міндетті Шағын, не мүлде  жоқ
Үкіметтік субсидияларды пайдалану Жиі ірі Жоқ
Нарықтық  бағдар Экспортқа таза күйінде Экспортқа сирек  күйінде
 

      Бірақ, сонымен бірге бейресми сектор еңбек  қатынастарының қатаң деформациясын  көрсетеді. Жұмыспен қамтуға тиісті рәсімнің жоқтығы жұмыс берушілермен еңбек құқығы нормаларына және қызметкерлерге құқықсыздығы, оларға әлеуметтік кепілдіктер мен құқықтық қорғаудың жоқтығына алып келеді. Бұл жұмыс күшін еңбекке төмен ақы төлеу, еңбекті қорғау және оны пайдалану талаптарын және нормаларын сақтамау есебінен пайдалану мүмкіндігін білдіреді (еңбектің жоғары қарқындылығы және еңбектің шамадан тыс ұзақтығы, демалыс күндердің, ақы төленетін демалыстардың жоқтығы және т.б.). Бейресми секторда жұмыспен қамтылғандардың төмен еңбекақысы жаңа техникалар өндіруді және енгізуді жетілдіруге ынталандыруын қысқартады. Осының барлығы қызметкерлердің денсаулығын жоғалтуына, жұмыс күшінің біліктілігін жоғалтуына, еңбек сапасының төмендеуіне және өндіретін өнімнің, яғни түпкі қорытындысы – еңбек әлеуеті сапасының төмендеуіне әкеп соғады. Жұмыспен қамтудың тұрақсыз сипаты жұмыс жүйесінен алшақтауына алып келеді.

      Бейресми  сектордың қызметі тұтынушылар  үшін негативті салдары болуы  мүмкін, ұсынылатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің сапасын бақылауды қиындата түседі. Соңында мемлекет табыстарды салық салудан жасыру нәтижесінде қаражаттың басты бөлігін түгел ала алмайды, бұл бюджет саласында еңбекақыны көбейту мүмкіндіктерін шектейді, әлеуметтік инфрақұрылымды толық қаржыландырмауына және инвестицияның жеткіліксіздігіне алып келеді.

      Бейресми сектор өндірімділігі аз болғандықтан (төмен күрделі қаржы сыйымдылығы мен қарапайым технологиялардың басымдығы), оның дамуы ресурстардың тиімсіз алаңдауын көрсете отырып, тұтастай жалпы экономикалық өсімді ұстап тұруы мүмкін.

      Бейресми  сектордың дамуы табыстардың  теңсіздігін шамадан тыс күшейтеді және оның масштабы қаншалықты маңызды болса, соншалықты оның негативтік салдары көрініс табады.

      Бірақ, оның кемшіліктеріне қарамастан, онсыз мүмкін емес. Сонымен бірге бейресми сектор жеткілікті инертті. Жаппай бейресми жұмыспен қамтуы бар елдердің тәжірибесі ресми секторда жұмыс орындарын құру шамасына қарай автоматты түрде жоғалмайтынын көрсетеді.

Бейресми  сектордағы әдіснамалық тәсілдемелер және жұмыспен қамтылғандарды бағалау

      Бейресми  секторда жұмыспен қамтылған адамдардың санын және сипаттамасын, олардың жұмыс жағдайларын байқау үй шаруашылықтарының мүшелері болып табылатын бірліктер байқауы жұмыспен қамту мәселелері бойынша халыққа зерттеу жүргізген кезде жүзеге асырылады.

Информация о работе Әдіснамалық түсініктемелер