Әдіснамалық түсініктемелер

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 11:21, реферат

Описание работы

Еңбек статистикасы экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік статистиканың және оның басқа салаларымен тығыз байланысты маңызды құрама бөлігі болып табылады, себебі қызметкерлер саны және еңбекақы төлеу көрсеткіштері экономиканың жағдайын тұтастай және жеке қызмет түрлері бойынша сипаттайтын басты элементі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

енбек стат.doc

— 445.00 Кб (Скачать)
ify">     Олар  бейресми сектордағы жұмыспен қамту статистикасына қатысты Еңбек Статистиктерінің 15-ші Халықаралық Конференциясымен (бұдан әрі – 15-ші ЕСХК) қабылданған Қарарына, сондай-ақ Еңбек Статистиктерінің 17-ші Халықаралық Конференциясымен мақұлданған бейресми экономикада жұмыспен қамтуды статистикалық анықтау бойынша басшылық ететін қағидаттарға негізделеді.

     Осы әдіснамалық ережелер бейресми секторды, ондағы жұмыспен қамту тұрғысында зерделеуде бірінші кезеңі болып табылады. Әзірлеу кезінде Ұлттық шоттар жүйесінің қағидаттары, нарық өнімдерін өндіретін үй шаруашылықтарды, ауыл шаруашлығында шаруашылық жүргізетін ұйымдық нысандарын, дара негізде кәсіпкерлік қызметтің әртүрлілігін анықтау бөлігінде есептеледі.

 

Бейресми секторда жұмыспен қамту статистикасы саласындағы халықаралық стандарттар

 

      1993 жылғы наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Статистикалық комиссиясы 15-ші ЕСХК қарарын қолдап, оның тиісті бөлімдерін Ұлттық шоттар жүйесіне енгізу туралы шешім қабылдады. Бейресми сектордың анықтамаларын ҰШЖ-ға қосу, оны шоттарда сәйкестендіру және қосылған құнға жұмыспен қамтылғандар санындағы және бірыңғай әдіснама бойынша еңбек шығыстарындағы бейресми сектордың баға үлесін алу үшін алғышарттар құрды.

      15-ші  ЕСХК Қарарында бейресми сектор, қызмет көрсетулер мен тауарларды өндірудің жұмысымен қамтылған және үй шаруашылықтары кәсіпорындарының ерекше белгілерін иеленген бірліктер жиынтығы ретінде онда қатысқан адамдарды жұмыспен және табыспен қамтамасыз ету мақсатында анықталған.

      Бейресми  сектордың өндірістік бірліктерінің келесі ерекшеліктері бар:

      - ұйымдастырудың төмен деңгейі  және қызметтің шағын масштабы;

      - өндірістік бірліктер үй шаруашылықтарынан немесе олардың мүшелерінен жеке құралған дербес заңды құрылымдар болып табылмайды;

      - негізгі қорлар және басқа активтер өндірістік бірліктерге емес, оның иелеріне жатады;

      - бірліктер мәмілелерге немесе басқа бірліктермен басқа шарттық қатынастарға түсе алмайды және өз атынан өзіне міндеттемелерді ала алмайды;

      - иелер өндірістік қызметті ұйымдастырады және өндірістік үдеріспен байланысты кез келген міндеттемелер бойынша шектеулерсіз жауап береді;

      - еңбек қатынастары (егер олар болса) кепілдіктерді формалды сақтаумен шарттарға емес, кездейсоқ жұмыспен қамтуға немесе туыстық және жеке қатынастарға негізделген;

      - кәсіпкерлік қызмет ақы төленбейтін отбасы мүшелерінің көмегімен немесе бір немесе бірнеше жалдамалы қызметкерлер тартылған жеке адамдармен жүзеге асырылады;

      - негізгі қорлар, әдетте, өндірістік, сондай-ақ жеке мақсаттар үшін қолданылады;

      - негізгі қорлар өнідірістік және жеке мақсаттар үшін де қолданылады;

      - ұйымдық нарықтарға, кредит мекемелеріне, замануи технологияларға, кәсіби оқуға және т.б. шығуының болмауы (немесе аз болуы);

      - қызмет, әдетте, тұрақты үй-жайсыз немесе иелердің үйінде жүзеге асырылады;

      - жағдайлар кейбір кезде заң шегінен шығуға мәжбүр етеді (мысалы, салықты төлеу, әлеуметтік қорларға аударымдар, еңбек туралы заңнама бөлігінде).

      Қарарда өзінің тұтынуы немесе негізгі капиталын толтыру үшін қызмет көрсетулерді және тауарларды өндіретін үй шаруашылықтарының кәсіпорындарын осы секторда жұмыспен қамтуды есепке алған кезде бейресми сектордан алып тастау қажет.

      Бейресми  сектор жұмысқа тартылған адамдар, олардың жұмыстарының сипаты емес атқарылатын қызметі шегінде өндірістік (кәсіпорындар) бірліктер сипаттарының негізінде анықталуы керек.

      Бейресми  сектордың тұжырымдамасы жасырын экономиканың тұжырымдамасынан ерекшеленеді.

      Бейресми сектордың өндірістік бірліктері көпшілігінің басымдылығы қызмет көрсетулер мен тауарларды өндіру мен таратуды шын мәнінде заңды ұсынады. Бұл қылмыстық қызметке немесе заңсыз өндіріске қарама-қайшы қойылады.

      Бейресми сектор кәсіпорындарының қызметі салықтарды немесе әлеуметтік сақтандыруға жарналарды төлеуден әдейі бас тартумен, еңбек заңнамасын немесе басқа да тәртіптерді бұзумен міндетті түрде байланыспайды. Алайда, бейресми сектор кәсіпорындарының кейбіреуі барлық немесе кейбір ережелерді орындаудан бас тарту және осылайша өндіріс шығындарын төмендету үшін тіркелмеген немесе лицензияланбаған түрде қалуды қалайды,.

      15-ші ЕСХК анықтамасы бойынша бейресми сектор кәсіпорынның екі шағын топтарынан тұрады:

      - тұрақты негізде жалдамалы қызметкерлерді жұмысқа тартпайтын бейресми кәсіпорындар;

      - тұрақты негізде жалдамалы қызметкерлерді жұмысқа тартатын бейресми кәсіпорындар.

      15-ЕСХК Қарарында белгіленген «ұлттық ерекшеліктеріне қарай тұрақты негізде жалдамалы қызметкерлерді жұмысқа тартпайтын бейресми кәсіпорындар ретінде үй шаруашылықтарының барлық кәсіпорындары немесе ұлттық заңнаманың белгілі нормаларына сәйкес тіркелмегендер ғана қаралуы мүмкін».

      - тұрақты негізде жалдамалы қызметкерлерді жұмысқа тартатын бейресми кәсіпорындар немесе бейресми жұмыс берушілердің кәсіпорындары келесі критерийлерге жауап беруі керек:

  • жұмыспен қамтудың тұрғысынан кәсіпорынның шамалы көлемі;
  • кәсіпорында немесе оның қызметкерлерінде тіркеудің болмауы (осындай үлгімен анықталған, сондай-ақ жалдамалы қызметкерлері жоқ бейресми сектордың кәсіпорындары үшін).

      Жұмыспен  қамту көлемінің критериясы тұрақты негізде кәсіпорынға жалданған қызметкерлер санынан, жалдамалы қызметкерлердің жалпы санына (яғни, уақытша негізде жалданған қызметкерлерді қоса алғанда) немесе есепті кезең ішінде жұмыспен қамтылған адамдардың жалпы санына сүйене отырып (кәсіпкерді, оның серіктестері және отбасы мүшелері санынан ақы төленбейтін қызметкерлерді қоса алғанда) қабылдануы мүмкін.

      Жалдамалы қызметкерлерде тіркеудің  болмау критерийлері қызметкерлерді тіркеу жалдауды жүзеге асыратын кәсіпорынның тіркелуіне әкелген жағдайда қолданылады. Басқа жағдайларда тіркеудің болмау критерийлерін қолдану қызметкерлердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қарау барысында бейресми секторды анықтауға қарағанда жұмыспен қамту сапасын сипаттау үшін неғұрлым орынды.

      Бейресми  секторда жұмыспен қамтылған  адамдар олардың осы есепті кезең ішінде, ең болмағанда, жұмыспен қамту мәртебесінен және осы жұмыс орны негізгі я қосымша болуы фактісінен тәуелсіз бейресми сектордың бір өндірістік бірлігінде жұмыс істеген барлық адамдардың жиынтығы ретінде анықталады.

3.1. Бейресми жұмыспен қамтудың жұмыс орындарының санаттары  
 

 

 

 
 

 
 

 

 
 
 

      Жеке  санаттарға қатысты  ұсыныстар.

      Бейресми  сектордың анықтамасын толықтыру мақсатында 15-ші ЕСХК жеке жағдайлардың статистикалық түсіндіруге қатысты бірқатар ұсыныстарды қабылдады, мысалы, ауыл шаруашылық және аралас қызметімен айналысатын үй қызметшісіне және үйге жұмыс алып істеуші қызметкерлерге ақы төлейтін үй шаруашылығының кәсіпорындары.

      Үйдегі  еңбекте жұмыспен қамтылған адамдарды 15-ші ЕСХК бейресми секторға және бейресми секторда жұмыспен қамтылған қызметкерлер санына қосуды ұсынған, егер өндірістік бірліктер, оларға жататын немесе бейресми секторды анықтау критерияларын қанағаттандыратын жалдамалы қызметкерлер болып табылса.

      Үйде  істеуші – бұл жұмыс берушілер, өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлер және жалдамалы қызметкерлер арасында болатын адамдар санаты. Әдетте, үйде істелетін жұмыс бұл үйдегі жұмысты (яғни, жұмыс беруші тарапынан тікелей бақылауынсыз) білдіреді, оның нәтижесі бір немесе бірнеше жұмыс берушілерге тауарлар мен қызмет көрсетулердің белгіленген санын жеткізу болып табылады.

      Жеке  үйде істеушілердің нақты өндірістік жағдайы оларды бақылау сипаты мен деңгейіндегі, олардың жұмысымен байланысты экономикалық тәуекелділіктің сипаты мен деңгейіндегі, қолданатын шикізатқа және жабдықтарға меншігіндегі, сондай-ақ еңбек заңнамасымен қамтамасыз етілетін қорғаудағы қатынаста ерекше.

      Қолданыстағы  Жұмыспен қамтылғандар мәртебесінің халықаралық жіктелімінде өзінің тапсырыс берушілеріне емес, бір немесе бірнеше жұмыс берушілерге үйде кесімді жұмыс істейтін барлық адамдар жалдамалы қызметкерлер болып есептеледі. Өз үйінде гонорар немесе пайдасын алу үшін жұмыс істейтіндер дербес иелері болып есептеледі.

      Демек, «жалдамалы қызметкерлер» және «жалдамалы емес» үйде істеушілер арасындағы айырмашылық сыйлықақы нысанына және тауарды өткізуге байланысты жинақталады, яғни үйде істеуші басты өзінің еңбегін (факторлық қызмет көрсету) немесе өнімін (тауар немесе қызмет) сататынына байланысты.

      Үйде  істеуші жалдамалы қызметкер деп есептеу керек, егер:

      - айқын немесе айқын емес еңбек шартының қалыптасуы;

      - алынатын сыйлыақылар өндірілетін өнімне немесе жұмыс істелген уақытына байланысты.

      Үйде  істеуші өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлерге жатқызу қажет, егер:

      - шарттар мен келісім-шарттар болмаған жағдайда, ал өткізу, өндіріс көлемі, және қаржыландыру туралы шешімдер үйде істеушіге жатады;

      - үйде істеушіге өндірістік үдерісте қолданылатын капиталды жабдықтар жатады (немесе ол жалға береді);

      - сыйақы сату сомасынан түскен кірістің немесе түсімнің бір бөлігі болып табылады.

      Қызметтің арнайы түрлерін жүзеге асыратын адамдар (мысалы, дәрігерлер, заңгерлер, аудиторлар және т.б.) бейресми секторға жатады, егер олар бейресми сектордың кәсіпорындарын анықтау талаптарын қанағаттандыратын болса.

      Ақы төленетін үй қызметшіні бейресми секторына жатқызу мәселе бойынша 15-ші ЕСХК Қарарында статистикалық деректерді пайдаланудың ұлттық жағдайларын және бағыттарын ескеру ұсынылған.

      15-ші  ЕСХК Қарарында бейресми секторда жұмыспен қамту, сондай-ақ бейресми сектордан тыс жұмыспен қамтудың бейресми қатынастарына адамдарды тарту туралы статистикалық деректеріне қажеттілігі белгіленген.

      «Бейресми секторда жұмыспен қамту» тұжырымдамасы «бейресми жұмыспен қамту» тұжырымдамасымен сәйкес емес. Бейресми сектордан тыс өндірістік бірліктердегі жұмыспен қамтудың бейресми қатынастарында тартылған адамдар жұмыспен қамту жағдайында олардың тұрақсыздығына тәуелсіз бейресми секторға жатпайды.

      Бейресми секторда жұмыспен қамту туралы  15-ші ЕСХК Қарарының ережесін тәжірибелік қолдану көпшілік елдерде байқалатын бейресми сектордың өсуімен экономиканың ресми секторындағы бейресми жұмыспен қамтудың әр түрлі нысандарының өсімі бір уақытта өсетінін көрсетті. Халықаралық еңбек конференциясының 90-шы сессиясындағы (2002 ж.) «Лайықты жұмыс және бейресми экономика» баяндамасында бейресми экономиканың тұжырымдамалық құрылымы ұсынылды, оны талқылау барысында бейресми секторды ғана емес, сондай-ақ осы сектордан тыс бейресми жұмыс орындарын қамтитын ақпараттарды әзірлеудің қажеттілігі бірнеше рет көрсетілді.

      ХЕҰ әзірлеген тәсілдемелеріне сәйкес бейресми жұмыспен қамту ресми сектордың кәсіпорындарындағы және бейресми сектордың кәсіпорындарындағы бейресми жұмыс орындарының жиынтығы жатады.

      Бейресми  сектордың тұжырымдамасында байқау бірліктері бейресми жұмыспен қамту тұжырымдамасындағы – жұмыс орындары ретінде өндірістік бірліктер болып табылады. Дегенмен, бейресми сектордан тыс бейресми жұмыс орындары бар жалдамалы қызметкерлерге жұмыс орындарын немесе жалдамалы қызметкерлерді декларацияламау, кездейсоқ жұмыстар, жұмыс уақытының ұзақтығымен байланысты жұмыстар немесе мүмкін шегінен төмен төлем сияқты себептерден салық салумен, әлеуметтік қорғаумен қамтылмайтын қызметкерлер, олардың еңбек қатынастары стандарттық еңбек заңнамасына жатпайды.

Информация о работе Әдіснамалық түсініктемелер