Әдіснамалық түсініктемелер

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 11:21, реферат

Описание работы

Еңбек статистикасы экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік статистиканың және оның басқа салаларымен тығыз байланысты маңызды құрама бөлігі болып табылады, себебі қызметкерлер саны және еңбекақы төлеу көрсеткіштері экономиканың жағдайын тұтастай және жеке қызмет түрлері бойынша сипаттайтын басты элементі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

енбек стат.doc

— 445.00 Кб (Скачать)

      Сандармен жауапты жазу сандық сипаттамаларды қамтитын жауаптар үшін қарастырылған. Бұл ақпарат, әдетте, ұяшық блогында жазылады және әрбір санның астына бір ұяшық бөлінеді.

      Сауалнаманың  әрбір сұрағы оған жауап берілген нұсқасына байланысты оның келесі логикалық тізбекті сұрағына өту нөмірмен бағытталған. Сауалнаманы қолдану кезінде ол басшылыққа алуы тиіс сауалдамадағы интервьюерге арналған нұсқаулар сұрақтармен қатар келтірілген және курсивпен белгіленген.

      Зерттеуді ұйымдастыру

      Зерттеуді жүргізудегі басшылыққа алуды және әдіснамалық сүйемелдеуді Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жүзеге асырады. Орталықтандырылған тәртіпте статистиканың өңірлік органдарына дейн жеткізілетін зерттелетін үй шаруашылықтарының іріктемесі, қорытындыларды компьютерлік өңдеу, беру қалыптастыру және шығу материалдарын алу технологиясы қалыптастырылады.

      Зерттеуді жүргізу бойынша құралдар, нұсқаулар және өзге де ұйымдық материалдар, интервьюерлерді (санақшыларды) іріктеу және оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар, сұрау қоюды жүргізу бойынша интервьюерлер үшін құралдары, сондай-ақ туындаған сұрақтар бойынша және қорытындыларды алғаннан кейін түсіндіру және ұсыну сипатындағы хаттар дайындалады.

      Бастапқы  деректерді есепке алу, зерттеудің туынды белгілерін қалыптастыру, шығу материалдарын алу, оларды бақылау мен талдау әдіснамасы әзірленеді. Зерттеудің нәтижелерін деректердің сапасына, дұрыстығына және объективтілігіне тұрақты бағалау және басшылық ететін органдарға және басқа да әр түрлі санаттағы пайдаланушыларға статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

      Статистика  агенттігінің аумақтық бөлімшелері  халық пікіртерімінің уақыттылығын, толықтылығын және сапасын қамтамасыз ету мақсатында келесі жұмыстарды ұйымдастырады:

      - Зерттеу үшін іріктелген адресаттар үшін олардың тіршілік етуіне, үй шаруашылықтарында азаматтардың тұру фактісін және олардың тізімін нақтылауына, іріктеменің негізін көкейтесті етуіне салыстырып тексеру;

      - Іріктеменің аумақтық орналасуына, белгіленген жүктемеге және еңбек шығыстарының тиімділігіне тәуелді әрбір интервьюер үшін есептік учаскелерін қалыптастыру;

      - Сәйкестендірілген қажетті ақпаратпен зерттеуде қатысатын серпіндегі үй шаруашылықтарының картотекасын жүргізу;

      - Интервьюерлерді (санақшыларды) іріктеу және оқыту;

      - Интервьюерлерді (санақшыларды) зерттеудің қажетті құралдарымен қамтамасыз ету;

      - Халық арасында бұқаралық-түсіндіру жұмысын жүргізу;

      - Халыққа сауалнама сұрауын және халықты аралауын интервьюерлермен (санақшылармен) жүзеге асыру;

      - Сауалнама сұрақтарының және орындардағы респонденттер жауаптарының толықтығы мен пайымдық қисынын бақылау;

      - Бастапқы ақпараттарды енгізу және оларды кодтау, орталық кеңсеге деректерді беру;

      - Туындайтын  сұрақтарды, дұрыстығын бақылаудың айқындалған  қателерін, өткен зерттеудің көрсеткіштері  мен статистиканың басқа салаларымен көрсеткіштердің салғастырымдылығын және өзара байланысын нақтылау.

      Интервьюерлердің  жұмыстарын ұйымдастыру

      Статистика  агенттігінің аумақтық бөлімшелері интервьюерлерді (санақшыларды) іріктеуді және оқытуды жүзеге асырады. Интервьюерлер ретінде жұмысқа өзінің кәсіби қызметіне байланысты немесе алынған мәліметтерді басқа себептер бойынша сұралатындардың залалына қолдануы мүмкін адамдар тартылмайды.

      Интервьерлер  бастапқы статистикалық деректердің және сұралған адамдардың үй шаруашылықтарына барған кезде алған басқа да мәліметтердің құпиялылығын сақтау туралы жазбаша міндеттеме береді. Міндеттеме интервьюерлердің жұмысы біткен соң да өз күшінде қалады.

      Интервьюерлер келесі негізгі функционалдық міндеттерді орындайды:

      - Іріктемеге кіретін үй-жайға және үй шаруашлығына есеп карточкаларын жүргізу;

      - Жүргізілетін зерттеу туралы хабарлау, осы үй шаруашылығында тұрақты (қалыпты) тұратын адамдар тізімін анықтау, тікелей сұхбат жүргізу күні мен уақытын келісу мақсатында халықты алдын ала аралау;

      - Белгіленген сыни (зерттелетін) аптадан кейін айдың соңғы аптасының дүйсенбісінен бастап халыққа сұрау жүргізу;

      - Іріктемелі зерттеу сауалнамасын толтыру туралы нұсқаулығына сәйкес респонденттерге сұрау жүргізу және жауаптарды жазу рәсімін қатаң сақтауын қамтамасыз ету;

      - Сұрау қою кезінде (орындарда) сауалнаманың жеке сұрақтарына жауаптардың қисынды өзара байланысын тексеру, жауаптарды нақтылау және ескерпелерге арналған дәптерге толық түсініктемелер (түсіндірмелер) енгізу, сондай-ақ қажет болған жағдайда, үй шаруашылықтарына қайта бару;

      - Азаматтарға сұрау қойғаннан кейін нақты зерттелген үй шаруашылықтарының және объективті немесе субъективті себептер түрін көрсетумен зерттелмегендердің саны туралы деректерден тұратын интервьюер жұмысының жиынтық тізімдемесін құру;

      - Статистика  агенттігінің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне сауалнаманың толтырылған бланкілерін, есеп карточкаларын және жиынтық тізімдемесін беру.

      Статистика  агенттігінің аумақтық бөлімшелерімен интервьюерлерге нұсқау беруді жүргізеді. Теориялық және тәжірибелік бөлімдерден тұратын нұсқама курсында зерттеу сұрақтарының пайымдық қисынның әдіснамасына, сұрау жүргізу техникасына және респонденттердің жауаптарын жазудың нақтылығы мен ұқыптылығына ұсынылатын талаптарына ерекше назар аударылады.

      Өткізілетін зерттеудің сұрақтарына жауап берген кезде респонденттер жіберетін  жүйелік қателердің туындау табиғатын  зерттеу тәжірибесі келесі негізгі факторларды, оларды анықтайтындарды айқындауға мүмкіндік берді. Бұл:

      - респондентке  түсетін жоғары жүктеме және жиналатын  ақпараттар үлкен көлемде байланысты пікіртерімнің ұзақтығы;

      - ынтымақтастыққа дайындығының төмендеуі және ұзаққа созылған есепті кезеңдерден кейін респонденттер жадысының әлсіреуі (немесе еске түсіруді қаламауы);

      - ақиқат  ақпаратты ұсынудың жағымсыз нәтижелерден, мемлекеттік құрылымдардың алдында ішкі қорқыныштан немесе оларға сенбеуден туындаған алаңдаушылық;

      - сұралатын адамдардың жасы мен білімі;

      - есепті  құжаттардың құрылымы мен нысандары (дизайн).

      Зерттеудің  түпкілікті нәтижелерінің сапасы интервьюердің жеке белсенділігімен, тәртіптілігімен және жауапкершілігімен тікелей байланысты. Сұхбат кезінде тиісті ақпаратты алудағы жетістігі интервьюердің сұралатын респондентті зерттеу құндылығына, оның дұрыс жауаптарының қажет екендігіне көзін жеткізе білуіне және қажетті ақпаратты ойлауға немесе есіне түсіруіне түрткі болу ептілігіне байланысты. Сонымен бірге, сауалнаманың әрбір сұрағының мәнін түсіну және олардың интервьюердің өзімен дұрыс қойылуы маңызды, себебі ол қойылған сұрақтың мақсатында алынған жауаптың баламалылығын бағалай алмайды.

      Интервьерлер зерттеу өткізу барысында сауалнамада келтірілген әзір жауаптарды басшылыққа ала отырып, дәйекті түрде сұрақтарды толық көлемінде және қажетті жағдайда жауаптар нұсқасын есепке алады. Сауалнамадағы интервьюерге арналған түсініктеме беретін немесе сұрақтағы назар ерекше айтылатын нұсқаулар курсивпен белгіленген және олар дауыстап оқуға жатады. Сауалнаманың сұрақтары мен жауаптарының өзгертуге, қысқартуға және еркін түсіндіруге жол берілмейді, себебі ол түсінікті дұрыс бермеуге, қате жауапқа және оның нәтижесінде пікіртерімнің дұрыс жүргізілмеуіне әкелуі мүмкін.

      Интервьюер Сауалнамада нақты респондент үшін пікіртерім маршрутына сәйкес талап етілетін барлық сұрақтарға жауаптар ұсыну қажет. Жауаптар ұқыпты әрі нақты жазылуы керек. Өзгерістерді енгізу дұрыс деп есептелетіні айқын көрініп, белгіленген ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

      Интервьюерлерге іріктемеде көрсетілмеген мекен-жайлар бойынша халыққа сұрау қою рұқсат етілмейді.

      Зерттеу материалдарын өңдеу

      Ақпаратты өңдеу деректерді бақылау жүйесін, оларды бас жиынтыққа таратудан, қателерді айқындаудан және зерттеу деректерін басқа да ақпарат көздерімен салыстырудан алынған нәтижелердің нақтылығын бағалау әдісін қолданумен, ақпаратты электрондық өңдеудің бағдарламалық құралдары арқылы жүзеге асырылады. Зерттеу материалдарын өңдеу үдерісі – Сауалнаманың толтырылған қағаз бланкілерін алудан зерттеу материалдарының жариялауға дейін – сондай-ақ статистиканың республикалық және аумақтық органдары арасында да бөлінген.

      Статистиканың аумақтық органдары деректерді енгізудің және бақылаудың әзірленген бағдарламасын пайдалануымен, Сауалнаманың бланкілерінен негізгі есепті белгілерін ақпараттың компьютерлік тасымалдауыштарына жазуды жүргізеді. Жазу үдерісінде ақпаратты қисынды бақылау және оны кодтау жүзеге асырылады.

      Жұмыспен  қамтылғандардың  экономикалық қызмет саласын кодтау базалық статистикалық бірлік ретінде респондент жұмыс істейтін және ол қызмет түрі бойынша басты деп көрсеткен кәсіпорынның бөлімшесі болып табылатын, экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішіне сәйкес жүзеге асырылады. Істерді тиісті топқа жатқызу респондент көрсеткен, атқаратын лауазымы (кәсіпті) немесе орындайтын қызметінің мәні бойынша кәсіптердің Мемлекеттік Жіктеуішіне сәйкес жүргізіледі.

      Бастапқы  деректер Статистикалық жұмыстар жоспарымен қарастырылған мерзімде электрондық байланыс каналдары бойынша алдағы уақытта өңдеу үшін орталық статистикалық кеңсеге беріледі.

      Республикалық деңгейде:

      - түскен  бастапқы ақпаратты қосымша бақылау, бірыңғай ақпараттық массивтердегі деректерді біріктіру;

      - әрбір зерттелген адам үшін дара белгілерін қалыптастыру;

      - деректердің өтемі және сыртқа таратуы;

      - әр  түрлі топтамаларды жүргізу;

      - ағымдағы  зерттеу қорытындылары бойынша  негізгі біріктірілген кестелерді қалыптастыру және олардың өткен  нәтижелермен салыстыру;

      - ақпараттық  статистикалық және талдамалы материалдарды өңдеу және оларды пайдаланушыларға жеткізу.

      Зерттеу материалдарын өңдеу үдерісінде келесі деректер қоры құрылады:

      - зерттелген  адамдардың дара деректер қоры;

      - зерттеудің  негізгі есепті белгілері бойынша біріктірілген деректер қоры;

      - статистикалық бюллетендер мен өзге де жариялымдар үшін стандартталған кестелер қоры.

      Халықтың  жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу қорытындылары бойынша тоқсан сайын және жылдық негізде «Қазақстан Республикасындағы еңбек рыногының негізгі индикаторлары» және «Қазақстан Республикасының өңірлер бөлінісіндегі еңбек рыногының негізгі индикаторлары» статистикалық бюллетендері дайындалады.

3.2. Халықтың бейресми жұмыспен қамтылуы

     Бейресми  сектор өзінің замануи түрінде – бұл қазақстандық экономикасы үшін жаңа құбылыс. Бейресми жұмыспен қамтудың жеке нысандары Қазақстанда реформаға дейінгі кезеңде де (тігіншілер, баланы күтушілер, репетитор және т.б.) болған. Алайда, нарықтық қатынастарға өту үдерісінде бейресми жұмыспен қамтудың құрылымы, масштабы, сипаты және оның экономикадағы ролі өзгерді. Бейресми сектор еңбек рыногының дербес нақты сегменті болды және халықтың жұмыспен қамтылуының жағдайына және тұтастай әлеуметтік-экономикалық жағдайына елеулі әсер тигізеді.

     Дегенмен, соңғы жылдары бейресми жұмыспен қамтудың мәселелері мамандар назарының басты объектісі болғанмен, олар бүгінге дейін жеткіліксіз ғылыми зерттелген және өңделген, сонымен бірге ғылыми әдебиеттерде еңбек рыногының басқа аспектілеріне қарағанда анағұрлым аз жарияланады. Бұл зерттеу зерттеушінің көздерінен жасырылған объектінің өзінің сипатына және бейресми жұмыспен қамтудың саласы шегінің болмауына байланысты. Көлеңкелі экономиканың және бейресми сектордың, жасырын өндірістің ұғымдары тығыз шиеленіскен, олардың арасындағы шектері едәуір шартты.

     Осы әдіснамалық ережелер Қазақстан Республикасы экономикасының бейресми секторындағы жұмыспен қамтуды статистикалық өлшеуді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. 

Информация о работе Әдіснамалық түсініктемелер