Әдіснамалық түсініктемелер

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 11:21, реферат

Описание работы

Еңбек статистикасы экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік статистиканың және оның басқа салаларымен тығыз байланысты маңызды құрама бөлігі болып табылады, себебі қызметкерлер саны және еңбекақы төлеу көрсеткіштері экономиканың жағдайын тұтастай және жеке қызмет түрлері бойынша сипаттайтын басты элементі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

енбек стат.doc

— 445.00 Кб (Скачать)

      Байқау  бірліктері және оның іріктемесі.

      Жұмыспен  қамту мен жұмыссыздықты зерттеу республиканың барлық өңірлерінде кейінен халықтың барлық санына қорынтындыларды бөлу арқылы байқаудың іріктемелі әдісі негізінде жүргізіледі. 

      Іріктемелі  байқаудың бірліктер жиынтығы үй шаруашылығы және онда тұратын 15 және одан жоғары жастағы адамдар болып табылады. Шексіз ең жоғары жас шегі зейнеткерлікке шыққан, бірақ жұмыс істеуді жалғастырып жатқан адамдардың қатысу мүмкіндігін нақтылауға төменгі шегі – жасөспірімдер, сондай-ақ деректердің халықаралық деңгейде салыстырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Іріктеменің бас жиынтығы республиканың және өңірлердің халық саны болып табылады, бұл әзірлеменің белгілі бір бөлінісінде өңірдің барлық халқына қолданылатын репрезентативті деректер алуға мүмкіндік береді. Республиканың Халық санағы қорытындылары бойынша құрылған Тұрғын үй-жайлар тіркелімі (тізімі) ақпараттық база болып табылады. Тұрғын үй-жайларды зерттеуге түсетін кездейсоқ іріктемелі жиынтықты қалыптастыру мақсатында жатақхана, балалар үйі, мектеп интернаттары, қарттар үшін үйлер, қонақ үйлер, түрмелер, монастырьлар және өзге коллективті тұрғын үй-жайлары алып тасталады.

      Үй  шаруашылықтарының стратификацияланған (аумақтық) іріктемесін қалыптастыру жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселелері бойынша онда сұрау қоюды жүзеге асыру үшін математикалық әдістермен келесі шарттар мен шектеулерді есепке алумен жүргізіледі:

      - іріктемелі жиынтықтың жалпы көлемі, шығыстар мен алынған нәтижелердің оңтайлы арақатынасына жетудің экономикалық сипаттағы талаптарға, ақпараттарды жедел алу және нақты нәтижелердің берілген критерийлерін сақтау қажеттілігіне сүйене отырып анықталады;

      - есептеулердің қателерін терістеу және интервьюерлерге түсетін бір өлшемді жүктемені қамтамасыз ету үшін өңірлер бойынша іріктелім саны аз болмауы керек;

      - іріктемелі жиынтықтың құрылымы тұрғылықты жері қала мен ауыл елді мекендерден тәуелсіз халықтың саралауын және пікіртерім кезеңіне жақын кезеңде нақты қалыптасқандарға тиісті халықтың жыныстық-жастық үлесін ескеру керек.

      Өңірлер бөлінісінде және тұтастай республика бойынша еңбек рыногындағы анық және обьективті көрсеткіштерді алудың сенімді негізін құру үшін 15 және одан жоғары жастағы халық санынан 05%-ға тең іріктеме мөлшері белгіленеді. Жоғарыда көрсетілген критерийлер бойынша қалыптасқан зерттелетін іріктемелі жиынтыққа негізгі әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер бойынша халыққа репрезентативті 21 мың үй шаруашылықтары жатады және берілген нақтылық дәрежесі мен әзірлеме бөлінісі шегінде өкілдік қорытындыларын алуға кепілдік береді.

      Іріктемелі жиынтықты қалыптастыру рәсімі.

      Жұмыспен  қамту мен жұмыссыздыққа зерттеу жүргізу үшін үй шаруашылықтарының екісатылы іріктемесі қолданылады. Таңдау сатыларының саны таңдау бірліктерімен анықталады, мұнын өзінде таңдау бірлігінің әрбір келесі сатысында өзінің масштабы бойынша азаяды және соңында таңдау бірлігі іріктемелі жиынтық бірлігімен сәйкес келеді.

      Жіктелуді қолдану қажетті және тиімді, себебі:

      - зерттеуді ұйымдастырудың әкімшіліктік қолайлылығын қамтамасыз ететін бас жиынтықтың табиғи немесе алдын ала белгілі қабаттары (географиялық бөлімшелері, тұратын жерінің типтері және т.с.с.) бар;

      - бас жиынтықтың әр түрлі бөлімдері үшін іріктелген бірліктердің белгілі саралауы және гомогенизациясы жететін іріктеменің әр түрлі стратегиясы мен рәсімі қолданылуы мүмкін;

      - құрылатын қабаттар іштей біртекті болатындықтан, дисперсияның (стандартты қателер) азаюына қол жеткізіледі, ал айтарлықтай өзгермелілер өзгермелі жіктелумен байланысты;

      - іріктемеге  қатысты қателер бақылануы мүмкін, бұл пікіртерім нәтижелерін жақсартуға және нақтылауға ықпал етеді;

      - құралдарды  үнемдеу және нәтижелерді алудың өзектілігі нақтылағанда салыстырмалы шығасыларды ақтайды.

      Зерттеу мақсаттары үшін іріктемелі жиынтықты қалыптастыру рәсіміне таңдаудың кезекті екі сатысы кіреді.

      1 саты – Негізгі таңдау мен жіктелу. Байқау бірліктерін таңдау алдында бас жиынтық ғимараттар көлемінің өңірлік аспектілері және класстары бойынша стратификацияланады. Іріктеменің бірінші кезеңінің міндеті мекенжай бөлігі бойынша сұрыпталған қабаттары жөніндегі барлық тұрғын үй қорын анықтау және құрастырумен білдіріледі.

      Зерттеудің  бірліктерін таңдау үшін салынған және адамы бар аумақты жіктелу әрбір облыстың жалпы тұрғын үй қорын ғимарат санатына (шағын, орта, үлкен) тәуелді жеке негізгі қабаттарына (құрылыстың барлық жиынтығы) бөлуді қарастырады.

      2 саты – Таңдау бірліктерін құрастыру. Таңдаудың екінші кезеңінің мақсаты үй шаруашылықтарын, олардың әртүрлі типтерін ұсынуды қамтамасыз ететін тікелей анықтау болып табылады. Іріктеменің стратегиясы кездейсоқ сандардың кестесі арқылы элементтердің кезекті таңдалуын білдіреді. Оларды қолдану жұмыс көлемін қысқартады, іріктемеге барлық элементтердің түсу мүмкіндігі бірдей екеніне үлкен сенімділік береді және артықшылықтарға негізделетін іріктеменің әдейі қателерін терістейді.

      Таңдаудың осы сатысында жұмыстарды орындау келесі қадамдардан тұрады:

      - Нақты тұратын адамдар санына (басқа себептер есептелмейді) тәуелді пәтерлер саны бойынша ғимарат іріктелімін құрастыру арқылы қабаттардың ішкі ара-жігін ажырату.

      - Көшелер мен үйлерге дейін (қосымшаны қоса алғанда) өңірлік критерийлер бойынша әрбір қабатты таңдау бірліктерін орналастыру және интервьюерлерге түсетін жүктемені жеңілдетуге әкелетін берілген нормативтік көрсеткішке сәйкес сегменттерге оларды топтау.

      - Бас жиынтықтың 1-ден N элементтеріне дейінгі реттік нөмірлерді беру жолымен өзін құрастыру кезектілігіндегі сегменттерді нөмірлеу.

      Sl  іріктемелі интервалын ондық белгілерге дейін (3.1) ретінде нақтылаумен есептеледі:

      Sl = N/n.                                                                                                                                                   (3.1)

      - Бірінші элементті (бастапқы нүктесінен) анықтау үшін 1-ден 100-ге дейінгі кездейсоқ сандар кестесінен RN кездейсоқ санын таңдау.

      - Бастапқы нүктесінен бастап және содан кейін әрбір элементті қоса алғанда, Sl (3.2) интервалы арқылы кумулятивті сандар қатарын құрастыру. Яғни:

       ,                                                                            (3.2)

      мұндағы,

      RS - N мәні бойынша жоғарыламайтын кумулятивті қатардың соңғы саны.

      Әрбір қабатта өзінің реттік нөмірімен  осындай сандардың жалпы жиынтығы жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселелері бойынша пікіртерім жүргізу үшін тұратын мүшелерінің саны және тұру мекенжайы бойынша үй шаруашылықтарының қолданылатын іріктемелі жиынтығы болып табылады.

      Іріктемелі жиынтықтың ротациясы өткен тоқсанда іріктелген жиынтықтан үй шаруашылықтарының бөлігін жаңарту жолымен тоқсан сайын жүзеге асырылады. Ол үшін әрбір қабаттағы үй шаруашылықтар бірліктері аймақтарға, ал келесілері бірінен соң бірі келетін қатарынан төрт аймақ – блоктарға біріктіріледі. Әрбір блоктың аймақтары 1-ден 4-ке дейінгі (ротацияның төрттік нөмірі) сандармен кездейсоқ нөмірленеді. Іріктеменің төрттік нөмірі арқылы ағымдағы жылы алып тастау және жаңамен ауыстыруға арналған таңдау әрбір бірлігі сәйкестендіріледі.

      Дайындық  жұмыстар үдерісінде статистиканың  өңірлік органдарының қызметкерлерімен зерттеу жүргізу алдында олардың тіршілік етуіне және онда азаматтардың тұру фактілеріне қалыптастырылған іріктелімнің мекенжайларын салыстырып тексеру жүргізіледі. Үйдің бұзылуына, тұрғын-үй қоры шешімімен тұрғындарды көшірумен, оған күрделі жөндеу жүргізу және т.с.с. зерттеуден шығарылатын мекенжайлар зерттеу бірліктерін ауыстырудың арнайы әзірленген әдістемесі бойынша жаңасымен ауыстырылады.

      Зерттеу қорытындыларын қалыптастыру және тарату, көрсеткіштердің  нақтылығын бағалау

      Сұрау қою күніне жағдайы бойынша алынған деректер халық саны мен құрылымын ағымдағы есептеудің негізгі нәтижелері көмегімен бас жиынтыққа страталар бойынша сыртқа таратылады (қорытындыланады, таратылады). Іріктемелі зерттеудің нәтижелерін тарату персонаға - байқаудың әрбір жеке бірлігіне тиісті факторды (салмақты) меншіктеу жолымен жүргізіледі.

      Бас жиынтық бойынша қорытындыларды қалыптастыру үдерісі екі өзара байланысты кезеңдерден тұрады. Бірінші кезеңде өтем, немесе пікіртерім жүргізілмеген белгілі жағдайларда іріктеме деректерін теңестіру, ал екіншісінде – сыртқа тарату, немесе барлық бас жиынтыққа іріктемелі зерттеулердің нәтижелерін тікелей тарату жүзеге асырылады.

      Осы рәсімдерді жүзеге асыру алдында зерттеуге ұсынылған (S1) үй шаруашылықтарының саны, нақты сұралған үй шаруашылықтарының саны (S2) және себептерді көрсетумен сұралмаған үй шаруашылықтарының санын (Sр) нәтижелейді. Сұралмағандар санын екі топтарға – объективті себептер (Sр1) бойынша және субъективті себептер (Sр2) бойынша топтарға бөлінеді. Объективті себептер тұрғын үй-жайды бұзу немесе біріктіру, сондай-ақ өлім, ұзақ уақыт болмаған немесе зерттеуге жататын үй шаруашылығы мүшесінің жаңа орынға шыққан және т.б. күтпеген жайдайлар салдарынан зерттеуді жүргізудің мүмкін еместігіне байланысты. Суъективті себептерге тұрғындарды зерттеу сәтінде болмауы, сондай-ақ үй шаруашлығының барлық немесе жеке мүшесінің пікіртерімнен бас тартуы жатады. Бұндай бөлу деректерді  өтем және сыртқа тарату рәсімін жүргізу кезінде қажетті. Көрсетілген себептер топтамаларының арасындағы айырмашылық нәтижелерді ең жоғарғы есеп үшін шешуші болып табылады, себебі субъективті бас тарту кезінде жауапты фактор ең жоғарғы есеп факторын жақындатады.

      Өтем. Осы рәсім зерттеуден бас тартудың субъективті себептеріне түсетін үй шаруашылықтары бойынша көрсеткіштерді қайта есептеуін жүзеге асыруға танылған, яғни іріктемелі зерттеуден толық алынбаған деректердің орнын толтырады. Ол үшін орын толтыратын аралық фактор (салмақ) есептеледі К1 (3.3):

                                                                                                                                             (3.3)

      мұндағы,

      Sр2 – пікіртерімнен бас тартудың субъективті себептеріне түсетін үй шаруашылықтарының саны;

      S2 – нақты сұралған үй шаруашылықтар саны.

      Орын  толтыратын аралық фактор дәлдікпен әрбір өңір бойынша жеке елуге дейінгі белгілермен есептеледі және осы өңірдің әрбір респондентіне оның жынысы және жасына тәуелсіз меншіктеледі. Ол арқылы зерттеуге (S1) (3.4) дейінгі үй шаруашылықтарының санын жеткізу нәтижесінде алынған саны анықталады:

                                                                                                                                                (3.4)

      Сыртқа  тарату. Зерттеудің іріктемелі деректерін тарату үй шаруашылығына – байқаудың әрбір жеке бірлігіне тиісті дара кодты меншіктелуіне негізделген. Ол үшін жыныстық-жастық және өңірлік сипаттамаларды есепке алумен, стратификацияланған іріктемелі жиынтықты (зерттелген азаматтар саны) осындай сипаттамалар бойынша стратификацияланған ағымдағы есептеулер деректері бойынша халық бас жиынтығын салыстыру жүзеге асырылады.

      Бейімделу (салмағы) факторы есептеуінің жалпы түріндегі формуласы (3.5):

                                                                                                                                                (3.5)

      мұндағы,

      vg – g белгісі бойынша салмағы,

      wg – g сипаттамасына ие болатын бас жиынтықтағы халықтың үлесі,

      n – сұралғандардың жалпы саны,

      ng – g сипаттамасына ие болатын сұралғандардың саны.

      Өлшеу рәсімі жынысы және жасы бойынша тек өңірлік іріленген қабаттардың ішінде бас ретінде қолданылатын қалыптасқан жиынтық бойынша халықтың құрылымы туралы деректер негізінде әзірленеді. Әрбір респондент үшін бейімделу (салмағы) факторларының жүйелері:

      -  өңірлік (аудандық) құрылым ішінде;

Информация о работе Әдіснамалық түсініктемелер