Әдіснамалық түсініктемелер

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 11:21, реферат

Описание работы

Еңбек статистикасы экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік статистиканың және оның басқа салаларымен тығыз байланысты маңызды құрама бөлігі болып табылады, себебі қызметкерлер саны және еңбекақы төлеу көрсеткіштері экономиканың жағдайын тұтастай және жеке қызмет түрлері бойынша сипаттайтын басты элементі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

енбек стат.doc

— 445.00 Кб (Скачать)

9-KILM. Жастар арасындағы жұмыссыздық

      Жастар  арасындағы жұымыссыздық маңызды саяси  мәселені көрсетеді. Осы көрсеткіштің мақсаты үшін ХЕҰ-ның стандарттары бойынша жастарға 15 жастан 24 жасқа дейінгі жастағы адамдар жатады.

      Көрсекіш  бір-бірінен ерекше төрт индикаторлардан құралады, әрқайсысы жастар арасындағы жұмыссыздықтың әр түрлі аспектісін сипаттайды:

      - жастар жұмыссыздығының деңгейі 15-24 жастағы жұмыссыз халық санының осы жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы пайызбен өлшенген үлесі;

      - жоғары жастағы халық арасындағы жұмыссыздық деңгейіне жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейіне қатынасы;

      - жұмыссыздардың жалпы санындағы жұмыссыз жастардың үлесі;

      - жас халықтың жалпы санындағы жұмыссыз жастардың үлесі;

10-KILM. Ұзаққа созылған жұмыссыздық

      Ұзаққа  созылған жұмыссыздық көрсеткіші оның ұзақтығы тұрғысынан, яғни жұмыссыз адамның жұмыссыз жүрген және оны іздеумен айналысқан уақыт аралығын қарастырады.

      Ұзаққа  созылған жұмыссыздық көрсеткіші тым ұзақ болып табылатын бір жыл және одан да көп жұмыссыздық кезеңі туралы пайымдауға негізделеді және сондықтан да ерекше назар аударуға лайықты. Ұзаққа созылған жұмыссыздықтың екі дербес өлшемі ұсынылды:

      - экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың жалпы санындағы бір және одан да көп жыл аралығындағы жұмыссыздар үлесі;

      - жұмыссыздардың жалпы санындағы (немесе ұзаққа созылған жұмыссыздықтың ауқымы)  бір және одан да көп жыл аралығындағы жұмыссыздар үлесі;

      ұзақ  мерзімді жұмыссыздық  деңгейі – бір жыл және одан астам уақыт жұмысы болмаған жұмыссыз халық санының экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы пайызбен өлшенген үлесі.

11-KILM. Білім деңгейі бойынша жұмыссыздар

      Осы көрсеткіш жұмыссыздықты жұмыссыз отырған адамдардың білім деңгейі позициясымен қарастырады. Анықтама бойынша көрсеткіш оқыту сатыларына сәйкес топтар бойынша елдегі жұмыссыздардың жалпы санын пайыздық бөлуді көрсетеді.

      Көрсеткіш қызметкерлердің білімі мен жұмыссыздық арасындағы өзара байланысының маңызды аспектілерді ашады. Ол экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың жұмыссыздық бөлігінің негізгі сипаттамаларын түсінуге мүмкіндік береді. Көрсеткіш жұмыс орындарына сұраныстың өзгерістерін талдау, экономикадағы маңызды стратегиялық ілгерілеулердің еңбек рыногы жағдайына және ондағы біліктілігі жоғары және төмен қызметкерлердің ережесіне әсерін зерделеу кезінде қолданылады.

      Деректер  келесі оқыту санаттарына сәйкес жіктелген – бастауыш білім деңгейінен аз, орта және жоғары білім. Қолданылатын санаттар Білім беруді халықаралық стандартты жіктеуінің (БХСЖ) білім сатыларына тұжырымдамалық тұрғыда негізделген.

12-KILM. Уақытша толық емес жұмыспен қамту

      Жеткіліксіз жұмыспен қамту – неғұрлым анық және өлшеуге оңай берілетін толық емес жұмыспен қамту нысаны. Көрсеткіш жұмыспен қамтуға байланысты мәселелерді неғұрлым толық сипаттау үшін, сондай-ақ толық жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында өндірістік үдерісте қолда бар адам ресурстарын пайдалану деңгейін бағалау үшін маңызды. Осындай ақпараттың жұмыспен қамту, табыс саласындағы бағдарламалардың және басқа да әлеуметтік бағдарлармалардың тиімділігін өңдеу мен бағалауда тәжірибелік құндылығы да бар. Көрсеткіш екі салыстырмалы өлшеуішті қосады – экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың жеткіліксіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі және жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санындағы жеткіліксіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі.

      «Уақытша толық емес жұмыспен қамту» термині Еңбек статистиктерінің 13-ші халықаралық конференциясында (ХЕҰ, 1982 ж.) мақұлданған және 16-шы ЕСХК-да (ХЕҰ, 1998 ж.) қайта қаралды. Жаңартылған халықаралық анықтама үш критерийлерге негізделеді. Уақытша толық емес жұмыспен қамтылғандар санатына қарастырылатын уақыттың қысқа кезеңінде:

      - қосымша уақыт аралығында жұмыс іздейтін;

      - қосымша уақыт аралығында жұмыс істеуге дайын;

      - «толық жұмыспен қамту» белгіленген аз уақыт кезеңі аралығында жұмыс істеген барлық жұмыспен қамтылған адамдар жатады.

13-KILM. Экономикалық тұрғыдан енжарлық деңгейі

      Экономикалық  тұрғыдан енжарлық деңгейі жұмыс  күшінің құрамына кірмейтін 15 және одан жоғары жастағы халықтың бөлігін сипаттайды.

      Экономикалық  тұрғыдан енжар (әрекетсіз) халық – қарастырылып отырған кезең ішінде жұмыспен қамылғандар немесе жұмыссыздар болып табылмайтын халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы адамдар.

      Халықтың  экономикалық тұрғыдан енжарлылық деңгейі – экономикалық тұрғыдан енжар халық санының 15 және одан жоғары жастағы халықтың жалпы санындағы пайызбен өлшенген үлесі.

      Халықтың  экономикалық тұрғыдан енжарлылық деңгейі  мен халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейінің қосындысы 100 пайызды береді.

    Халықтың  жұмыспен қамтылуына зерттеу жүргізу бойынша ұйымдық және әдістемелік негіздер

      Халықты іріктемелі зерттеу еңбек рыногындағы халықтың жағдайын толық және жан-жақты сипаттайтын және басқа да дереккөздерден алуға болмайтын ақпараттармен қамтамасыз ететін көлемді деректерді жинау әдістері мен дереккөздерінің бірі болып табылады.

      Халықаралық стандарттар жүйелі және жиі қайталанатын негізде жиналатын ағымдағы мұқтаждықтар үшін ақпаратты, сондай-ақ неғұрлым ұзақ интервал арқылы алынатын, серпіннің терең құрылымдық талдауына арналған ақпаратты қамтамасыз етуге тиісті деректерді жинау бағдарламасынан басталады. Ағымдағы деректерді алу бағдарламасы үрдіс пен маусымдық тербелісті жақсы қадағалауға болатындай, белсенді халықты, жұмыспен қамтылғандарды және жұмыссыздарды қамтуы тиіс.

      Осыған  орай, жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселелері бойынша әсіресе халықты іріктемелі зерттеу еңбек рыногының статистикалық сипаттамасында ерекше роль атқарады. Олар:

      - ақпаратты алудың сенімді және өзекті дереккөзі, себебі халық санағы тек мерзім-мерзіммен жүргізіледі, ал кәсіпорындарды зерттеудің және әкімшілік есептің әр түрлерінің, әдетте, зерттеу бірліктерін толығымен қамтылмауы және байқаудың санаулы бағыты болады;

      - деректерді жинаудың барлық құралдарынан неғұрлым икемдісі, себебі зерттелетін құбылыстың алуан-түрлі аспектілерін зерделеуге, деректерге қойылатын талаптарға тез бейімделуге, ұсынған басқа зерттеулердің сұрақтарына және оларды басқа зерттеулердің сұрақтарына жауаптармен сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Оның өзінде халықаралық стандарттармен көзделген критерийлер негізіндегі бастапқы деректердің көбісін үй шаруашылықтары мүшелерінен тек жеке сауал алу кезінде алуға болады;

      - елдің барлық халқын және экономикалық қызмет салаларын қамтуға қабілетті, сондай-ақ жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар және экономикалық тұрғыдан енжар адамдар санын бірлесе және өзара қарама-қайшы өлшеуге жол бермейтін жалғыз дереккөз;

      - жұмыс күші және олардың арасындағы санаттар ішіндегі өзгерістерді анықтаудың оңтайлы құрал, себебі үй шаруашылықтарын зерттеуді белгілі кезең жағдайын ғана емес, сонымен қатар серпінін көрсетуді жоспарлауға болады.

      Бастапқы  белгілер есебі мен статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру Қазақстанның ұлттық ерекшеліктері есепке алумен Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) әдіснамалық ережелері мен ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады, бұл еңбек рыногындағы негізгі индикаторлардың барлық тізбесін алуға мүмкіндік береді.

      Зерттеу нәтижелері бойынша алынған ақпарат ұғымдар, анықтамалар және көрсеткіштер есептеуінің әдіснамасы бойынша халықаралық дәрежеде салыстырылады. Ол рыноктағы жұмыс күшінің жағдайы мен өзгеру үрдісін талдау, стратегияны анықтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен өңірлердің әлеуметтік даму бағдарламаларын дауындау, өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін бағалау және еңбек рыногының ағымдық және болжамдық көрсеткіштерін әзірлеу үшін қолданылады.

      Зерттеу жүргізудің мақсаты – еңбек рыногының жағдайы жөнінде өзекті деректерді алу, атап айтқанда:

      - экономикалық тұрғыдан белсенді халық (жұмыс күші) саны;

      - жұмыспен қамтылған халық саны;

      -  жұмыссыздар саны;

      -  экономикалық тұрғыдан енжар халық саны;

      -  олардың әлеуметтік-демографиялық құрамы;

      -  олардың әр түрлі белгілері бойынша жіктелімі мен топтамасы.

      Зерттеудің  міндеттері – халықаралық аналогтарға салыстырылатын еңбек рыногының индикаторларын (көрсеткіштерін) қалыптастыру болып табылады.

      Зерттеудің  нәтижелері жұмыспен қамтылғандар мен  жұмыссыздар санын, олардың жынысы, жасы, отбасы жағдайы, білімі және кәсіби құрамы, жұмыспен қамтылу санаттары мен жұмыспен қамтылмау мән-жайлары, қосымша жұмыспен қамтылу тәсілдері, жұмыс іздестіру жолдары бойынша бөлінуін бағалауға мүмкіндік береді, бұл нарықтық экономика жағдайында әсіресе маңызды, онда еңбек рыногы ұйымдасқан және ұйымдаспаған нысанда жұмыс істеуі мүмкін.

      Зерттеудің  жалпы сипаттамасы

      Халық пікіртерімі.

      Жұмыспен  қамту мәселелері бойынша халық пікіртерімі арнайы дайындалған интервьюерлер (есепшілер), олардың үй шаруашылықтарына тікелей бару жолымен сұхбат жүргізу әдісімен жүзеге асырылады. Зерттеу ерікті негізде жүргізіледі. Сұралып отырғандардың сөздерінен барлық жауаптар жазылады, растайтын құжаттар ұсыну талап етілмейді. Қойылған сұрақтарға жауаптар респонденттердің өздерінен, сондай-ақ отбасымен бірге тұратын жоғары жастағы мүшелерінен, егер соңғылары барлық сұрақтарға толық жауап бере алатын болса, алынуы мүмкін.

      Халықтың  жұмыспен қамтылуы және жұмыссыздық мәселелері бойынша ақпараттар жинау тоқсан негізінде жүзеге асырылады. Бұл алынған көрсеткіштер едәуір инертті болуына және айдан айға өзгермеуіне байланысты.

      Зерттеудің  кезеңі әрбір тоқсанның орташа айы, яғни ақпан, мамыр, тамыз және қараша айлары болып табылады, ал сыни (зерттелетін) аптамен есепті айдың соңғының алдындағы аптасы белгіленеді.

      Әрбір үй шаруашылығында 15 жасқа толған, оның барлық мүшелері сұралады. Үй шаруашылығы – бір немесе одан да көп жеке адамдардан құралған, бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін толықтай немесе ішінара біріктіретін және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бірлесіп тұтынатын экономикалық субъект. Үй шаруашылығы мүшелерінің отбасынан айырмашылығы туысқандық қатынаста болмауы да мүмкін екендігі.

      Сұрау қою кезінде зерттеу кезеңінде уақытша болмағандарды қоса тұрақты (әдетте) тұратын адамдар есептеледі. Сұралатын өз уақытының көп бөлігін өткізетін пәтері, үйі, елді-мекені тұрақты тұрғылықты жері болып есептеледі. Бұл орын тіркелімге (тіркелуіне) сәйкес оның заңды тұрақты тұрғылықты жерімен сәйкес келуі немесе келмеуі мүмкін.

      Осы үй шаруашылығының мүшелері болып есептелетініне және осы мекенжай олардың негізгі тұрғылықты жері болуына тәуелсіз ұзақ уақыт бойы болмаған адамдар туралы ақпарат жиналмайды. Оларға:

      - оқу орны бойынша тұратын барлық оқу  орындарының студенттері және оқитындары;

      - басқа елді-мекендерде іссапарда немесе зерттелетін  аптаға дейін шетелде алты ай және одан да көп уақыт болатындар;

      - казармалар мен әскери аймақтарда Қарулы Күштердің мерзімді қызметіндегі әскери қызметшілер;

      - ауруханада  емделіп жүргендер (алты ай және одан да көп);

      - қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бас бостандығынан айырылу түрінде және жазасының мерзімін өтеп жүрген сотталғандар;

      - зерттелетін аптаға дейін алты ай және одан көп  басқа да шыққандар жатады.

      Стандартталған және логикалық бірізділікпен орналасқан есепті белгілер жөніндегі сұрақтар мен жауптардың дайын мәтіндерін қамтитын пікіртерім Халықтың жұмыспен қатылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасының стандартталған бланкілері бойынша жүргізіледі. Бұл барлық респонденттерге бірдей бірізділікпен бірдей сұрақтарды қоюға мүмкіндік береді. Стандартталған әдіспен әр түрлі респонденттерден қойылған бір немесе сол сұраққа берілген жауаптардың салыстырылуы қамтамасыз етілетін, интервьюерлердің жауаптарды жазып алуы жүргізіледі, сондай-ақ интервьюерлермен толтырылған бланкте механикалық қателерді жіберу мүмкіндігі азайтылады.

Информация о работе Әдіснамалық түсініктемелер