Әдіснамалық түсініктемелер

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 11:21, реферат

Описание работы

Еңбек статистикасы экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік статистиканың және оның басқа салаларымен тығыз байланысты маңызды құрама бөлігі болып табылады, себебі қызметкерлер саны және еңбекақы төлеу көрсеткіштері экономиканың жағдайын тұтастай және жеке қызмет түрлері бойынша сипаттайтын басты элементі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

енбек стат.doc

— 445.00 Кб (Скачать)

      Кәсіптегі жағдайы бойынша халықаралық жіктелімге (жұмыспен қамту мәртебесі – ЖҚМХЖ) сәйкес төменде көрсетілген санаттарға бөлудің негізгі критерийлері ретінде экономикалық тәуекел түрлері қолданылады. Оның элементтері адам мен жұмыс орны арасындағы институционалдық байланыстың беріктігі және еңбек шартында (келісім-шартында) көрсетілген кәсіпорын мен басқа да қызметкерлердің қатынасындағы өкілеттіктер типі болып табылады.

      Қазақстанда ұғымдар мен анықтамалар халықаралық стандарттарға, атап айтқанда жұмыспен қамтылғандардың келесі санаттары бойынша негізделген:

      Жалдамалы (ақы төленетін) қызметкерлер – еңбек ақы, сыйлық ақы, үстеме ақы және т.с.с. түрде немесе заттай нысанда ақы (сыйақы) төлеу қарастырылған жалдау шарты бойынша жұмыс істейтін адамдар.

      Өз бетінше жұмыспен қамту– бұл сыйақы мөлшері тікелей қызмет көрсетулер мен тауарларды өндіруден (өткізуден) (бұл жерде өзінің тұтынуы табыс бөлшегі ретінде қаралады) түскен табысқа байланысты жұмыспен қамту.

      ЖҚМХЖ сәйкес өз бетінше жұмыспен қамтылған адамдардың келесі топтары анықталған:

      Жұмыс берушілер – өзінің меншікті кәсіпорнын басқаратын немесе қандай да бір экономикалық қызмет түрінде тәуелсіз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және бір немесе бірнеше жалдамалы қызметкерлері бар адамдар.

      Өз  бетінше жұыс істейтін қызметкерлер өз бетінше немесе бір я бірнеше серіктестерпен жұмыс істей отырып, өз бетінше жұмыспен қамту негізінде қызмет істейтін және қызметкерлерді тұрақты негізде жалдамайтын адамдар.

      Отбасының ақы төленбейтін  қызметкерлері туысы басқаратын кәсіпорында (шаруашылықта) әдетте сыйақысыз жұмыс істейтін адамдар.

      Өндірістік  кооператив мүшелері – кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, еңбек кооперативінің мүшелері болып табылатын адамдар.

4-KILM. Экономикалық қызмет секторлары бойынша жұмыспен қамту

      Экономикалық  қызмет секторлары бойынша жұмыспен қамту көрсеткіші барлық жұмыспен қамтылғандарды өзінің еңбегін жұмсаған үш негізгі салаға бөледі: ауыл шаруашлығында, өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтылғандар. Салалық бөліністе жұмыспен қамту туралы деректер жұмыспен қамту құрылымында негізгі өзгерістер айқындалғанда және экономиканың даму сатысын анықтағанда ерекше мағынаға ие болады. Әрбір ірілендірілген салалық топтар (секторлар) үшін жұмыспен қамту жалпы жұмыспен қамтудың тиісті үлесі түрінде анықталады. Көрсеткіш жұмыспен қамту серпіні мен деңгейіндегі айырмашылықтарын атап көрсете отырып, әрбір сектордағы жұмыспен қамтудың өсу және қысқарту үрдістерін көрсетеді.

      Секторлар арасында жұмыспен қамтылғандар ағыны  - өнімділік тренділерін талдаудың маңызды факторы. Олар жеке сектор ішіндегі өнімділіктің өсу қайнар көзін және төмен өнімділік саласынан жоғары өнімділік саласына қызметкерлердің ауысуы нәтижесінде секторлар арасында жұмыс күшінің көшуін анықтауға мүмкіндік береді. Кейіннен жеке салаларға (қызмет түрлеріне) бөлуі әрбір аталған сектолардың ішінен жұмыспен қамту серпінін байқауға мүмкіндік береді.

      Жыныс белгісі бойынша көрсеткішті бөлу экономика салалары бөлінісіндегі ерлер мен әйелдердің жұмыспен қамтылуына талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Салалар бойынша ерлер мен әйелдер біркелкі бөлінген бе немесе әйелдер сандық жағынан жалақы мөлшері өнеркәсіпке қарағанда жалақы мөлшері орта есеппен төмен қызмет көрсету саласында басымырақ па?

      Бұдан басқа, негізінен қызмет көрсету саласы кәбінесе әйелдер дәстүрлі түрде әйелдер үйде айналысатын қызмет түрлерін қамтитындықтан (балаларды тәрбиелеу, науқастар мен қарттарды күту, жинау), олар осындай жұмыстарды орындауға аса қолайлы кандидаттар ретінде қарастырылады. Әйелдің өз балаларына өзі күтім жасауға мәжбүр болған жайдайларда, ол еңбек нарығында жұмыспен қамтылуымен бірге үйдегі жұмыстарымен қолайлы үйлесетін қызмет түрлерін таңдай алады.

      Экономикалық  байлықты әлемдік бөлу экономикалық қызмет секторлары бойынша жұмыспен қамтуды бөлумен өзара тығыз байланысты сақтауды жалғастыруда. Аса дәулетті мемлекеттерде жұмыспен қамтылған халықтың ең үлкен үлесі қызмет көрсету секторына келеді (дәулеттілік деңгейі жалпы ұлттық өнімнің жан басына шаққандағы орташа көлемімен есептеледі), сол уақытта байлығы аздау елдер экономикасының негізі ретінде басымдылықпен ауыл шаруашылығы құрайды.

5-KILM. Ішінара жұмыспен қамту

      Ішінара жұмыспен қамту көрсеткіші жұмыс «толық жұмыс уақытынан» аз жұмыс уақытындағы жұмыспен қамтылған халықтың бөлігін сипаттайды. Осы сәтте аптадағы сағаттардың ең төменгі санының бірыңғай ресми анықтамасы жоқ, оны «толық жұмыс уақыты» ретінде жіктеуге болады. Елдер арасындағы анықтамаларда арыймашылықтар болу себенінен толық және ішінара жұмыспен қамту арасындағы шегі әрбір елмен өз бетінше немесе арнайы есептеу негізінде белгіленеді.

      Еңбек статистиктерінің халықаралық конференциясының 81-ші сессиясында (ХЕҰ, 1994 ж.) келесі анықтама ұсынылған. «Ішінара жұмыспен қамтылған қызметкер – бұл толық жұмыс күнімен жұмыспен қамтылған және кәсібі бар қызметкердің жұмыс уақытынан аз қалыпты жұмыс уақыты бар адам».

      Толық және толық емес жұмыс күні арасындағы шектерін анықтау елдердің өз қарауына қалдырылды. Ұлттық шектер, әдетте, аптадағы 30-40 сағаттар дипазонында белгіленеді. Кейбір елдер толық және ішінара жұмыспен қамтылғандарды жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығына емес респонденттердің өздері өз мәртебесін бағалауына сүйене отырып бөледі.

      Ішінара жұмыспен қамту толық жұмыс уақытымен қамтылуынан ерекшеленетін жұмыс жағдайларымен байланыстырылады және ол ерекше қарауды қажет етеді. Аса икемді жұмыспен қамтылуға талпыну жағдайында мұндай жұмыспен қамту экономикалық тұрғыдан қауіпсіз және толық жұмыс күніне жұмыспен қамтылу ретінде онша тұрақты еместігі туралы жанама болжамды туғызады.

      Ішінара жұмыспен қамту жағымсыз немесе кемсітетіндей бағаланбауы керек. Қысқартылған жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейтін адамдарды бұл қанағаттандыруы мүмкін. Кейбірлеулерге мұндай жұмыспен қамту үй міндеттерін, оқу, бос уақыт немесе қоғамдық қызметті орындауды еңбек қызметімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Саясаткерлер үшін ішінара жұмыспен қамтудың өсуі жұмыс істелген жалпы сағат саны өсуінің қажетінсіз жұмыссыздықтың өсуін шектеудегі мүмкіндігі маңызды. Ішінара жұмыспен қамту жастар, жоғары жастағы адамдар, әйелдер немесе оқушылар сияқты жұмыспен қамтылған халықтың белгілі топтар арасында неғұрлым таралған.

      Сол уақытта ішінара жұмыспен қамтудың басымдылығы ретінде толық жұмыс күнімен жұмыспен қамтуды салыстыру бойынша кемшіліктер қатары бар икемділік болып табылады. Осылайша, ішінара жұмыспен қамтылғандар сағаттық еңбекақысы неғұрлым аз болуы мүмкін, олар кейбір әлеуметтік жеңілдіктерге құқығы жоқ, олардың кәсіби өсуі көп жағдайда шектеледі. Сондықтан, толық жұмыс күнімен жұмыспен қамтуға мұқтаж немесе ықылас танытатын қызметкерлер үшін ішінара жұмыспен қамту орынсыз сипатта болатынын заңды түрде пайымдауға болады. Орынсыз ішінара жұмыспен қамту ХЕҰ терминологиясында «жеткіліксіз жұмыспен қамту (жұмыс уақытының мөлшері бойынша)» ретінде анықталады, ал мұндай жағдайға тап болған қызметкерлер «мәжбүрлі сипаттағы себептер бойынша толық емес жұмыс уақытымен қамтылғандар» ретінде жіктеледі.

      Ішінара жұмыспен қамту көрсеткіштері шеңберінде екі көрсеткіш есептеледі:

      - Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санындағы ішінара жұмыспен қамтылғандардың үлесі, кейде «ішінара жұмыспен қамту деңгейі» деп аталады;

      - Олардың жалпы санындағы ішінара жұмыспен қамтылған әйелдердің үлесі.

      Қазақстанда Қазақстан Республикасының Еңбек  кодексіне сәйкес қалыпты жұмыс  уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек.

7-KILM. Бейресми секторда жұмыспен қамту

      Осы көрсеткіш жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санындағы бейресми секторда жұмыспен қамтылғандардың үлесін көрсетеді. Ол жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санына бейресми секторда жұмыспен қамтылғандар санының пайызбен тұлғаланған қатынасы ретінде есептеледі.

      Бейресми  сектор экономиканың және еңбек рыногының елеулі бөлігін көрсетеді, жұмыспен қамтуды құруда, өндіруде және табыстарды қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Кенттенудің және халықтың жоғары өсу қарқыны бар елдерде бейресми сектор негізінен қалалардағы өспелі жұмыс күшінің көп бөлігін басып алады. Бейресми сектордағы жұмыспен қамту жұмыссыздық бойынша немесе жалақының шамалы деңгейін, әсіресе, ресми секторда және зейнетақыны сақтандыру сияқты әлеуметтік қамтамасыз ету жүйелері жоқ елдерде тіршілік ету үшін қажетті стратегия болып табылады.

      Бейресми сектордағы жұмыспен қамту туралы статистикалық деректер елдің экономикалық дамуына барлық қызметкерлердің қосқан үлесін мойындауда маңызды роль атқарады. Бейресми сектордың негізгі аспектісі өз бетінше жұмыспен қамту болып табылады. Жұмыспен қамтудың осы нысаны – «әсіресе әйелдер үшін, мәдени дәстүрлері оларға үйден тыс жерде жұмыс істеугетыйым салатын немесе үй шаруашылығын жүргізу бойынша әйелдердің міндеті белгіленген жұмыс уақыты ішінде жалдау бойынша оларға тұрақты жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтін елдердегі табыстың маңызды көзі». Бейресми сектор «жалдау бойынша жұмыс ала алмайтын әйелдер үшін резервтік сектор» ретінде танылған.

      Бейресми  сектор БҰҰ-ның Ұлттық әлеуметтік көрсеткіштерінің ең төменгі тізбесіне «жұмыспен қамту деңгейі» көрсеткішін толықтыратын қосалқы көрсеткіш ретінде енгізілген.

      Бейресми  сектор қызмет көрсету немесе тауарларды өндірумен қамтылғандардың экономикалық бірліктерінің жиынтығы ретінде сипатталуы мүмкін, негізгі мақсаты осы бірліктермен байланыстыларға жұмыспен және табыспен қамтамасыз ету. Осындай экономикалық бірліктер еңбек пен капиталдың азғантай мөлшері және олардың елеусіз немесе толығымен шектелуі бар ұйымның ең төменгі деңгейінде жұмыс істейді. Еңбек қатынастары егер олар қолданыста болса, олардың көп бөлігі ресми кепілдікті қарастыратын еңбек келісім-шарттарына емес, ал кездейсоқ қызметкерлерді туыстық немесе жеке байланыстарда және әлеуметтік қатынастарда тартуға негізделген.

      Бейресми  сектордың өндірістік бірліктерінде  үй шаруашылықтары кәсіпорындарының сипатты  белгілері бар. Қолданыстағы негізгі  құралдар мен өзге де активтер өндірістік бірліктерге емес, олардың қожайындарына тиісті. Шаруашылық бірліктері өз атынан мәмілелерге қатыса алмайды немесе басқа шаруашылық бірліктерімен келісім-шарт жасаса және сондай-ақ жауапкершілік ала алмайды. Қожайындар өздерінің тәуекеліне қажетті қаржы ресурстарын тарту керек. Олар өндіріс үдерісінде туындайтын кез келген парыздар немесе міндеттер бойынша шектеусіз жеке жауапкершілікке тартылады. Өндіріске жұмсалатын шығыстар үй шаруашылықтарының шығыстарынан жиі бөлінбейді.

      Бейресми экономикадағы жұмыспен қамту бейресми секторда өндірістік кәсіпорындар бірліктері болып табылатын жұмыспен қамтылғандарды қамтиды, және жұмыс орны байқау бірліктері болып табылатын бейресми сектордан тыс бейресми жұмыспен қамтуды қамтиды.

      Бейресми  секторда жұмыспен қамтылғандар – зерттеу кезеңі ішінде олардың жұмыспен қамтылу мәртебесіне, олар үшін бұл жұмыс негізгі немесе қосымша болып табылатындығына тәуелсіз, аз көлемде, бейресми сектордың өндірістік бірліктерінің ішінде біреуінде жұмыспен қамтылған адамдар.

      Бейресми  жұмыспен қамту – ресми немесе бейресми секторындағы кәсіпорындарда немесе үй шаруашылықтарында бейресми жұмыс орындарының/жұмыстардың жалпы саны.

8-KILM. Жұмыссыздық

      Халықаралық еңбек ұйымының стандарттары мен  критерийлеріне сәйкес жұмыссыздарға халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы (15 және одан жоғары жастағылар), қаралған кезеңде:

      -  жұмыссыз болған (табысты жұмысы болмаған);

      -  оны іздеумен белсенді айналысқан;

      -  уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде жұмысқа кірісуге дайын болған деген үш негізгі критерийлерге бір мезгілде жауап берген адамдар.

      Жұмыссыздық деңгейі – экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы жұмыссыздар санының пайызбен есептелген үлесі.

      Жұмысы  жоқ, бірақ оны белсенді іздеуде  және оған кірісуге дайын экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың үлесі жөнінде  жұмыссыздық деңгейі куәландырады. Осы көрсеткіш жұмыспен қамтылмаған қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерінің экономикалық ресурстарын сипаттамайды.

Информация о работе Әдіснамалық түсініктемелер