Әдіснамалық түсініктемелер

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 11:21, реферат

Описание работы

Еңбек статистикасы экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік статистиканың және оның басқа салаларымен тығыз байланысты маңызды құрама бөлігі болып табылады, себебі қызметкерлер саны және еңбекақы төлеу көрсеткіштері экономиканың жағдайын тұтастай және жеке қызмет түрлері бойынша сипаттайтын басты элементі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

енбек стат.doc

— 445.00 Кб (Скачать)

      Бейресми  секторда жұмыспен қамтылған  халықтың жіктелімі

      Бейресми секторда жұмыспен қамтылған адамдар келесі белгілер бойынша жіктеледі:

      - демографиялық сипаттамалар (жынысы, жасы, білім деңгейі, отбасылық жағдайы);

      - тұратын жері (қала халқы, ауыл халқы);

      - жұмыс істелген уақыты;

      - жұмыспен қамту мәртебесі;

      - экономикалық қызмет түрлері;

      - ісі;

      - бейресми секторда негізгі немесе қосалқы жұмыспен қамтылу;

      - тұрақты негізде жалдамалы қызметкерлердің еңбегін қолданатын не қолданбайтын бейресми сектордың кәсіпорындарына тиесілігі;

      Бейресми  секторда жұмыспен қамтылған адамдар жұмыспен қамту мәртебесі бойынша келесі топтарға жіктеледі:

     - жалдану бойынша жұмыс істейтін адамдар;

     - жалдану бойынша жұмыс істемейтін адамдар;

      Топтар  мәртебесі бойынша жіктелген кезде Жұмыспен қамтылғандар мәртебесінің халықаралық жіктеліміне сәйкес анықталады.

      Мәртебе бойынша жұмыспен қамтылғандарды жіктеген кезде қарастырылатын уақыт кезеңінде адамдармен орындалатын жұмыс, объект болып табылады.

      Жұмыспен  қамтылғандардың мәртебесі бойынша топтарды анықтаған кезде негізгі критерийлерге адамның жұмыспен байланысының беріктігі элементі болып табылатын экономикалық тәуекелділіктің сипаттамасы кәсіпорын мен басқа қызметкерлердің алдында адамда бар немесе болатын биліктің сипаттамасы жатады.

      «Жалдану  бойынша жұмыс» пен «меншікті  кәсіпорындағы жұмыстың» арасындағы ерекшеліктеріне сүйеніп, экономикалық тәуекелдің немесе айқын не тұспалданып отырған еңбек шарты немесе бағындыруға міндейтін шарт адамдарға берілетін билік сипатының бір немесе бірнеше аспектілерін ескерумен топтар анықталған.

      Жалдану бойынша жұмыс – бұл адам жұмыс істейтін жерде бірліктің кірісі тікелей тәуелді емес, оған базалық (ақшалай немесе заттай) сыйлықақыға кепілдік беретін айқын (жазбаша немесе ауызша) немесе тұсталдап отырған еңбек шартын жасасатын адамның жұмысы. Еңбек үрдісінде адам пайдаланатын негізгі қорлар, кейбір немесе барлық құралдары, үй-жайы басқа адамдарға тиесілі болуы мүмкін. Қызметкердің қызметін иесінің тікелей бақылауымен және иесімен анықталған және онда жалдану бойынша жұмыс істейтін адамдармен жүзеге асырылуы мүмкін.

      Жалдану бойынша жұмыс  істейтін немесе жалдамалы  қызметкерлер – бұл «жалдану бойынша жұмыс» ретінде анықталған жұмысты орындайтын адамдар.

      Жалдану бойынша емес жұмыс  істейтіндер – бұл «меншікті кәсіпорындағы жұмыс» ретінде анықталған жұмысты орындайтын адамдар. Бұл топ жұмыс берушілерді, өз бетінше жұмыспен қамтылған адамдарды және ақы төленбейтін отбасы қызметкерлерін біріктіреді.

      Меншікті кәсіпорындағы жұмыс (меншікті ісінде) – бұл қызмет көрсетулер мен тауарларды өндіруден түсетін табысқа тәуелді тікелей сыйлықақыға байланысты жұмыс. Адам кәсіпорынның (меншікті ісіндегі) қызметіне қатысты өндірістік шешімдерді қабылдайды немесе осы өкілеттіліктерді кәсіпорынның (меншікті ісіне) сәттілігіне жауапкершілігін танытып өкілдік етеді.

      Жұмыс берушілер – өзінің меншікті кәсіпорнын басқаратын немесе қандай да бір экономикалық қызмет түрінде дербес кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және бір немесе бірнеше жалдамалы қызметкерлері бар адамдар.

      Өз  бетінше жұмыс  істейтін қызметкерлер – өз бетінше немесе бір я бірнеше серіктеспен жұмыс істейтін, өз бетінше жұмыспен қамту негізінде қызмет істейтін және қызметкерлерді тұрақты негізде жалдамайтын адамдар. Алайда, зерттелетін кезең ішінде өз бетінше жұмыс істейтін қызметкер қысқа мерзімді немесе тұрақты негізде емес бір немесе бірнеше қызметкерді жалдауы мүмкін және сондықтан ол жұмыс беруші ретінде жіктелмейді.

      Отбасының ақы төленбейтін  қызметкерлері – туысы басқаратын кәсіпорында (шаруашылықта) әдетте сыйақысыз жұмыс істейтін адамдар.

      Бейресми  сектор кәсіпорындарының иелерімен жасалатын мердігерлік шарттар және басқа да азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар, егер олар орындайтын жұмыс «жалдану бойынша жұмыс», немесе дербес қызметкерлерге немесе жұмыс берушілерге, егер көп жағдайда «меншікті кәсіпорындағы жұмысқа» сәйкес келетін жұмыс болса, жалдамалы қызметкерлерге де жатқызылуы мүмкін.

      Бейресми  секторда жұмыспен қамтылғандардың  жіктелімі экономикалық қызмет түрлері бойынша Экономикалық қызмет түрлерінің мемлекеттік жіктеуішін (ЭҚЖЖ) қолдану арқылы жүргізіледі.

      Істері  бойынша бейресми секторда жұмыспен қамтылғандардың жіктелімі нақтылаудың қажетті деңгейімен Істер жіктеуішін қолдану арқылы жүргізіледі.

      Экономикалық қызмет түрлері, істері, жұмыспен қамтылғандардың мәртебесі бойынша бейресми секторда жұмыспен қамтылған халықты жіктеу кезінде мыналарды сүйеніп отыру қажет.

      Көрсетілген жіктелім сипаттамалары бойынша ақпарат бір және осы қызмет түріне жатқызылуы қажет.

      Егер  есепті кезеңде бір үй шаруашылығының әр түрлі мүшелері жеке меншік ретінде бейресми секторда әр түрлі қызмет түрлермен жұмыспен қамтылған болса, онда мұндай қызмет түрлерін жеке кәсіпорындар (бір кәсіпорынның әр түрлі бөліктері ретінде емес) деп есептеу керек. Жұмыспен қамтылғандардың істері, мәртебесі бойынша осындай үй шаруашылықтарының мүшелері істейтін жұмыстардың жіктелімі олардың әрбіреуі есепті кезеңде жұмыспен қамтылған сол қызмет түрі бойынша жүргізіледі.

      Егер  есепті кезең ішінде бейресми секторда бірнеше қызмет түрлерімен қамтылған иесі ретінде жұмыс істейтін болса, онда үй шаруашылығының бір мүшесімен біржолы орындалатын қызмет түрлері бір кәсіпорынның бөліктері (жеке кәсіпорындар ретінде емес) ретінде есептеу керек. Осы жағдайда жұмыспен қамтылғандардың экономикалық қызмет түрлері, істері, мәртебесі бойынша жіктелім есепті кезеңде индивидтің жұмыспен қамтылған негізгі қызмет түрімен жүргізіледі.

      Есепті  кезеңде үй шаруашылығының мүшелерімен  орындалатын қызметтің әр түрлері қызмет көрсетулер мен тауарларды өндіру және сатып өткізу үрдісінің әр түрлі сатысымен байланысты болған жағдайда, өндіру үрдісіне қатысты жұмыстың негізгі қызмет түрін анықтау кезінде басқа жұмыстардың алдында ерекше ықылас таныту керек, мысалы, сол тауарларды сатып өткізумен және оларды тасымалдаумен байланысты. Бұл ретте негізгі қызмет түрі бойынша жұмыс істелген уақытты есепке алынып, есепті кезеңде өндірумен байланысты жұмысты орындауда, сондай-ақ тасымалдау, тауарды өткізу мен қызметтер және т.с.с. арқылы олар орындайтын басқа да жұмыстарға үй шаруашылығы мүшелерімен және кетірілген уақытты көрсету ғана қажет.

      Егер  халыққа зерттеу жүргізу кезінде  респондент екі жұмыстың барын көрсетсе, белгіленген критерийлерге сәйкес олар бейресми сектордағы жұмысқа жатады, осы индивидті (бейресми секторда жұмыспен қамтылған ретінде) мәртебесі, қызмет түрі, ісі бойынша жіктеген кезде, ол респонденттің негізгі жұмысына сәйкес келетін топқа жатады.

      Жұмыспен  қамту типі бойынша бейресми секторда жұмыспен қамтылған адамдар келесі топтарға бөлінеді:

      - бейресми сектор бірліктерінің  бірінде жалғыз жұмысы бар  адамдарды, сондай-ақ бірнеше  жұмыс орны бар адамдарды және  бейресми сектордағы барлық адамдарды  қамтитын, тек бейресми секторда  жұмыспен қамтылған адамдар;

      - бейресми секторда және одан тыс жұмыспен қамтылған адамдар;

      оның  ішінде:

      - бейресми сектордағы жұмысы негізгі  болып табылатын адамдар;

      - бейресми сектордағы жұмысы қосымша  болып табылатын адамдар.

      Бейресми  секторда жұмыспен қамтылған  адамдарды сәйкестендіру

      Жұмыспен  қамту мәселелері бойынша халықты зерттеу деректері бойынша бейресми секторда жұмыспен қамтылған халық келесі жұмыспен қамтылғандар санатын қамтиды.

      Тұрақты негізде қызметкерлерді жалдайтын бейресми сектордың кәсіпорындары  бойынша:

     - кәсіпорынның заңды тұлға ретінде тіркелуінсіз тұрақты негізде жекеменшік кәсіпорында, фермер қожалықтарында жалдамалы қызметкерлермен жұмыс істейтін адамдар;

     - қызметін тіркеумен және сондай-ақ  тіркеусіз тұрақты негізде жалдамалы  қызметкерлермен заңды тұлғаны  құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдар;

     - тұрақты негізде жекелеген азаматтарда  жалдану бойынша жұмыс істейтін  адамдар.

      Тұрақты негізде қызметкерлерді жалдамайтын бейресми сектордың кәсіпорындары  бойынша:

     - кәсіпорын заңды тұлға ретінде  тіркелмеген жағдайда жалдамалы қызметкерлермен немесе жалдамалы қызметкерлерсіз жекеменшік кәсіпорында, фермер қожалықтарында жұмыс істейтін адамдар;

     - ақысыз көмекшілер ретінде фермер  қожалықтарында немесе туыстарының  кіспорындарында жұмыс істейтін  адамдар;

     - кәсіпорын қызметін тіркеусіз өндірістік кооператив мүшесі ретінде жұмыс істейтін адамдар;

     - қызметін тіркеу және тіркемеу  жағдайында жалдамалы қызметкерлермен  немесе жалдамалы қызметкерлерсіз  заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік  қызметпен айналысатын адамдар;

     - өткізу үшін ауыл, орман шаруашылықтары, аңшылық, балық аулау өнімдерін өндіретін үй шаруашылығында жұмыспен қамтылған адамдар;

     - өткізу үшін өнеркәсіптік тауарлар  мен қызметтерді өндіретін үй  шаруашылығында жұмыспен қамтылған  адамдар;

     - уақытша негізде жекелеген азаматтарда  жалдану бойынша жұмыс істейтін адамдар.

      Жұмыспен  қамту мәселелері жөнінде халықты  зерттеу сауалнамасының сұрақтары  бойынша бейресми секторда жұмыспен қамтылған халықты сәйкестендіру бірнеше сұрақтарға берілетін жауаптар негізінде қосымша және негізгі жұмысы бойынша жүргізіледі. Негізгі мәселе жұмыс орны туралы сұрақ болып табылады және мынадай жауап нұсқалары топшыланады:

     - мемлекеттік ұйымда (кәсіпорында)  жалдану бойынша жұмыс; 

     - мемлекеттік емес ұйымда (кәсіпорында)  жалдану бойынша жұмыс; 

     - жеке тұлғаларда жалдану бойынша жұмыс;

     - шаруа (фермер) қожалығында жалдану  бойынша жұмыс; 

     - жұмыс беруші;

     - өз бетінше жұмыспен қамтылу; 

     - отбасылық кәсіпорынның ақы төленбейтін  қызметкері;

     - өндірістік кооперативтің мүшесі;

     - жеке ауладағы жұмыс.

      5)-9) топтар бейресми секторға жатады. 1)-4) жұмыспен қамтылғандар да бейресми секторға жатады, егер олар «құжаттарын ресімдеусіз және тіркеусіз» жұмыс істейтін болса.

      Бұдан басқа, бейресми секторға үй шаруашылығында қызмет көрсетумен және өнімдерді өндірумен  жұмыспен қамтылғандар жатады, егер бұл өнім немесе қызметтер нарықта өткізілетін болса.

      Экономиканың  бейресми секторындағы және бейресми жұмыспен қамтудың жұмыс орындарындағы  еңбек шығындары туралы біріктірілген  деректермен бейресми сектордағы негізгі  және қосымша жұмыспен қамтудың жұмыс орындарының саны, осы сектордағы барлық, соның ішінде – негізгі және қосымша жұмыстарда орындалған адам-сағат саны, толық жұмыс күнін есептеу арқылы жұмыс орындарының шартты санын сипайттайтын толық жұмыспен қамтудың баламын зерттеуге болады. 

Информация о работе Әдіснамалық түсініктемелер