Әдіснамалық түсініктемелер

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 11:21, реферат

Описание работы

Еңбек статистикасы экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік статистиканың және оның басқа салаларымен тығыз байланысты маңызды құрама бөлігі болып табылады, себебі қызметкерлер саны және еңбекақы төлеу көрсеткіштері экономиканың жағдайын тұтастай және жеке қызмет түрлері бойынша сипаттайтын басты элементі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

енбек стат.doc

— 445.00 Кб (Скачать)

      -  (ерлер мен әйелдер) жынысы;

      -  6-10 жас; 11-14 жас; 15-34 жас; 35-54 жас; 55-71 жас; 72 және одан да жоғары 6 жас топтары бойынша есептеледі.

      Бейімделу факторын есептеудің келесі формуласы қолданылады (3.6):

                                                                                                                                                   (3.6)

      мұндағы,

      K2 – бейімделу факторы;

      S – бас жиынтықтың үй шаруашылықтарының саны;

      S1 – нақты сұралған үй шаруашылықтарының саны;

      K – адамның жиынтық сипаттамасына тәуелді ерекше белгісі, ол үшін (3.7) факторы есептеледі.

      Түпкілікті  дара салмақ немесе сыртқа таратудың факторы бейімделу факторларына орын толтыратын фактор көбейтіндісінің нәтижелері болып табылады. Бұл ретте, егер берілген үй шаруашылығының барлық мүшелері үшін орын толтыратын фактордың бірдей мәні болғанда, онда бейімделу факторлары, тиісінше, сыртқа таратудың түпкілікті факторы (дара салмақ) әр түрлі болады.

                                                                                                                                             (3.7)

      Қосымша өзгермелі ретіндегі есептелген дербес салмақтар әрбір сұралған респондент бойынша дербес деректер қорына жазылады және республикалық және өңірлік деңгейлерге тиісті тоқсан бойынша жиынтық нәтижелерді қалыптастыру кезінде қолданылады. Ағымдағы жылға орта есеппен алғандағы таратылған деректер тоқсандық іріктелімдерді біріктіру жолымен алынады.

      Көрсеткіштердің нақтылығын бағалау. Іріктемелі зерттеу материалдары бойынша алынатын бағалар іріктемеге негізделгеніне байланысты, белгілі бір қателері бар. Іріктеме көлемімен бірге кездейсоқ іріктемелер нәтижелерінің сапасы, көрсеткіштердің жиналған және есепке алуға жататын мәнінің құбылмалылығына да тәуелді.

      Іріктемелі зерттеулерді жүргізген кезде жүйелік, сондай-ақ кездейсоқ қателер пайда болады. Жүйелік қателер пікіртерімнен, респонденттермен ұсынылған қате деректерден немесе интервьюермен жауаптың дұрыс жазбауынан зерттелетін бірліктердің бас тартуымен байланысты. Сондай-ақ, кейіннен өңдеу үшін бастапқы деректерді енгізу үрдісінде механикалық қателері болуы мүмкін. Кейбір жүйелік қателердің нақты қарқынын анықтау мүмкін емес, сондықтан олар, әдетте, қорытынды деректерді алудың алдында әрбір ағымдағы сәтте түзетіледі.

      Кездейсоқ қателер жүргізілген зерттеудің іріктемелі сипаттамасымен туындаған тұтастай барлық жиынтығы бойынша істердің нақты жағдайынан іріктеме нәтижесінің ауытқуымен негізделген. Статистикалық бағалаудың нақтылығының көрсеткіштері ретінде, іріктеменің стандарттық қаталері мен іріктеменің стандарттық салыстырмалы қателері қолданылады.

      Іріктеменің стандарттық қатесі – бұл іріктеме параметрінің мәні осы параметрінің іріктемелі орташа мәнінен стандарттық ауытқуы.

      Стандарттық салыстырмалы қатесі – бұл бағаланатын статистикалық шаманың оның орташа мәніне қатынасы.

      Халықтың  жұмыспен қамтылуының тоқсандық нәтижелерін бағалауға болатын көрсеткіштер жүйесіне: «жұмыспен қамтылғандар саны», «жұмыссыздар саны», «экономикалық тұрғыдан белсенділер саны», «экономикалық тұрғыдан енжарлар саны», «экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі», «жұмыссыздық деңгейі» сияқты жатады. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер бойынша іріктеменің қатесі іріктеменің берілген пайызы үшін мүмкін шегінен аспайтынын көрсетеді.

Зерттеуді әдіснамалық және ұйымдық қамтамасыз ету

      Зерттеудің  құралдары

      Үй  шаруашлықтарын іріктемелі зерттеудің құралдары есептік, нұсқаулық және әдіснамалық сипаттағы келесі құжаттардан  тұрады:

      - Халықтың  жұмыспен қамтылуының іріктемелі зерттеу сауалнамасы;

      - Іріктемелі  зерттеу сауалнамасын толтыру тәртібі  туралы нұсқаулық;

      - Іріктемелі  зерттеудің материалдарын кодтау бойынша құралы;

      - Жұмыспен  қамту мәселелері бойынша халыққа сұрақ қоюды жүргізу жөніндегі интервьюерлер (санақшылар) үшін әдістемелік құралы;

      - Зерттелетін халық тұратын үй-жайға карточкасы;

      - Халыққа үндеу хаты (хабарлау қағазы);

      Одан  басқа, әдіснама мен қолданылатын терминологияның бірлік және тұтастық мақсаттары үшін пікіртерім жүргізілетін есепті белгілеріне және олардың негізінде әзірленетін көрсеткіштеріне сипаттама беретін Еңбек рыногының негізгі индикаторлары бойынша әдістемелік түсініктемелері әзірленген.

      Іріктемелі  зерттеу сауалнамасы.

      Зерттеу халыққа сұрау қою және халықтың жұмыспен қамтылуының іріктемелі зерттеу сауалнамасына мәліметтерді жазу жолымен жүргізіледі. Сауалнама әрбір сұрау қою кезінде қолданылатын және үй шаруашлығының әрбір мүшесінің еңбекке қатысуын сипаттайтын сұрақтар тізбесін қамтитын арнайы бланкілерді ұсынады. Сауалнама іріктемеге түскен жеке алынған әрбір үй шаруашылығына (отбасына) толтырылады. Әртүрлі үй шаруашылықтарына жататын респондент, тіпті егер бір үй-жайда тұратындар бойынша сауалнаманың бір бланкіде ақпаратты жазудың біріктірілуіне жол берілмейді.

      Сауалнама жауаптары халықты экономикалық белсенділік деңгейі бойыша жұмыспен қамтылғандарға немесе жұмыссыздарға және экономикалықтұрғыдан енжар халыққа жіктеуге мүмкіндік беретін сұрақтардың логикалық тізбектілік ұстанымы бойынша құрылған. Ол төрт өзара байланысты блоктарды қамтитын  негізі бөлімнен және үш қосымшадан тұрады. Әрбір блоктың сұрақтары пікіртерімнің әр түрлі кезеңдеріне қатысты, қосымшалар бойынша халықтың жеке санаттары сұралады.

      Зерттеу сауалнамасының титулдық бетінде статистиканың аумақтық органдарының деңгейінде кодталатын қосымша «аумақтық» белгілерінен тұрады:

      -  ӘАОЖ толық деректері;

      -  үй шаруашылығының толық мекенжайы;

      -  үй шаруашлығының реттік №;

      -  іріктеме коды;

      -  бірінші жазылған респонденттің Т.А.Ә.

      Титулдық бетте үй шаруашылығы және оның мүшелері туралы жынысы, жасы, білім деңгейі, отбасы жағдайы, ұлты бойынша топтамаларын одан әрі жүргізуге мүмкіндік беретін жалпы мәліметтерден тұрады.

      Сауалдама 4 негізгі өзара байланысты сұрақтар блокгын және қосымша Модульдерді қамтитын негізгі Сауалнамадан тұрады.

      Төрт  негізгі блоктар:

      I. Зерттелетін аптадағы экономикалық қызмет;

      IА.  Негізгі қызмет, яғни зерттелетін апта ішінде негізгі болып табылған жұмыс;

      IБ.  Зерттелетін апта ішіндегі қосымша жұмыс (іс);

      II. Жұмыспен қамтымау. Зерттелетін апта ішіндегі жұмыссыздық;

      III. Соңғы 4 апта ішінде жұмысты іздеу (жұмыспен қамту);

      IV. Тіршілік ету қаражаттарының көздері.

      Зерттеудің негізгі бөлігі жұмыс күші рыногының неғұрлым өзекті мәселелерін нақтылайтын сұрақтар блогы бойынша ақпараттарды біржолғы және мерзімдік жинаумен толықтырылуы мүмкін. Осыған байланысты сауалнамаға 3 қосымшалар (Модульдер) әзірленген:

      I-қосымша «Халықтың жұмыспен бейресми қамтылуы»;

      II-қосымша «Лайықты еңбекті статистикалық өлшеу»;

      III-қосымша «Балаларға арналған еңбек».

      Сауалнама ақпараттар әзірленетін және жиналатын келесі негізгі есептік белгілерден тұрады:

      Демографиялық орта – сұралатындардың жынысы, жасы, отбасы жағдайы, білім деңгейі

      Ақы төленетін жұмыстың немесе табысты істің барыуақытша орындалмаған жұмыстың барын қосқа алғандағы зерттелетін аптада жұмыспен қамту, яғни зерттелетін аптада адамның демалыста (еңбек, жалақы сақтауынсыз, декрет немесе балаға күтім жасау бойынша), науқастық қағазда болуы және т.б. себептер бойынша еңбек міндеттерін орындамауы.

      Негізгі жұмыстың сипаттамасы экономикалық қызмет түрі, іс (кәсіп немесе лауазым), және жұмыспен қамту мәртебесі бойынша жіктелімі, еңбек шартының типі, өңірлік орналасқан жері, жұмыс аптасының қалыпты және нақты ұзақтығы, жұмыс аптасының қалыпты ұзақтығынан аз жұмыстың немесе уақытша болмауының себептері;

      Екінші (қосымша) жұмыс туралы мәліметтер – оның бары, жұмыспен қамту мәртебесі бойынша жіктелімі, экономикалық қызмет түрі, еңбек шартының типі, қосымша жұмыста жұмыс нақты өтелген уақытының саны, іздеу немесе қосымша жұмысқа дайындығы;

      Жұмыссыздық (жұмыспен қамтымау) сипаттамасы – зерттелетін аптада жұмыспен қамтымаудың себептері, экономикалық қызмет түрі және соңғы жұмыс орны бойынша қызметкердің санаты, жұмысы тәжірибесі жоқ жұмыспен қамтылмағандардағы мамандықтардың (кәсіптердің) болуы, жұмыс (іс) болмауының ұзақтығы;

      Жұмысты іздеу – зерттелетін аптада жұмыспен қамтылмаған адамдардың жұмыс іздеуі; жұмысты іздеу тәсілдері, жұмысқа кірісу дайындығы, жұмыспен қамтылмағанның жұмысты іздеп және кірісуге дайын жұмыстың сипаты, жұмысты іздеу ұзақтығы;

      Экономикалық  тұрғыдан енжар адамдар  туралы мәліметтер әлеуметтік мәртебе; жұмысты іздестіруден бас тарту себептері; жұмысқа кірісуге дайын болмау себептері;

      Үй  шаруашылығындағы қызмет көрсетулер немесе тауарларды өндіру жұмысымен қамту өзі тұтыну үшін өнім өндірісін қоса жеке қосалқы шаруашылығындағы зерттелетін аптада өнім өндіру жұмысымен қамту; өндірілетін ауылшаруашылық өнімінің негізгі түрі; табыс алу немесе айырбастау үшін үй шаруашылығындағы қызмет көрсетулер немесе өнеркәсіптік тауарларды өндіру жұмысымен қамту.

      Сауалнамадағы сұрақтар және оның қосымшалары белгіленген  тәртіппен орналасқан және бірнеше  типтерге бөлінеді, олардың әрқайсысы пікіртерімнің әр түрлі техникасы мен жауаптарды жазу тәсілдерін талап етеді. Сауалнаманың барлық сұрақтарын 2 ірі ашық және жабық топтарға бөлуге болады.

      Ашық  сұрақтар – бұл респонденттердің жауапты өз сөздерімен алуға мүмкіндік беретін немесе оның жауапты таңдау шегіне шек қоймайтын сұрақтар болып табылады. Сауалнамада ашық сұрақтардың келесі түрлері – қолданылады қарапайым ашық және алдын ала кодталған сұрақ.

      Респондент  қарапайым ашық сұрақтарға сауалнамада  арнайы бөлінген орындарда жазылуға тиісті сандық және ауызша ақпаратты хабарлайды. Мысалы, респонденттің жұмыс істеуі бойынша атқаратын лауазымы немесе кәсібі, жұмыс уақытының қалыпты немесе нақты ұзақтығы туралы сұрақтар. 

      Алдын ала кодталған ашық сұрақтарда дайын жауаптар санатының тізімі алдын ала қарастырылған. Яғни, сұрақ оқылады және респонденттің алған жауабы жауап нұсқалары бланкісіндегі кодталғандардың тек біреуімен ғанасәйкестендіріледі. Мысалы, зерттелетін аптада негізгі жұмыста болмаудың себептерін анықтау үшін 8 жауап нұсқасы, жұмыспен қамтымау бойынша 12 нұсқа ұсынылған. Жеке сұрақтарда, сондай-ақ 3-тен көп емес жауап нұсқасын таңдауға рұқсат етіледі.

      Жабық сұрақтар –тұжырымдаманың өзі белгіленген жауаптар жиынтығынан таңдау жасауды талап етеді. Жабық сұрақтардың ең қарапайым типі – бұл абсолютті таңдау жасау талап етілген кезде, яғни «иә» немесе «жоқ». Мысалы, мына сұрақта «Сіз оқу нәтижесінде алған мамандық бойынша жұмыс істейсіз бе?». Егер бірнеше жауаптар нұсқасы ұсынылса, онда олар дәйекті әзір жауап ретінде сұрақ тұжырымдамасының өзіне кіреді.

      Сауалнама бланкілерінде келесі сұрақтарға жауаптар жазудың тәсілдері қолданылады – бұл басып шығарылған жауап санатын (кодын) алдын ала дөңгелектеп белгілеу немесе ақпаратты сөздермен немесе сандармен жазу. Егер дұрыс емес жауап коды дөңгелектеп белгіленген жағдайда, қате дөңгелек крест белгісімен сызып тасталынады және шын мәнінде дұрыс жауап (коды) дөңгелектеп белгіленеді.

Информация о работе Әдіснамалық түсініктемелер