Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2012 в 01:49, доклад

Описание работы

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан аймағы (бұл жерде Түркістан ауданы мен Кентау қаласының аймағы сөз болып отыр) ежелден-ақ шартарапқа кетіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан жері болған. Шығысында Ұлы Жібек жолынан басталған керуен жолы (Сыр жолы) Сырдарияны жағалап отырып Арал теңізіне, онан әрі Батыс Қазақстан арқылы Шығыс Еуропада өткен, ал Сырдарияның бойындағы ежелгі қалалардың шыққан Қарқаралы мен Жет

Работа содержит 1 файл

Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері.doc

— 429.00 Кб (Скачать)


І. Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері

 

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан аймағы (бұл жерде Түркістан ауданы мен Кентау қаласының аймағы сөз болып отыр) ежелден-ақ шартарапқа кетіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан жері болған. Шығысында Ұлы Жібек жолынан басталған керуен жолы (Сыр жолы) Сырдарияны жағалап отырып Арал теңізіне, онан әрі Батыс Қазақстан арқылы Шығыс Еуропада өткен, ал Сырдарияның бойындағы ежелгі қалалардың шыққан Қарқаралы мен Жетіқоңыр керуен жолдары Қаратаудан асып, Сарыарқа арқылы Ертіске өткен. Бұл аймақ тарихымыздың әр түрлі кезеңдерінен сақталған тарихи-мәдени ескерткіштерге бай өлке. Ескерткіштер Сырдарияның жағасынан бастап Қаратаудың қойнауына дейінгі аралықта кездеседі. 2006-жылға дейін ғылымға белгілі болған археологиялық ескерткіштердің жалпы саны 350, олардың қатарында тас ғасырынан тұрақтары, қола, ерте темір ғасырлары мен ортағасырлық обалар мен оба қорымдары, ежелгі және орта ғасырлық елді мекендер, қалалар мен бекіністер, қарауыл төбелер, тасқа салынған сурет орындары, кәріздер бар.

Тас ғасырынан тұрақтары Қаратау шатқалдарында, тау алды беткейлерінде кездеседі. Тастан, тас аралас топырақтан үйілген әр түрлі тарихи кезеңдердің обалары тау шатқалдарында, тау үсті және тау алды жазықтарында орналасқан. Кіші обалардың аумағы 4-5м, биіктігі 0,2-0,3м, ал үлкен обалардың аумағы 40-50м-ге дейін жетеді, биіктігі 5-6м. Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейіндегі тау алды жазығы мен шатқалдарда «мұратты» обалар кездеседі.

Түркістан аймағында 100-ге жуық ежелгі, орта ғасырлық бекіністе, елді мекендер, қарауыл төбелер, қалашықтар мен қалалар бар, олардың көпшілігі Сырдария мен Қаратаудың аралығындағы жазықта, керуен жолдарының бойында жатыр, үлкен қалалар бір-біріне 10-20 км жерде орналасқан. Мысалы, Иқан, Түркістан, Қарашық, Сидақата, Сауран қалалары. Елді мекендер мен қалашықтардың бір қатары Қаратаудың шатқалдарында, тау алды жазығында кездеседі. Қазақ хандықтары кезіндегі тастан салынған бекіністер мен қалашықтар Біресек, Үшөзен, Қызылата шатқалдарында және Өгізтауда сақталған. Ортағасырлық қарауыл төбелер мен қарауыл мұнаралары Қаратаудың теріскейге өтетін шатқалдарының бойында, асуларда, тау алды жазығында және елді мекендер мен қалалардың арасындағы биік жерде орналасқан.

Қола, ерте темір және ортағасырлық тасқа салынған суреттер Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейіндегі Қоржайлау, Жыңғылшық, Қарадегерез, Қиынжүрек, Шүкірсаз, Төсбұлақ, Қызылшың, Кеңөзен, Қарақұдық, Майдантал  өзендері мен шатқалдарында, Бессаз шыңы төңірегінде сақталған. Тасқа салынған суреттерде тау ешкісі, арқар, жылқы, түйе, қабан, адамдар бейнеленген.

Ортағасырлық қалалардың төңірегінде каналдар, арықтар, егістік алқаптары сақталан, кәріздердің тізбектеле қазылған құдықтары Қаратаудың тау алды беткейінде орналасқан Майдантал, Абай, Бабайқорған, Қарашық ауылдары төңірегінде кездеседі.

Түркістан қаласы мен оның аймағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер баға жетпес жәдігерлер тарихымыздың куәгерлері болып табылады, оларды әр түрлі туристік бағыттарға енгізуге болады.

 

1.      Түркістанның туристік бағыттары

Түркістан қаласы мен Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштерге бай екенін, өзіндік табиғатын және географиялық орналасу ерекшелігін ескере отырып, қазіргі таңда бұл аймақта туризмнің тарихи - өлкетанушылық экологиялық салаларын, келешекте этнотуризмді дамытуға болады.

Тарихи-өлкетанушылық туризм. Туризмнің бұл саласының негізгі мақсаты сыртқы, ішкі туристерге және жергілікті халыққа Түркістан қаласы мен Түркістан аймағымен бай тарихымен жан-жақты таныстыру.

Тарихи-өлкетанушылық туризмді келесі бағыттар бойынша ұйымдастыруға болады:

-         Түркістан рухани астана

-         Түркістанның алтын сақинасы

-         Қаратау ескерткіштері

-         Транзиттік бағыт

-         Түркістанның киелі орындары

-         Оңтүстіктің алтын шеңбері

-         Түркістанның киелі орындары

2,1 Түркістан Рухани Астана бағыты туристер мен өлкетанушыларды Түркістан қаласының тарихымен, онда орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштермен таныстырады, Түркістан жерленген тарихи тұлғалар туралы қысқаша түсініктеме береді. Бұл бағытқа кіретін ескерткіштер:

      - ежелгі Күлтөбе қаласы

      - ортағасырлық Түркістан қаласы

      - Қожа Ахмет Ясауи кешені

      - Есімхан кесенесі

      - Рабия Сұлтан бегім кесенесі

      - Қылует жер асты мешіт музейі

      - Ортағасырлық монша

      - Құмшықата жер асты мешіті

      - Түркістан тарихи музейі

      - Әль-Қожа ата кесенесі

      - Гауһар ана кесенесі

      - Түркістан қаласындағы тарихи орындар мен ғимараттар

      - Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ -Түрік университеті

      - Ғылым орталығы, Археология музейі

Ежелгі Күлтөбе қаласы (I мың жыл, ортасы-XIVғ.) кейінгі ортағасырлық Түркістан қаласының шығыс бөлігінде, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің 350 м жерде орналасқан. Жоғарғы қабатының тарихи белгілері бұзылған. Ескерткіштің көлемі 120х150м, биіктігі 9м. Жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде Күлтөбеден Түркістан қаласының 1500 жылдық тарихын дәлелдейтін деректер табылған.

                Ортағасырлық Түркістан қаласы (XV-XIXғғ) Түркістан қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Қала цитадель, шахристан және рабаттан тұрады. Цитадельден батыс және оңтүстік-батыста жобасында төртбұрышты болып келген шахристан орналасқан, оның көлемі 23,5 га (350 х 670м). Солтүстік және батыс бөлігінде мұнара мен қабырға қалдықтары салынған. Қаланы айналдыра қоршаған қабырғаның ұзындығы 3 км ге жуық. Стратиграфиялық зетттеулер бойынша қала цитаделі Монғол шапқыншылығынан кейін қалыптасып, XV-XVIғғ. кесененің батыс жағында шахристан пайда болған.

                 Қожа Ахмет Ясауи кесенесі (XII-XIVғғ) Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің, XII ғ. өмір сүрген ұлы ақын, йсауийа тарикатының негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауидің бейітінің үстіне ХІV ғ соңында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Бұл ғимарат өз заманындағы сәулет өнерінің барлық жетістіктерін бойына жинаған құрылыстарының бірі.

              Кесененің көлемі 60х50 м, биіктігі 38 м. Ахмет Ясауи ғимамараты көп функционалдық құрылыс болып табылады. Оның негізін жамағатхана, қабырхана, мешіт, үлкен және кіші Ақ сарай, кітапхана, асхана, құдықхана және хужра бөлмелері құрайды.

              Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның мұралары тізіміне енген ескерткіш.

              Есімхан кесенесі (XVIIғ) Есімхан кесенесі жобасында төртбұрышты құрылыс. Оның фасаттары сырлы плиткалармен қапталған. Құрылыстың сағана бөлігі сақталынған. Архитектуралық, археологиялық зерттеулерге қарағнда бұл құрылыс XVII ғ. салынған. Кесенеге белгілі қазақ ханы, кейінгі ортағасырлық Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері Есімхан (1598-1628жж) жерленген.

              Рабия Сұлтан бегім кесенесі (XVғ) Рабия Сұлтан бегім кесенесі жобасында төртбұрышты. Ол ішкі сегіз қырлы және 4 төртбұрышты бөлмелерден тұрады. Бұл құрылыс туралы алғашқы деректер XVI ғ. бастап кездеседі. Рабия Сұлтан  бегім Ұлықбектің қызы, Әмір Темір көрегеннің немересі, көшпенді өзбектердің ханы Абілқайырдың әйелі болған.

              Қылует жер асты мешіт (XII - XIX ғғ) Қылует жер асты мешіті Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікте, 150 м жерде орналасқан. Қылует жер асты мешітінің салынуын Ахмет Ясауи атымен байланысты. XII-XIX ғғ аралығында салынған құрылысты XX ғ 40-шы жылдарында толығымен бұзып қыштарын зауыт салуға қолданған. Археологиялық архитектуралық зерттеулермен 1941 жылы жасалынған макетке сүйенен отырып Қылует жер асты мешіті толығымен қалпына келтірілген.

              Құрылыстың ең көне бөлігі - ғархана (XIIғ) бөлмесі болып табылады. Жер бетінен 4 метр тереңдікте орналасқан бұл бөлменің көлемі 1,5 х 1,5 м, биіктігі 1,6 м. Аңыз бойынша Ахмет Ясауи пайғамбар жасына (63 жас) толған соң қалған өмірін осы бөлмеде өткізген. Екінші құрылыс кезеңіне (XV-XVIғғ) жамағатхана, мешіт, дәретхана шаруашылық бөлмелері жатады. Ал XVIII-XIX ғғ құрылыстың солтүстік жағына басқа қосымша бөлмелер салынған.

Ортағасырлық монша (XVIғ) Ортағасырлық шығыс моншасы Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстік шығыста, 150 м жерде орналасқан, жеті бөлмеден тұрады. Монша 1978 ж. дейін жұмыс істеп келген, 1979 ж. бастап оның негізінде Шығыс моншасы музейі ашылған.

Құмшықата жер асты мешіті (ХІІғ)  Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстік-шығыста, 1 км жерде орналасқан. Жер асты мешіті сопыларлың діни- ғұрыптық құрылыстары қатарына жатады. Күйдірілген қышпен салынған. Құрылыс екі бөлмелі, түпкі бөлме төртбұрышты өлшемі 2х2 м, биіктігі 1,6 м, ол дәліз арқылы диаметрі 2,5, биіктігі 2 м дөңгелек бөлмемен байланысқан.

Түркітан тарихи музейі. Музей 2000 ж. ашылған. Музей орналасқан ғимарат XIX ғ соңында салынған әскері хазарма болған. Түркістан тарихи музейінің экспозициясы 8 бөлімнен тұрады:

1.      Тас, қола және ерте темір ескерткіштері

2.      Түркі кезеңіндегі Түркістан оазисі

3.      Шауғар қаласы

4.      Ясы қаласы

5.      Қожа Ахмет Ясауи – «Түркістан пірі»

6.      Ескі Түркістан қаласы

7.      Түркістан - Қазақ ханлығының астанасы

8.      Түркістан –түркі дүниесінің рухани орталығы

Әл-Қожа ата кесенесі (XIIғ) Алғашқы құрылысы ХІІ ғ. салынған. Кесене толығымен қайта қалпына келтірілген. Аңыз бойынша Әл-Қожа ата Ахмет Ясауидің күйеу баласы болған.

Гаухар ана зираты (XIIғ) Түркістан қаласынан оңтүстік-шығыста 1 км жерде орналасқан. Аңыз бойынша Гаухар ана Қожа Ахмет Ясауидің қызы болған.

А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. 1991ж. Түркістан университеті болып ашылған.

1993 ж. Қазақстан мен Туркия президенттерінің шешімімен ол Халықаралық қазақ-түрік университеті болып қайта ашылған. Қазіргі таңда, оның Түркістан, Тараз, Шымкент, Алматы, Кентау институттары мен Анкара бөлімі бар.

Ғылым орталығы,Археология музейі. Ғылым орталығы Халықаралық қазақ-түрік университеті Сенатының шешімімен 2001 ж. ашылған. Орталық Түркология, Эколгия институттары Археология ғылыми-зерттеу орталығы және Баспа бөлімінен тұрады.

Археология музейі университеттің бас ғимаратында орналасқан, экспозициялық алаңы 200 м кв. Музей экспозициясы 4 бөлімнен тұрады:

-         Тас ғасыры

-         Қола ғасыры

-         Ерте темір ғасыры

-         Орта ғасырлар

2,2 Түркістанның Алтын Сақинасы бағытының ұзындығы  200-210км, автокөлікпен (автобус, РАФ, УАЗ, Нива) жүруге арналған. Бағыттың мақсаты туристерді, өлке танушыларлы Түркістан аймағында орналасқан археологиялық ескерткіштермен таныстыру. Түркістан қаласынан көлікпен шыққан туристер тас ғасырының Шоқтас тұрағында, ерте Темір ғасырының Әшір, Хантағы обаларында, Хантағы төрткүлінде, ортағасырлық Ішкент, Сауран, Сидақата, Қарашық қалаларында болып, оларда дүргізіліп жатқан қазба жұмыстарымен танысып, Түркістанға қайтып келеді.

Шоқтас тұрағы Түркістаннан 25 км солтүстік-шығыста, Кентау-Ащысай жолының жағасында орналасқан төменгі ерте тас ғасырының бұлақ басында орналасқан. Бұл тұрақ Қазақстан мен Орталық Азияда сирек  кездесетін ескеркіштердің бірі. Шоқтас тұрағында бірлескен Қазақстан - Ресей ғалымдары жүргізген қазба жұмыстарының кезінде тастан жасалынған еңбек құралдыр мен әр түрлі жануарлардың сүйектері табылған. Шоқтас тұрағы қазақ жеріндегі ең ежелгі ескерткіштердің бірі.

Ерте темір ғасырының Әшір обалары қорымы Хантағы ауылынан солтүстік-шығыста 3,2 км жерде, Хантағы өзенінің оң жағалық жарқабағында орналасқан. Тастан, тас аралас топырақтан үйілген обалар оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып жатыр. Қорымның солтүстік шығысындағы биік төбенің үстінде тұрған хан обасының аумағы 36 м биіктігі 6 м.

Ерте темір ғасырының Хантағы обалар қорымы  Хантағы ауылынан солтүстік шығыста 6,5 км жерде, өзеннің жағасында, Хантағы тауының етегінде орналасқан. Тастан, тас аралас топырақтан үйілген обалардың аумағы 4-12 м, биіктігі 0,2 -1,3 м.

Хантағы төрткүлі (VIII-XIIғғ.) Хантағы ауылының солтүстік шетінде орналасқан. Бұрыштары дүниенің төрт жағына бағытталған төрткүлдің көлемі 100х120 м, қамалының биіктігі 3 м, ені 8-10 м.

Ортағасырлық Ішкент (VII-XVIIІғғ.) қаласы Қарнақ ауылында орналасқан, жазба деректерде Махмұт Қашқариден (XІғ), бастап кездеседі. Жобасында трапецияға ұқсас шахристанның көлемі 100х150 м, биіктігі 1-1,5 м, оның солтүстік- батыс бұрышында орналасқан цитадельдің көлемі 60х70 м, биіктігі 5-7 м .Қожа Ахмет Ясауи кешеніндегі Тайқазан XV ғ осы қалада құйылған.

Ортағасырлық Сауран қаласы (XIII-XVIIIғғ) Түркістаннан 40км солтүстік-бастыста Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының шекарасында, Сырдарияның оң жағасында 8 км жерде орналасқан.

Қазіргі күнде ортағасырлық Сауранның орны солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай – 800 м-ге, оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа қарай - 500м-ге созылып жатыр, биіктігі 2 м. Қаланың пахса мен кесектен қаланған қамалының қазіргі биіктігі 3-6 м, оны сырттай терең ор қоршаған. Осы ор туралы XVI ғ, өмір сүрген Хафиз- и Таныш былай деп жазған: «Қаланы қоршаған ордың кеңдігі мен тереңдігі сондай, оны өзен деп қаласын». Қалаға кіретін солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс қақпалар бүгінгі күнде ұзындығы 20м келетін коридор тәрізді болып жатыр, оларды жан-жағынан мұнаралар қоршаған. Қала қамалының ішіндегі көшелер мен тұйықтарды жағалай салынған көптеген құрылыс қалдықтары сақталған. Ортағасырлық деректерде Сауран қаласындағы медресенің жанында, ерекше техникалық тетіктердің арқасында щайқатылып тұратын екі мұнара болғаны айтылған.  Осы мұнаралардың XIX ғ. 70-жылдарына дейін сақталғаны деректерден белгілі, бірақ өкінішке қарай  бірде-бір деректе мұнаралардың нақты орналасқан жері көрсетілмеген. Кейбір зерттеушілердің пікіріне қарағанда, өз заманындағы таңғажайып құрылыстардың бірі болған қос мұнара қаланың шығыс бөлігіндегі күйдірілген кесектен қаланған құрылыс қалдықтары жатқан жерде орналасқан болса керек. Дегенмен бұл таңғажайып мұнаралардың нақты орналасқан жері келешекте жүргізілетін  археологиялық қазба жұмыстары кезінде ғана анықталуы мүмкін.

Информация о работе Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері