Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2012 в 01:49, доклад

Описание работы

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан аймағы (бұл жерде Түркістан ауданы мен Кентау қаласының аймағы сөз болып отыр) ежелден-ақ шартарапқа кетіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан жері болған. Шығысында Ұлы Жібек жолынан басталған керуен жолы (Сыр жолы) Сырдарияны жағалап отырып Арал теңізіне, онан әрі Батыс Қазақстан арқылы Шығыс Еуропада өткен, ал Сырдарияның бойындағы ежелгі қалалардың шыққан Қарқаралы мен Жет

Работа содержит 1 файл

Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері.doc

— 429.00 Кб (Скачать)

              Сауранның төңірегіде кең алқапты алып жатқан қала аймағы, бау-бақша болғаны белгілі. Ұшақтан түсірілген суреттер бойынша қала аймағында 320-ға жуық  қора-жайлы жер бөліктер есепке алынған. Қалаға және оның аймағына су Сырдариядан тартылған арықтармен және кәріз арқылы әкелінген. XVI ғ авторы Васифидің айтуына қарағанда басын  Саураннан 7 км солтүстік жердегі Міртөбеден алатын кәрізді қазуға үнділік 200 құлдар қатысқан. Сауранның кәріз жүйесінің бір қатары осы уақытқа дейін сақталған.

              2005 жылдан бастап ортағасырлық Сауран қаласында республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша кең көлемде археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде. Жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде қаланың орталық бөлігінен мешіт, медресе және солтүстік -шығыс қақпасының бірнеше тарихи кезеңдегі қалдықтары мен оған кіретін тас жолы ашыла бастады.

  Ерте ортағасырлық Сидақата қаласы (I-VIIIғғ) Түркістаннан 18 км солтүстік-батыста, Қызыләскер ауылынан 2 км оңтүстікте орналасқан. Қаланың жалпы көлемі 9,1 га, жобасында алты бұрышты болып келген шахристанның көлемі. 6,2 га, оның ең биік жерінде орналасқан цитаделінің көлемі, 80х140м, биіктігі 14 м.

Қаланы сырттай қоршап жатқан жатқан 10-70 м келетін ордың ұзындығы 1270 м. Сидақата қаласының әртүрлі бөліктерінде 1998, 2002-2005 жылдарда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының барысында оның I-VIIIғғ. аралығында өмір сүргені анықталып, көптеген бөлмелер, құрылыс қалдықтары ашылып әртүрлі археологиялық заттар табылған.

Ортағасырлық Қарашық қаласы (VI-XIV ғғ.) Түркістанан 8 км солтүстікте, Қарашық өзенінің оң жағасында орналасқан, ол орталық бөліктен    (шахристан, цитадель,рабад) және шаруашылық аймағынан тұрады. Шахристанның көлемі 220х135-200 м, биіктігі 8-9 м.Оның солтүстік-батыс бұрышында орналасқан цитадельдің көлемі 40х-40 м, биіктігі 1,5-2 м. Шахристанды қоршаған рабадтың көлемі 400х460м, биіктігі 3-4 м. Қаланың орталық бөлігін сырттай қоршап жатқан шаруашылық аймағы кең алқапты қамтығын, оны қоршаған қамал құландысының ені 10-12 , биіктігі 2-3 м.

2001-2003 жж. А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тұран археолгиялық экспедициясы Қарашық қаласының цитаделінде кесік салып, оның VI-XIV ғ. кезінде өмір сүргенін анықтап цитаделдің жоғарғы қабатынан X-XIV ғ, кезіндегі құрылыс қалдықтарын ашты. Рабадтың қамалына салынған кесіктен IX-Xғғ. кезінде әбзелдерінен жерленген жылқының сүйегі табылды. Шаруашылық аймағында жүргізілген қазбадан XIII-XIV ғғ кезіндегі бөлмелер, үй орындары мен ыдыс күйдіретін құмдандар кешен ашылды. 

2.3. Қаратау ескерткіштері бағытының мақсаты туристер мен өлкетанушыларға Қаратаудың оңтүстік батыс беткейіндегі Біресек, Үшөзен, Қызылата мен Өгізтау шатқалында орналасқан археологиялық ескерткіштерді таныстыру. 3-4 күндік бағыттың жалпы ұзындығы 400-450 км. Бұл бағыт автокөлікпен және жаяу жүретін туристерге арналған. Қаратау ескерткіштерімен танысу Біресек, Үшөзен, Қызылата жіне Өгізтау бағыттары бойынша іске асырылады.

3.1. Біресек бағытының ұзындығы 100 км. Осы бағытпен жүрген туристер Біресек өзені мен оның салалары бойында орналасқан археологиялық ескерткіштермен танысады.

Ерте темір ғасырының Алмалысай обалар қорымы Біресек ауылынан 8,7 км солтүстік шығыста, өзеннің жағасында орналасқан.Тастан үйілген обалардың аумағы 8-20 м, биіктігі 0,4 -2,5 м.

Алмалысай елді мекені (VI-IХғғ.)  Біресек аулынан 9 км солтүстік шығыста, өзеннің оң жағасында орналасқан. Төртбұрышта елді мекенінің көлемі 30х32 м, биіктігі 1,5-2 м.Оның оңтүстік беткейіндегі қабырғалары тастан қаланған үш бөлмелі құрылыстың көлемі 14х6 м ал солтүстік беткейіндегі құрылыстың көлемі 15х5 м.

Алмалысай елді мекені Түркістаннан шығып Қаратау арқылы Созаққа өтетін, Біресек өзенін жағалып жүрген ортағасырлық керуен жолының бойында орналасқан. 

Ерте темір ғасырының Біресек обалар қорымы Біресек ауылынан солтүстік шығыста 10-18 км аралықта бірнеше топ болып Есекбел, Есіркеп,Теректі деп аталатын жерлерде шоғырланған. Обалар тастан үйілген аумағы 6-20 м, биіктігі 2,4-2,8 м. Есекбел обалар тобындағы екінші обаның аумағы 12 м, биіктігі 3 м, осы обада жүргізілген қазба жұмыстары кезінде үйілген тастың астынан көлемі 2,3 х 2,4 м келетін, қабырғалары тастан кұм безделіп қаланған құрылыс ашылды. Оның биіктігі 2 м, ені 0,5 м келетін есігі оңтүстік қабырғасында орналасқан. Құрылысты ашу кезінде ыдыс сынықтары табылды. Бұл оба ерте заманда-ақ тоналған.

Есекбел бекінісі (VI-IХғғ,) Біресек ауылының солтүстік шығысынан 11 км жерден, өзеннің оң жағасындағы биік төбеде тұрған, көлемі 50х56 м, биіктігі 10-12 м келетін жартастың үстіне салынған. Бекіністің солтүстік бөлігінде биіктігі 3 м, көлемі 10х12 м келетін қарауыл мұнарасы бөлігіне тастан қаланған есік арқылы шығуға болады. Есекбел бекініс Біресек өзені арқылы өтетін ортағасырлық керуен жолын бақылап тұруға өте қолайлы жерге салынған, онан Біресек өзенінің шатқалы бірнеше км жерге дейін көрінеді.

Жыңғылшық тасқа салынған суреттері (Қола, ерте темір ғасыр) Біресек өзенінің саласы Жыңғылшық өзенінің оң жағасындағы тасқа  салынған суреттерді 1982 ж археолог З.С. Самашев ашып, зерттеген. Жыңғылшықтағы тасқа салынған суреттерді 2001-2002 жж. А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тұран археологиялық экспидициясының тасқа салған суреттертді қайта зерттеп олады суретке түсіріп, көшірмесін сызды. Суретерде «құс тұмсықты бұғылар», түйе, тау ешкілері, жылқылар, бұқа турлар, күн бейнелері, антропоморфты бейнелер салынған.

3,2 Байылдыр бағытының ұзындығы 130км. Осы бағытпен жүрген туристер Байылдыр өзені мен Ашаның археологоиялық ескерткіштерімен танысады.

Ортағасырлық Аша қаласы (VI-XIIғғ) Аша ауылынан 1,3 км оңтүстікке, Байылдыр ауылынан 12,7 км солтүстік-шығыста, Байылдыр өзенінің сол жағында орналасқан. Қала екі бөліктен тұрады оның оңтүстік бөлігінің көлемі 130х115 м, биіктігі 13 м, ал ортасын 3 м сай бөліп жатқан солтүстік бөлігінің ұзындығы 130 м, ені 7м, биіктігі 8 м.  Ортағасырлық Аша қаласы Байылдыр өзенін жағалап барып, Аша арқылы теріскейге өтетін керуен жолының бойында орналасқан.

Аша бекінісі (XV-XVIғғ) Аша ауылынан 1 км оңтүстік-батыста, Байылдыр ауылынан 12,8 км солтүстікте, Байылдыр өзенінің оң жағасындағы биіктігі 180 м келетін оңтүстік және солтүстік жақтары тік болып келген таудың үстінде орналасқан. Оны қоршаған тас қаландының ені 1-1,5 м, биіктігі 1-2 м. Тас қаландының солтүстік және солтүстік-батыс жақтары бұзылып кеткен.

Ерте темір ғасырының Бозбұтақ обалар қорымы Аша ауылынан 1-2,4 км солтүстік-батыста орналасқан. Тастан үйілген обалардың аумағы 6-15 м, биіктігі 0,3-1,3 м.

Ерте темір ғасырының Балағайып обалар қорымы  Аша ауылынан 1 км солтүстікте, Байылдыр өзенінің жағасындағы Балағайып үңгіріне жақын жерде орналасқан. Тастан, тас аралас топырақтан үйілген обалардың аумағы 7-16 м, биіктігі 0,6-2,5 м.

Тас қамал (XV-XVIғғ) Аша ауылынан 2 км солтүстікте Байылдыр өзенінің оң жағасындағы биік таудың басында орналасқан. Оның солтүстік, солтүстік-шығыс, оңтүстік жағы тік құлама құз болып келген, ал батыс жағы қалыңдығы 1,5-2 м келетін таспен қаланған. Тас қамал оның батыс жағынан ғана кіруге болады. Қамалдың ішінен ыдыс сынықтары кездеседі. Халық аузындағы аңыздарға қарағанда, ел басына күн туғанда халық осы қамалға шығып, оның есігін таспен бітеп қорғанған екен. Қамалдың бір жерінде шыңырау құдық болған деседі. Тас қамал Байылдыр өзенін жағалап барып, Аша арқылы теріскейге өтетін керуен жолының бойында орналасқан.

3,3 Қызылата бағытының ұзындығы 140км. Осы бағытпен жүрген туристер Қызылата өзенінің бойында орналасқан Қырыққыз, Балақорған қамалдарымен және ерте темір ғасырының обаларымен танысады.

Қырыққыз қамалы (XV-XVIғғ) Кентау қаласынан 16,9 км солтүстікте, Қызылата өзенінің сол жағасындағы биік төбеде орналасқан. Қалыңдығы 2 м келетін қабырғалары тастан  қаланған. Олардың қазіргі сақталған биіктігі 2,5-3 м. Қамалдың ішінде көптеген бөлме орындары байқалады. Оған кіретін, екі жағы таспен қаланған есік шығыс қабырғада орналасқан. Батыс қабырғаның ішкі жағында бұлақ бар.

Балақорған қамалы (XV-XVI ғғ) Кентау қаласынан 17 км солтүстікте, Қызылата өзенінің сол жағасындағы биік жартастың үстінде орналасқан. Қамалдың қабырғалары тастан қаланға. Оның солтүстік жағында бірнеше бөлмелердің орны байқалады. Қамалға кіретін есік оңтүсік-шығыс бұрышқа жақын орналасқан.

Қырықсыз бен Балақорған қамалдары Түркістаннан шығып, Қаратаудың теріскей бетіне өтетін ортағасырлық Қызылата керуен жолының бойында орналасқан.

Ерте темір ғасырының Қырықсыз және Балақорған обалары қорымдары Кентау қаласынан 17,3 км солтүстікте, Қызылата өзенінің жағасында орналасқан. Тастан үйілген обалардың аумағы 4-15 м, биіктігі 0,5-1,2 м. Олар тізбектеліп оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр.

  3,4 Өгізтау бағытының ұзындығы 140 км. Осы бағытпен жүрген туристер Өгізтау шатқалында орналасқан археологиялық ескерткіштермен  танысады.

Өгізтау қаласы (XV-XVI ғғ) Серт  ауылынан 16,9 км солтүстік-шығыста, Қысқаша өзенінің сол жағасындағы беткейде орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан,  жобасында төртбұрышты болып келген қалашықтың көлемі 110х140 м, биіктігі 3-4 м. Оның қабырғалары тастан қаланған, бұрыштарында мұнара орындары байқалады, есігі батыс жағында орналасқан. Қаланың жобасында қабырғалары тастан қаланған ондаған бөлмелердің орындары байқалады.

Өгізтау қорымы (XV-XVI ғғ) Ортағасырлық Өгізтау қаласының солтүстік жағындағы беткейде орналасқан. Қорымды жеке-жеке және бір-біріне жақын орналасқан жобасында тікбұрышты және төртбұрышты қырынан көмілген тас қоршаулар бар. Олардың көлемдері 1,1х1,3м- ден 2,6-3,1 м-ге дейін келеді. Қоршаулар ретсіз орналасқан, кейбір қоршаулардың басына жобасында төртқырлы болып келген тас бағандар қойылған, осындай бір бағанның қырлары 22х27 см, биіктігі 1,4 м. Обадағы есепке алынған қоршаулардың саны 400-ден асады.

Өгізтау тас бекінісі  (XV-XVI ғғ) Серт ауылынан 16,9 км солтүстік шығыста, тау шатқалындағы Үйрексу мен Қасқаша өзендерінің қосылар жерінің солтүстік-батысындағы жан-жағы тік Өгізтау жотасының үстінде, Өгізтау қаласынан 0,4 км шығыста, өзен деңгейінен 150 м биіктікте орналасқан. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылып жатқан таудың сүйірленіп келген солтүстік-батыс бөлігіндегі көлемі 85х50м алаңды шығысынан оңтүстік-батысына қарай қоршап тұрған қамал тастан қаланған, оның жалпы ұзындығы 80 м, ені 1-2,2 м, сақталған биіктігі 0,5-2 м. Шығыс және оңтүстік батыс жағы тастан қаланған алаңның ортасындағы үйілген тастың аумағы 6 м, биіктігі 0,7 м.

Өгізтау елді мекені  (VI-VIIIғғ) Қысқаша өзенінің оң жағасында, Өгізтау қаласынан 0,2 км оңтүстік батыста орналасқан. Жобасында алаңды төбе тәрізді болып келген елді мекеннің көлемі 35х55 м, оның алаңының биіктігі 2-2,5 м, төбесі 5м. Алаңның ортасындағы ойдың аумағы 15 м, тереңдігі 1м.

Ерте темір ғасырының Өгізтау обалар қорымы Серт ауылынан солтүстік шығысқа 11,2-16,8 км аралығында, Серт-Өгізтау жолының жағында орналасқан. Тастан тас аралас топырақтан үйілген обалардың аумағы 7-13 м биіктігі 0,3-1,3 м.

Ерте темір ғасырының Өтегенбұлақ обалар қорымының Серт ауылынан 17,8 км солтүстік шығыста, Қысқаша өзеннің сол жағасында орналасқан. Тастан үйілген обалар солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеле орналасқан, аумағы 7-15 м, биіктігі 0,4-2,5 м. Кейбір обалардың солтүстік- батыс, оңтүстік-батыс бөліктерінде төртбұрышты қосалқы құрылыстары бар.

Ерте темір ғасырының Доланабұлақ обалар қорымы Серт ауылынан 19 км солтүстік-шығыста орналасқан. Тастан, тас аралас топырақтан үйілген обаларың аумағы 6-15 м, биіктігі 0,2-0,9.

Транзиттік бағыт

           Түркістан қаласы арқылы автокөлікпен өтетін туристерге арналған бұл бағытың мақсаты-туристерге Түркістан қаласы мен Шымкент-Қызылорда жолының бойындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді таныстыру. Бағыт екі күндік. Алғашқы күні туристерге Түркістан қаласында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер көрсетіледі, ал екінші күні Ортағасырлық Қарашық, Сидақата, Сауран қалалары көрсетіледі. Түркістан- Қарашық - Сидақата-Сауран бағытының ұзақтығы 60 км.

2,5. ТҮРКІСТАННЫҢ КИЕЛІ ОРЫНДАРЫ

Бұл бағыттың мақсаты Түркістанға зиярат етуге келген сыртқы және ішкі туристер мен жергілікті тұрғындарға Түркістан қаласы мен оның аймағында орналасқан киелі орындарды көрсетіп, оларға зиярат еткізу. Бұл бағыт бойынша зиярат етуге келген туристер мен жергілікті тұрғындар келесі киелі орындарға зиярат етуіне болады:

-         Арыстан баб кесенесі

-         Гаухар ана бейіті

-         Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

-         Әл-Қожа ата кесенесі

-         Қарнақ медресесі

-         Үкәшата бейіті мен құдығы  

-         Жылаған ата бұлағы

2,6 ОҢТҮСТІКТІҢ АЛТЫН ШЕҢБЕРІ БАҒЫТЫ

              Бұл бағытының мақсаты - Түркістан қаласына келген туристерге Оңтүстік Қазақстан облысының негізгі тарихи-мәдени ескерткіштерін таныстыру. Автокөлікпен жүруге арналған бұл бағыттар оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан – Шәуілдір-Төрткүл- Темірлан-Шымкент-Сайрам-Ақсу-Шарапкент-Мақталы-Қарабұлақ-Боралдай-Шаян-Шолаққорған-Созақ-Шолаққорған-Түркістан елді мекендері арқылы өтеді. Бағыттың жалпы ұзындығы 900 км. Осы бағыт бойынша автокөлікпен жүрген туристер келесі тарихи-мәдени ескерткіштерді көріп танысады:

-         Ортағасырлық Түркістан қаласы

-         Ортағасырлық Алтын төбе қаласы

-         Арыстан баб кесенесі

-         Ортағасырлық Отрар қаласы

-         Отрар музейі

-         Бөріжар обала қорымы

-         Қажымұқан өзені

-         Ортағасырлық Шымкен қаласы

-         Ортағасырлық Сайрам қаласы

-         Ибрагим ата кесенесі

-         Абділ Азиз баб кесенесі

-         Қарашаш ана кесенесі

-         Ортағасырлық Қобалбұлақ қаласы

-         Ортағасырлық Төрткүлтөбе қаласы

-         Ортағасырлық Керейт қаласы

-         Қара үңгір тұрағы

Информация о работе Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері