Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2012 в 01:49, доклад

Описание работы

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан аймағы (бұл жерде Түркістан ауданы мен Кентау қаласының аймағы сөз болып отыр) ежелден-ақ шартарапқа кетіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан жері болған. Шығысында Ұлы Жібек жолынан басталған керуен жолы (Сыр жолы) Сырдарияны жағалап отырып Арал теңізіне, онан әрі Батыс Қазақстан арқылы Шығыс Еуропада өткен, ал Сырдарияның бойындағы ежелгі қалалардың шыққан Қарқаралы мен Жет

Работа содержит 1 файл

Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері.doc

— 429.00 Кб (Скачать)

Қалаға үш қақпа аркылы кірген. Екеуі бір-біріне қарама-қарсы орналасқан: бірі — оңтүстік, екіншісі — солтүстік-шығыс қабырғада және үшіншісі — батыс жағынын ортасында. Оңтүстіктегісі орталық қақпа болды. Ол оңтүстік бұрыштан 125 м жерде орналасқан, Қақпаның екі мұнарасы болған, олардың алдынан XV — XVI ғғ. қақпаның қорғаныс қабілетін арттыру мақсатында тікбұрышты, қалың қабырғалы құрылыс тұрғызылған. Қазіргі кезде қақпа орны ені 20 м ойпат болып жатыр.

Солтүстік-шығыс қақпа қабырғаның ішке тартылған тұсында орналасқан. Бұл қорғанысты күшейту үшін жасалған болуы: керек. Шығыңқы тұсы қақпа алдындағы ауқымды жерді бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.

Үшінші, батыс қақпа қалажұртының топографиясында байқала бермейді, оның ені алғашқы екеуден енсіз, 7—10 м. Бұл қақпа моңғол шапқыншылығынан соң-ақ бұзылып кеткен, орнына тұтас қабырға салынған. Алайда, бұл ойпаттың алдында ауқымды сайдың болуы мұнда ертеректе қақпа мен көше болғандығына куә бола алады.

Орталық, бас көше, қаланы кесіп өтіп, оңтүстік және солтүстік-шығыс қақпаларды байланыстырған. Ол тіктеу келген, ескерткіш топографиясында ені 12 м келетін сай түрінде анық көрінеді. Одан жан-жаққа көшелер тарап, қабырғаларға тіреледі. Өз кезегінде олардан ұсақ көшелер мен тұйықтар тарап, қала территориясын түрлі көлемдегі орамдарға бөледі.

Цитадель мен шахристан тұрған төбеге бекіністі рабад территориясы жапсарласады. Оның қабырғалары тек жекелеген учаскілерде сақталған. Рабадтың сыртқы қабырғаларының жерден жекелеген тұстары ғана байқалса, аэрофото-суреттерде сұлбасы анық көрінеді. Солтүстік-батыс жағынан қазір ауыл жапсарласады. Ол қалажұртынан төмендеу орналасқан. Мұнда қабырғаның екі тікбұрышты шығыңқы тұсы бар, бұл жердің табиғи бедеріне байланысты болса керек. Қабырғаның, қалажұртының солтүстік бұрышынан ең ұзақ кашықтығы — 520 м. Қабырға біршама жақсы сақталған, ол ені 20 — 25 м және биіктігі 3 — 5 м жал түрінде көрінеді. Сыртындағы ордың кей тұстары батпақты. Оның тереңдігі 2 м-ге дейін, ені 10—15 м. Қабырғаның үзілген тұсында (ені 10 м) қақпа болған, бұл жерден қазіргі уақытта да Шәуілдірге апаратын кара жол өтеді. Қакпаның қасында тікбұрышты төбе (150x120x2 — 2,5 м) түрінде сақталған құрылыс қалдықтары бар. Өз кезегінде ол бұрынғы  көшелерден қалған енсіз сайлармен бірнеше төбешіктерге бөлінген.

Қабырғаның шығыс бөлігі жақсы сақталған. Ішкі жағынан оған қиылысқан екі көшемен бөлінген құрылыс орамдары жапсарласады. Негізгі төбенің шығыс қабырғасының ортасынан есептегенде, қабырғаның ең ұзақ қашықтығы — 750 м.

Жалдың оңтүстік бөлігі нашар сақталған. Мұнда қалажұртының территориясы жыртылған. Аэрофотосуретте жалдың бағыты ашық түспен айқындалады. Қақпадан есептегенде оңтүстікке қарай қалажұрты 500 м-ге дейін созылған.

Батыс тұсында сыртқы қабырға бұзылмаған десе де болады. Құрылыстардан, түрлі конфигурация мен көлемдегі, бірнеше жайпақ,. төбелер қалған.

Рабад құрылыстарының қалдықтары түрлі сипаттағы төбелер болып қалған. Негізгі төбенің оңтүстік қабырғасының тұсында, 80— 100 м қашықтықта, сегізге ұқсаған сай сақталған. Қазір оны шөп басқан. Бұл бұрынғы су қоймасы. Ол суға магистральды арықтан толтырылатын болған.

Пайда болу мен құлдырауы арасындағы ескерткіштің өмірінің кезеңдерін анықтауға қазбалар мәліметімен қатар, стратиграфиялық қазба (шурф) да мүмкіндік береді. Шурф 1969 жылы, қалажұртының орталық төбесінің солтүстік бөлігінде, шеткі бектеріне таман салынды. Оның солтүстік-батыс шеті төбенің үстінен етегіне дейін кесіп өткен орға жапсарласқан, ал оңтүстік-шығыс жағы құрылыс қалдықтары бар төбе бөктерін қамтыды. Қалажұртының бұл тұсы солтүстікке қарай еңіс тартқан, жайдақ келген. Алғашқыда қазба көлемі 24x8 м болды, ол солтүсгік-батыстан оңтүстік-шығысқа созылып жатты. Отыз жеті жылдан бері көлемді қазбаның әлпеті катты өзгерді — қабырғалары шайылды, жартылай құлады, қазбаның тік бұрыштары домалақталды; шурфтың қазіргі көлемі шамамен 40 — 50х 15 — 20 м-дей болды.

Бұл шурфтың құндылығы оның мәдени қабаттардың бәрін кесіп өтіп, келушілердің көз алдына маман-археологтар таратып айтып бере алатын екі мың жылдық тарихты әкелетінінде. Бұл Отырардың ерте кезеңдерін зерттеуде маңызды дереккөз.

Қазба барысында тоғыз негізгі хронологиялық қабаттар анықталды. Стратиграфиялық шурфтың көмегімен біз екі мыңжылдық тарих арқылы өтеміз: бірінші ғасырларда алғашқы құрылыстар пайда бола бастайды; монументалды құрылыс қалдықтары бар VII — VIII ғғ. қабаты ерте ортағасырлық кезеңді сипаттайды; IX—XII ғғ. қабатынан табылған керамика жиынтықтары мен шыны жиынтықтары Отырардың гүлденгенінің куәсі бола алады; моңғол шапқыншылығынан кейін және темірліктер кезеңінде (XIII — XV ғғ.) қаланың одан әрі жетіле түскенін көрсетеді, гүлдену кезеңі XV — XVI ғғ. жалғасады, және соңында қаланың қатты құлдырағанын біз XVII ғ. қабатынан көреміз.

Отырар орнындағы елді мекен б.д. бірінші ғасырларында, алғаш араб деректерінде Отырар (Фараб) аты атала бастаған 8 ғ-дан едәуір бұрын пайда болған. Отырар өмірінің ең ерте кезеңі әлі аз зерттелген. Стратиграфилық шурфтағы төменгі қабаттар, б.д. бірінші ғасырларына жататын керамика сынықтары бар құл қабаты болды. Орталык төбенің солтүстік-батыс және оңтүстік бөліктерінде 18 м-ге дейін бұрғыланған геологиялық скважиналардан керамикалық материал алынды. Бұл алынған мәліметтер Отырардың ертедегі мекенжұртының көлемі 15 — 20 гектарға дейін болуы мүмкін екендігін көрсетті.

Отырар қалажұртының ерте кезең қабаттарынан ең көп зерттелгені IV — VI ғғ. қабаты. Қабат керамикасы қолдан жасалған бұйымдардың басымдығымен көзге түседі. Шаруашылық-тұрмыстық сипаттағы керамика арасынан ірі ыдыстар: құмдар мен құмшалар, тағаралар ерекшеленеді.

Құмдар мен құмшалар құм мен әк қоспалары бар қамырдан таспа әдісімен жасалған. Олардың сырты сұр, қызыл және қоңыр түсті ангобпен көмкерілген. Кей ыдыстардың бүйірі таяз каннелюралармен безендірілген. Ауыз диаметрлері 20 — 38 см аралығында. Құмдар мен құмшалардың қомақты ернеулері көлденең науалы, кесіндісінде үшбұрышты және тікбұрышты болып келеді. Сонымен қатар, шамалы қалыңдатылған тік ернеулі фрагменттер де кездеседі.

Тағаралар қолдан жасалған, қамырында құм қоспасы бар және ашық ангобпен көмкерілген. Олардың қабырғалары қалың, кейде тік, кейде дөңгелене ішке майысқан. Ернеуі әдетте, қарапайым, бірақ, ернеуі сыртқа қайырылған, кесіндісінде сопақ келген, қабырғадан әлсіз кертікпен ерекшеленіп тұратын фрагменттер де кездеседі.

Асханалық ыдыстардан қолдан жасалған табалар және көзе түріндегі ыдыстар ерекшеленеді. Табалардың ерекшелігі олардың қамырында дресва көп көлемде кездеседі. Олардың табаны қалың және борттары қысқа. Табаның екі түрі кездеседі: ашық және жабық формалы. Ашық табалардың тіке борттары табанына қиғаш орналасқан. Жабық типтегі табалардың борттары табанынан кертікпен бөлінген. Олардың пішіні дөңгелекше келген және ішке қайырылған қарапайым ернеуі бар.

Көзе тәрізді ыдыстар қолмен жасалған: кейбірі дресва мен шамот көптеп қосылған борпық қамырдан  жасалып,   әлсіз  күйдірілген;   кейбірі   құм қосылып жақсы иленген бекем қамырдан    жасалған,   Ыдыстардың  бір  бөлігі  ашық түсті ангобпен көмкерілген. Әдетте,  олардың бүйірі сопақша   келеді,   мойны   қысқа,   ернеуге  қарай кеңейе түседі. Көзелердің  тұтқалары   әртүрлі болып келеді. Олардың ішінде тігінен қойылған сақина тәрізді, кесіндісінде сопақша және үшбұрыш тәрізді формалы, сонымен қатар, тігінен қойылған, өне бойында сайы бар тұтқалар бар. Тұтқасы   көлденеңінен   қойылған,   кесіндісінде  науалы не домалақ келген, беті жылтыратылған қызыл ангобты көзелердің де фрагменттері бар, бүйірі тік және тұтқалары құлақ тәрізді көлденеңінен шығарылған ыдыстар да кездеседі.

Асүйлік ыдыс саптыаяқтар мен құмыралардан тұрады.

Табылған саптыаяқтар ішінде қолмен жасалғаны да, шарықта жасалғаны да кездеседі. Қол саптыаяқтары шамот және дресва қосылған қамырдан жасалған. Олар сопақша келген бүйірлі, жайдақ иықты, қысқа мойынды, қарапайым, сыртқа қайырылған ернеулі болып келеді. Дөңгелек тұтқасының жоғарғы жағы ернеуге, ал астыңғы жағы бүйір ортасына бекітілген. Құмыра шарығында жасалған саптыаяқтардың қамыры жақсы иленген, аздаған құм қосылған. Олар қызыл-қоңыр ангобпен қалың етіп көмкеріліп, беті ысқылап, тегістелген. Пішіні жағынан бұл саптыаяқтар қолмен жасалғандармен бірдей. Олардың ернеулері мен түптерінің диаметрі жобамен бірдей — 8 — 10 см. Саптыаяқ бүйірлерінің орта тұсына сақина тәрізді тұтқа бекітілген. Тұтқалар кесіндісінде үшбұрышты не домалақ болып келеді.

Құмыралар керамика ішінде басым. Олардың басым бөлігі қолмен жасалған, алайда, құмыра шарығында жасалған фрагменттер де кездеседі. Олар аздаған құм мен дресва, кейде әк қосылған қамырдан жасалған. Құмыралардың беті, әдетте, ақ не қызыл-қоныр ангобпен көмкерілген. Ангобпен кейде ыдыстың ішкі бөлігі де көмкерілетін болған. Кесіндісінде домалақ құрық тәрізді шие түсті ангобпен көмкеріліп, ысқыланған құмыра тұтқасының бөлігі бар, құмыраларға сопақ, биік бүйір мен жайдақ иықтар тән. Мойны тар құмыралардың мойны биік, диаметрі 14—18 см цилиндр тәрізді болып келеді де, тік ернеуге қарай кенейе түседі. Көзе тәрізді құмыралардың мойны қысқа, кең болады да сыртқа қайырылған, кесіндісінде   тік,    кейде   үшбұрышты   ернеуге жалғасады. Табылған құмыралардың бір бөлігінде құрық тәрізді кішігірім тұтқалары сақталған. Кесіндісінде сопақ келген бұл тұтқалардың жоғарғы жағы мойынның ортасына не ернеу астына қатырылса, астыңғы жағы иыққа жапсырылатын болған. Мұндай тұтқалар құмыралардың көпшілігінде болғанға ұқсайды. Кейбір ірі құмыралардың тұтқасында науалар мен саусақпен басылған ойықтар бар. Табылған бірнеше фрагменттерден кей құмыралардың суағар шүмектері болған деуге болады.

Кездескен  ыдыстың басым  бөлігінде  өрнек жоқ. Безендірілген тек бірнеше фрагмент табылды. Олардың бірінде әлсіз бедер мен тұтқа астында екі шошақ тәрізді жапсырма өрнек бар; екіншісінде — тұтқаның мойынға жапсырылған тұсында, ернеуде үшбұрышты шығыңқы өрнек бар. олжалардың ішінде қызықтысы қара ангобты құмыраның сынығы болды. Ол жақсы иленген, арасында майда құмның табиғи қоспасы бар. Қоңыр түсті қамырдан таспа тәсілімен жасалған. Құмыраның сыртына, сонымен қатар, ернеу мен мойынның ішкі бетіне ақшыл-сұр ангоб жұқалап жағылып, оның үстінен қалың етіп қара ангоб жағылған. Қара ангоб сақталған тұсында оның мұқият ысқыланғаны көрініп тұр. Қара ангобтың түсі әр жерде әртүрлі, ол қоңыр, сұрқай-коңырдан қараға дейін өзгереді.

Құмыраның иығы жайдақ, біртіндеп ұзын (һ-б см), бірақ тар емес, цилиндр тәрізді мойынға (d-9,5 см), ұласады. Мойынға бір-біріне жақын орналасқан сызықтардан тұтас белдеу берілген. Ыдыстың мойны штамптарақты пайдалана отырып, айналатын тұғырда қосымша өңделгенге ұқсалды. Мойынның жоғарғы жағы бірден кеңейіп, сыртқа қайырған ернеуге ұласады. Ернеудің бедері күрделі болып келген. Ернеудің төменгі жағында мойынның ернеуге өткенін айқындап тұрған үшбұрышты жал бар. Жалдың үсті мен жоғарғы жағында терең ойылған сызық жүргізілген. Осындай сызық ернеу аузын да айқындап тұр.

Иығында, ыдыстың сынған тұсында шүмектің тесігі байқалады, тесіктің айналасындағы іздерден шүмек ірі болғанға ұксайды.

Шүмекке қарсы бетте құрық тәрізді түтка тігінен қапсырылған. Тұтқаның тұлғасы жануардың схематикалық бейнесін береді. Бір-бірінен 2,5 см қашықтықта орналасқан екі шошақ-құлақтар ауыздан жоғары шығып тұр. Құмыраның аузына жапсырылған тұсы тұмсыққа ұқсас етіп жасалған, онда бадам пішінді көздерді байқауға болады. Одан әрі жануардың денесін бейнелейтін тұтқа иіліп келіп құмыраның иығына жабысқан. Кесіндісінде тұтқа пішіні сопақша келген. Оның сыртқы жағында терең науа тәрізді болып қалған. Бұл оның жасалу техникасынан хабар береді. Тұтқа жасаудың мұндай техникасын Қауыншы мәдениетінің ескерткіштеріне (атап айтқанда Жаушықұмтөбеге) тән екендігін «Древности Чардары» кітабының авторлары атап еткен: «Саз қамырдың иленген таспасын бірінші ыдыстың бүйіріне, сосын сыртқа қайырып әкеліп біріктірген. Біріккен кезде орталық бөлігінде терең не саяз сай пайда болады.» Тұтқаның төменгі жағында науа   үшбұрышты терең ой патпен аяқталады. Одан әрі науа екі бөлініп, жартышеңбер түрінде екі жаққа кеткен. Оларға қарама-қарсы, төменірек жартышеңбер түрінде сызықтар орналасқан. Сызықтардың бәрі бірігіп жандары ішке иілген ромб тәрізді фигура түзеді. Бұл жануардың схематикалық, бейнесінің төменгі бөлігі болып табылады.

Құмыраға ұқсас тікелей аналогиялар табылмады. Бірақ ыдыстың кей элементтері, сонымен қатар, олардың үйлесімі Отырар оазисінің керамикасында, Қауыншы мәдениетінің мекен-жұрттарында кездеседі.

Мойыннан жал және ойық арқылы бөлінген, ірі, ұзын ернеулі; мойын өрнегі бедерге ұқсатылған; жоғарғы жағы ыдыстың аузына жапсырылған, құрық тәрізді науалы тұтқасы бар; және ауыз астында ойылған белдеулі мұндай ыдыстар Жаушықұмтөбенің төменгі қабаттарында (б. д. III — V ғғ.) табылған. Бірақ бұл ыдыстардың сыртқы безендірілуі мүмдем өзгеше. Жаушықұмдық ыдыстардың басым бөлігі сұйық ақшыл, кейбірі — қоюлау қызғыш ангобпен көмкерілген, олардың үстінен қара-қоңыр не қара ангоб жағылады, тамшылар мен ақпалары түсіріледі. Жаушықұмтөбе қалажұрты құмыраларының жекелеген фрагменттерінің иықтарында тұтқаның қарама-қарсы: тұсында цилиндр пішінді шүмектер бар. Мұндай шүмектер Қауыншытөбе, Ақтөбе құмыраларына да тән. Бұл ыдыстардың аздаған бөлігі қара ангобпен көмкерілген.

Осыған ұқсас, ұзын мойны бедерленген және шүмегі бар, ыдыстар Қоңыртөбе б. д. III — V ғғ. обасының материалдарында да кездеседі (отырар-қаратау мәдениеті).

Тұтқалардағы зооморфтық жапсырмалар, жануардың сызылған бейнесі сияқты безендіру элементтері, сонымен қатар, қара ангобты ысқылап жылтырату арқылы әрлеу тәсілі Отырар оазисінің б. д. III — VI ғғ. жатқызылған асханалық ыдыстарында кездеседі.

Отырардың 7 — 8 ғғ. қабаттарындағы қазба, оның бұл кезде қала болып қалыптасып қойғанын көрсетті. Көлемі 45x25x10 см келетін кесектерден қаланған құрылыс қалдықтары табылды, ыдыс-аяқтың коллекциясы жиналды. Коллекция ішінде шүмегі бар тар мойынды құмыралар, тісті тұтқалы қызыл жылтыратылған саптыаяқтар, аяқты шырағдандар бар. Отырар мен оның оазисінде табылған анэпиграфтық теңгелер тобы да осы уақытқа жатады. Теңгелердің беткі жағында садақ не амитарь түріндегі түріктердің рулық таңбасы, ал артқы жағында — арыстан бейнеленген. Ерте ортағасырлық Жетісу, Шаш және Соғды теңгелерімен салыстыра отырып, олардың жергілікті билеушінің соқтырған жаңа түрдегі теңгелері екені анықталды. Бұл Отырар иелігінің саяси және экономикалық дербестігінің жарқын куәсі және 7 — 8 г. бірінші жартысындағы саяси оқиғалардағы Отырардың ерекше рөлі туралы жазба деректердің мәліметтерін толықтыра түседі.

9—11 ғғ. кезеңі Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалық өмірдің өрлеу кезеңі болды. Жаңа қалалар пайда болып, бұрынғы қалалар дамыды. Қалалар аумағының өсуі, саудагер мен қолөнершілер мекені — рабадтардың есебінен жүрді. Отырар бұл кезде 200 га жерді алып жатты. Қазба нәтижесінде белгілі болғандай, 11 — 12 ғғ. қала территориясы орамдарға біріктірілген, тығыз салынған үйлерге толы болған.

Информация о работе Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері