Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2012 в 01:49, доклад

Описание работы

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан аймағы (бұл жерде Түркістан ауданы мен Кентау қаласының аймағы сөз болып отыр) ежелден-ақ шартарапқа кетіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан жері болған. Шығысында Ұлы Жібек жолынан басталған керуен жолы (Сыр жолы) Сырдарияны жағалап отырып Арал теңізіне, онан әрі Батыс Қазақстан арқылы Шығыс Еуропада өткен, ал Сырдарияның бойындағы ежелгі қалалардың шыққан Қарқаралы мен Жет

Работа содержит 1 файл

Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері.doc

— 429.00 Кб (Скачать)

              Бір аңызда Дари патша Сырдан өтіп сақ даласына кіргенде, оны Тұмар ханшайымның жасақтары Ұлы жолдың арғы бетіне (бұл жерде, шамасы, Қартаудың теріскей беті сөз болып отырса керек – М.Е.) қарсы алғаны туралы айтылады. Келесі бір аңызда Ескендір Зұлқарнайын сақтар еліне басып кіріп,Сырдан өтетін көпір сала бастағанда Шу қаған бастаған қырдағы, тау мен сырдағы сақтар Ұлы жолдың бойында жиналғаны туралы айтылған. Үшінші аңызда шүршіттің (бұл жерде жоңғарлар сөз болып отыр- М.Е.) қанды қырғынына ұшыраған қазақ ауылдары Көсегенің көкжонымен Сыр бойындағы қалың елге көшкені сөз болады.

«Ақтабан шұбырынды,алқа көл сұлама » заманынанқалған келесі зарлы шумакты еске алсақ

                     Қаратаудың басынан көш келеді,

                     Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

                     Туған жерден айырылған жаман екен,

                     Мөлтілдеп екі көзден жас келеді.

Мүмкін, бұл жерде Көсегінің көкжонымен үдере көшіп келе жатқан көш туралы айтылған болар?

Ежелгі Тараз қаласы Түрік жолындағы аса ірі саяси, сауда, қолөнер орталығы болған, бірнеше керуен жолдарының тоғысқан жерінде тұрған бұл қаладан шығып шар тарапқа кетіп жатқан керуен жолдары мен олардың бойындағы елді мекендер мен қалалар туралы жазба деректер де сақталған. Тараздан шығып солтүстікке, Қаратаудың теріскей бетімен солтүстік-батысқа жүрген керуен жолдарының бойында орналасқан Адахкет, Дех Нуджикес, Кенжек- сеңір, Будух, Яганкет, Барукет, Баладж, Кинкет қалалары аталған. Тараз қаласынан шығатын керуен жолдарының бағытын анықтау үшін Қимақ жолында, Тараздан 7 фарсахта орналасқан Кевакет ( Кевакиб) деген жердегі Адахкет пен Дех Нуджикес қалаларының (елді мекендерінің ) орнын анықтап алу керек. Бұл қалалар туралы Тамин ибн Бахр былай дейді: «Тараздан шыққан жол Кевакет деген жердегі екі елді мекен, өңделген жерлер арқылы өтеді. Тараздан оларға дейінгі аралық 7 фарсах. Осы жерден (Кевакеттен) қимақ патшалығына дейін өзімен жол азығын алып, суыт жүрген салт атты үшін 80 күндік жол» {9}. 

Кевакеттегі екі елді мекенді А.Н. Бернштам Тараздан батыста орналасқан Көктөбедегі қалалармен {10}, ал Л.И. Ремпель болса Кевакеттің Тараздан солтүстікте орналасқанын ескере отырып, Талас өзеннің төменгі ағысындағы Шаруашылық (VI-XIIIғ.) және Ынтымақ (Тайтөбе) қалаларын Дех Нуджекес пен Адахкет елді мекендерімен баламалаған {11}. Дегенмен, Тараздан ортағасырлық Шаруашылық  қаласына дейін 90 км екенін ескере отырып бұл қалалар орналсқан жерді Кевакет деуге болмайды.    

              К.М. Байпаков алғашында Талас өзенінің төменгі ағысында, Тараздан солтүстікте, солтүстік-шығыста орналасқан Оққұм мен Түймекент қалаларын, ал кейін Таразан солтүстік-батыстағы Қаракенир 1 және Қаракенир 2 қалаларын (Қаракемер 1, Қаракемер 2 – М.Е). Дех Нуджикеспен Адахкет елді мекендерімен баламалаған {12}. Зерттеушінің екі пікірімен де келісуге болмайды: біріншіден, Оққұм мен Түймекент қалалары бір-бірінен 40 км жерде, Талас өзенінің екі жағасында орналасқан және олардың арасында ондаған ортағасырлық қалалар мен елді мекендер бар; екіншіден, Қаракемир қалалары Тараздан солтүстік-батыста орналасқан.

              Ә.Х.Марғұлан Таластан (Тараздан) шыққан шыққан керуен жолы Оққұм, Қызылқорған қалаларынан өтіп, солтүстікке қарай жүріп Балаттауға барғанда Қарқаралы мен Хан жолдарына қосылып Ертіс өзенінің жағасына дейін жеткен дейді {13}. Біз Ә.Х. Марғұланның Тараздан шыққан керуен жолы Ертіске дейін жеткен деген пікірмен қосыла отырып, осы керуен жолының бойындағы Кевакет деген жерді Тараздан солтүсіктегі Қарбақыр және Құмбел ескі өзектері аралығындағы алқаппен баламалай отырып, осы жердегі бір- біріне іргелес орналасқан ұзын қорғанды Қаратөрткүл (VII – XIVғғ.) және Қоңырбайтөбе (VIII- XIII ғғ.) қалаларын Дех Нуджикес пен Адахкет елді мекендері болса керек деген пікірдеміз {14}.

              Кенжек – сеңір (Кенджак Сангир) туралы Махмұт  Қашғари былай дейді: «Кенжек сеңір Таразға жақын шаһардың аты. Ол жер қыпшақ шекарасында» {15}.Рашид аддиннің айтуына қарағанда 1269 ж. Талас пен Кенжектің ( Кенджактың) шалғынында Шыңғысханның мұрагерлері құрылтай өткізген {16}. Е.А. Агеева мен Г.И.Пацевич Кенжекті Талас өзенінің төменгі ағысындағы Тектұрмас не шаруашылық қалаларының бірінен баламалау керек десе {17}, ал К.М. Байпаков Кенжек сеңірді Шаруашлық қаласымен баламалаған{18}.Шаруашылық қаласы (VII-XIVғғ.) Тараздан 90 км солтүстікте орналасқан. Бұл қаланы кезінде Л.И.Ремпель Дех Нуджикес қаласымен баламалауды ұсынған болатын {19}.Талас өзенінің Шаруашылық қаласынан солтүстік-батысқа қарай арнасы кеңіген жері «Таластың кең жиегі» немесе «кеңжиек» деп атауына қарағанда Шаруашылық қаласы тарихи Кенжек сеңірмен дұрыс баламалаған {20}.

              Әл Мукаддаси тізімдерінде Сырдария өзенінің орта ағысындағы Шауғар, Сауран, Тұрар, Зерах, Шагилджан қалалаларынан келген Баладж Барукет, Бурух, Яганкет қалалары көрсетілген {21}. Осы тізімдердігі Шагиджан Қаратаудың күнгей беткейіндегі Шаға қаласымен, Баладж, Барукет, Қаратаудың теріскейіндегі Бабаата, Тамды қалаларымен баламаланып жүр {22}, ал Бурух пен Яганкет қалалары әлі баламаланбаған.

              Бурух және Яганкет қалалары Жазба деректерде былай суреттелген: Бурух – ескі, үлкен {қала}, мешіт базарда. Яганкет – үлкен, сүйкімді қала {23}. Тараз қаласынан 30 км солтүстік-батыста орналасқан ұзын қорғанды Қаракемер және Бектөбе қалаларын (К.М.Байпақов бойынша Қаракенир 1 және Қаракенир 2). К.М. Байпақов Кевакетегі Дех Нуджикес пен Адахкет елді мекендері мен баламалаған {24}.Біз осы екі қаланың Тараздан шығып солтүстік - батысқа жүрген керуен жолының бойында, Үлкен Бурыл (Бурул) тауына жақын жерде (10 км) орналасқанын және Бурыл (Бурул) тауы мен Бурух қаласының атындағы ұқсастықты ескере отырып Қаракемирді Бурухпен, ал Бектөбені Яганкет қаласымен баламаладық {25}.

              Кинкет (Кинчат) қаласы туралы 1253 ж. Қаратаудың теріскей беті арқылы өткен Г.Рубрук былай деп жазған: «... Жетінші күні біздің оң жағымыздан өте биік таулар көріне бастады, біз бау-бақша сияқты суарылған жазыққа шықтық өңделген жерді көрдік... Келесі күні тауға жақын орналасқан басқа бір елді мекенге келдік ...» {26}. Г.Рукрук атаған Кинкет қаласы мен аты белгісіз елді мекен жөнінде зерттеушілер әр түрлі болжам жасап жүр, мәселен, Е.И. Агеева, Г.И. Пацевич оны Кенжек сеңірмен, ал оны Шаруашылық не Тектұрмас қалаларының бірімен баламалауды ұсынады {27}, ал К.М.Байпақов Кинкет – Кенжек сеңір –Шаруашылық деп баламалаған{28}. Біз Ә.Х. Марғұланның Кинкетті Құмкент қаласымен баламалаған пікіріне қосыла отырып {29} Кинкеттің жанындағы Рубрук ертесіне жеткен, тауға жақын орналасқан аты белгісіз елді мекенді Саудакент қаласы болса керек деп есептейміз. Құмкент пен Саудакенттің арасы 25 км (1 күндік жер) {30}.

              Г.Рубруктың Қазақстан арқылы жүрген жолы Е.И. Агеева, Г.И. Пацевичтің топшылау бойынша келесі бағытта өткен: «Еділден өтіп, ол Жайыққа  жектен, оның төменгі ағысындағы өткелден өтіп, Ақтөбе не Темір қалаларының шығыс жағымен Торғайдың төңірегінде оңға бұрылып, Ұлытау арқылы, сосын  Қаракеңгір мен Сарысуды жағалап барып Қаратаудың солтүстік беткейіне, оны жағалап Созақ, Шолаққорған, Байқадамға, Таластың төменгі ағысындағы Кинчатқа жеткен» {31}. Л.Б. Ерзаковичтің айтуына қарағанда, Г. Рубрук Еділ мен Жайықтағы өткелден өтіп, Арал теңізінің солтүстік жағалауы арқылы Сарысудың төменгі ағысына шыққан, сосын Қаратаудың солтүстік беткейі  арқылы Шудың орта ағысына, Іле өзеніндегі өткелге өткен {32}. Біздің пікіріміз бойынша, шамасы, Сарайшық қаласы төңірегіндегі өткелден өткен Г.Рубрук Ырғыз, Торғай өзендерінің төменгі ағыстары арқылы Құрдымға жеткен, онан әрі Ұлы таудың оңтүстігіне жеткенде Бетпақ даланы бойлық бойынша кесіп өткен, ең ежелгі керуен жолдарының бірі – Жетіқоңыр немесе Кендірілік жолына шыққан болса керек. Жетіқоңыр жолымен оңтүстікке бұрылған Г. Рубрук Шу өзенінің төмегі ағысы арқылы өтіп Қаратаудың теріскей беткейіндегі Кинкетке ал ертесіне Саудакентке жеткен. Саудакентттен шыққан Г. Рубрук солтүстік – шығыс бағытында Қарақаралы жолымен Мойынқұмнан өтіп, Шу өзеніндегі Ұланбел өткеліне жеткенінде Шу керуен жолына түскен, онымен шығысқа қарай жүріп, Балқаш көлінің оңтүстік жағасы арқылы Іле өңіріне, Іледегі өткелге {33}, Эквиус, Қойлық қалаларына, онан әрі Алакөлді жағалап барып,  Тарбағатай арқылы Ертіске өткен {34}.

              Қаратаудың теріскейі мен күнгейіндегі, Сырдария өзенінің орта ағысындағы керуен жолдары және олардың ойындағы қалалар мен елді мекендер туралы құнды деректер Кіші Армения патшасы Гетумда кездеседі. 1255 ж. Тараздан шыққан Гетум Қаратаудың теріскейіндегі Хутухчин, Перканд (Беркант), Сулхан (Сугулган), Уросоган, Койканд, Хузак, не Комоң, Хендахор елді мекендерімен қалалары арқылы жүріп Қаратаудың күнгейіндегі Сгнах және өте үлкен Савранға {сосын} Харчух және Асон, Саври және Отырар, Зернух және Дизак, онан әрі Самарқанға өткен {35}. Тараздан шыққан Гетумның Қаратаудың теріскейі арқылы жүрген жолы жөнінде әр түрлі пікір бар.  Е. И.Агеева, Г. И. Пацевич бойынша Тараздан шыққан Гетум Дех Нуджикес және Адахкес ( Қаракемер мен Бектөбе- М.И) қалалары арқылы Майтөбе, Тамды, Саудакентке өткен, сосын Қаратаудың теріскейіндегі қалалар олардың ішінде Қойкандт, Құмкентпен және Кузакты Созақпен баламалауға болады, Ақсүмбе асуы арқылы Сығанақ, Сауран

(Сабран), Ясы- Түркістан (Осон) және Отырар, сосын Сырдарияның сол жағасына өтіп Зернухқа (Оқсыз), онан әрі Жизақ және Самарқанға өткен {36}. Л.Б.Ерзаковичтің пікірі бойынша Тараздан шыққан Гетум Оққұм ( Хутухчин), Шаруашылық (Перканд – Беркант),Саудакент (Сулхан – Сучулган) және Созақ ( Хузах) қалалары арқылы жүрген.Созақтан шыққан Гетум Ақсүмбеге                      

(Хендахор), Ақсүмбе асуы арқылы Сығанақ (Сенгах- Сугнах), Сауран (Савран), Ясы (Асон), Отырар, Сырдарияның сол жағасындағы Зернук, Жиззак, Самарқанға өткен {37}.К.М. Байпаков пікірі бойынша Тараздан шыққан Гетум Майтөбе (Хутухчи), Пергант (Тамды), арқылы Саудакентке (Сугулхан) өткен {38}.

Тараздан шығып солтүстік батысқа қарай Қаратаудың теріскейіндегі тауалды жазығы арқылы жүрген керуен жолды халық «Телкөл» не «Ақсүмбе» жолы ( бұдан былай Телікөл жолы) деп атайды.Тараздан солтүстік –батысқа қарай жүрген Телікөл жолы Бектөбе (Яганкет) Қаракемер (Бурух, Путухчи) қалалары арқылы Тамды (Берукет не Пергант), Саудакент (Уросоган) қалаларына өткен.Осы жолдың Бектөбе не Қаракемер қаласынан оңтүстік батысқа бұрылған бір тармағы Қарақұм шатқалы арқылы Билі көлдің оңтүстік, оңтүстік –батыс жағасындағы орта ғасырлық елді мекендер мен қалаларға, онан әрі Қаратаудың күнгей бетіне асатын Жосалы, Саясу, Бекбұлақ, Тікасу асуларына баратын жолдарға ұласқан. Билікөлдің оң жағасындағы қалалар мен елді мекендер арқылы Телікөл жолының Шолаққорғаннан шығып Бабаата (Баладж) қаласы, Үлкен Ақтау мен Ақтаудың тауаралық жазықтары арқылы, Қаратаудың теріскейіндегі тауалды жазығымен Маймақ шатқалына баратын жол өткен. Телікөл жолының бұл тармағы «Маймақтың жолы» деп аталады.

Шолаққорғаннан солтүстік-батысқа жүрген керуен жолы ортағасырлық Созақ (Хузак не Комец), Ақсүмбе (Хендахор) қалалары, Дәуіт тауының шығысынн өтіп Сарысу өзеннің төменгі ағсындағы Телікөлге жеткенде Шу және Сарысу керуенн жодарына қосылған.

Тараз қаласына шығып Шолаққорғанға жеткенде, Қаратаудың теріскейі арқылы өткен Телікөл жолына қосылған келесі бір керуен жолына Е.И. Агеева, Г.И. Пацевич тоқталған {39}. Тараздың солтүстікке қарай жүрген бұл жолдың Талас өзеннің төменгі ағысына дейінгі бағытты  қимақ жолымен бір, осы аралықта ол Қартөрткүл (Дех Нуджикес), Қоңырбайтөбе (Адахкет) Қонысбай, Нарымбай, Оққұм, Шаруашылық қалалары арқылы жүрген, Қызылқорған қаласында қимақ жолынан солтүстік-батысқа бұрылған жол Ақтөбе елді мекенінен өтіп, Айгене шатқалындағы Тектұрмас, Атбайлар, Ақкесенеге жеткенде Қарқаралы жолына қосылып, Саудакент, Құмкент қалалары арқылы Шолаққорғанға жеткен.

Сонымен, біз оңтүстік-шығысында Түрік жолынан шығып солтүстік  батысқа қарай Сырдария мен Қаратауды жағалап жүрген керуен жолдарына тоқталып, олардың негізгі бағыттарын көрсеттік, енді Қаратауды солтүстік –шығыс солтүстіктен солтүстік -батыс, оңтүстікке қарай кесіп өткен Қарқаралы, Уванас, Жетіқоңыр жолдарына, Сарысужолының Нәнсай тармағына және Қаратаудың күнгей мен теріскейін байланыстырып жатқан жлдарға тоқталсақ. Қарқаралы, Уванас және Жетіқоңыр жолдарының негізгі бағытын Ә.Х. Марғұлан суреттеп жазған {40}. Сырдария өзенінің оң жағасымен өткен керуен жолындағы Отырардан шыққан Қарқаралы жолы ежелгі Ясыға (Түркітанға) келгенсін солтүстік-шығысқа қарай жүріп Шаға қаласына, Көкқиясай өзенін жағалап өтіа, Қаракөл шатқалындағы Қаракөл елді мекендеріне, Бабаата, Ақтөбе қалаларына, онан әрі қарай Үшбас өзенін жағалап отырып (Қызылкөлді шығыс жағынан айналып өтіп) Қызылкөлтөбеге (VI-Xғғ.), Құмкенттке кеткен. Құмкент қаласының солтүстік-шығысқа жүрген жол Қосмая, Казоты, Нарөлген, Үлкен көл шатқалдарынан өтіп Айгене шатқалына шыққан, онан әрі Мойынқұмнан асқан Қарқаралы жолы Шу өзенінің төменгі ағысындағы Қазыққаққан шатқалында Шу жолын кесіп өтіп, Қызылжайма өткеліне өткен. Ә.Х. Марғұланның пікірі бойынша Шолаққорғаннан шыққан Қарақаралы жолы Құмкент арқылы солтүстік –шығысқа жүріп барып Шу өзеніндегі Қызылжайма өткелінен өтіп, Қыл, Шекпенқалған, Төсбұлақ, Тоқымқаққан, Бесбақыр арқылы Болаттауға, Болаттаудан Жамши, Тоқырауын өзендерінің жоғарғы ағысына, Мойынты және Мүкір өзендері өңірлерін жанай өтіп, онан әрі Қарқаралы даласына шыққан {41}.

Уванас және Жетіқоңыр. Сырдарияның орта ағысындағы қалалардан шығып, Қаратаудан асып, Талас және Шу өзендерінің төменгі ағысы арқылы Бетпақ даланың батыс және орталық бөліктеріне қарай өткен Уванас және Жетіқоңыр жолдары туралы Ә.Х. Марғұлан былай деп жазған: «Уванас және Жетіқоңыр жолдары оңтүстіктегі Отырар, Түркістан және Созақ қалаларынан басталған. Созақтан бірге шыққан бұл екі жол Шу өзеніндегі Тайөткел (не Көкмұрынтай) өткеліне жеткенде екіге бөлінге: бір жол Жетіқоңыр құмдарына қарай беталса, ал екінші жол (Уванас) - тіке солтүстікке, Сарысу, Есіл, Нұра өзендері алқабына, Ертістің төменгі ағысына деін жалғаса берген» {42}.

Осы жолдардың қосарлана жүрген Ясы (Түркістан), Созақ қалалары врқылы Шу өзеніндегі Тайөткелге дейінгі бағытына келсек, Ясыдан солтүстікке жүрген жол Қарашық (Қарашық 1 және 2), Жүйнек, Ішкент қалаларынан өтіп солтүстік-батысқа бұрылған, Додаған шатқалының солтүстік жағымен өтіп, Бестоғай өзенін жағалап отырып тау аралық шатқалға шыққан, Өгізтаудағы Мәслихаттөбе, Өгізтау елді мекені мен қаласынан өтіп, Үш өзеннің жоғарғы ағысына,Бәжі асуынан (930 м) асып Қошқарата шатқалына, онан әрі қарай Қошқарата, Жүзей елді мекендері арқылы Ақтөбе  (Тарсатөбе) және Созақ. Шамасы, осы жолдың бір тармағы Ясыдан  Сауранға, онан солтүстік –шығысқа бұрылып Бәжі асуы арқылы Созаққа өткен болса керек {43}.

Созақтан солтүстік батысқа жүрген Уванас және Жетіқоңыр жолдары Қарақұрт, Жерсортаң шатқалдарынан өткенде Шу керуен жолының оңтүстік –батыс  тармағының Жаман Шу жолын, ал Шу өзеніндегі Тай өткелде (Көкмұрынтай) Шу жолының солтүстік-батыс тармағын кесіп өтіп екіге бөлінген: Жетіқоңыр жолы солтүстік-батысқа Жетіқоңыр құмдарына бет алса, Уванас жолы тіке солтүстікке Сарысу, Есіл, Нұра өзендері алқабына, Ертістің төменгі ағысына қарай жалғаса берген {44}.

Сарысу керуен жолының Нәнсай тармағы. Сырдария өзенінің оң жағасында, өткелге жақын орналсқан ортағасырлық Ақтөбе қаласынан шыққан бұл жол солтүстікке қарай жүріп Жаман Ақтөбе, Нәнсай өзегінің оң жағасындағы Нәнсай қалаларынан өткенсін солтүстік-шығыс, солтүстікке қарай жүргенде Қаратау сілемдерінің (Қарамұрын тауы) Батыс жағы мен, Жетімтау шатқалы мен Ақтаудың шығысынан өтіп, Шұмаққазған шатқалы арқылы Қатыншоқай құмының батысымен өтіп, Ащыкөл ойпатына жеткенде Шу өзенінің арнасын жағалап жүрген Шу керуен жолын кесіп өтіп Қотанқамыс шатқалының батыс бөлігі арқылы жүріп Сарысу өзеніне жеткенде Сарысу керуен жолына қосылған. Осы жолдың бір тармағы Ақтаудың батыс жағымен өтіп, Онталағай арқылы Телікөлге жеткенде Сарысу жолына қосылған.

Біздің пікірімізше, Ертіс өзенінің төменгі ағысына, Қарқаралы даласынан басталалып Бетпақ даланы кесіп өтіп, Қаратаудан асқан Уванас, Жетіқоңыр, Қарқаралы жолдары мен Қаратауды батысынан айналып өткен Сарысу жолының Нәнсай тармағы Отырар, Түркістан, Ақтөбе қалалары тұсындағы өткелдер арқылы Сырдария өзеніне өтіп Хорезмге баратын транзит жолдар болса керек.

Информация о работе Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері