Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2012 в 01:49, доклад

Описание работы

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан аймағы (бұл жерде Түркістан ауданы мен Кентау қаласының аймағы сөз болып отыр) ежелден-ақ шартарапқа кетіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан жері болған. Шығысында Ұлы Жібек жолынан басталған керуен жолы (Сыр жолы) Сырдарияны жағалап отырып Арал теңізіне, онан әрі Батыс Қазақстан арқылы Шығыс Еуропада өткен, ал Сырдарияның бойындағы ежелгі қалалардың шыққан Қарқаралы мен Жет

Работа содержит 1 файл

Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері.doc

— 429.00 Кб (Скачать)

Отырардың жұма мешіті, Орта Азия ортағасырлық архитектурасында жақсы мәлім, бағаналы-күмбезді құрылыстар түріне жатады. Бағаналы конструкциялары Отырар мешітін Құйрықтөбе мешітімен жақындастырады. Құйрықтөбе мешіті анағұрлым ерте, 10 ғ. тұрғызылған, бағаналы мешіттерінің типологиясының дамуының ерте кезеңіне жатады.

Мешіттің фасадтық қабырғасымен кешеннің солтүстік құрылысының арасындағы ауланың көлемі 40x22 м. Мешіт пен аула және солтүстік құрылыстың жалпы көлемі 72x22 м.

Мешіт ауласының едені, сақталып қалған бөліктер мен ганч қоспасының қиыршыктарына қарап, құрылыс қабырғалары сияқты, көлемі 25x25x5 см шаршы қышпен төселген деуге болады.

Кешеннің солтүстігіндегі құрылыс архитектуралық пассаж түрінде. Ол екі жағында бөлмелер орналасқан, ені 3,47 м орталық дәлізден құралған. Оңтүстік бөлігінің бөлмелері көлемі жағынан кішігірім: 3,41x1,42 м. Бұлар ішкі жағы дәлізден бір қатар қыштан қаланған табалдырықпен бөлінген айвандар болуы мүмкін. Мұндай бөлмелердің бесеуі толық, солтүстік-батыстағы алтыншысы жартылай аршылды.

Дәліздің солтүстігінде орналасқан бөлмелер айван-бөлмелерге қарама-қарсы орналасқан. Бұл жақтың бөлмелері де бір осте параллель орналасқан. Бес бөлме толық, бірі жартылай аршылды. Құрылымы жағынан бұл бөлмелер екіге бөлінген. Біріншісі — дәлізге шығатын, көлемі 3,5x1.4 м, тамбур айван, оның солтүстік-батыс жағында, ені 1,1 м бөлменің екінші бөлігіне өтетін есік бар. Бүкіл кешеннің сыртқы қабырғасы болып табылатын, бөлмелердің артқы, солтүстік қабырғалары зерттелмеді. Сондықтан, бөлмелердің ұзындығын анықтау мұмкін болмай тұр. Бөлмелердің ені — 3,7 м. Бұл бөлмелердің қабырғалары қыш пен кесекті аралас кезек қолдану арқылы қаланған. Екінші құрылыс қабатының бар екендігі анықталды. Оның барысында кей бөлмелер қайта салынып, оларда сыпалар орнатылған. Алтыншы бөлме зерттелген бес бөлмеден көлемімен ерекшеленеді. Құрылыстың қосымша ерекшеліктерін зерттеу мүмкін емес, оған кейінгі уақыт қабаттары кедергі келтіреді.

Оңтүстік остің айвандары мен солтүстік тамбур-айвандарының негізгі қабырғалары күмбезделген төбежабынмен аяқталғанға ұқсайды, олар дәліздің күмбезімен қосыла отырып аша күмбез деп аталатын конструкцияны құрайды.

Алғашқыда солтүстік-шығыс қабырға жанындағы құрылысты цитадель сарайының бір бөлігі деген болжам айтылған болатын. Бірақ, бұл құрылыс мешіт кешеніне кірген болса керек.

Мешіттің бірден Темір өлгеннен соңғы кезеңде қирау себептері туралы сұрақ туындайды. Бұған мешіттің бітпей қалғандығы себеп болса керек. Мешіт сол құрылыс күйінде қалып, онда намаз оқылмаса керек. Сондықтан, Отырар тұрғындары оны тұрғын жайға айналдырған.

Мешіт қирандылары жақсы сақталған. Бұған екі жағдай: құрылыс кезінде пайдаланылған негізгі материал қыш болған; екіншісі — үш кезеңде жүргізілген консервациялық шаралар—1993 жылы, 2002 - 2004 - ЮНЕСКО-Қазақстан-Жапонияның «Көне Отырарды сақтау мен реставрациялау» жобасының аясында, 2005 -ММЕ ҒЗЖИ жүргізген қосымша консервациялық шаралар себеп болған.

Мешіт ауласының территориясындағы қазба барысында теңгелер көмбесі табылды. 172 дана  мыс теңгелерден тұратын көмбе, тар хронологиялық мерзімге, XV ғ. аяғы-ХVІ ғ. басына жататындығымен қызықты. Әдетте, 1986 жылы Отырарда және Түркістан маңында (Отырар және Қараша көмбелері) табылған көмбелерде XVI ғ. басынан-XVIII ғ. басына дейінгі мерзімді қамтып, түрлі қалаларда: Иассы-Түркістан, Сайрам, Ташкент және басқаларда соғылған теңгелерден тұратын болатын. Орта-азиялық қалалардың теңгелері өте сирек кездесетін. Әзірше, зерттеліп жатқан көмбе Отырар оазисінің территориясында жалғыз, бірак мұндай көмбелер орталық Мауераннахрда кеңінен белгілі.

Отырар қазбасының материалдары 16— 18 ғғ. қала өмірі туралы айқын мәлімет береді.

16 ғ. шахристанның бос аумақтарында қайта құрылыс салына бастады. Орталық төбенің оңтүстік бөлігінде орналасқан, қыштан тұрғызылған монументалды мешіт құрылысы да осы уақытқа жатады. Бағаналы-күмбезді құрылыс, 0,4 м тереңдікке отырғызылған фундаментте салынған. Мешіттің жалпы ұзындығы белгісіз. Мешіт ені 15,5 м. Мешіт ғимараты орталық зал мен оған жапсарласқан қос қанаттан тұрады. Михрабты залға кіретін есік порталмен ерекшеленген. Ол фундаментпен қоса есептегенде 1,5 м-ге сақталған. Орталық залдың көлемі 7x7 м. Залдың ортасында құлаған күмбездің қалдықтары болды. Мешіттің қирауына оң жақтағы порталдың отыруы себеп болған. Отырған қабырғаларды қалындатқан жөндеу жұмыстарының іздері сақталған. Михраб пен михраб алдындағы қуыстың қабырғасы жұқа ганч сылағымен сыланған.

Отырарда 17 ғасыр мешіті, алдында ауқымды алаңы бар, жұма-мешіт болған. Мешіт қирандыларының сақталуы жақсы. Құрылыс қыштан (25x25x5 см) тұрғызылған. Михраб пен михраб алдындағы қуыстың қабырғаларындағы сылақ түсіп қалды. Нысан бірнеше рет консервациядан өткен: 2002- 2004 - ЮНЕСКО-Қазакстан-Жапонияның «Көне Отырарды сақтау мен реставрациялау» жобасының аясында, 2005 — архитектор-реставратор Репинская Е.Н. жүргізген қосымша консервациялық шаралар жүргізді.

Отырар өмірінің 2 кезеңіне сәйкес келетін 2 негізгі құрылыс қабаттарын жіктеу мүмкін болды. Төменгісі 16—17 ғ. 1-ші жартысына, жоғарғысы 17—18 ғғ. 2-ші жартысына жатады. Қала жоспары, көшелер бағыты, орамдар шекарасы мен құрылымы 3 ғасыр бойы өзгермеген деуге болады. Қайта салу кезіндегі өзгерістер тек жекелеген үйлерге ғана қатысты болды (бірқатар жағдайда осылай болды), үй бөлмелерінің қызметі өзгергені, жөндеу іздері мен қосымша құрылыстар байқалады.

Архитектураны сараптау, кейінгі орта ғасырдағы Отырар тұрғын жайлары туралы толық мағлұмат алуға мүмкіндік берді. Ол өзінің дәстүрлілігін сақтаған. Үйдегі бөлмелер саны әркелкі: айваны бар бір бөлмеден 5 - 6 бөлмеге дейін болған. Тұрғын жайдың екі түрі ерекшеленеді. Біріншісіне бөлмелері сызық бойына орналасқан үйлер жатады. Екіншісінде 4 бөлме ашамай тәрізді орналасқан, әрбір екі бөлмесі бір-бірімен байланысқан. Үйдің бәрін байланыстырып тұрған орталық компоненті ошақ-тандыры бар тұрғын бөлме. Жылдың суық мезгілінде ол асхана, отыратын және жатын бөлменің қызметін атқарған. Бөлменің аумағы 10-нан 45 м2 аралығында. Ошақ-тандыр, әдетте, кіреберіс есік қасында орналасқан. Ол сыпа ішіне орнатылатын. Тандыр алдында тікбұрышты, аумағы 6 м2, еңіс жер жасалатын. Оның қабырғалары мен едені қышпен төселіп, ортасында тесік қышпен жабылған канализациялық суағар — ташнау орнатылған. Бұрыштардың бірінде, үстінде көмір сақтайтын тікбұрышты тек болған. Тандыр қабырғасында, аузына қарама-қарсы жерде, мұржамен жалғасатын тесік болады. Мұржа әдетте үй қабырғасына бұрыш тұсынан шығарылатын. Тандырдың саздан жасалған, тұтқасында бу шығатын тесігі бар қақпағы болады. Ошақ-тандырдың қызметі әртүрлі болды — олар бөлмені жылытуға, ас дайындауға және нан пісіруге пайдаланылған. Нан пісіру үшін тандыр қабырғаларына оймыштар түсірілген. Бірқатар үйлердін бастырмалы жазғы аулалары болған. Бай үйлерде оның едені қышпен төселген. Ауланың көлеміне қарай онда 1 не 2 жаңбыр суы сіңетін ташнаулар орнатылған. Аулада 1 не 2 жерден  қазылған,  алмұрт  формасындағы  ошақтар болған. Үйлерде 1-ден 3-ке дейін қойма қызметін атқарған бөлмелер болған. Оларда астық, ұн, кепкен жеміс және жүзім сақтайтын, саздан жасалған жәшік-кебежелер тұрған. Қойма еденінде құмыралар мен құмдар тұрған, кей үйлерде ұралар табылды. Тұрғын және қойма бөлмелерден басқа, мал ұстайтын бөлмелер де бар. Әдетте, олардың еденінде қалың көң жатады. Ортақ аула арқылы байланыстырылған, бірнеше тұрғын бөліктерден тұратын үйлер қызықты. Қаланың негізгі құрылымы, бұрынғысынша орам болып қала берген. Бұл тік не Г-тәрізді орамішілік көшенің, бір не екі жағында топтасқан үйлер кешені. Орталық көшелерге бітеу қабырғаларымен  бүдірлі ернеулері кесіндісінде тікбұрышты болып келген су таситын құмыралар, науалы тұтқасы мен мойнында білігі бар ас ішетін құмыралар, сонымен қатар, жылтыратылған қызыл ангобты саптыаяқтар сынықтары бар. Ыдыстардың кешені тұтастай, жоғарғы еден материалдарын қопарғанда, Қостөбенің (онтүстік) жоғарғы қабатының материалдарымен бірдей. Мекенжұрт «Бес Ақтөбе» деп аталатын ескерткіштер тобына кіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. ҚАРАТАУДЫҢ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ КЕРУЕН ЖОЛДАРЫ

 

Оңтүстік, оңтүстік-шығысында Арыс, Теріс өзендерінен басталып солтүстік-батысында Жалғызағаштың бұлағына дейін 400 км-ге созылып жатқан Қаратау шаруашылықтың екі түрі қатар дамыған тарихи – географиялық аудан. Қаратаудың ежелгі және ортағасырлық қалалары, елді мекендері мен асулары арқылы өткен керуен жолдары, Ұлы Жібек жолының солтүстік немесе Шаш-Түрік (бұдан былай Түрік жолы) жолының негізгі бағыттары мен олардан шығатын тармақтары бір қатар қазақстандық зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған. Түрік жолының Қазақстан арқылы өткен бөлігі мен Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық керуен жолдары Ғ.И. Агеева мен Г.И. Пацевичтің мақаласында {1}, К.М. Байпаков пен А. Нұржановтың еңбегінде {2}, ал Қаратау мен Шу- Талас өңірлерінің керуен жолдары М.Елеуовтың еңбегіне суреттелген {3}. Ә.Х. Марғұланның мақаласында Сырдарияның орта ағысындағы қалалардан шығып Қаратау арқылы Орталық Қазақстанға өткен Қарқаралы, Уванас, Жетіқоңыр жолдарымен бағыттары көрсетілген {4} ал Л.Б.Ерзаковичтің мақаласында Оңтүстік Қазақстанның ХІІІ- XVIII ғ.ғ кезіндегі керуен жолдары қарастырылған {5}.

Қаратаудың оңтүстік, оңтүстік-шығыс сілемдері арқылы өткен Түрік жолы туралы деректі Сюань Цзяньнан кездестіреміз. 629 ж. Түрік жолымен жүрген Сюань Цзянь Тараз қаласынан шығып оңтүстік- батысқа қарай 200 ли жүргенде Ақ өзендегі қалаға (Испиджабқа) жеткен, бірақ оның жазбаларында Түрік  жолының осы аралықтағы бағыты мен оның бойындағы елді мекендер мен қалалар туралы дерек келтірілмеген {6}.

Түрік жолының Қаратау сілемдері арқылы өткен бөлігіне бағыты мен оның бойындағы ортағасырлық елді мекендер туралы алғашқы жазба деректер ІХ ғ. авторы Ибн Хордадбехте айтылған. Оның Ұлы Жібек жолының бойындағы елді мекендер мен қалалар тізбесінде Испиджабтан Шарабқа дейін 4 фарсах, Бадухкатқа дейін 5 фарсах, Тамтаджға дейін 4 фарсах, Абарджаджға дейін 4 фарсах, өзендегі бекетке дейін 6 фарсах, өзендегі өткелден Жувикатқа дейін 5 фарсах, Таразға дейін 3 фарсах екені көрсетілген {7}. Зерттеушілер аттары осы жазба деректе аталған қалалардың баламалануы туралы әртүрлі пікірде {8}, дегенмен, олар Түрік жолының Испиджаб- Тараз аралығында Төрткүлтөбе, Азаттық, Құланауыз төрткүлі, Шақпақ, Бурнооктябрь, Бектөбе қалалары арқылы Таразға өткеніне шек келтірмейді. Қаратауда ХХ ғ. 90- жылдарында, 2002-2004 және 2006 ж. жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Түрік жолының Испиджаб- Тараз аралығындағы Күйік, Маймақ бағыттары, Хан өткелі тармағы, оңтүстік-шығыстан солтүстік батысқа қарай Қаратау арқылы өткен Көсегенің көкжоны және Ұлы жол, Қаратаудың теріскейіндегі ортағасырлық қалалармен елді мекендердің баламалануы, олар арқылы өткен керуен жолдарының және Қаратауды кесіп өткен Қарқаралы, Уванас, Жетіқоңыр жолдары мен Сарысу жолының Нәнсай тармағына қатысты жаңа деректерге қол жетті (карта). Испиджабтан шыққан Түрік жолының Күйік бағыты Қобалбұлақ, Машат өткеліндегі елді мекен, Төрткүлтөбе, Азаттық қалалары, Қызыл бел, Құлан асулары, Құланауыз, Адыраспан төрткүлдері, Бурнооктябрь қаласы, Күйік асуы, Бектөбе қаласы арқылы Таразға өткен. Осы бағыттың бір тармағы Қобалбұлақ, Қарабұлақтағы елді мекендер, Мақталы, Керейт қалалары арқылы өтіп Балықты өзеніне жеткенде, Төрткүлтөбе қаласы арқылы өткен негізі бағытқа қосылған. Осы жолдың ортағасырлық Азаттық қаласынан шығысқа қарай жүрген Маймақ бағыты Шақбақбаба қаласы мен төрткүлі, Күлтөбе, Нанжер төрткүлдері, Мыңбұлақ, Ұзынбұлақ, Көкбұлақ төрткүлдері, Ақтөбе қаласы, Қасқыртөбе елді мекені, Маймақ шатқалы арқылы, Қаратау, Күзембайтөбе, Жуантөбе елді мекендері арқылы өтіп Таразға жеткен. Біздің пікірімізше, 629 жылы Тараздан шығып батысқа қарай осы бағытпен жүрген Сюань Цзянь Ақ өзендегі қалаға жеткен.

              Түрік жолының Испиджабтан шығып шығысқа жүрген Хан өткел тармағы Қостөбе, Төрткүлтөбе елді мекендері арқылы Ақсу өзеніндегі Хан өткел көпірінен оң жағаға өткен, Төрткүл, Иірсу қаласы, Жамбасбастау төрткүлі арқылы Бораншы асуынан асқан, онан әрі солтүстік-шығысқа жүріп Күмісбастау елді мекендері арқылы Шахпақбаба елді мекені Тақиялытөбе қаласынан өтіп Шақпақ төрткүліне жеткенде жолдың Маймақ бағытына қосылған. Түрік жолының Хан өткелі тармағының керуендер тек жылдың жылы мезгілінде жүрген.

              Енді Түрік жолынан басталып Сырдария өзені мен Қаратауды жағалап жүрген керуен жолдарына келсек, солардың бірі –Сырдарияның сол жағасымен жүрген керуен жолы. Түрік жолының шыққан бұл керуен жолы Сырдария өзенінің сол жағасындағы Сейіттөбе, Ұзыната, Сүткент, Байырқұм, Оқсыз, Артықата, Бұзық, Қаратөбе, Келінтөбе, Өзгент, Балапантөбе, Асанас қалалары арқылы өткен. Бұл жолды Оқсыз қаласында Қызылқұм арқылы Хорезмге, Үргенішке онан әрі Еділ жағасына, Кавказға өтетін керуен жолы кесіп өткен.

              Испиджабтан жүрген бір керуен жолы батысқа Арсубаникет қалаынан өтіп, Сырдарияның оң жағасындағы Отырар, Түркістан, Шауғар, Сауран, Ақтөбе, Ордакент, Сығанақ, Бестам, Нәнсай қалалары арқылы Сырдарияның төменгі ағысына, онан әрі Жайық, Еділ өзендеріне өткен.

              Көсегенің көкжоны жолы. Оңтүстік – шығыстан солтүстік –батысқа қарай созылып жатқан, Қаратаудың үстіндегі теңіз деңгейінен 1000-1500 м биікте жатқан, күнгей мен терікейге ағатын өзендер бастау алатын жотаның үстімен жүрген бұл жолдың басы Теріс өзеніндегі өткелдің сол жағасынтда орналасқан ортағасырлық Ақтөбе қаласынан басталған. Ол Қаратаудың күнгей мен теріскейін байланыстырып жатқан Теріс,Үлкен сай, Жосалы, Саясу, Белбұлақ, Тікасу, Үлкен арбатас, Арбатас, Кіші Тамды, Қарашасай, Қарашат, Бесағаш, Бала шабақты, Теспе, Байжансай, Арыстанды асулары мен шатқалдары арқылы өтетін жолдары кесіп өтеді. Арыстанды өзенінің жоғарғы ағысына жеткенде жол екіге бөлінген.Оның негізгі сұлбасы Үшбас төрткүлі мен елді мекенінен, Бабаата қаласынан өтіп Шолаққорғанға жеткеде, Қаратаудың теріскейі арқылы өткен керуен жолына қосылған, ал Арыстанды өзенін жағалып бұрылған тармағы Есіктас тауының солтүстік беткейімен өтіп, Қарасу өзеніне жеткенде, Испиджабтан шығып Шаян арқылы Шолаққорғанға өткен керуен жолын кесіп өтіп, Қартаудың күнгей беткейі арқылы жүрген Ұлы жолға қосылған.

              Ұлы жол. Есіктас тауынан басталған Ұлы жол Қартаудың күнгей беткейіндегі Қайнарбұлақ, Көкбұлақ арқылы өтіп Ойық өзеніне, Құсата, Ішкент қалалары, Шаштөбе елді мекені арқылы Өгізтау қаласына онан әрі солтүстік- батысқа қарай тау аралық жазықпен жүрген жол Көксарай, Үш өзенді кесіп өтіп Егізқараға, Өгізмүйіс тауын солтүстік-шығыс, солтүстік жағынан айналып өтіп, Арыстанды өзенінің төменгі ағысына, Мыңбұлақ шатқалына, Диірментау арқылы тауаралық жазықпен Жалғызағаштың бұлағына жеткенде Қаратаудың бастыс шетіне шыққан, онан әрі Дариялы тақырға өткен. Ұлы жолдың бір еркешелігі сол жолдың өң бойында бірде-бір үлкен өзен, биік асу жоқ, о негізінде тауалды және тауаралық жазықтармен жүрген. Есіктас – Жалғызағаштың бұлағы аралығында бұл жол Қаратаудың күнгей мен теріскейін байланыстырып жатқан Шаян, Шылбыр, Тұрлан, Хантағы, Біресек, Байылдыр, Бәжі, Ран, Айғыржол тауы, Жайылма, Күрден, Ақсүмбе, Дарбаза жолдарын және Қаратауды батыс жағынан айналып жүрген Сарысу жолының Нәнсай тармағын кесіп өткен. Жазба деректерде Көсегенің көкжоны мен Ұлы жол туралы дерек кездеспейді, дегенмен, халық жадында сақталған аңыздарға қарағанда бұл жолдар қазақ халқына ежелден –ақ белгілі болған.

Информация о работе Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері