Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2012 в 01:49, доклад

Описание работы

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан аймағы (бұл жерде Түркістан ауданы мен Кентау қаласының аймағы сөз болып отыр) ежелден-ақ шартарапқа кетіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан жері болған. Шығысында Ұлы Жібек жолынан басталған керуен жолы (Сыр жолы) Сырдарияны жағалап отырып Арал теңізіне, онан әрі Батыс Қазақстан арқылы Шығыс Еуропада өткен, ал Сырдарияның бойындағы ежелгі қалалардың шыққан Қарқаралы мен Жет

Работа содержит 1 файл

Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері.doc

— 429.00 Кб (Скачать)

Тарихи деректер бойынша, моңғолдар қаланы басып алғаннан кейін бірінші кезекте оның бекіністерін бұзған. Осылайша Отырардың қабырғалары мен цитаделі толық бұзылған. Тек кейіннен бірте-бірте қалалар қабырғалармен қайта қоршала бастады. Монғолдар басып алған аймақтарда бұл процесс саяси жағдайға байланысты жүрген болуы керек. Отырарда жаңа қала қабырғасы 13 ғ. аяғында—14 ғ. басында тұрғызылды. Қабырға кесіндісінде, оның 11 — 12 ғғ. материалдары сақталған мәдени қабаттан тұратынын, сыртынан көлемі 30 — 32x20 — 22x8 — 10 см кесектермен қапталғандығын көрсетті. Қабырға етегінің ені 4,8 м, сақталған биіктігі сыртынан есептегенде 2 м, ішінен 3,2 м.

Қабырғаның сыртқы беті 400 м бойына тазаланды. Ол төбе басына бір көтеріліп, төменге бір түскен бұралаңдаған сызық түрінде сақталған. Оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс бұрышында жартылай шеңбер түрінде біртұтас, сыртқа шығып тұрған мұнаралар болған. Олардың ені 5 м, сыртқа 3 м шығып тұр. Бірқатар бөліктерінде жөндеу іздері байқалады. Сынған кесектері ауыстырылып, қалыңдатылған. «Дарваза-и Суфи» қақпасы маңындағы қабырға бөлігі жақсы сақталған. Бұл тұстағы қабырға тұтас кесектен соғылған. Қабырғаның етегінен брустверге дейінгі биіктігі — 6,1 м. Қабырға 9—11 ғғ. қабырғасы мен оның үстінен төселген күл-қоқысқа негізделген. Кесіндісінде қабырға трапеция тәріздес. Етегінің ені 4,5 м, жоғарғы жағында — 2,6 м. Ол көлемі 32x20x10 см келетін кесектен соғылған. Брустверде тура қабырғадағыдай көлемдегі кесектен қаланған. Отырар айналасындағы қабырғаның тұрғызылу уақытын, 13 ғасырдағы жошылықтар мен шағатайлықтар арасындағы Сырдария бойындағы қалалар үшін тартыстың күшеюімен байланыстыруға болады.

Қалаларда бекінген шағатайлықтар олардың қорғанысын қамтамасыз ете бастады. Отырар қабырғаларының тұрғызылуын нақ осы шағатайлықтармен байланыстыруға болады. Бұл қаланың экономикалық өрлеу кезеңімен де сәйкес келеді.

Отырардағы қазба 13—15 ғғ. құмырашылық қолөнердің қала орталығында да, рабадта да шоғырланғанын анықтап, зерттеуге мүмкіндік берді. Құмырашылар мекені Отырарда 2 га аумақты алып жатқан. Екі құрылыс горизонты анықталды. Олардың төменгісі (екіншісі) 13 ғ, екінші жартысы—14 ғ. бірінші жартысына жатады. Осы горизонттың құрылыстарына қатысты теңгелер жиынтығы негізінен 13 ғ. екінші жартысы—14 ғ. бірінші жартысына жататын шағатайлық дирхемдерден тұрады. Жоғарғы (бірінші) құрылыс қабатының уақыты Темір династиясы мен темірліктер теңгелері арқылы анықталады.

Төменгі құрылыс қабаты деңгейімен 6 шеберхана аршылды. Олардың бірінін аумағы 157 м2, оның 89 м2 өндірістік бөлік, қалғаны— тұрғын жай. Өндірістік бөлігі 2 бөлмеден тұрады. Біріншісі ағаш тіреуге сүйенген бастырмамен жабылған. Тіреу тұрған тас бөлменің ортасынан табылды. Бөлменің ішінде қыштан соғылған, сазға арналған қамба, құдық және суға арналған керамикалық ыдыс болды. Шығыс бұрышына түгелдей, көлемі 45x45x5 см келетін, қыш төселген. Мұнда саз илеп дайындайтын болғанға ұқсайды. Екінші бөлме аумағы 40 м2. Оның бір бөлігінің төбесі жабылып, екіншісі ашық болған. Бастырма бөлігінің еденіне қыш төселген. Шығыс бұрышында қыштан жасалған, сазға арналған жәшік болған, батыс бұрышында құмырашы станогы тұрған орын бар. Оның оң жағында, бұйым жасау кезінде қолды сулап отыру үшін, кең ернеулі ыдыс жерге қазылып орнатылған. Қарсы бетте дайындалған өнім жинайтын, ені 2 м, ұзындығы 2 м, биіктігі 0,3 м, тек орналасқан.

Керамика күйдіруге арналған ошақ екі қабатты, ол бөлменің солтүстік-шығыс бұрышында орналаскан. От жанатын бөлігінің формасы сфера тәрізді. Оның диаметрі 1,6 м, тереңдігі 1,6 м. Оның төбесі күйдіретін камераның едені болып келеді. Еденде екі шеңбер бойында орналасқан 12 тесік бар. От жанатын бөліктің аузы кесіндісінде арка тәрізді, диаметрі 45 см. Ұзындығы  1              м мұржасы аула қабырғасына шығарылған. Ауа тартуын күшейту үшін онда қыштан жасалған құбыр болғанға ұқсайды. Оның тікбұрышты қыштардан соғылған тұғыры сақталған.

Шеберхананың тұрғын бөлігі — бқл анфиладтық жосында салынған 2 бөлмелі үй.

Шеберханаларға тән ерекшеліктерді атасақ, олардың 6-да құмыра ошағы болмады, олардың орнында керамиканы белсенді түрде кептіруге арналған алаңдар бар. Олардың астынан айналдыра ыстық ауа жүретін тесіктер тартылған. 4-ші шеберханамен оны ортақ тұйық көше біріктіріп тұр.

Бірінші қабаттың құрылыстары, жел суырып, жаңбыр шайынғандықтан, нашар сақталған. Керамика күйдіретін ошақтар, қыш төсеніштер, тұрғын жайлар қалдықтары аршылды. Бір-бір ошағы бар 2 шеберхананың қалдықтарын анықтауға мүмкін болды. Олар от жанатын бөліктері ғана сақталған. Олардың диаметрі 155 — 160 см, тереңдігі 80-90 см. Шеберханаға қатысты тұрғын үйлер екі бөлмелі. Осы уақытқа тән   шеберханалардың толық сипатын ашатын қазба Отырардың орталық
төбесінде жүргізілді. Мұнда,   қала   маңындағы шеберханалардың құрылым сипатын толықтыра түсетін детальдары сақталған, құмырашы шеберханасы жартылай аршылды.

Екі өндірістік бөлмені (олар одан көп да болды) төмендегіше сипаттауға болады. №7 бөлмеде жерошақ болған. Ол ұзындығы 2 м, ені 0,4 м, тереңдігі 0,4 м келетін шұқыр түрінде сақталған. Ошақ іші тростник өртеу кезінде алынатын, ақ түсті кристалл ұнтағына толы болды. Ұнтақ шыңылтыр жасауға қажетті компонент. Батыс қабырғаның қасында, бастырма астында жасыл, сұр, қызғылт және ақ түсті ұнтақ түріндегі минерал бояуыштары бар 2 қамба тұрды. Көлемі 3,5x4,2 м келетін №6 бөлмеде тандыр болды. Бөлме өрт кезінде қираған. Өртенген қамыс пен күйген топырақтың астынан, құлаған жабыннан қираған, сыпа үстінде тұрған ыдыстар аршылды. Олардың арасында сырлы тостағандар, құмыралар болды. Белмеде күйдірер алдында ыдыстарды кептірген-ау деген ой келеді. Шеберхананы қазу кезінде көптеген керамика үлгілері, негізінен сырлы ыдыстар табылды. Керамиканы сараптау арқылы мұнда жұмыс істеген шебер, аса көркем керамика жасауға маманданғандығы анықталды. Шеберхана уақыты Темір дәуірінің теңгелері мен қағаз бетіндегі қолжазба фрагменті арқылы анықталды. Мамандардың пікірі бойынша қолжазбадағы жазу үлгісін 14 ғ. аяғына —15 ғ. басына жатқызуға болады.

13 ғ.— 14 ғ. бірінші жартысындағы керамика, алдағы кезеңге қарағанда, едәуір өзгеріске ұшыраған. Сфера түріндегі, баспа, жапсырма, оймышпен безендірілген, қақпақтарды өндіру азаяды. Дастархандармен қатар 3 аяқты үстелдер тарала бастады. Барлық керамика құмырашы шарығында, сұр, сары, ашық қоңыр не қызғыш тығыз қамырдан жасалып, ашық түсті ангобпен көмкерілген. Қызыл ангобпен әдетте, тостағандар, жайпақ тостақтар, тағаралар, кейде құмыралар көмкерілген. Қара және қызыл ангобты ағызу не жағу арқылы безендіру кеңінен қолданылған.

Асханалық керамика жасауда көзелердің дәстүрлі формалары сақталды. Оларда манжет түріндегі жапсырмалар, жайпақ тұтқалар сақталды. Сырсыз керамиканың негізгі түрлері құмдар, құмшалар, дәстүрлі тағаралар, кең және тар ауызды, асқа және су тасуға арналған құмыралар, құмандар, суқұйғыштар болды. Құмыралардың өрнектері толқылдалған оймыш сызықтар түрінде келеді. Кей су таситын құмыралар көлденең, толқындалған және сегіз саны түріндегі сызықтар түсірілген күрделі оймыш өрнекпен безендірілген. Құмыралар, құмандардың бір бөлігінің бүйірлері мен иықтары қою қоңыр сырмен солярлық белгілер, өсімдік гүлдері, серіппелер, зигзагтар, толқындалған сызықтар, эпиграфиялық өрнектер салынған.

Мойны қысқа екі тұтқалы, бүйірі томпақ құтылар табылды. Құтыларға геометриялық және өсімдік сипатындағы, S-түріндегі ширатпалар, жұлдызшалар, серіппелер түріндегі оюлар басылған.

Қалыпта жасалған аса көркем керамика тобы айрықша байқалады. Бұлар кең ауызды, көлденең иықты құмыралар  мен  құмандар. Олардың жоғарғы бөлігі эпиграфиялық, тек бір жағдайда зооморфтық  өрнекпен  безендірілген.   Жоғарғы жағында, рамка ішінде жүріп келе жатқан ат пен сілеусін  бейнеленген.   Ат  жүгенделген,  жүген тартпасы қыран отырған ерге тартылған.   Аттың жалы толқындалған сызықтармен  құйрығы шырша түрінде берілген. Ат қоңқа мұрынды, денесі созылыңқы келген.   Сілеусіннің  айрықша   белгілері — ұзын аяқтар,  кішкентай  басы, жинақы денесі, оратылған   құйрығы  бар.   Төменірек ат еріндегі құсқа ұқсаған құстар қатары салынған. Құмыра фоны шошақтар мен нүктелер, үш жапырақты оюлармен безендірілген.

Шамдар 2 түрлі- биік тұғырдағы тостаған мен дәстүрлі шырақ түрінде.

Керамиканы әрлеуде ангобпен көмкеру мен түсті сырды бірге қолдану тән. Ангобтар — қызыл, сары, қызғылт түсті. Сырлар түссіз және сары, жасыл, қызғылт, көк, қою көкке боялған. Өрнектер өсімдік тәрізді, геометриялық, эпиграфиялық болып келеді.

14 ғ. екінші жартысы—15 ғ. бірінші жартысындағы керамика темірлік керамикамен ұқсас. Керамиканың ақ фоны түссіз сырмен көмкеріліп, суреті кобальтпен, марганецпен салынған. Бұйымның екі беті де безендірілген, бірақ ішкі жағына көбірек көңіл бөлінеді. Суреттер композициясының негізі шеңбер, сопақ шеңбер және орама болып келеді. Өрнекте негізінен өсімдіктер қолданылады. Сары сырмен көмкеріліп, қоңыр, жасыл, қызылмен өрнектелген керамика; қызыл ангоб үстінен сары сыр көмкерген керамика; көк не қою көк сырмен көмкерілген, қарамен өрнектелген керамика кең тараған. 14 ғ. соңы—15 г. басына жататын құмырашы шеберханасынан табылған керамиканың үлкен тобы, бұйымдардың формасы туралы, шыңылтыр мен өрнектердің түсі, өрнек композициялары туралы түсінік береді. Осы кезеңнің керамикасын технологиялық тұрғыдан зерттеу, қорғасын сырлар мен «ескі» бояуыштар қолданғанын, таза қорғасын-кремнезем сырлары жоқ екенін көрсетті. Әк қосылған қорғасын сырлары жиі кездеседі. Дайындау технологиясы күрделі болғанымен бұлар сапалы шыңылтыр береді. Бояуыш ретінде мыс, хром, никель, темір, сүрме тотықтары пайдаланылған.

Керамикалық өндірістегі жаңалықтармен қатар. 13—15 ғғ. керамикасымен моңғол дәуіріне дейінгі керамика арасындағы дәстүрдің жалғастығын да атап кету керек. Бұл өрнектегі дәстүрлі элементтерді пайдалануда байқалады: «құйын» түріндегі гүл, орамалар, геометриялық суреттер. Оңтүстік Казақстанда ерте орта ғасырдан бері кеңінен қолданылып келе жатқан қызыл ангобтың пайдаланылғанын атап кету қажет.

Сырдария бойының дәстүрлі образы — қой бейнеленген керамика бұрынғысынша кең тараған. Әдетте, оның бейнесі сырлы және сырсыз қақпақ тұтқаларда, суқұярлардың шүмегінде кездеседі. Фигуралар өрнек салынған қоңыр және жасыл ангобпен көмкерілетін болған. Керамикада құстың бейнесі жиі кездеседі.

Ортасында ошағы бар қыш күйдіретін шеберхана зерттелді, оның айналасында өндірістік және тұрғын бөлмелер топтасқан. Шеберхана өмірінде, 13 ғ. 2-ші жартысынан 14 ғ. ортасына дейін, 3 құрылыс кезеңі болғаны анықталды. Қыш күйдіретін ошақ осы уақытта үздіксіз (жөндеуден өткізіліп тұрған) қызмет етіп тұрған. Ошақ екі қабатты, жосында тікбұрышты. Сыртынан есептегенде оның көлемі 5,7x7,7 м. От жанатын бөлігі көлемі 24x24x5, 26x26x5 және 36x36x8 см келетін қыштардан қаланған. Оның көлемі 2,9x4.7 м. От жанатын бөлік бес аркамен жабылған. Биіктігі 2 м. Аркалар арасында, қарымен бөлінген ыстық ауа өткізетін тесіктер бар. От камерасының ұзын жағынын ортасымен, қыштан қаланған мұржа өткізілген. Ол тігінен тұрған 4 мұржаға жалғанған. Бұл мұржалар сонымен қатар, ошақтағы температураны реттеп тұруға да арналған. Мұржалардың жоғарғы жағы отқа жиі күйіп, бұзылатын болғандықтан ескі каналдар жаңамен ауыстырылып отырған. Күйдіретін камераның көлемі 5,5x4 м. Күйдіретін камералардың биіктігі 3,5 м-ге дейін болған деген болжам бар. Ошақтың батыс жағынан екі қатар бөлмелер бар. Ошаққа жақын қатар, бір-бірімен байланысқан 3 бөлмеден тұрады. Олардың бірінде жерошақ болды, қалған екеуінде еденге шаршы қыш төселген. Оның ортасында ортасы тесілген қышпен жабылған, ташнау-суағар орнатылған. Бөлмелердің келесі қатары (оларда үшеу) нашар сақталған. Оның екеуінде тандыр орнатылған сыпалар болды. Тандырдың бірінде қазан қойылған. Бұл құрылыстар өндіріспен байланысты болған. Ошақтың сол жағында екі бөлмелі үй болды. Оның тандыры бар бөлмесі тұрғын жай болып келеді, екіншісінде қамба болды.

Қазба кезінде табылған теңгелердің көнесі 13 ғ. 2-ші жартысына, кейінгісі 14 ғ. соңына жатады. Теңгелердің көбісі 13 ғ. 3-ші ширегінде соғылған. Мұнда табылған керамика, жылдың он екі айын білдіретін жануарлар бейнеленген қытайдың қола айналары, таналар 13—14 ғғ. жатады. Қыш күйдіретін шеберхана кешені — Орта Азия мен Қазақстанда толық аршылған бірінші нысан. Отырар рабадының әр жерінде тағы басқа үш қыш күйдіретін шеберхана қазылды. Олар 13— 15 ғғ. жатады.

Қола айналардың көптеп табылуына қарағанда, Отырар бұйымдардың осы түрін өндіретін орталық болғанға ұқсайды. Зергерлік қолөнердің дамығандығына, қазба кезінде жинақталған зергерлік бұйымдар коллекциясы куә бола алады. Оның ішінде 13 ғ. 70-ші жылдарына жататын, жоғарыда аталған күміс көмбе де бар.

14—15 ғасырлардағы Отырар туралы айтқанда, археологтар анықтаған, жұма мешіт құрылысы туралы айтпай кету мүмкін емес.

Мешіт орталық төбенің оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Мешіт салынатын құрылыс орны мұқият тегістелген. Мешіт едені тығыз сыланған. Көлемі 60x22 м құрылыс шығыстан батысқа созылып жатыр. Кірісі солтүстік фасадтың ортасында, көлемі 2,7x1,35 м пилондары бар портал қабырға сызығынан шығыңқы орналасқан. Портал тіреулерінің арасы 6 м-дей. Батыс пилон 1,7 м биіктікте сақталған, шығыс пилон толығымен бұзылып алынған. Порталдың бұрышында етегі домалақ мұнаралар орнатылған. Олардың диаметрі 2 м. Мұнара ішінде айналма сатылар болған. Оларға порталдың ішкі жағындағы ені 1 м есік арқылы кіретін болған. Порталдың батыс жағында, айналма сатының алғашқы төрт тепкішегі сақталған. Ғимараттың қасбеттік композициясын, үш қатарға тұрғызылған отыз тіреуден тұратын төрт ашық галерея айқындайды. Тіреулер кесіндісінде шаршы тәрізді (1,35x1,35 м). Тіреулер арақашықтығы 3,7 м.

Кірістің осінде екі зал болған. Төбежабын тіреулері толық бұзылған десе болады. Кесіндісінде тікбұрышты, көлемі 3,3x1,65 м тіреу бірінші залдың батыс жағында сақталған. Михрабты бас залдың алдыңғы екі тіреуі жартылай сақталған. Тіреулер кесіндісінде көпқырлы болған деуге негіз бар. Артқы тіреулер михрабтың екі жанындағы шаршы пилон тәрізді көрінеді.

Михраб орнатылған қабырғада биік табалдырықты есік бар. Ол қала қамаланың маңында орналасқан тұрғын  жайларға баратын көшеге шығады. Мешіт қабырғасының қалыңдығы 1,35 м, бас фасадтың бұрыштары пилястр тәрізді жасалған.

Тіреулер, ойпатты таспа тәсілімен толтырған пахсаға 15 — 20 см тереңдікке отырғызылған. Пахсаға, топырақ тұзынан қорғау үшін, күйген ағаш түйірлері қосылған. Топырақтан жасалған фундаменттің жалпы қалыңдығы 1,1 м. Бұл — монументалды құрылыстардың отырудан сақтауда Орта Азия мен Қазақстанның ортағасырлық архитектурасында кеңінен қолданылатын тәсіл.

Негізгі конструкииялар — қабырғалар, тіреулер, портал пилондары сапалы қыштардан тұрғызылған. Қыш шаршы пішінді, көлемі 25—;28 см. Қыштар тұрақты байламмен, ганч қоспасымен қаланған. Қабырғалардың кей жерлерінде ганч сылағының алғашқы қабаттары сақталған.

Мешіттің архитектуралық безендіруі қызықты. Олар жайында мешітті жапқан қабаттағы тұрғын жайлардан табылған керамикалық беттемелерден білуге болады. Олардың ішінде түрлі-түсті шыңылтырлы қыштар, қою көк және көк түсті  қаптамалар, ою-өрнекті және зооморфты сюжеттер салынған шаршы және тікбұрышты тақталардағы көптүсті майоликалар бар, Шыңылтырлы қаптамалардың басым бөлігі михрабты қабырға мен залдың орнындағы бөлмелерден табылды. Терезедегі керамикалық торлар — панжараның бөліктері табылды.

Информация о работе Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері