Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2012 в 01:49, доклад

Описание работы

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан аймағы (бұл жерде Түркістан ауданы мен Кентау қаласының аймағы сөз болып отыр) ежелден-ақ шартарапқа кетіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан жері болған. Шығысында Ұлы Жібек жолынан басталған керуен жолы (Сыр жолы) Сырдарияны жағалап отырып Арал теңізіне, онан әрі Батыс Қазақстан арқылы Шығыс Еуропада өткен, ал Сырдарияның бойындағы ежелгі қалалардың шыққан Қарқаралы мен Жет

Работа содержит 1 файл

Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері.doc

— 429.00 Кб (Скачать)

Табылған айрықша заттар арасында цитадельдің салтанат залына көрік беріп тұрған фриз тақталарын атауға болды. Залға кіретін орталық есіктің қасындағы қабырға жағынан тақтаның 9 бөлігі аршылып, концервацияланып, алынды. Бәрінен де зооморфтың тақта отырған құдайлар бейнеленген тақта сақталынған. Оның ұзындығы 122 см, ені 25 см. Арқа астында тақта отырған құдайлар бейнеленген. Сол жағында қанатты екі түйе түріндегі тақа  ер текті құдай отыр. Түйелердің бірінің тұмсығы сақталған. Құдай қас беттен көрсетілген. Оң қолында, кеуде тұсынында үш иілген садағы бар зат ұстап тұр. Сол қолында ернеуінде тістері бар тостаған ұстаған. Басында тісті тәжі бар. Оң жағындағы құдай, жұбайына ұқсайды. Ол екі тау қошқары түріндегі тақта отыр. Кілемдер төселген тақ етегінің бейнесі сақталған. Тау қошқары түріндегі тақ етегінде тізерлеп тұрған екі адоранттың кішкентай фигуралары бейнеленген. Бұлар құйрық қамалының иелерінің бейнесі болуы мүмкін. Арқалардың іші төртжапырақа гүлге толытырылған. Арқа арасындағы кеңістіктерден отырған  персонаждар бейнесі бар. «Қамал қоршауы» көрінісі бейнеленген фриз тақтасының бөлшегі ғана сақталған, оның ұзындығы 98 см, ені 23 см. Тақтаның орталық бөлігінде қамалдың не қаланың тұсты қабырғасындағы екі садақшы бейнеленген. Алдыңғы көріністе – домалақ зат ұстаған қолын көтерген құдай бейнеленген. Құдай басында қанатты тәж бар. Арқа арасындағы кеңістік, тұрған персонаждардың өте нашар сақталған бейнелерімен толтырылған. Сақталған бөлшектерінен құдайдың төрт қолы болғандығы белгілі, оның екеуі жоғары көтерілген, екеуі төмен түсірілген. Қамал не қаланы қоршау көрінісін, жаулар қоршаған қаланың құлауы туралы айтылатын соғдыманихейлік мәтінмен салыстыруға болады. Онда «Нана-ханым» туралы айтылады. Шығыс танушы В.Б. Хенингтің пікірі бойынша бұл Анахита құдайдың аты. Н.В. Дьяконова пен О.И.Смирнова жасаған Соғдыдағы Нана ( Анахита) культін сараптау, зерттеушілерді Нана-Анахита Соғдыда негізгі құдайлардың бірі болған деген тұжырымға әкелді, ал Пенджикентте қала қамқоршысы – Нана құдай – ананың культі басты болған сияқты. Құйрықтөбедегі тақтадығы бейнеге қарағанда Ортасырдарияда да бұл бейнені қадір тұтқанға ұқсайды.

Тікбұрышты, көлемі 125х30 см келетін ағаш тақта да қызықты. Онда арқалар ішінде топталған және жекелеген бейнелер бедері бейнеленген. Орталық арқадан бір-біріне жартылай қырынан қараған, лауазымды еркек пен әйел бейнеленген. Әйел (ол сол жағында  тұр) үстінде желбегей бар, оның беті дөңгелекше келген, мұрны жалпақ, көздері миндаль тәрізді. Басында жайпақ қалпақ, маңдайында диадема бар. Қалпақ астынан оң иығын, бірнеше жерден байланған бұрым түсіп тұр. Оң құлағында ілгекке ілінген дөңгелек шар тәрізді сырға, мойнында ірі моншақты алқа бар. Еркектің беті нашар сақталған. Оның басында қалпақ бар,солға қарай жабылатын халат киген. Халат астынан тік жағалы көйлек көрініп тұр. Оң қолымен еркек әйелді құшақтап тұр, оның қолы әйелдің иығында, сол қолы болса алақаны мен жоғары қаратып, әйелдің бетіне тақаған. Алақанда ірі зат бар. Әйел оң қолымен еркектің сол шынтағын қысып тұр. Екеуінің сол жағында тұрған персонаж, қас бетімен бейнеленген. Оның беті дөңгелек келген, жалпақ мұрынды, басында сәлде сияқты киім маңдайына орамал енсіз етіп байланған. Құлағында ілгекті сопақ шар түріндегі сырға, кеудесіне тана тағылған. Ол халат киген, кеудесінде гүлден өрнек бар. Халат астынан  тік жағалы көйлек көрініп тұр. Бүктелген сол қолында ол белгісіз зат ұстап тұр. Лауазымды жұбайлардың оң жағындағы фигурада қас бетімен тұр ( басы сақталмаған). Персонаж халат киген, оның астынан тік жағалы көйлек киген. Қолында табақ сияқты зат ұстап тұр.

Оң жақтағы арқада тағы екі фигуралар бейнесі бар, бірақ, оларың тек сұлбасы ғана қалған. Сол жақтағы арқада жекелеген фигураның сұлбасы көрінеді. Арка арасындағы кеңістік төртжапырақты гүлдермен толтырылған. Орта Азия мен Қазақстан ескерткіштерінен табылған оймышталған ағаштар арасында адамдар бейнеленген композиция кездеспеген. Афрасиабтағы 1 залдың солтүстік қабырғасындағы көріністегі бейнелермен кейбір ұқсастықтар ғана бар. Қайықтағы үш әйел композициясында олардың бірі қасындағы әйелдің оң қолын ұстаған, өз кезегінде ол сол қолын біріншісінің иығына қойған. Мұндай көрініс Балалықтөбе живописінде де кездеседі. Онда екі еркек және арт жағында отырған әйел бейнеленген. Қенес археологы Л. И. Альбаумның пікірінше, мұндай «қол қимылы» көрсетілген сюжеттер қалындық айттыру көрінісін береді. Құйрықтөбедегі тақталардағы да осындай көрініс болуы мүмкін.

Қазба материалдары ҚР БҒМ Ә. X. Марғұлан атындағы Археология институтының Археология музейі мен Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы.

ҚҰЙРЫҚТӨБЕ ҚАЛАЖҰРТЫНЫҢ МАЗАРАТЫ, 10—12 ғғ. (археол.). Қоғам ауылының солтүстік-батысында, 2 км жерде, Құйрықтөбенің оңтүстігінде 1 км жерде орналасқан. Арыс өзенінен Алтынтөбе мен Жалпақтөбеге қарай тартылған арықтың жағасын алып жатыр. Мазараттың шекарасын анықтау мүмкін болмады. Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы 1974 (Б. Н. Нұрмұханбетов) және 1985 жылдары (К. М. Байпақов қазба жұмыстарын жүргізген. Мүрделер тікбұрышты кесектерден салынып, осы кесектермен «шырша» тәрізді қырынан қалап жабылған көрлерде жерленген. Қайтыс болған адамдар шалқасынан немесе оң жамбастап қойылып, басы солтүстік-батысқа, беті оңтүстікке не жоғары қаратылған. Қолдарының жатысы әртүрлі—дене бойлай және қарын тұсында қойылған. Сонымен қатар, құмдарға жамбастап салынған бала мүрделері кездеседі. Қабірлердің бірінде 10 ғ. саманилер теңгесі табылды. Қабірлер бірнеше деңгейде жерленгеніне қарап, мазарат кем дегенде 10 ғ-дан 12 ғ-ға дейін пайдаланылған деуге болады. Мазарат Қазақстанның оңтүстігіндегі ең алғашқы мұсылман мазараттарының бірі. Мұнда ислам 9—10 ғғ. тарай бастаған, әсіресе, 9 ғ. ортасында саманилер Испиджаб, Фараб және Шауғар округтарын жаулап алғаннан кейін бұл үрдіс жылдам жүре батаған. Фараб округының астанасы болған ортағасырлық Кедер қаласымен сәйкестендірілген Құйрықтөбеде 9—11 ғғ. мұсылман отрядтары тұрғаны жазба деректерден белгілі, ал 10 ғ. мұнда жұма мешіт болған, оның қалдықтары қазба барысында табылды.

Қазба материалдары ҚР БҒМ Ә. X. Марғұлан атыидагы Археология институтында сақтаулы.

ҚҰЙРЫҚТӨБЕ ҚАЛАЖҰРТЫНЫҢ МАЗАРАТЫ, 13—15 ғғ. (археол.). Құйрықтөбе   шахристанның  оңтүстік  -батыс  бөлігінде  және   оңтүстік   рабадтың  территориясында   орналасқан. 1986 жылы   Қазақ  ССР  ҒА  Тарих,  археология  және   этнография институтының   Тарих   және  мәдениет   ескерткіштерінің  жинағының  экспедициясы   (К.М.Байпақовы)  қазба   жүргізді.   Рабад   территориясының  1000 м2  аумағын  бір –біріне  тығыз  орналасқан, сағаналар мен іші кесекпен бекітілген шұңқырларда жерленген мүрделер алып жатыр. Мүрделердің жоғарғы қабатының топырағын жел суырған, сүйектер жер бетінде жатыр. Мүрделердің басы солтүстікке және солтүстік-батысқа қаратылған. Шахристан территориясында мазарат 13 ғасырдың аяғынан бастап, тұрғын жайлар тасталғаннан кейін пайда болған. Көбінесе үйлердің қабырғалары отбасылық кесене қоршауы ретінде пайдаланылған. 11 —12 ғғ. деңгейіндегі бөлмелер еденінде, осындағы тасталған құрылыстардың кесегінен қаланған сағаналар тұр. Кейінгі уақытта, үйлердің орны көрінбей қалған кезде, бос бөлмелердің бар-жоғына қарамай жерлей берген. Сондықтан іші кесекпен бекітілген көрлер мен сағаналар үй қабырғаларын кесіп кеткен. Шахристан мазаратының қабірлері 12 ғасырда бұзылып кеткен мешіт маңындағы территорияда тығыз шоғырланған. Мешіттің қыштары кесене тұрғызуға пайдаланылған. Балалар қабірлері негізінен, цитадельдің оңтүстік баурайын алып жатыр. Мұнда көрдің бетіне тақтайлар, бөренелер пайдаланылған. Қабірлерде заттар жоқ. 2 мүрде үстінен ұсақ мыс моншақтардан Құраннан үзінділер тігілген мақта-мата кебіндер табылды. Қазба материалдары ҚР БҒМ Ә. X. Марғұлан атындағы Археология институтында сақтаулы.

МЫҢШҰҢҚЫР МЕКЕНЖҰРТЫ, 13 ғ.екінші жартысы—14 ғ. бірінші жартысы. (археол.). Отырар қалажұртынан оңтүстікке қарай 5 км жерде, Мыңшұңқыр елді мекенінде орналасқан. Географиялық координаттары 42Т 442716 ІІТМ 4739678. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі (М. Б. Қожа) зерттеуді бастап, 1989 — 91 жж, 1995 ж. қазба жүргізді.

Құмырашылар мекенінің қалдықтары көлемі 90x70 м келетін дөңестік түрінде сақталған. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа созылып жатыр. Оңтүстік-батыс бөлігін шаруашылық мақсатта қазылған ұзындығы 80 м, ені 4 м, траншея кескен. 1989 ж. қазба барысында 1 тұрғын үй шеберхана орнын, 8 құмдан және 3 қосалқы пеш орындары аршылды. Құрылыс — жайдың аумағы 80 шаршы м асады, ол бес бөлмеден тұрады. Қабырғалары кесектен, басқадан тұрғызылған. Үйдің бір қанаты жатақ орны, онда сыпа және тандыр бар. Үйдің екінші қанатында өндірістік орны орналаскан. Онда шебердің құмыра жасайтын шарқы тұрған.

Үйдің оңтүстік-батыс қабырғасына сыртынан жапсарлас екі құмдан орналастырылған. Үйден  шығысқа карай көлемі 80 шаршы м алаңда екі керамика күйдіретін және сілтілік сыр жасауға шикізат дайындайтын пеш орындары табылды. Екінші көлемі 70 шаршы м өндірістік алаң үйдің батысқа қарай орналасқан. Онда керамика күйдіретін төрт құмдан, сыр компоненттерін дайындайтын бір ошақ орналасқан.

Екінші үй 1990—1991 жж. қазбалар барысында аршылды. Бұл үйдің қабырғалары нашар сақталған. Оның аршылған бөлігінің ауданы 30 шаршы м асады. Екі бөлме жайлары анықталды. Ауыз бөлмесі шикізат қоятын қойма ретінде пайдаланылған. Үйдегі екінші бөлме тұрғынжай болған. Онда П-үлгісіндегі сыпа, пеші жоқ тандыр ошақ орындары бар. Ертеде бұл бөлме орнында құмдан болыпты. Екінші үйдің оңтүстік-батыс қабырғасының іргесінде ауданы 42 шаршы м. өндіріс алаңы орналасқан. Алаңның солтүстік бұрышында 3 құмдан орналасқан. Олардың отхана ауыздары бір шұңқырға шығады, П-І5 деп белгіленген құмдан қалдығы оңаша алаңның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. П-12 құмданның сырт қабырғасындағы сөреде кейінгі қарахандық (13 ғ. басы) теңге табылды. Үйдің шығыс жағында тағы бір өндірістік алаң орналасқан. Онда П-18 құмдан орналасқан.

Бір күйдіруден өтіп сыр жағуға дайындалып қойған ыдыстардың табылуы құмырашылар мекенінде тіршілік кенеттен тоқтағандығын көрсетеді.

Қазба барысында, құмыра күйдіретін әртүрлі үлгідегі пештер, құмдандар, көптеген шаруашылық шұңқырлар аршылды. Керамика күйдіруде ішкі құрылысы 7 топқа жататын құмдандар пайдаланылды.

Қолөнершілер мекені көмбе мен жеке-дара теңгелер негізінде  13 ғ, екінші—14 ғ. Бірінші  жартысына жатқызылды. Мекенде табылған керамика арасында 14 ғ. екінші жартысы—15 ғ. басына жататын, ак ангоб бетіне өрнек салынған, сары сырлы ыдыс жоқ. Шеберханаларда шығарылған өнім әр алуан: сырлы және қалыппен жасалған керамика, сәулеткерлік керамика. Соңғылардың қатарында күмбездің куббалары, сырлы қаптамалар, панджара — өрнекті терезе торлары, сырлы және сырсыз терракота, майолика бар.

Өнімді пеште күйдіруге арналған құралдар ішінде үшаяқты 5 — 16 см дейінгі «сепаи», түбек тәрізді бірак, түбінде және қабырғаларында ойықтары бар «сари». Бұлардың арасында ыдыстарды пеш ішінде іліп қоятын керамикалық таяқшалар жоқ.

Құмырашылардың құрал-саймандары: төсшелер, қалыптар табылды. Құмырашылар мекені ыдыс-аяқтың барлық түрі, құрылыстардың қаптама тақталары мен бөлшектері дайындалған.

Мыңшұңқырдағы құмырашылар мекені осы уақытқа дейін Отырарда қазылған керамикалық шеберханалардан өзгеше. Бұл шеберханада алуан түрлі құмдандар қолданылған. Аталған шеберханалардың ерекшеліктерін ескере отырып бұл мекен құлдық дәрежедегі шеберлер қызмет еткен мемлекеттік, не ірі феодал меншігіндегі кархана-фабрика болды деуге толық негіз бар.

0ТЫРАР ҚАЛАЖҰРТЫ, б.д. бірінші ғғ.— 18 ғ. (тарихи, археол.). Талапты ауылының оңтүстік шетінде, Темір теміржол стансасынан батысқа қарай 11,5 км жерде, Арыс өзенінің Сырдарияға құяр тұсына жақын маңда орналасқан. Географиялық координаттары 42Т 443072 UТМ 4744699. Алғашқы қазба жұмыстарын төбеде 1884 жылы шығыстанушы Н. И.Веселовский, Археология әуесқойлары   Түркістан   үйірмесінің   мүшелері

А. К. Кларе мен А. А. Черкасов 1904 жылы жүргізген. Қазылған траншеяларда мүрделер анықталды, керамика, қыштар коллекциясы жинақталып, бірнеше ондаған мыс теңгелер табылды. Қазба жұмыстары осымен тоқтатылды. 40-шы жылдардың аяғында А. Н. Бернштам бастаған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы мұнда аздаған үйлестіру жұмыстарын жүргізді. Алынған материалдар негізінде қаланың хронологиясы ұсынылып, керамиканың алдын ала классификациясы жасалды. 1969 жылдан бастап төбеде Отырар археологиялық экспедициясы (К. А. Ақышев), 1971 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (К. А. Ақышев, К. М. Байпақов) қазба жүргізе бастады. Ол 1993— 1996 жылдардағы үзілістен соң, қазірге дейін жұмысын жалғастырып келеді. 1969 — 70 жж. төбенің инструменталды топографиясы түсіріліп, оның жоспарлық және перспективалық аэрофотосуреттері түсірілді. Барлық мәдени қабаттарды кесіп өткен стратиграфиялық қазба, қаланың пайда болу мерзімін анықтауға, оның өмірінің негізгі кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік берді. 1971 жылдан бастап төбеде Отырардың түрлі кезеңдердегі қабаттарын, жекелеген орамдарын, монументалды қоғамдық құрылыстарын, шеберханаларын кең түрде қазу жүргізілді. Бұл қазбалар бай археологиялық материалдар берді. Тарихи мәліметтермен бірге олар Оңтүстік Казақстандағы ірі саяси, шаруашылық және мәдени орталығының тарихын білуге мүмкіндік берді.

Отырар мен оазис ескерткіштерін зерттеуде, сонымен қатар, қазылған нысандарды консервациялау жұмыстарының маңызды кезеңі 2001—2004 жылдардағы ЮНЕСКО-Қазақстан-Жапонияның «Көне Отырардың қалажұртын сақтау мен реставрациялау» жобасымен байланысты. Бұл жобаға Қазақстан, Германия, Ұлыбритания, Жапония, Бельгия мамандары қатысты.

Егерде бұрындары консервацияға көңіл аз бөлініп келсе, бұл кезде зерттелетін және бұрын аршылған нысандарды консервациялау, реставрациялау және музейлендіру мәселесі туындады. Жоба жұмыс істеген жылдары Отырардың өзін, оазис ескерткіштерін және аршылған нысандарды құжаттау бойынша үлкен іс атқарылды.

Консервацияның негізгі нысандары Отырардағы XIV г. аяғы — XV ғ. басындағы мешіт, XIII - XV              ғғ.   моншасы,   сонымен   қатар,   құмырашы
шеберханалары, XVI - VIII ғғ. орамы, қала қамалының бір бөлігі болды.

Бұл жоба мен бұрынғы зерттеулер, 2004 жылы басталған «Қазақстанның мәдени мұрасы» Мемлекеттік бағдарламасының аясындағы «Көне Отырарды жаңғырту» жобасында жалғасын тапты.

Оның басты мақсаты оазисті археологиялық тұрғыдан зерттеу, сонымен қатар, ескерткіштерді консервациялау, оларды музейлендіру және жергілікті және халықаралық туристік маршруттар жүйесіне енгізу.

Жоғарыда аталған жобалар аясында Отырардың  XIV  ғ.   аяғы — XV ғ.   басындағы   мешіт, XVI-XVII ғғ., XI — XII ғғ. орамдары, қамалдың консервациясы жалғастырылды, сонымен қатар, Кұйрықтөбе  мен Мардан-Күйікте  консервациялық жұмыстар жүргізілді.

Оазис ескерткіштерін насихаттауға бағытталған жұмыс атқарылды, Осы маұсатта бірұатар монографиялар мен альбомдар шығарылды.

2002 — 2007 жж. электронды тахеометрмен қала жұртын түсіру арқылы үшөлшемді моделі жасалды; аэрофотосуреттер мәліметтер базасын толықтыру бағдарламасы жүзеге асырылды.

Фортификациялық құрылымдарды. XI — XVII ғғ. тұрғын жайларын және Отырардың ерте қабаттарын зерттеу жалғастырылуда.

Төбе атақты ортағасырлық Отырар қаласының жұрты. Ол барлық ортағасырлық авторлардың географиялық және тарихи шығармаларында Жетісу мен Испиджаб қалаларының тізімінде аталады. Қала әркелкі географиялық ландшафттардың тоғысқан жерінде тұрған, керуен жолдарының қиылысқан жері болған. Отырар — ірі егіншілік аймағының орталығы, көшпелілердің тірек қамалдарының бірі. Отырардан жол Арыс бойымен Тараз, Баласағұнға, одан әрі Шығыс Түркістанға апаратын; Сырдариямен жоғары қарай ежелгі жол Шаш, Соғдыға, одан әрі Мерв пен Нишапурға жеткізетін; өзен бойымен төмен  қарай Арал бойы мен Оралға; батысқа қарай жол Қызылқұм арқылы Хорезмге, одан әрі Еділ бойына, Қаратеңізге және Қап тауына апаратын.

Төбе келбеті Қазақстан мен Орта Азияның ортағасырлық ескерткіштерінің көпшілігіне тән. Цитадель мен шахристан биіктігі 18 м келетін бес бұрышты төбе түрінде. Төбенің аумағы —20 га, жандарының көлемі: оңтүстігі 380 м, оңтүстік-батысы—145 м. батысы — 400 м, солтүстік-шығысы —350 м, Төбе айналдыра қабырғамен қоршалған. Оның кей тұстары қазірдін өзінде 75 — 80° тік. Қабырғада мұнаралар болған, олар қабырғаның сыртына шығып тұрған дөңгелекше келген төбешіктер түрінде сақталған. Қабырғаның сыртында жайпақ сай түріндегі ор көрінеді, оның тереңдігі 2 — 3 м, ені 10— 15 м. Қалаға үш қақпа арқылы кіретін болған. Екеуі бір-біріне қарама-қарсы, оңтүстік және солтүстік-шығыс қабырғада, үшіншісі батыс қабырғаның ортасында орналасқан. Орталық көше, оңтүстік, орталық қақпаны солтустік қақпамен байланыстырып, қаланы екі бөлікке бөліп тұр. Көше ені 5 — 8 м сай түрінде. Одан көптеген кіші және тұйық көшелер шыққан. Отырар топографиясының негізгі келбеті кейінгі орта ғасырда (15—18 ғғ.) қалыптаскан, сондықтан цитадельден қазіргі уақытта ешқандай белгі жоқ. Цитадельді орналастыру мәселесі бойынша үш жорамал бар. Біріншісі аэрофото мәліметтеріне сүйенеді. Бұл жорамал бойынша цитадель төбенің ортасында орналасқан, ол үшбұрышты, жандарының көлемі 220, 230 және 220 м. Айналасындағы қара жолақты ежелгі ордың орны деп болжауға болады. Екінші жорамал Отырар шахристанының оңтүстік ширегінде жүргізілген қазба деректеріне негізделген. Мұнда XIV — XV ғг. жататын жұма мешіт аршылған болатын. Қазба нәтижесінде зерттеушілер цитадель де осында орналасқан деген тоқтамға келген. Үшінші жорамал соңғы жылдардағы аэрофотоматериалдарына сүйене отырып, көше сызықтары және ойпаттар мен шектелген сұлбаға қарап, цитадельді төбенің солтүстік ширегіне орналастырады.

Информация о работе Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері