Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2012 в 01:49, доклад

Описание работы

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан аймағы (бұл жерде Түркістан ауданы мен Кентау қаласының аймағы сөз болып отыр) ежелден-ақ шартарапқа кетіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан жері болған. Шығысында Ұлы Жібек жолынан басталған керуен жолы (Сыр жолы) Сырдарияны жағалап отырып Арал теңізіне, онан әрі Батыс Қазақстан арқылы Шығыс Еуропада өткен, ал Сырдарияның бойындағы ежелгі қалалардың шыққан Қарқаралы мен Жет

Работа содержит 1 файл

Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері.doc

— 429.00 Кб (Скачать)
le="text-align:justify">-         Ортағасырлық Домалақ төбе қаласы

-         Домалақ ана кесенесі

-         Ортағасырлық Баба ата қаласы

-         Ортағасырлық  Шолаққорған

-         Ортағасырлық Созақ қаласы

-         Қарабура кесенесі

-         Ортағасырлық Ақсүмбе қаласы

-         Сауысқандық тасқа салынған суреттері

-         Ортағасырлық Морттық елді мекені

-         Ортағасырлық Сығанақ қаласы

-         Ортағасырлық Ордакент қаласы

-         Ортағасырлық Сауран қаласы

-         Ортағасырлық Қарашық қаласы

Ортағасырлық Түркістан қаласы. XV-XIX ғғ. Түркістан қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Қала цитадель, шахристан және рабад бөліктерінен тұрады. Цитаделден батыс және оңтүстік-батыста жобасында төртбұрышты болып келген шахристан орналасқан, оның көлемі 23,5 га (350х670м). Солтүстік және батыс бөлігінде мұнарамен қыбарға қалдықтары сақталынған. Қаланы айналдыра қоршаған қабырғаның ұзындығы 3 км-ге жуық. Қазақ хандығының астанасы болған Түркістан қаласында орналасқан тарихи-археологиялық ескерткіштер: ортағасырлық Түркістан қаласы, ежелгі Күлтөбе қаласы, Қожа Ахмет Ясауи кешені, Есімхан кесенесі, Рабия Сұлтан бегім кесенесі, Қылует жер асты мешіт музейі, ортағасырлық монша, Құмшық ата жер асты мешіті, Түркістан тарихи музейі, Әл-Қожа ата кесенесі, Гаухар ана кесенесі, Түркістан қаласындағы тарихи орындар мен ғимараттар.

              Алтынтөбе. І-ХІ ғғ. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандағы Талапты ауылынан 8 км солтүстік- батыста орналасқан. Жобасында алаңды төбе тәрізді болып келген шахристаны мен цитаделінің биіктігі 17м. Алтын төбе қаласында ОҚАЭ ХХғ. 70-80 жылдарында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп әр түрлі тарихи кезеңдерден сақталған құрылыс қалдықтарын ашқан.

              Арыстанбаб кесенесі. ХХ ғ басы Кесене ХІІ ғ өмір сүрген белгілі сопы Арыстанбабтың бейітінің үстінде салынған. Алағашқы кесенесі ХІІІ-ХIVғғ салынып, XVIII ғ зілзала кезінде бұзылған алғашқы кесене орнына күмбезді ғимарат салынған. XVIII ғ салынған кесене құрылысы уақыт өте бұзылып, 1909ж қайта салынған. 1971 ж. кесененің мүшкіл жағдайын ескере отырып кесенені толығымен бұзып қайта салған.

              Арыстан баб кесенесі көп функциональдық құрылыс болып табылады. Кешен құрылысы негізгі көрхана бөлмесіне қосымша салынған бөлмелерден қалыптасқан. Ғимарат  екі көрхана, мешіт және шаруашылық бөлмелерден тұрады.

              Отырар қаласы І-XVIII ғғ Талапты ауылының солтүстік шетінде, Арыстанбаб кесенесінен 600-800м солтүстік-шығыста орналасқан. Ортағасырлық Отырар қаласының цитаделі мен шахристаны жобада бесбұрышты болып келеді, оның биіктігі 18 м, көлемі 20 га.

              Археологиялық қазба кезінде ашылған қаланың орталық мешітінің орнында концервация жүргізіліп, ашық аспан музейі ашылған.

              Отырар музейі. Музей Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында орналасқан.

              Қараспантөбе қаласы. VIII-XIIғғ. Қараспантөбе қаласы Қараспан ауылынан 1км оңтүстікте, Арыс өзенінің жағасында орналасқан. Қала цитаделі жобасында төртбұрышты болып келеді, оның көлемі 90х120м, биіктігі 22-24м.

              Бөріжар қорымы І-VIII ғғ Қорым Мамаевка ауылының жанында, Арыс сол жағасын бойлай ұзындығы 5-7 км, ені 1-2,5 км аумақта 1 және 2 жағалық террасаларын алып жатыр.

              Қажымұқан музейі. Музей Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылында орналасқан.

              Шымкент қаласы. VII-XIXғғ Ортағасырлық Шымкент қаласы Шымкент қаласының оңтүстік бөлігінде, Бадам және Қощқарата өзендерінің аралығында орналасқан. Қала жобасында төртбұрышты болып келеді, оның көлемі 180х210м, т биіктігі 15-25 м.

              Сайрам қаласы (Испиджаб) VI-XVIIIғғ. Ортағасырлық Сайрам қаласы Сайрам ауылында, Сайрамсу өзенінің оң жағасында орналасқан. Қала шахристаны  тіктөртбұрышты көлемі 550х500м, биіктігі 3-5 м.

              Ибрагимата кесенесі. XVIІ-XX ғғ басы. Күйдірілген  қыштан салынған кесене Сайрам ауылының солтүстік-батыс шетінде, биік төбе үстінде орналасқан. Аңыз бойынша Қожа Ахмет Ясауидің әкесі Ибрагим шейх бейітінің үстінде салынған кесене жобасында төртбұрышты, көлемі 7,2х7,2м. Алғашқы құрылыс XVI-XVII ғғ. Құрылыстың алғашқы күнбезі құлаған соң XIXғ соңы-ХХ ғасырдың басында шатыры қайта салынған.

              Әбділ-Азизбаб кесенесі XIX ғ ортасы Кесене  Сайрам ауылының солтүстік бөлігінде, есік қорымда орналасқан. Күйдірілген қыштан салынған кесене жобасында төртбұрышты, көлемі 6,3х6,3м. Кесенеде XIX-ХХ ғғ бірнеше рет жөндеу жұмыстары жүргізілген.

              Қарашаш ана кесенесі XVIII ғ Кесене Сайрам ауылының орталық бөлігінде, ескі қорым жерінде орналасқан. Күйдірілген қыштан салынған кесене жобасында төрбұрышты, көлемі 6,3х6,3 м. Кесене аңыз бойынша Қожа Ахмет Ясауидің анасы Қарашаш ана бейітінің үстінде салынған. Кесенеде XIX-XX ғғ бірнеше рет жөндеу жұмыстары жүргізілген.

              Қобалбұлақ қаласы VIII-XIІ ғғ. Қызылту ауылының жанында, ақсу өзенінің сол жағасында орналасқан. Қала жобасында төртбұрышты болып келеді, көлемі 300х300 м, биіктігі 7-8 м. Цитадель оның солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, оның көлемі 30х50м, биіктігі 10-11 м.

              Төрткүл қаласы VIII-XII ғғ Шарапкент ауылының батыс  бөлігінде, Балықты өзенінің сол жағасында орналасқан. Қала шахристан мен цитаделден тұрады. 2002 ж. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Тұран археологиялық экспедициясы бұл қаланың цитоделінде кесік салып қазба жүргізді.Қаланың сыртынан XI-XII ғғ шығыс моншасының орны ашылды.

              Керейт қаласы. VІ-Xғғ. Мақталы ауылының шығыс бөлігінде орналасқан. Жобасында үш бөлікті болып келген,орталық бөлігінің көлемі 60х40м, биіктігі 7 м; шахристан көлемі 120х100 м, биіктігі 3-3,5 м; рабат көлемі 0,3 га.

              Қараүңгір тұрағы. Б.д.д 5-4 мың жылдық. Қараүңгір ауылынан 15 км солтүстікте, Қараүңгір өзенінің  оң жағасында орналасқан. Қараүңгір жаңа тас ғасырының тұраға, оның ені 20-25 м, ұзындығы 21 м, биіктігі 2-16 м. Қараүңгірде 1959 ж. археолог Х.Алпысбаев, 2002 ж. Ж. Таймағанбетов қазба жүргізген.

              Домалақ төбе қаласы VIII-XV ғғ Балабөген өзенінің оң жағында, Ақбастау тас жолы бойында орналасқан. Жобасында 2 алаңды болып келеді, көлемдері батыс бөлігі- 80х85 м, биіктігі 7-8 м; шығыс бөлігі -160х140, биіктігі 5-6 м.

Домалақ ана кесенесі. XX ғ басы. Ақбастау ауылынан 5 км шығыста орналасқан. Кесене ХХ ғасырдың басында бұзылып кеткен мазар үстіне қайта салынған. Құрылыс жобасында цилиндр тәрізді болып келеді, Сыртқы фасат жағында алты ойығы бар.

Баба ата қаласы. VI-XV ғғ. Баба ата ауылының жанында, Баба ата өзенінің сол жағасында орналасқан. Ортағасырлық қала цитадел, шахристан және бірнеше рабаттан тұрады. 1953-1954, 1957-1958 ж.ж қаланың әр түрлі бөліктерінде ОҚАЭ қазба жүргізген.

Баба ата кесенесі. XIX ғ соңы. Ортағасырлық Баба ата қаласында орналасқан. Екі күмбезді болып келген кесене күйдірілген қыштан салынған. Кесененің ішіне жазу және өсімдік үлгісіндегі ою-өрнектер салынған.

Шолаққорған қаласы XIII-XVI ғғ. Шолаққорған ауылының шығыс бөлігінде орналасқан. Жобасында тіктөртбұрышты болып келген, жоғарғы алаңның көлемі 8х160м. Шығыс бөлігінің орташа биіктігі 20 м, бастыс бөлігіне қарай бірте-бірте төмендейді.

Созақ қаласы. X-XVIII ғғ. Созақ ауылының жерінде орналасқан. Ол жобасында қатар орналасқан үш алаңнан тұрады, жалпы көлемі 19 га. Орталық алаңның көлемі 350х200 м, биіктігі 22-25 м, шығыс және батыс алаңдарының көлемі 300х200 м, биіктігі 15-18м.

Қарабура кесенесі. Шолаққорған ауылында орналасқан.

Ақсүмбе қаласы. X-XV ғғ. Ақсүмбе ауылының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Сақталып қалған ескерткіш жобасында төртбұрышты болып келген, биіктігі 2,5-3 м. Оңтүстік жағындағыалаңның көлемі 25х30 м, биіктігі 0,6 -1 м.

Ақсүмбе мұнарасы. XIII-XIVғғ. Кесектен салынған мұнара ортағасырлық Ақсүмбе қаласының жанындағы биік төбеде орналасқан, оның қазіргі сақталған биіктігі 12м, түбіндегі аумағы 8 м.

Сауысқандық тасқа салынған суреттер. Қола ерте темір ғасыры. Қызылорда облысы, Шиелі аудандағы Еңбекші ауылынан 50 км солтүстік-шығыста, Сауысқандық, Бала Сауысқандық тауларының солтүстік, солтүстік-шығыс,солтүстік- батысындағы беткейлерінде, Сауысқандық өзенінің оң жағалауында орналасқан. Суреттерде Қаратау мен іргелес аудандардың фаунасының барлық өкілдері дерлік кездеседі. Антропоморфты бейнелер, арбалар, аң аулау көріністері, шеңбер, күн басты адам және басқа да бейнелер кездеседі.

Мортық елді мекені. XII-XIVғғ. Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Еңбекші ауылының 3 км солтүстік-шығыста орналасқан. Жобасында төртбұрышты болып келген елді мекеннің солтүстік бұрышында жартылай бұзылған екі қабатты құрылыстың қалдығы сақталған.

Сығанақ қаласы. XII-XVII ғғ. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданыдағы Сунақ ата ауылынан 1 км солтүстік- батыста, Шымкент-Қызылорда тас жолының жағасында орналасқан. Орталық бөлікте және оны қоршаған рабаттан тұрған қала кең алқапты алып жатыр. Ортағасырлар кезінде Қыпшақ мемлекетінің, Ақ орданың астанасы, Қазақ хандығының орталығы болған бұл қалада 2003 жылдан бастап кең көлемде археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде.

Ордакент қаласы.VIII-XII ғғ. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының орталығы Жаңақорған кентінің 3 км солтүстікте, Шымкент -Қызылорда тас жолына жақын орналасқан. Жобасында төртбұрышты болып келген қаланың орны алыстан көрінеді.

Ортағасырлық Сауран қаласы. XIII-XVIIIғғ. Түркістан қаласынан 45 км солтүстік-батыста, Сауран ауылынан 5 км батыста орналасқан. Жобасында ұзынша болып келген қаланың көлемі 800х500, оны қоршаған қамалдар 3-4 м биіктікте сақталған. Қаланы сырттай қоршаған шаруашылық аймағы бірнеше км кв жерді алып жатыр. 2004 жылдан бастап Республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша қаланың орталық бөлігінде кең көлемде археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, медресе, мешіттер және оның солтүстік-шығыс қақпасы ашыла бастады.

Ортағасырлық Қарашық қаласы.VIII-XIV ғғ. Түркістаннан 8 км солтүсікте, Қарашық өзенінің оң жағасында орналасқан, ол орталық бөліктен (шахристан, цитадель, рабад) және шаруашылық аймағынан тұрады.

2001-2003 жылдары аралығында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ -дың Тұран археологиялық экспедициясы Қарашық қаласының цитаделінде қадба және кесік салып, рабадында, шаруашылық аймағында қазба жұмыстарын жүргізді.

2,7. ЭКОТУРИЗМ

Туризмнің бұл саласының негізгі мақсаты-туристерді Түркістан аймағы мен табиғаты мен жануарлар дүниесімен таныстыру. Сыртқы және ішкі туристерге, өлкетанушыларға Қаратау мен Сырдарияның бойында сирек кездесетін өсімдіктер мен жан-жануарларды көрсету үшін «Қаратаудың табиғи-мемлекеттік қорығына» кіретін Бессаз шыңы мен Хантағы, Біресек, Байылдыр өзендерінің жоғарғы ағысы және Сырдария өзенінің алқабында автокөлікпен не жаяу жүруге арналған келесі туристік бағыттар ұйымдастыруға болады.

-         Бессазға саяхат

-         Хантағы шатқалына саяхат

-         Біресек шатқалына саяхат

-         Байылдыр шатқалына саяхат

-         Қызылата шатқалына саяхат

-         Сырдария бойымен

Сонымен қатар Қаратау шыңдары мен шатқалдарында альпинистік туризмді ұйымдастыруға болады.

2,8 Этнотуризм

Туризмнің бұл саласын дамытуға Түркістан аймағында үлкен мүмкіндіктер бар. Ол үшін Түркістан қаласының төңірегінде, не болмаса осы өңірдегі елді мекендердің бірінен қолөнер шеберлерінің ауылы не болмаса шеберханаларын ашу керек:

-         шеберлер ауылы (ұсташылық, зергерлік, тоқымашылық және т.б)

-         аңшылар ауылы

Түркістан қаласы үшін этнотуризмнің орнын ерекше ескере отырып, тез арада оны дамытудың ұзақ жылдарға арналған бағдарламасын жасап, қарды көздерін іздестіру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. ОТЫРАР ӨҢІРІНДЕГІ ТАРИХИ ОРЫНДАР

 

БАЗАРБАЙТӨБЕ МЕКЕНЖҰРТЫ, 1-8 ғғ. (археол).Қоғам ауылының оңтүстік-батысында, 4км жерде, Сырдарияның жағасына таман, Жаманкөл тармағының жағасында орналасқан. Географиялық координаттары 42Т 436963 UTM 47399667 1969-1970 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы                    (К.А.Ақышев) ашып, зерттеген. Жоспарда шаршы тәрізді болып келген, көлемі 65х40 м, шығыстан батысқа қарай созылып жатыр. Ең биік жағы шығыс бөлігі -4м. Төбенің жоғарғы жағы жайдақ. Жоғарғы жағындағы алаңнын көлемі 35х35 м, төмендеу жағындағы алаңнын көлемі 25х30м. Қақпа солтүстік жағында болған. Қазіргі топографияда ол ені 5 м келетін жайдақ сай түрінде байқалады. Төбе бетіннен табылған материал, Қостөбе (оңтүстік) керамикасымен бірдей.

              Бесінші төбе мекен жұрты, 1-6 ғғ. (археолог). Қоғам ауылынан шығысқа қарай 1,5 км жерде. Географиялық координаттары 42 Т 443 139 UTM 4741476 1970 жылы Отырар археологиялық экспедициясы зерттеген (К.А.Ақышев). Сопақша келген, диаметрі 80м төбе. Төбенің ең биік тұсы оңтүстік жағы оның биіктігі 5 м. Қалаға батыс бөлігінен кіретін болған. Кіріс қаланы екіге-биіктеу солтүстік-батыс және төмендеу оңтүсік-шығыс бөліктеріне бөліп тұр. Табылған керамика арасында су таситын, бүдірленген құмыралар, екі тұтқалы көзелер, құмдар сынықтары бар. Керамикасы қос төбенің (оңтүстік) жоғары қабатының материалдары мен бірдей. Алайда, Бесінші керамикасында 7-8 ғғ. тән ыдыс түрлері жоқ. Мекенжұрт «Бес Ақтөбе» деп аталатын ескерткіштер тобына кіреді. Ботайтөбе мекен жұрты 4-6 ғғ. (археолог). Қоғам ауылының солтүстік – батысында 5 км жерде, Алтынтөбенің оңтүстік-батысн 1 км жерде орналасқан. Географиялық координаттары 42 Т 436530 UTM 4746339. 1969-1970 жж. Отырар археологиялық экспедициясы (К,А. Ақышев) қазба жүргізіп,зерттеген. «Алаңқайлы төбе» типіндегі ескерткіш.Төбе екі бөліктен тұрады. Біріншісі дөңгеленіп келген, көлемі етегінде 55х35 м, биіктігі 4,2 м, жоғарғы жағының көлемі 30х15 м. Екіншісі оған жапсарласып жатқаналаң, оның көлемі 140х110х120м. Алаң бетінде бұрынғы құрылыстар орны төбешіктер болып байқалады. Қазбаның жалпы аумағы 480 м кв (26х18,5м) болды. Қазба барысында тұрғын-жайлар кешені аршылды. Екі құрылыс қабаты анықталды. Жоғарғы қабаттың бөлмелері  еден деңгейіне дейін аршылды. Төменгі құрылыс қабатында еден тек №7 бөлмеде ғана, 24м кв аумақта аршылды. Төменгі құрылыс қабатының құрылыс кешенінде бірнеше бөлмелер бар. Еден деңгейіне дейін қазылған №7 бөлме көлемі шамамен 9х4м. Оңтүстік қабырғасы шайылып кеткен,ал сақталып қалған бөліктері құрылыс кешені тұрған табиғи қырдың бөктеріне қарай сырғыған. №7 бөлменің және басқаларының қабырғалары тікбұрышты, көлемі 37х27х8 см және 34х22х8 см келетін кесектерден қаланған. Қабырғалардың орташа қалыңдығы 100 см,90-нан 115 см дейін ауытқып тұрады. Қабырғалардың сақталған биіктігі 170 см.

Информация о работе Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері