Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2012 в 01:49, доклад

Описание работы

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан аймағы (бұл жерде Түркістан ауданы мен Кентау қаласының аймағы сөз болып отыр) ежелден-ақ шартарапқа кетіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан жері болған. Шығысында Ұлы Жібек жолынан басталған керуен жолы (Сыр жолы) Сырдарияны жағалап отырып Арал теңізіне, онан әрі Батыс Қазақстан арқылы Шығыс Еуропада өткен, ал Сырдарияның бойындағы ежелгі қалалардың шыққан Қарқаралы мен Жет

Работа содержит 1 файл

Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері.doc

— 429.00 Кб (Скачать)

Көп жылғы қазба барысында Отырар территориясында (қала жұртының шахристанында) орасан зор аумақ аршылды (бетінің 90 пайызы аршылып 16, 17, 18 ғғ. қала орамдары айқындалды). Ерте заманғы құрылыстар аз ауқымда көрсетілген. Зерттеу барысында түрлі кезеңдегі қала құрылымдарының ерекшеліктері: 18 ғ. құлдыраған құрылыстары, қазақ хандығының кезеңі — оның құрылған уақытынан Ресей империясының құрамына кіргенге дейін; Темір дәуірінің интенсивті құрылыстары; «Отырар катастрофасы»-нан кейінгі қайта өрлеу уақыты; гүлдену дәуірі (мұсылман ренессансы); араб басқыншылығы мен ерте ортағасырлық Отырар уақыты; қаланың қазіргі орнында мекеннің қалыптасу кезеңі айқындалды.

Отырар мәдениетінің гүлдену толқындарының бірі қарахандықтар дәуіріне— 11 — 12 ғғ. сәйкес келеді. Қазылған орам дәл осы уақытқа жатады. Аршылған мәдени қабаттың ауқымының аздығын ескерсек (12 ғасыр құрылыстары кейінгі алты ғасырлық қабаттың астында қалған), осы Соғды теңгелерімен салыстыра отырып, олардың жергілікті билеушінің соқтырған жаңа түрдегі тенгелері екені анықталды. Бұл Отырар иелігінің саяси және экономикалық дербестігінің жарқын куәсі және 7 — 8 ғ. бірінші жартысындағы саяси оқиғалардағы Отырардың ерекше рөлі туралы жазба деректердің мәліметтерін толыктыра түседі.

9— 11 ғғ. кезеңі Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалық өмірдің өрлеу кезеңі болды. Жаңа қалалар пайда болып, бұрынғы қалалар дамыды. Қалалар аумағының өсуі, саудагер мен қолөнершілер мекені — рабадтардың есебінен жүрді. Отырар бұл кезде 200 га жерді алып жатты. Қазба нәтижесінде белгілі болғандай, 11 —12 ғғ. қала территориясы орамдарға біріктірілген, тығыз салынған үйлерге толы болған.

Көп жылғы қазба барысында Отырар территориясында (қала жұртының шахристанында) орасан зор аумақ аршылды (бетінің 90 пайызы аршылып 16, 17, 18 ғғ. қала орамдары айқындалды). Ерте заманғы құрылыстар аз ауқымда көрсетілген. Зерттеу барысында түрлі кезеңдегі қала құрылымдарының ерекшеліктері: 18 ғ. құлдыраған құрылыстары, қазақ хандығының кезеңі — оның құрылған уақытынан Ресей империясының құрамына кіргенге дейін; Темір дәуірінің интенсивті құрылыстары; «Отырар катастрофасы»-нан кейінгі қайта өрлеу уақыты; гүлдену дәуірі (мұсылман ренессансы); араб басқыншылығы мен ерте ортағасырлық Отырар уақыты; қаланың қазіргі орнында мекеннің қалыптасу кезеңі айқындалды.

Отырар мәдениетінің гүлдену толқындарының бірі қарахандықтар дәуіріне— 11 — 12 ғғ. сәйкес келеді. Қазылған орам дәл осы уақытқа жатады. Аршылған мәдени қабаттың ауқымының аздығын ескерсек (12 ғасыр құрылыстары кейінгі алты ғасырлық қабаттың астында қалған), осы уақыт орамының құрылыстары, сонымен қатар, бөлмелердің интерьері қалалықтардың сол бағзы заманғы тұрмысы мен өмір сүру деңгейінен хабар беретін бірегей дерек.

1987 жылы Отырардың 11 —12 ғғ. деңгейі 3-қазбаның бар аумағында аршылған болатын. Үйлерге бірігетін жиырмадан астам бөлмелердің жосыны аршылған болатын. Үйлер, әдетте, бірнеше (2 — 5) бөлмелерден тұратын. Олар шаруашылық және тұрғын жайлар қызметін атқарған. Бірқатар бөлмелерде, отқа табынушылық ғұрпында пайдаланылған, домалақ не антропоморфтық пішінде еденге орналастырылған ошақтар табылды. Үйлер сыпа ішіне орналастырылған тандырлармен жылытылатын болған. Отырардың кейінгі 13—17 гғ. кезеңіндегі тандырлардан ерекшелігі 11 —12 ғғ. тандырларында мұржалар болмаған. Шаруашылық бөлмелерінде бір қатар кесектен не саз таспаларынан жасалған қамбалар табылды. Аула, тұрғын және шаруашылық жайлардың еденінде бадраб (қоқыс және ретирадтық) ауыздары (мусорных и ретирадных) кездеседі. Бадрабтар құрылыс қоқыстарымен, керамика сынықтарымен, үй жануарларының сүйектері, күлмен толтырылған. Үйлерді қазу барысында сырлы және сырсыз керамика, шыны, металл және сүйек бұйымдарының бай коллекциясы жиналды.

1989 жылы жоғарыда сипатталған қазба орны қайта тазаланды. Сол кезде-ақ құрылыстардың қатты бұзылғаны тіркелді.

2005 жылы қазбаның бір бөлігі тазаланып, консервацияланды және жасалған шаралар негізінде нысанды экспозициялау жүйесі дайындалды.

9—12 ғғ. қала құрылысында монша сияқты қоғамдық орындар пайда бола бастады. Отырар рабадының территориясында қазба барысында 2 қоғамдық монша табылды. Нашар сақталғанына қарамастан олардың бірінің жобасын анықтау мүмкін болды. Монша тегістелген, саз қабаты төселген алаңға салынған. Оның көлемі солтүстік тел оңтүстікке қарай 11,5 м, шығыстан батысқа қарай 16,5 м. Қабырғалары көлемі 22 — 23x22 — 23x5 см қыштардан, фундаментсіз қаланған. Кабырғалардың қалыңдығы 0,7 — 0,9 м. Монша жосынының негізі ашамай тәрізді фигура. Орталық бөлме қиысқан остер бойында орналасқан 4 бөлмемен байланысқан. Моншаның құрамында массаж жасайтын орындары бар орталық бөлмеден басқа, жуынатын бөлмелер болған. Батыс бөлігіндегі 3 бөлме шешіну, демалу үшін арналған және бірі намаз оқуға арналған болуы керек. Шығыс жағында от жағатын орын мен су цистерналары тұрған бөлмелер орналасқан. Мұнда   қабырғалары   қыштан   қаланған   құдық  аузы аршылды. Моншаның ағын суы құбырлар арқылы бөлмелердің сыртына, су сіңіретін шұқырға шығарылған. Монша жылу каналдары (гиппокаусттар) арқылы жылытылған. Жылыту жүйесінің бағыттаушы қабырғаларының тіреулер қалдықтары анықталды. Моншаның жосынын Орта Азия, Кавказ, Таяу және Орта Шығыс моншаларымен салыстыруға келеді. Моншаның оңтүстігінде қосымша құрылыс орны болды, оны кір жуатын орын деуге болады. Бұл тікбұрышты, екі бөлмелі, көлемі 4x4,5 м келетін ғимарат. Екінші монша да рабад территориясында, оңтүстік қақпадан батысқа қарай 200 м жерде. От жағатын орны мен ыстық суға арналған цистерналар аршылып, ыстық су дайындау процесін анықтауға мүмкіндік берді. Нумизматикалық материал, керамикасы, метал бұйымдар моншаны 11 — 12 ғғ. жатқызуга мүмкіндік береді. Қазба барысында жинақталған сфероконустар мен олардың 70-ке жуық сынықтарының коллекциясы қызығушылық тудырады. Сынаптан жасалған емдік дәрілерге арналған сфероконустардың табылуы, ибн Сина (Авиценна) жазғандай моншаларды ем үшін де қолданғанын дәлелдей түседі.

Отырардағы стратиграфиялық шурфта 9—12ғғ. қабаттары материалдарға бай. Сырлы және сырсыз керамиканың коллекциялары жиналды. Отырар рабадындағы құмырашылардың 2 ошағынан алынған материалдар қызықты. Олардың 9—10 ғғ.  жататын  бірінде  шүмекті  құмыралар, тостағандар және  ойылып жасалған бай өрнекті ірі тұғыр табылды. Тура осындай өрнекпен, осы стильде стратиграфиялық шурфтан табылған құмыра да безендірілген. Мойнында ромбтан тор салынған. Ою кей жерлерде ыдысты тесіп кеткен, бұл тек әсемдік үшін жасалған. 12—13 ғ. басына жатқызылған екінші ошақтан шыққан, қалыпта жасалган,    қоңыр    шыңылтырмен  көмкерілген ыдыстың сынығы назар аударарлық. Оның ошақ ішінде   табылуы    Отырар    қалыпта    жасалатын ыдыс дайындау орталықтарының бірі болған деуге мүмкіндік береді. Табылған бірегей заттардың ішінен саздан жасалған суқұярды атауға болады. Ол әйел басты түйе формасында жасалған. Түйенің арқасында бесік бар. Графиндер, тостағандар, бокалдар, флакондар сынықтарынан тұратын шыны бұйымдарының   бай    коллекциясы   жинақталды. Шынылар   жұқа,   ауа   қалдықтары   бар,   мөлдір және түрлі түстерге боялған —қою көк, жасыл, сары, қызғылт және қоңырқай. Ыдыстар сыртынан жабыстырылған   манжеттермен,   оратылған арқан мен жіп түрінде әрленген, ромб, дөңгелек және  «ара палы»   сияқты   бедерлі  өрнектер  де кеңінен қолданылған. Зергерлік бұйымдар да көп. Бұлар гранаттан, сердоликтен, шыныдан жасалған моншақтар, қола сақиналар мен білезіктер. Геральдикалық тақта түрінде жасалған, «Дәреже Алладан» деген жазуы бар белдіктің құйма танасы өте шебер жасалған.

Қаланың гүлденуі моңғол шапқыншылығынан үзіліп қалды. Шыңғысхан   өлімінен   кейінгі   өзара   соғыс жылдары, қала қайтадан Сырдариядағы маңызды саяси және экономикалық орталыққа айналды. 13-ші ғасырдың ортасына қарай Отырар Батыс пен Шығыс арасындағы жолдағы ірі сауда орталығына айналды. Оның үстінен Үргеніштен Алмалыққа және одан  әрі апаратын жол өтетін. Отырар теңге соғу   орталығы   ретінде   де   танымал. Оның теңгелері Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігінде кеңінен таралған. Отырар соқпалары Талас және Қарауылтөбеден табылған ірі көмбелердің ішінде де бар.  1972 жылы Отырар  маңынан  350 данадан  тұратын  теңгелер көмбесі табылды.  13 —14 ғғ. қалада ірі қоғамдық  ғимараттар   құрылысы   жүргізілді.   Ерзен хан тұсында мұнда медресе, ханака және мешіт салынған. Отырардың ірі сауда орталығы болғандығына 1947 жылы табылған күміс көмбе куә бола алады. Көмбе табылған жерді зерттеп қарағанда, оның ортағасырлық Отырар округіндегі 12 —14 ғғ. үй-жай тобына кіретін жеке үй-жаймен  байланысты  екені  анықталды.  Үй-жай түгелдей  қираған.   Бетінен   көлемі   24х24х4см және 25x25x5 см шаршы қыштар, сырлы және сырсыз керамика сынықтары табылды. Көмбеде зергерлік бұйымдар, белдік бөлшектері, тостаған сынықтары, белгісіз бұйымдар бөлшектері, 224 бүтін құймалар мен теңгелер, 9 бүлінген (1/4 аз бөлігі жоғалған) теңге, 6 майда сынықтары мен соқпа ізі жоқ 2 тиынның бөлігі болды. Зергерлік бұйымдар арасында ең көбі білезіктер. Олардың бірнеше түрі: ортасы қалың, беті тегісі— 15 дана; 2 «өрілген» білезік; 2 серіппе тәріздес білезік, ширатпамен әрленген 3 орама білезік, шекпе және соқпамен  безендірілген  бірнеше  таспа  білезіктер бар. Көмбеде сақинаның 3 алты қырлы беті мен бір бүтін сақина бар. Ол ширатпамен безендірілген. Сырғалардың 3 түрі бар. Сұрақ белгісі түрінде, моншақты сырға және басы көпқырлы болып келетін дөңгелек сырғалар. Шолпылардың (6 дана) формасы 8 тәрізді. Көмбеде 2 жартыдан тұратын іші қуыс моншақтар, алқалар және жарты шар тәрізді таналар болды. Әшекейлі белдіктен 2 жапсырма сақталған. Олардағы өрнек пен жазу штамппен басылған. Құйма тана мен құйма жүзік те белдіктің бөлшегіне жатады. Формасын сақтамаған сынықтардың арасынан оймыш және шекпемен безендірілген тостағандар бөліктерін, және алтын жалатылған бұйымдар сынықтарын бөліп қарауға болады. Күміс құймалардың екі түрі бар: кесіндісінде сопақша келген таяқшалар және сопақша келген ірі кұйма. Барлық теңгелер күмістен жасалған. Олардың түрлерінің әркелкілігін, соғылған жері мен уақытының әртүрлілігін атап кету керек. Тенгелердің көбі белгісіз болып келген. Көмбе теңгелерінің жартысынан көбін Алмалықта 638/1240 — 41 мен 662/1263 — 64 жылдар аралығында соғылған анонимді күміс дирхемдер құрайды. Қалған теңгелер 13 ғ. 40 — 60 жылдарға, моңғолдар кезеңіндегі Еміл, Пулад, Жент, Қырым, Тебриз соқпаларына жатады.

Қала құрылымы, қала орамдары, қоғамдық ғимараттар сипаты мен тұрғын жайлардың жаңа түрлерінің қалыптасуы жайында Отырардағы кең түрде жүргізілген қазба нәтижесінде белгілі болды. 13—14 ғғ. орамдарының бірі 2300 шаршы м аумақта аршылды. Ол аумағы 30 — 40-тан 250 ш.м-ге дейін жететін 12 жекелеген үйлерді біріктіріп тұрған. Орам, 11 —12 ғғ.-дың монументалды құрылысының қалдықтары маңында қалыптасқандығы анықталды. 11 - 12 ғғ. құрылысының кей қабырғалары жаңа конструкциялар   жоспарына   енгізілген.   Дегенмен, жалпы алғанда 13—14 ғғ. орамы жаңа жоба бойынша салынғаны анық. Орам ішіндегі көшелер бағыты да өзгерген. Осы жерде орналасқан 15 ғ. орамы, 13—14 ғғ. орамының жобасында салынған. Жекелеген үйлер мен ішкі бөлмелердің жосындары өзгеріп отырған. Ал, орамның жалпы жобасы, қала құрылымының бірлігі ретінде, қазіргі уақытқа дейін сақталған. 13—15 ғ. бірінші жартысындағы қазақстандық қалалардың дәстүрлі құрылымының санатында моншалар да болды. Отырарда 13 ғ. соңғы ширегі —15 ғ. басына жататын монша аршылды. Ол оңтүстік қақпадан батысқа қарай 200 м жерде, су қоймасының жағасында, 11 — 12 ғғ. моншасының орнында орналасқан.

Монша, тікбұрышты, жосынында аша фигурасы анық байқалатын құрылыс. Екі құрылыс қабаты анықталды. Алғашқы моншаның сыртқы қабырғасының көлемі 13,5x16,5 м болған. Орталық зал ауқымы бұл кезде 22 м2 болды, ал су цистерналары тұрған бөлмеден басқа, қалған бөлмелердің көлемі 7.2 м2 болды.

Екінші кезең моншаның кеңеюімен сипатталады. Оңтүстік-шығыс қабырға 2 метрге, ал оңтүстік-батыс қабырға 1,5 метрге жылжытылған. Моншаның жалпы көлемі 163,3 м2-ге дейін ұлғайды (17x15,5 м).

Моншаның 10 бөлмесі, олардың ішінде шешінетін орын (лүнгіхана), булық пен уқалау бөлмесінің кызметін атқарған қосымша екі бөлмесі бар орталық зал болған. Залдан жуынатын бөлмелерге - ыстықхана мен суықханаға кіретін болған.

Алғашқыда отырар моншасында екі ыстық бөлме болған: бірі- батыс, екіншісі — шығыс бұрышта орналасқан. Демалыс бөлмесінде диаметрі 2 м-ге дейін ыдыс түрінде хауыз болған. Оның едені көк түсті шыңылтырлы, әртүрлі форматтағы қышпен төселген.

Моншаны сумен қамтамасыз ету су құбырлары арқылы су қоймасынан жүзеге асырылған. Құбыр қатарлары жерасты галереясымен жүргізілген.

Су құбыры суық және ыстық суға арналған цистерналар тұрған бөлмеге тартылған. Осы бөлмеде төрт бөлікке бөлінген ұзын цистерна түріндегі төрт ыдыс табылды. Олардың қызметін анықтауға моншада шомылу кезінде пайдаланатын бірнеше қоспалардың қасиетін сипаттаған ибн Сина жазбалары көмектеседі. Олардың кейбірі өсімдіктерді, сера, күлді қайнату арқылы алынған, басқаларын «темір, тұз, кварц, купорос қоспалары» деп атаған. Пайдаланған су науалар арқылы арықтарға, сосын моншаның сыртындағы су сіңіретін құдықтарға құйылған. Отырар моншасы ошақпен жылытылған, одан ыстық жүретін каналдар шығып, тіреулер мен бағыттаушы қабырғалар арқылы барлық бөлмелердің еденін жылытатын болған. Түтін қабырғалардағы мұржалар арқылы шығарылған. Осы мұржалардың көмегімен моншадағы температура реттеліп отырған.

Моншаның қабырғалары шаршы қыштан соғылған (24x24x5 см), еденге көлемі 40x40x10 см қыштар мен тақталар қолданылған. Бірқатар бөлмелерде еденге төсеуге шыңылтырлы қыштар мен тақталар қолданылған.

Моншаның сақталуы қанағаттанарлықтай. Оған екі нәрсе себеп болған. Бірі оның қыштан тұрғызылғандығы, екіншісі 2002 — 2004 жж. ЮНЕСКО-Казақстан-Жапонияның «Көне Отырарды сақтау және реставрациялау» жобасының аясында жүргізілген консервациялық шаралар.

13 ғ екінші жартысында— 14 ғ. бірінші жартысында тұрғын жайлардың жаңа түрлері пайда бола бастады. Бірінші түрге ауласы бар, бір сызықтың бойында орналасқан 2 не 3 бөлмелі үйлер жатады. Үйдің анфиладты жобасының үлгісі ретінде №1 шеберханадағы құмырашының үйін сипаттауға болады. Ол 3 тұрғын бөлме мен ашық ауладан тұрады. Аула орамішілік тұйық көшеге шығады.

Бөлмелердің ішкі көрінісін сипаттауға мүмкіндік беретін мәліметтер, Отырардың орталық төбесіндегі, 14 ғ. екінші жартысы— 15 ғ. басына жататын тұрғын үйді қазу барысында алынды. Үй өрт салдарынан қираған, ортаға түскен төбесі сыпада жатқан ши төсенішін басып қалып, сақтап қалған. Төсеніш үстінде текемет пен мақта көрпелердің көлемді бөліктері сақталып қалған.

Тұрғын жайлардың екінші түріне, қиылысқан остерде орналасқан 4 бөлмелері үйлер жатады. Бұл ашамай тәрізді немесе 4 бөлікті схема. Мұндай үйлердің жобасы шаршы тәрізді, ал, қоймалары айванның, ауланың немесе тандыры бар тұрғын бөлменің оң және сол жақтарында орналасады. Бұл схеманың бірнеше нұсқалары бар: тандырлы тұрғын бөлмесі көшеден есептегенде бөлмелердің екінші қатарында орналасқан үйлер; үй құрамында бір тұрғын бөлме; екі тұрғын бөлмелі үйлер; тұрғын бөлмеде бір тандыр; тұрғын бөлмеде екі тандыр. Мұндай үйлердегі бөлмелер саны 4, 5 және 6-дан да көп болуы мүмкін.

Үшінші түріне 2 немесе одан да көп секциялардан тұратын үйлер жатады. Үйдің әр секциясы 2 не 3 бөлмеден тұрады. Оның бірі міндетті түрде тұрғын бөлме болып келеді.

Көрсетілген хронологиялық кезеңдегі үйлердің жобасына ертеде (11 ғ.) тұрғын жайдың екі түрінің сақталуы мен дамуы тән. Үйдің жаңа түріне көпсекциялы түрі жатады.

Бөлмелердің интерьерінде айтарлықтай өзгерістер байқалады. Г — немесе П — тәрізді жіңішке сыпаларды, үйдің көп бөлігін алып тұрған сыпалар ауыстырған. Егерде 11 ғ. анфиладтық, ашамайлық жобасында сыпа бөлменің бұрышын не жартысын алып тұрса, енді ол бөлменің 3/4-ің алатын болды. Тандыр алдындағы қыш төселген кішігірім алаң, еденнің деңгейін көрсетеді. Бөлме ортасында, сыпаның шетіне орнатылған тақтайдың, бөрененің, қыш төсеніштің не тас тақтаның болуы, бөлменің жабыны ортадағы ағаш тіреуге сүйенгенін көрсетеді. Алдындағы уақыттарда таралған төрттіреулі жабын жоғалған. Осу уақытта қабырға ошақтары да кездеспейді. Бірақ, бұрынғысынша тікбұрышты, ашық ошақтар әлі де кездеседі. Тандыр әмбебап ошаққа айналады. Ол жылыту құралы, тамақ пен нан пісіретін ошақ қызметін атқарады.

Информация о работе Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері