Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2012 в 01:49, доклад

Описание работы

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан аймағы (бұл жерде Түркістан ауданы мен Кентау қаласының аймағы сөз болып отыр) ежелден-ақ шартарапқа кетіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан жері болған. Шығысында Ұлы Жібек жолынан басталған керуен жолы (Сыр жолы) Сырдарияны жағалап отырып Арал теңізіне, онан әрі Батыс Қазақстан арқылы Шығыс Еуропада өткен, ал Сырдарияның бойындағы ежелгі қалалардың шыққан Қарқаралы мен Жет

Работа содержит 1 файл

Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері.doc

— 429.00 Кб (Скачать)

Енді Түрік жолынан, Сырдария өзенін жағалап жүрген керуен жолдарынан шығып Қаратаудың күнгей мен теріскейіндегі керуен жолдарын, олардың бойындағы ортағасырлық қалалар мен елді мекендерді байланыстырып жатқан жолдарға келсек.

Қошқарата жолы.Түрік жолының Күйік бағытынан Адырапантөбе төрткүлдерінде бөлініп шығып, Теріс өзенін жағалап солтүстік –батысқа қарай жүрген Қошқарата жолы Шымбұлақ еді мекені арқылы Ақбастау  шытқалының оңтүстік жағымен жүріп, Қошқарата өзеніне Талдыбұлақ өзенінің құйған жерінтде оң жағаға өткен жол ортағасырлық Қошқарата елді мекенінен өтіп, Өзенді жағалап барып, Ақтас тауының батыс беті арқылы Балабөген өзеніне жеткен, Балабөгенді жағалап батысқа жүрген жол екіге бөлінген: Оның солтүстік-батысқа қарай жүрген тармағы Ақтау жоталарының батыс етегінен өтіп Балашаян өзеніне шыққан, оны жағалап батысқа қарай жүрген, Шаян өзенінен өтіп, Майбұлақ өзенін жағалап солтүстік-батысқа қарай жүрген жоль Шопансай, Есіктас өзендерін жағалап барып, Есіктас тауы солтүстік жағымен айналып өткенде Испиджабтан шығып Шолаққорғанға өткен керуен жолына қосылған; батысқа қарай жүрген тармақ Балабөгенді жағалап барып, Қызылбастау шатқалында екіге бөлінген: батысқа қарай жүрген тармақ ортағасырлық Ақтөбе, Жүзімдік, Иқан Әбділ Мәлік қалаларынан өтіп Түркістанға жеткенде сырдың оң жағасын жағалап жүрген керуен жолға қосылған, ал оңтүстік-батысқа қарай жүрген тармақ Асан шатқалы арқылы Кіші Бөген өзенінің жағасындағы Домалақтөбеге жеткенде, Испиджабтан шығып Шолаққорғанға өткен керуен жолын кесіп өткен. Онан әрі Балабөген, Бөген өзендерін жағалап батысқа жүрген жол Арыс өзенін жағалап отырып Отырарға жеткенде Сырдарияның оң жағасы арқылы өткен керуен жолына қосылаған.

Шаян жолы. Испиджабтан солтүстікке жүрген Шаян жолы ортағасырлық Қобалбұлақ қаласынан өтіп, Қарабұлақтағы ортағасырлық Сағындытөбе, Қожақорғантөбе қалалары мен елді мекендері арқылы Қорғантөбе қаласына, онан Арыс өзенінің оң жағасындағы Жартытөбе, Қосмолатөбе қалаларына, Бессай шатқалын кесіп өтіп Ақтөбе 1 арқылы Балабөген өзенінің жағасындағы Домалақтөбе қаласына жеткенде, Балабөген өзенін жағалап шығыстан-бастықа қарай өткен Қошқарата жолының батыс тармағын кесіп өтіп, Есіктас тауының батыс жағына жеткенде Ұлы жолағ шыққан, ал осы таудың солтүстік беткейіне шыққанда Қошқартата жолының солтүстік – батыс тармағына қосылған, онан әрі Майтөбе қаласынан өтіп Шолаққорғанға жеткенде Телікөл жолына қосылған. Шамасы, осы жолдың Майтөбе қаласына шыққан Бабаата қаласы арқылы Шолаққорғанға өткен болса керек.

Шылбыр ( Рандысай) жолы. Ортағасырлық Иқан қаласынан шығысқа жүрген Шөлқора шатқалынан өтіп, Шылбыр өзенінің төменгі ағысына, өзенді жағалап солтүстік-шығысқа бұрылған жол өзенннің тау шатқалынан шыға берісінде Ұлы жолды кесіп өткен. Өзенді жағалаған жол ортағасырлық Тесіктас елді мекенінен өтіп, осы өзеннің Рандысай саласына жеткенде шығысқа бұрылған. Онан әрі Кеншімбай  айырты өзенін жағалап солтүстік –шығысқа жүрген жол Қаратаудың теріскейіндегі ортағасырлық Майтөбе қаласына жеткннде Шаян жолына қосылған.

Арыстанды ( Арыстанды-Қарабас) жолы. К.М.Байпақов пен А. Нұржановтың еңбегінде Отырардан шығып Арсубаникет, Арыстанды, Шаян арқылы Қаратаудың аласа жоталарынан асатын жол туралы айтылған, бірақ ол жолдың толық бағыты көрсетілмеген {45}. Шамасы, бұл жерде авторлар Арыстанды жолы туралы айтпақ болса керек. Халық арасында «Арыстанды- Қарабас» деп аталатын желдің жолы бар, оның басы солтүстігінде Қаратау  жоталарының ең аласа жеріндегі Қарабас шатқалынан басталады, онан әрі оңтүстік – батысқа қарай соққан жел Есіктас тауымен Жетімтау аралығындағы Үйтас шатқалына жеткенде Есіктас тауының батыс жағымен өткен Шаян жолына қосылған.

Тұрлан асуы жолы Қаратаудың күнгей бетіндегі Иқансу өзенінің шатқалдан шыға берісінде Ұлы жолды кесіп өткен жол өзенді жағалап солтүстік-шығысқа жүрген, Иқансуға құятын Рабатбұлақ өзенінің басталар жеріне жеткентде Тұрлан асуына ( 1266 м) шыққан, суайрықтан шығысқа бұрылған дол теріскейге қарай аққан өзенді жағалап отырып Шолаққорғанға жеткенде Телікөл жолына қосылады. Әл Макдисидің Испиджаб аймағындағы қалалар тізбесіндегі зерттеушілер Шигилджан қаласымен баламалап жүрген Шаға қаласы Қаратаудың күнгейінде, асуға кіре берістен оңтүстік батыста 28 км жерде, ал онан Түркістанға дейін 20 км. Балажбен баламаланып жүрген  Бабаата қаласы  {46}. Жолдың тау шатқалынан теріскейге шыққан жерінен шығысқа 24 км жерде орналасқан.

Біресек жолы.Ортағасырлық Құсата қаласында Ұлы жолдан солтүстікке қарай жүрген бұл жолдың Хантағы төрткүлгіне дейінгі бөлігі Хантағыжолымен бірге жүрген, онан әрі Біресек елді мекендері арқылы өтіп, Бессаз шыңының (2176 м) шығыс жағына жеткенде Қарабайбұлақ өзенінің жоғарғы ағысына шыққан, онан әрі осы  өзенді жағалап солтүстік-шығысқа жүрген жол. Дарбұт өзегі арқылы Қаратаудың теріскейіне өткенде Телікөл жолына қосылған.

Байылдыр жолы. Ортағасырлық Құстата қаласында Ұлы жолдан шыққан жол Байылдыр өзенінн жағалап солтүстікке жүрген, Ашаға барғанда ортағасырлық Аша қаласынан өтіп, Байылдырға құятын Балтабай өзенінінің суайрығына барғанда, Бессаз шыңының батыс жағынан өтіп, Майбұлақ өзенін жағалып теріскейге шыққанда Телікөл жолына қосылған.

Бәжі асуы жолы. Сырдария өзенінің оң жағасы арқылы өткен керуен жолындағы ортағасырлық Сауқымата қаласынан басталған жол солтүстік-шығысқа қарай жүріп ортағасырлық Бабайқорған, Көксарай қалаларынан өткен, Көксарай өзеннін жағалап барып, оныоңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа кесіп өткен Ұлы жолға жеткенде солтүстік-батысқа бұрылған, онан әрі Үш өеннің жоғарғы ағысына жеткенде солтүстікке бұрылып, Жамантас өзеннің жағалап Бәжі асуынан (930 м) асқан. Саудағы Бәжі төркүлінен бастап Суындық өзенін жағалап барып Телікөл жолына қосылған не шатқалдан шыққансын солтүстік-шығысқа бұрылып Созаққа өткен.

Ран сауы. Сырдария өзенінің оң жағасы арқылы өткен керуен жолындағы Ордакент қаласынан шыққан жол, Асарық өзегін жағалап шығысқа жүрген жол ортағасырлық Асарық елді мекеніне жеткенде солтүстік-шығысқа бұрылған,Қарасүйір тауының солтүстік жағымен өтіп, Домба өзеніне жекткенде шығысқа бұрылған,осы өзеннің суайрығына барғанда солтүстікке бұрылып Ран сауынан (1045 м) асқан. Онан әрі Ран өзенін жағалап солтүстік, солтүстік-шығысқа жүрген жол Кенсай шатқалының ортағасырлық Ран қаласынан өтіп, Қаратаудың теріскейіне шыққанда Телікөл жолына қосылған.

Айғыржол тауы жолы. Ұлы жолдан Жиделі өзенінінің шатқалдан шыға берісінде бөлініп шығысқа, солтүстік-шығысқа қарай өзенді жағалыа жүрген жол, оған Жыланды өзені құйған жердегі ортағасырлық Қоспа елді мекенінен өтіп, Жыланды өзенін, оған құятын Шағатайсай өзенін жағалап, айғыржол тауының солтүстік-батысы арқылы өтіп, Қарторғай өзенін жағалап барып, Қартаудың теріскейіндегі Қарторғай шатқалынан өткенде Телікөл жолына қосылған.

Жайылма жолы.Ортағасырылық Ордакент қаласынана солтүстікке жүрген жол, Жиделі өзенінің тау шатқалынан шыға берісінде, Ұлы жолдың солтүстік-шығысқа бұрылған айғыржол тауы жолын кесіп өткен, онан әрі Арыстанды өзенінен құятын Төлепсаз өзенін жағалап солтүстік-шығысқа жүрген жол Құрсақ, Ақсүмбе өзендерін жағалап барып Ақсүмбе қаласына жеткенде Телікөл жолына қосылған Қаратаудың  осы бөлігіндегі аласа жоталар арқылы өткен Жайылма жолы көліктің кез-келген түрімен жүруге қолайлы, әрі қысқа жол.

Күрдеп асуы жолы. Ортағасырлық Сығанақ қаласынан шығысқа жүрген бұл жол Арыстанды өзенінің тау шатқалынан шыға берісінде Ұлы жолды кесіп өткен, онан әрі қарай осы өзенді жағалыа солтүсік –шығысқа жүрген, Желбай тауының шығыс жағымен өтіп, Күрдеп асуынан (810м) асқасын солтүстік солтүстік-шығысқа жүріп Бақырлы өзенін жағалып барып Қаратаудың теріскейіне шыққанда Телікөл жолымен қосылған.

Ақсүмбе жолы. Ортағасырлық Сығанақ қаласынан солтүстік-шығысқа жүрген Киіккөнек өзенінің төменгі ағысында, тауалды жазығы арқылы өткен Ұлы жолды кесіп өтіп, Қызылтоған және Сарышырпы шатқалдарының арасымен өтіа, Алашапан өзенін жағалып, Алашапан тауының солтүстік-батыс жағымен өткен, Ақсүмбе өзенінінің жоғарғы ағысына жеткентде солтүстікке бұрылған,оны жағалып Ақсүмбе қаласына жеткенде Телікөл жолына қосылған. Ақсүмбе жолымен 1255 ж. Сығанақ қаласына Гетум өткен. {47}.

Дарбаза жолы. Сырдарияның оң жағасы арқыл жүрген керуен жолынлағы Бестам қаласынан солтүстік-шығысқа жүрген жол Шәулімше шоқысының шығысындағы Мортық елді мекені (X-XVI ғғ) арқылы Қосүйенкі шатқалы арқылы Қоскөлге барғанда екігі бөлінге: шығысқа бөлінген тармақ Ақмылтық, Ақсүмбе шытқалдары арқылы Ақсүмбе қалаына, жеткенде Телікөл жолына қосылған, солтүстік-батыс; солтүстікке жүрген бағыт               (негізгі) Үлкен Сауысқанды арқылы Қаратаудан асыл, Майшы шатқалына шыққанда Телікөл жолын кесіп өткен. Сауысқандық өзенін жағалап солтүстіке жүрген жол Қатынқұдық, Шұмаққазған шатқалдарын батыс жағымен өтіп, Ащы көлдің шығыс жағасы арқылы Боқтықарын өзеніне жеткенде, Шу өзенін жағалап шығыстан бастысқа қарай жүрген Шу жолын кесіп өткен. Онан әрі Боқтықарын өзенін жағалып жүрген Сарысу өзеніне, оны жағалып жүрген Сарысу жолына қосылған {48}.

Сонымен, ерте ортағасырдан бастап Оңтүстік Қазақстан арқылы өткен Түрік жолы және онымен тығыз байланыста қалыптасқан Сырдария мен Қаратаудың беткейлері арқылы өткен сол, оң жағалық жолдар, Ұлы жол, Көсегенің көкжолы, Телікөл керуен жолдары және Қаратаудың күнгейі мен теріскейін байланыстырып жатқан жолдар Сырдария өзенінің орта ағысындағы, Қаратау беткейлеріндегі ортағасырлық елді мекендер мен қалалырдың өсіп-өркендеуіне үлкен әсер етті. Қалалардың саны өсіп, Отырар, Түркістан, Сығанақ, Созақ, Тараз сияқты ірі саяси, экономикалық, сауда орталықтары қалыптасты. Ортағасырлық кезінде Қаратау тарихи- географиялық ауданында қалыптасқан кешенді керуен жолдары жүйесі жүздеген жылдар бойы қазақ жерін Евразия кеңестігімен байланыстырып жатты.

 

 

 

 

             

 

 

Данияров Талғат Абубакирович

ТУРИЗМДЕГІ СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Шымкент-2011

 

 



Информация о работе Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері